Қазақстанды экономикалық аудандастыру

Мемлекетіміздің аумағының үлкен болуы, табиғат жағдайының және ресурстарының алуан түрлілігі географиялық еңбек бөлінісінің (ГЕБ) негізі болып табылады.

Географиялық еңбек бөлінісі – жекелеген облыстағы өнеркәсіп са-лаларының және ауыл шаруашылығының қалыптасу мумкіншілігін анықтайды.

Мысалға, Солтүстік Қазақстан облыстарының агроклиматтық жағдайларының қолайлылығы егіншілікпен шұғылдануға, ірі қараны өсіруге мүмкіншілік береді. Ал оңтүстік батыстағы Маңғыстау облысының табиғат жағдайының ерекшелігі ауыл шаруашылығында тек қана қой, түйе, шаруашылығын дамытуға мүмкіншілік береді.

Мамандану: кәсіпорындарға, және жеке аймақтарға байланысты немесе бірнеше облыс аумағына тән болуы мүмкін.

Салалардың мамандануын қалыптастыру үшін төмендегідей жағдайлар керек.

— Сол аумаққа қажетті тауар (өнім) түрлері мүмкіндігінше артық өндірілуі тиіс (Артық өнім келесі аудандардың қажеттілігіне жұмсалады).

— Басқа аудандарға қарағанда өнімнің өзіндік құны арзан болуы тиіс.

— Ресурстары мен оны игерудіңқолайлы жағдайы ондаған жылға жететіндей болуы тиіс және оны тасымалдау үшін көлікпен қамтамасыз етілуі қажет.

Экономикалық аудандар қалыптасып, мамандануында бір-бірінен айырмашылық жасайды және өзіне тән кешенді шаруашылығы, географиялық жағдайы, табиғи және еңбек ресурсы пайда болады.

Қазақстан аумағы бес экономикалық ауданға бөлінген. Орталық, Шығыс, Батыс, Солтүстік және Оңтүстік .

Маманданудың төмендегідей көрсеткіші бар. Яғни мамандану коэффициентінің формуласын қолданамыз.

К =—А— ,

Х

бұл жердегі A — мемлекетіміздің жалпы өндірісіндегі аудан өнімінің үлесі (белгілі бір сала бойынша).

Егер К=1-ге тең болса саланы маманданған сала деп есептеуге болады.

Мысалға. Республикамыздағы мұнай өндірісінде батыс Қазақстанның үлесі 81% болса, халық саны 17%, яғни мамандану көрсеткіші (К) 4,8. Сондьқтан да мұнай өнеркөсібі Батыс Қазақстанның маманданған саласы болып шығады.

Мамандану салалары – шаруашылықтың негізі.Аудан көлеміндегі басқа салалар негізгі маманданған саланың дамуына қосымша әсер етеді. Мысалыға, Солтүстік Қазақстанның мамнданған салаларының біріне егіншілік жатады. Бұл саланы интенсивті дамыту үшін Павлодар трактор зауыты шығаратын трактор қажет.

Қосымша салаларға химия өнеркәсібі салаларын жатқызуға болады.Бұл өнеркәсіп әр түрлі салалардың қалдықтарын пайдалана отырып жаңа өнім түрлерін шығарады емесе электр энергиясын береді.

Аудан экономикасының дамуына еңбек ресурстарының бөлінуі де әсер етеді.

Мысалыға, ауыр өнеркәсіпте көбінесе ер адамдар жұмыс істесе, әйел адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жеңіл және тамақ өнеркәсібін, яғни қызмет көрсету салаларын дамыту қажет. Бұл салалар аудан халқын, тамақ өнімдерімен мәдени-тұрмыстық қажеттіліктерімен қамтамасыз етеді. Бұларды –қызмет көрсету саласы дейміз.

Кез келген экономикалық аудан өзінің құрамына маманданған, қосымша және қызмет көрсету салаларын қамтиды. Бұл салалар аудан аумағындағы ресурстарды біріктіре отырып пайдаланады.

Соның нәтижесінде аудан көлемінде ерекше кешенді дамыған шаруашылық пайда болады. Аумақтық халық шаруашылығын тиімді пайдалану формасының ұйымдастырылған түріне өнеркәсіп торабтары және аумақтық өнеркәсіп кешендері жатады. (АӨК). АӨК – аймақтық өнеркәсіптің өзегі болып есептелінеді.АӨК белгіпі бір өнім түрлерін шығвру үшін ірі өндіріс жанына шоғырланған кәсіпорындардың өндірістік байланысы.

АӨК – мемлекетіміздің халық шаруашылығында материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіншілік береді.

Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану нәтежиесінде қаржы жұмсау және көлік шығыны азайып, еңбектің өнімділігі жоғарылайды. Сонымен бірге қоршаған ортаны қорғау және халықтың әлеуметтәк жағдайын көтеру мәселелері қолайлы жағынан шешіледі.