Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа енуі және оның маңызы

Қазақстанның әлемдік экономикадағы ұстаным ең алдымен оның табиғи ресурстары анықтайды.

Ауданы бойынша біздің еліміз әлемнің ірі мемлекеттерінің қатарына жатады. Мемлекеттік аумағы бойынша тек 8 ел Қазақстанның алдында тұр.

Қазақстанның табиғи ресурстарға бай, оның ішінде ең маңыздысы –минералдық ресурстар. Қазақстан ғаламшарымыздағы табиғат байлықтарымен толық қамтамысыз етілген мемлекеттердің бірі екендігі әлемге әйгілі. Онда қазіргі шаруашылыққа қажетті жағдайлардың бәрі бар. Мұндай елдерді “кешенді минералды – шикізат базасы” бар елдер деп атайды.

Әлемде ондай елдер көп емес, олардың қатарына Ресей, Қытай. АҚШ, Бразилия, Аустралия, Канада, Индия жатады. Маңызды пайдалы қазбалар, оның ішінде тапшы қордың түрлері жөнінен республика алғашқы ондықтың құрамында (мырыш, вольфрам, ванадий, уран, хром, асбест, марганец, қорғасын, фосфорит, темір, күміс,мұнай, көмір, мыс, алтын)

Қазақстан жерінің қойнауында әлемдік ресурстар бойынша алғанда вольфрамның ½, уран мен хромның – ¼, қорғасынның 1/5 мырыш, мыс және темірдің 1/10 бөлігі шоғырланған.

Қазақстанның келесі бір табиғи байлығы – оның жер ресурстары. Соңғы 10 жылда ауыл шаруашылығы жерлерінің көп бөлігі пайдаланылмады. Көп жер мемлекеттік қорға аударылды. Соған қарамастан, республика әлемдегі ең бай елдердің біріне саналады. Жан басына шаққанда 1,3,га егістік жерден келеді.(дүние жүзінде — 0,2 га, Аустралияда — 2,8 га, АҚШ-та — 0,6 га). Қазақстанның егістік жерлерінің үлкен артықшылығы — қоңыржай белдеудің ең құнарлы топырағы — қара топырақты танаптардың молдығы.

Халық саны бойынша Қазақстан Республикасы орташа елдер тобына кіреді. Дүние жүзінде 61-орын (ғалам халкының 0,25%-ы), бірақ ТМД аумағында 4-ші және Орталық Азияда 2-орын алады. Тиісінше еңбек әлуеті де аз мөлшерде (экономикалық белсенді халық 7,5 млн адам немесе дүние жүзі бойынша 0,28%-ы құрайды). Бірақ, республика халық саны бойынша әлем елдері тізімінің алғашқы 1/3 бөлігіне кіреді, дегенмен оның тығыздығы бойынша (1 км2-ге 5,5 адамнан) — ең төменгі орында (213-орын).

Елдің өндірістік мүмкіндіктерін оның жалпы ішкі өнімінің мөлшеріне қарап анықтайды. Оның мөлшері көп болған сайын, елдің экономикасы қуатты болып келеді. Қазақстанның өндірістік әлуеті мөлшермен алғанда халық әлуетіне сәйкес келеді. ЖІӨ нышандық (символикалық) меже — 100 млрд долл. асып (2004 ж.-134 млрд долл.), жылдам көбейіп келеді. Оның өсу қарқыны бойынша (жылына 9%) республика алдыңғы елдердің санында. Экономиканың көп бөлігі экстенсивті жолмен даму үстінде.

Егер ЖІӨ мөлшері экономика ауқымын көрсететін болса, ал жандық көрсеткіші жан басына шакканда — оның даму денгейін анықтайды. Қазақстандағы ЖЮ жан басына шаққанда орташа әлемдік деңгейге жуық (2002 ж. — 7600-7900 долл.). Осы себепті БҮҮ Қазақстанды орташа дамыған елдер қатарына жатқызады. Бейнелеп айтқанда біз «күміс миллиардқа» (жылына 1 адамға шаққанда ЖІӨ 6-дан 15 мың долл. дейінгі елдер) сәйкес келеміз.

Қазақстанның жоғарғы көрсеткіштерге ие өнеркәсіптері — кен өндіру және металлургия салалары. Әсіресе, алғашқысынын рөлі зор. Ол барлық өндіріс өнімдерінің 3/5 бөлігін береді. Бұл салаларда әлемнің ең алып 200 шикізат компанияларының тізіміне енетін 13 ең ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың арасында әлемдік жетекші салалар — «Богатырь» көмір кесіндісі, Соколов-Сарыбай КБК, Өскемен титан-магний комбинаты және Үлбі металлургия зауыты бар.

Бұлар негізгі табиғатты пайдаланушы салалар. Олар «экологиялық лас» салалардың қатарына жатады және көбінесе экспортқа жұмыс істейді. Олардың дамуы дүниежүзілік рыноктың бағасына тікелей тәуелді болып келеді. Әрине, ондай тәуелділік ел үшін қауіпті де, өйткені, баға күрт төмендеген жағдайда олардың терең тығырыққа батуы ғажап емес. Осының алдын алу үшін республикада өңдеу өнеркәсіптерінің жаңа кәсіпорындарының ашылуына қолдау көрсетіліп, Ұлттық мұнай қоры құрылған.

Өңдеуші өнеркәсіпте Қазақстан дамыған негізгі химиямен -әсіресе, сары фосфор мен хром қосылыстарын өндірумен ерекшеленеді. Зауыттар көп мөлшерде қышқылдар мен тыңайтқыштар өндіре алады. Қазақстан өнеркәсібінің бұдан басқа салалары өз дәрежесінде дамымаған. Машина жасаудағы үлесі 3%-ы ғана (Жапонияда — 50%-ы, Қытайда — 30%-ы, Қырғызстанда -11%-ы), ал жеңіл өнеркәсіп бар болғаны 1%-ы ғана кұрайды. Сол себепті машина мен құрал-жабдықтардың 1/4 шетелден сатылып әкелінеді.

Сонымен қатар еліміз өндірісі дамыған елдерден өңдеуші салалардың деңгейі бойынша өте артта қалып келеді. Ол әлемнің дамыған мемлекеттерінің орнын анықтайтын электроника өнімдерін өндіретін, станок жасайтын т. б. салалардың тізімінде жоқ. Елде автомобиль шығару енді ғана құрылып келеді. Мұнай мен газдың көп мөлшерде өндірілетініне қарамастан, мұнай-химия өнеркәсібі жоққа тән. Бір тұрғынға шаққандағы пластмасса шығарудан (0,5 кг) Қазақстан Еуропа елдері мен АҚШ-тан 300-500 есе артта қалып келеді.

Қазақстан, сонымен қатар ғылыми-техникалық әлует деңгейі бойынша, әсіресе, ғылыми-зерттеу және жобалық-конструкторлық жұмыстарға қаржы жұмсау жөнінен артта қалып келеді. Олардың мөлшері ЖІӨ бойынша қысқарып кетті, 1994 ж — 1,1%-га, 2004 ж. — 0,3%-ға, яғни әлемнің ең кедей елдерінің деңгейінде). Өндірісі дамыған елдерде бүл көрсеткіш 3% шамасында.

Ауыл шаруашылығында Қазақстан ірі астық өндіруші болып табылады. Орташа жылдық өндіріс 1 адамға — 1 тоннадан айналады. Ондай көрсеткіш бар болғаны бірнеше елге ғана тән. Ол — ең бағалы қатты бидай өндіретін әлемдегі үш ауданның бірі.

Мал басының азаюы — мал шаруашылығындағы бұрынғы ұстанымды жоғалтты. Қазақстан үнемі етті экспортка шығарушы болды, ол бұрынғы КСРО-ның республикаларын етпен қамтамасыз ететін. Қазір ол өзін-өзі қамтамасыз ете алмауының салдарынан, ет өнімдерін АҚШ және басқа елдерден сатып алуға мәжбүр.

Халықаралық экономикалық байланыстар жүйесіндегі Қазақстанның ұстанымы нығайып келеді. Сауда жылдам өсуде. 2004 ж. оның көлемі 33 млрд долл. жетті. Бірақ, әлемдік экспорттағы республиканың үлесі (0,23%), ЖЮ қарағанда төмен (2004 ж — 0,25%). Сонымен, оны ұлғайтудың үлкен мүмкіндігі бар.

БҰҰ тек экономикалық кана емес, әлеуметтік көрсеткіштер бойынша да салыстырулар жасайды. Оның сарапшылары баяғы уақыттан бері адамзат дамуының индексін (АДИ) есептеуде. Оның негізіне 3 критерий алынады: адамдар қанша ұзақ өмір сүреді, олардың білім деңгейі және қаншалықты бай екендігі. АДИ 0,8-ден — 1-ге дейінгі елдер — адамзат әлуеті жоғары дамыған елдерге, 0,8-ден 0,5-ке дейінгілер — орташаға және 0,5-тен аздары төменгілерге жатады.