Табиғи ресурстары. Орталық Қазақстанды — минералды ре-сурстардың қазынасы десекте болады. Бұл ауданда пайдалы қазбалардың алуан түрлері және үлкен қорлары шоғырланған. Сондықтан бұндай аудан дүние жүзінде жоқ десе де болады. Жер қойнауында көмірдің үлкен қоры, Қарағанды көмір алабында шоғырланған, сонымен бірге 100% кокстелетін көмірде осында. Балқаш маңы мен Жезказған кенорындарында мыстың қоры шоғырланған, марганецтің 100%-ы Атасу және Жезді кенорындарында.
Оңтүстік Торғай мұнай газ алабында мұнай мен газдың 3 кен-орны анықталынып барлау жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге әр түрлі кенсіз пайдалы қазбалардың қоры анықталды. Әсіресе құрылыс материалдары көптеп шоғырланған. Аудан жеріндегі пайдалы қазбалардың ерекшелігі олардың бір-біріне жақын орналасуы.
Кенорындарының барланған қоры — отын, электр энергетика, металлургия өнеркөсібін дамытуға мүмкіншілік береді.
Су ресурсы. Орталық Қазақстан су ресурсына тапшы аудан. Тек кана оңтүстік шығысында Балқаш көлі орналасса, қалған аумағында ұсақ көлдер кездеседі. Олардың дені ащы көлдер.
Судың жетіспеуі өнеркәсіп және ауыл шаруашылық салаларын дамытуға кедергі болуда. Су мен қамтамасыз ету үшін бірнеше су қоймалары және канал салынды.
Орман ресурсы. Орталық аудан орман ресурсына тапшы аудандардың бірі, негізгі ормандары суды қорғауда және рекреациялық мақсатта маңызды рөл атқарады.Негізгі ағаш түрлері – Қарағай, Қайың және Көктерек.
Халқы.Орталық Қазақстанның халқы ұзақ уақытқа дейін аз қоныстанғанаудан ретіндебелгілі болатын.
Қазіргі таңда Орталық қазақстанда 1,3 млн адам , 115 ұлт өкілдері тұрады.
Ауыл халқы біркелкі орналаспаған. Тығыз орналасқан аймақтарына – ауданның Солтүстігі, өзен алаптары, ірі темір жол тораптары және су қоймаларының маңы.
Ораталық Қазақстан –республикамыздағы ірі индустриалды аудандардың бірі. Жалпы аймақтың өнім шығарудағы ауданның үлесі 9%-дан астам. Ауданда ірі индустриалды тау-кен металлургия кешені қалыптасқан оның құрамында тау-кен өндірісі салалары мен қара және тұсті металлургия кәсіпорындары және көмір өнеркәсібі жатады.Мемлекетіміздің маңызды көмір базасына Қарағанды тас көмір алабына жатады.Республикада өндіретін тас көмірдің 32%-ын өндіреді.
Қара металлургия өнеркісібінің дамуы Теміртау қаласындағы толық циклді комбинатқа байланысты , комбинатқа шойынның 100%-ын, болаттың 97%-ын шығарады. ТМД-ы көлеміндегі металлургия кәсіпорындарының арасында қуаттылығы жөнінен 7-ші орында.
Түст металлургияда қарқынды дамығаны мыс өндіру саласы, бірақ басқа түсті металдардың қоры аз емес. Ірі тау-кен металлургия комбинаты Жезқазғанда және Балқашта салынған.Бқл жерде өндіру, байыту және рафинадталған мысты алу кешенді түрде жүреді. Мыстың бұндай түрін тек Орталық Қазақстан шығарады.
Орталық Қазақстанның өндіріс салалары. Көбінесі қоршаған ортаға қолайсыз әсер етеді, зиянды қалдықтарды азайту үшін кәсіпорындар өнімдерінің қалдығы химия өнеркәсібінде пайдаланады. Жезқазған және Балқаш қалаларында күкірт қышқылы қндірілсе, азот тыңайтқышы, тас көмір смоласы, бензол Теміртау қаласында шығарылады.
Қождарды құрылыс материалы ретінде және цементке пайдаланады.
Күкірт қышқылын өндіруден Орталық Қазақстан, Шығыс Қазақстаннан кейін 2-ші орында.
Электр энергетика саласында Жылу электр стансалары негізгі рөлді атқарады. Қарағанды МАЭС-і және Теміртау, Балқаш ЖЭО-ы орталық ауданның кәсіпорындарын толығымен әлектр әнергиясымен қамтамасыз
Орталық Қазақстаннан шығарылатын өнеркәсіп өнімдерінің түрлері (2004 жыл есебі бойынша).
Өнім түрі | Қазақстан | Орталық
Қазақстан |
Көмір (млн т) | 86 | 26 |
Ферроқорытпа (мың т) | 1401 | 11 |
Күміс (мың кг) | 805 | 607 |
Алтын (мың кг) | 10 | 3 |
Прокат (млн т) | 4 | 4 |
Шойын (млн т) | 4 | 4 |
Болат өнделмеген (млн т) | 5,0 | 5,0 |
Рафинадталған мыс (мың т) | 433 | 417 |
етеді, сонымен бірге оңтүстік экономикалық ауданыныңда кейбір кәсіпорындарын қамтамасыз етуде.
Машина жасау салалары көмекші салалардың рөлін атқарады. «Қаргормаш» зауыты — металлургия кәсіпорындарына арналған тау-кен шахта құрал жабдықтарын шығарады. Сондықтан да ауыр өнеркәсіп Орталық Қазақстанда жетекші орынға ие.
Ауыр өнеркәсіп салаларының кешенін толықтырушы кәсіпорындарға жеңіл және тамақ өнеркәсібі жатады. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары тігін, тоқыма, аяқ киім бұйымдарын шығарады. Өңдеуші салалардың жалпы өндірістік өнім шығарудағы үлес салмағы 86% .
Көлік түрлеріне келетін болсақ негізгі рөлді темір жол атқарады. Өткен ғасырдың 30-жылдары салынған Астана — Қарағанды -Мойынты — Шу темір жолы тек орталықтың емес солтүстік ауданныңда отын өнеркәсібін және басқа салаларын дамытты. Осы темір жол магистралынан бөлініп кенорындарына тартылған (Жезқазған, Қаражал, Теміртау, Балқаш, Саяқ) жолдар түсті және қара металлургияның дамуына түрткі болды.
Темір жолмен қатар автомобиль жолдарыда жақсы дамыған. Автомагистральдар аудан іпііндегі және көршілес аудандардың ірі өнеркәсіп орындарын байланыстырады. Қарағанды — Теміртау, Қарағанды — Балқаш — Алматы.
Ауыл шаруашылығының салаларын дамытуға ауданның солтүстік бөлігі қолайлы. Негізінен астық тұқымдастардан жаздық бидай, арпа, тары, техникалық дақылдардан күнбағыс және бау-бақша мен картоп егіледі. Қала маңдарында суармалы жағдайда бау-бақша егіледі. Сонымен бірге ірі қара, қой, жылқы, шошқа өсіріледі (аудандар арасында жылқы саны бойынша 3-ші орында).
Ауданның оңтүстігіндегі ауыл шаруашылық жерлері тек қана мал жайылымына жарайды. Өсіресе қой бағылады.
Орталық Қазақстан ауыл шаруашылық енімдерімен өзін-езі қамтамасыз ете алмағандьқтан сырттан әкеледі.
Орталық Қазақстан аумғында Қарағанды-Теміртау АӨК және Балқаш-Жезқазган өнеркәсіп торабы қалыптасқан. Бір-бірімен жоғарғы электр желісі және темір жолмен байланысады.
Қарағанды- Теміртау АӨК (ең қуаттысы) көмір өнеркәсібінің негізінде қалыптасқан. Орталығы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинаты. АӨК-ң құрамына өнеркәсібі дамыған Абай, Саран, Шахтинск қалаларымен, қала типтес Долинка, Шахан, Топар және т.б. кенттер кіреді.
Бұл кешенде металды көп қажет ететін машина жасау және негізгі химияның салалары дамыған.
АӨК-н сумен Ертіс — Қарағанды каналы мен Нұра су қоймасы қамтамасыз етеді.
Балқаш және Жезқазған өнеркәсіп тораптары, толық циклды мыс өнеркәсібінің дамуына байланысты қалыптасқан әрқайсысында тау-кен байыту комбинаты — (оның құрамына кенорны, карьер, байыту фабрикалары, мыс балкыту зауыттары) жұмыс істейді.
Қалалары. Аудандағы қалалардың дені өткен ғасырдың 1930—1940 жылдары салынған. Қалалар пайдалы қазбалардың игерілуіне байланысты пайда болды. Кейіннен зауыт-фабрикалар салынды.
Қарағанды (429 мың адам). Мемлекетіміздегі жас қалалардың бірі, бірақ экономикалық әлуеті жағынан республикамыздағы жетекші қалалардың бірі. Халық арасында Қарағанды Кеншілер (шахтерлер) қаласы деп аталады. Тарих тұрғысынан қарасақ алғашқы елді мекен 1,5 ғасыр бұрын көмір кенін игеруге байланысты пайда болған екен.
Қаланың қарқынды өркендеуіне Ақмоладан (Астанадан) тартылған темір жол магистралы, Нұра өзені бойына салынған су қоймасы, кейінірек Қарағанды қаласына тартылған су құбыры, әсер етті.
Қарағандының басты мамандануы — қаладағы ауыр өнеркәсіп салаларына қажетті кокстелетін тас көмір өндіру.
1935жылы барлық шахталар электрленді. Алғашқы кірпіш, алебастр, әктас зауыттары жұмыс істей бастады. 1937 жылы жылына 14 мың тонна өндіретін Қарағанды цемент зауыты іске қосылды.
Қарағанды — орталықта орналасуына байланысты республикалық және облыстық дәрежедегі темір жолмен автомобиль жолдарының түйіскен жері.
Қарағанды — Қазакстанның мәдени және ғылыми орталықтарының бірі.
Теміртау (170 мың адам). Қарағандының серіктес қаласы. Қаланың тарихы 1905 жылдан басталады. Нұра өзенінің сол жағалауында алғашқы көшіп келгендер орналаса бастады. Алғашқы қоныстанушылар ауылдың атын жергілікті жердегі Жуар шоқысының атауымен Жуар деп атады. Ұлы Отан соғысынан кейін Теміртау деп аталды. Ол кезде қалада бар жоғы 20 мың тұрғын болатын. Қаланың негізгі тірегі — болат балқыту комбинаты. 1960 жылы 3 шілде күні алғашқы Қазақстан шойыны алынды.
Қазіргі Теміртаудағы «Миттал Стил Теміртау» кәсіпорыны дүние жүзінде болат балкыту жөнінен жетекші орында. Қалада кокс өндіретін зауыт агломерациялық фабрика және электр стансасы, химия өнеркәсібінен азот тыңайтқышын (аммони сульфаты) шығаратын зауыт жұмыс істеуде.
Тамақ өнеркәсібінен ет және ұн тарту комбинаттары жұмыс істейді.
Балқаш(74 мың адам) Балқаш көлінін солтүстік жағалауындағы өнеркәсіпті қала. Қалада Республикамыздағы ең ірі кәсіпорындардың бірі Балқаш мыс комбинаты бар. Қала 1937 жылы мыс балқыту зауытының салынуына байланысты іргесі қаланған Балқаш Қазақстандағы маңызды түсті металлургияның орталығы.
Комбинат мыс және күкірт қышқылын шығарады. Сонымен қатар асыл металдар зауыты (жылына 600 тонна күміс, 3,5-5 тонна алтын өндіреді). Жаңа технологиялық қондырғылармен жабдықталған мырыш зауыты, кірпіш, механикалық жөндеу зауыты, балық. консерві комбинаттары жұмыс істейді. Құрылыс материалдары мен ағаш өңдеу өнеркәсіптері жақсы жолға қойылған. Қала маңында (Шашубай ауылы) балық консерві комбинаты жұмыс істейді.
Жезқазған (95 мың адам). Қаланың іргесі 1938 жылы Жезқазған елді мекенінің орнында Кеңгір су коймасының жанында қаланды. (Кеңгір — бұл аймақтың негізгі су көзі). Қаланың қалануында маңызды рөл атқарған қазақтың ұлы ғалымы Қ. И. Сәтбаев. 1929 жылдың өзінде Сәтбаев мыс орталығының қаласын салуды армандаған болатын. Қала статусын Жезқазған 1954 жылы алды. 1965 жылы Сәтбаевтың арманы орындалып Жезказғандағы барлық өнеркәсіп кәсіпорындары біріктіріліп өндірістік кешені, яғни Жезқазған тау-кен байыту комбинаты құрылды.
Сөйтіп ірі көлік магистралының бойында металлургтер қаласы пайда болды.
Жезқазған — мемлекетіміздің негізгі мыс балқыту орталығы болып есептелінеді. Мұндағы кен байыту фабрикасымен мыс балқыту зауыты мыстан басқа республикамызбен ТМД елдерінің зауыттарына қажет қорғасын концентратын шығарады.
Мыс балқыту өнеркөсібінен басқа құрылыс кәсіпорындары, тоқыма, тігін фабрикасы және ет комбинаттары жұмыс істейді.