Әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі мақсаты – халыққа қызмет көрсету. Бұл 30-дай саланы құрайтын күделі кешен. Олар халықтың қалыпта тұрмыс – жағдайын қамтамасыз етіп, мамандар даярлаумен , адамдарды әр түрлі аурулардан қорғап, олардың дұрыс дем алуын ұйымдастырумен айналысады. Нақты айтқанда кешен еңбек өнімділігі мен елдің өркендеуі үшін жұмыс істейді.
Қызмет көрсету түрлері өте көп. Олардың кейбірі күнделікті, кейбірі сирек уақытта, кейбірі анда –санда қажетті болып саналады. Кейбір қызмет түрлері халыққа жаппай қажет болса олардың кейбіреулері тек жекелеген көрсетіледі.
Әлеуметтік инфрақұрылымды орналастырудың негізгі факторы-халықтық фактор. Табиғат аясындағы дем алыс су айдындарымен, орман, таумен байланысты. Оған табиғи-қор факторларының маңызы зор. Жоғары білім ғылыми орталықтарға жақын орналасады.( ғылымды көп қажет ету) факторы. Инфрақұрылым нысандарын халыққа көлікпен бара алатындай етіп орналастырады(көліктік фактор).
Халыққа күнделікті қызмет көрсететін салалар барлық халык орналасқан зонада біркелкі таралып орналасады. Қалған инфрақұрылым мекемелерінің желісі сиректеу болып келеді.
Сауда халыққа тұтыну тауарларын ұсынды. Олар үлкен партиямен (көтерме сауда) немесе бір-бірлеп сатылады (бөлшек сауда). Сауда жұмысының негізгі көрсеткіші — оның көлемі (тауар айналымы) мен құрылымында.
Халықтың әл-ауқатының өсуіне байланысты, сауда құрылымында азықтың емес тауарлар үлесі көбеюде (2004 ж — 2/3-і). Адамдар азық-түліктен ет, ұн және ұннан жасалған өнімдерге, көкөніске, май, қант және кәмпит сатып алуға, ал азыктық емес тауарлардан — киім, аяқ киім және тұрмыстық электр бұйымдарына көбірек ақша жұмсайды. Сауданың негізгі бөлігі (3/5-і) базарлардың үлесіне тиеді. Елімізде 50 мыңнан астам дүкендер бар. Ірі дүкендер — фирмалық супермаркеттер (115-сурет) кең таралуда. Бірақ, ең қажетті тауарлармен сауда жасайтын кішігірім дүкендер ең көп таралған күйде қалуда. Олар тұтынушыларға мейлінше жақын орналасқан. Барлық тауардың 1/3-і Алматыда сатылады, әрі сатып алынады. Ол -еліміздің басты сауда «сөресі» болып табылады.
Тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері (шаштараздар, кір жуатын жерлер, киім тазалау орындары, моншалар, автомобиль, тұрмыстық техникалар жөндеу, киім, аяқ киім тігу) негізінен қалаларда шоғырланған.
Адамдарды әр түрлі аурулардан қорғауда денсаулық сақтау басты рөл атқарады.
Елдегі халық денсаулығы тым жоғары дәрежеде емес. Жыл сайын әрбір екінші қазақстандьщ дәрігерге қаралады. 4,5 мың ауруханалар мен 170 мыңнан астам дәрігерлер (дәрігерлер, мейірбикелер) медициналық көмек көрсетеді. Әлеуметтік қамсыздандыру мен білім беруден кейін бұл сала бюджет қаржысын пайдалану жөнінен (барлық шығынның 10%-ы) үшінші орында. Бірақ ол әлі жеткіліксіз.
Денсаулық сақтау мекемелерінің желісі ірі қалаларда көбірек дамыған. Мұнда дәрігерлердің басым бөлігі шоғырланған және ірі медициналық орталықтар, мамандандырылған клиникалар жұмыс істейді. Ауыл тұрғындарын аудандық поликлиникалар, ал шағын фельдшерлік пункттер қызмет көрсетеді. Еліміздегі басты денсаулық сақтау орталықтары Алматыда (дәрігерлердің 1/5 бөлігі), Астанада, Қарағанды мен Семейде орналасқан.
Өсіп келе жатқан жеткіншектерді өмірге және еңбекке даярлау үшін білім берудің үлкен жүйесі жасалған. Әлеуметтік сфераның бұл саласы онымен айналысатын адамдар саны жөнінен ең ірі болып саналады. Бала бақшаларда, жалпы білім беретін және кәсіптік мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында 4 млн астам адам білім алуда.
Мектептік білім беру географиясы Қазақстанның барлық халқының орналасуымен сәйкес келеді. Мектептер мен оқушылардың үлкен бөлігі негізгі қоныстану белдеуінде орналасқан. Қалаға қарағанда ауыл мектептерінің саны 3 еседей көп (6000-нан астам), бірақ оқушылар саны жөнінен (52%) қалалардың үлес салмағы аздап жоғарылау. Жоғары білім беру — «нағыз қалалық» сала. Еліміздің ең студенттік қаласы Алматы (181 жоғары оқу орындарының 70-і орналасқан) көшбасшы болып саналады. Студенттер саны бойынша Шымкент, Қарағанды, Астана, Тараз қалалары да ерекшеленеді.
Елімізде сан алуан мамандық алу үшін жағдай жасалған. Әл-Фараби атындағы Ұлттық университет (Алматы), Гумилев атындағы Еуразия университеті (Астана), Ұлттық техникалық университеті (Алматы) ірі мамандар даярлау «ұстаханасы» болып саналады.
Халықтың дем алысын ұйымдастыру. Дем алу — адамдардың қалыпты өмір сүруі үшін тамақ пен су сияқты жағдай. Ол -адамдардың өздерінің қызметі (туризм, саяхаттар, санаториялық-курорттық ем алу) мен бұған көмектесетін мекемелердің қызметінен (баспана беру, тамақтану мен түрлі шаралар ұйымдастыру) тұрады. Мұның бәрі жалпы түсінікке — рекреацияға бірігеді. Оның негізгі мақсаты — еңбек ету процесінде жұмсалған күшті (физикалық эмоциялық) қалпына келтіру.
Рекреация рухани дүниені байытып, адамның көзкарасын кеңейтеді.
Рекреация үшін 3 негізгі жағдай қажет: 1) «өркениетті» дем алыс қымбатқа түсетіндіктен, адамдардың жеткілікті кірісі болуы керек; 2) рекреациялық қор және; 3) рекреациялық шаруашылық болуы шарт. Халықтың кіріс деңгейі өсіп келеді. Бұның өзі елімізде нағыз туризм дүрбелеңін тудырады.
Рекреациялык шаруашылық құрамына қонақ үйлер, дем алыс үйлері мен базалары, санаторийлер, турбазалар, туристік көлік және т.б. кіреді. Рекреацияның бұл саласы да жылдам дамып келеді.
1990 жылдардың басында иесіз қалған демалыс базаларының көбі қалпына келтірілді. Халықаралық дәрежедегі қонақ үй мен тау шаңғысы базалары салынып, жаңа ұлттық парктер («Бурабай», «Шарын каньоны», «Қатонқарағай») ұйымдастырылды.
Рекреациялық қорлардың екі түрі бар: табиғи-рекреациялық және мәдени-тарихи қорлар. Біріншісіне адамдар барып дем алуды ұнататын табиғаты әсем жерлер: сарқырамалар, түрлі бейнедегі жартастар, үңгірлер, каньондар (яғни, табиғат ескерткіштері) жатады. Бүл қорлардың құрамдас бөлігі қолайлы климаттық жағдай болып табылады. Ол сонымен бірге туристік маусымның (суға түсетін, шаңғы тебетін) ұзақтығына әсер етеді. Мәдени-тарихи қорлар адамдардың, яғни біздің арғы ата-бабаларымыздың өз қолдарымен жасап кеткен ғажайыптары. Ежелгі қалалар, кесенелер, қамалдар мен храмдар, тасқа қашалған суреттер, сәулет құрылыстары, мұражайлар — бұлардың бәрі Отанымыздың мәдени мұрасын құрайды.
Рекреациялық қорлардың құрамына қарай әр аумақтың мамандануы әр түрлі.
Біздің ұлан-байтақ еліміздің әсем табиғаты мен көп ғасырлық тарихымен бірге қалыптасқан рекреациялық қорлары өте мол, әлі толық зерттеліп біткен жоқ.
Шығыста бұл — Мұзтау, Көккел (Қазақстандағы ең биік 50 метрлік сарқырама) және Марқакөл («Алтайдың көл жанары»), Шыңғыстау етегі, Еуразия «жүрегінде» орналасқан Абайдың, Шәкәрімнің, М. Әуезовтің елі. Өлкенің мәдени астанасы — Семей қаласы. Оның туристік нысандарының ішінде екеуінің жөні бөлек, олар — Невзоровтар мұражайы («Қазақстан Эрмитажы») және ТМД-дағы алғашқы, ал әлемдегі 17-нің бірі — жаңа аспалы көпір.
Алматы облысымен шекарада Алакөл созылып жатыр. Бұл жерде шомылу — жағажайлық демалыс пен емделу рекреациялық зонасы қалыптасып келеді. Теңіздік типтегі суы мен балшығының емдік қасиеті өте зор.
Рекреациялық байлықтардың шоғырланған жері — елдің Оңтүстігі. Оның туристік рәміздері — атақты Хантәңірі шыңы, табиғаты ғажап Шарын каньоны, «Әнші шағылдар». Елді таңдандыратын Солтүстік Тянь-Шань тауларының қар басқан шыңдарының табиғаты әсем. Мұнда «Медеу» мұз айдыны («Әлемдік рекордтар үстаханасы») мен дүниежүзілік дәрежедегі Шымбұлақ тау шавдысы курорты орналасқан. Оңтүстікте әлемге әйгілі «Алтын адам» мен ЮНЕСКО тізіміне енгізілген жартастағы таңбалы тас суреттері бар. Іле Алатауының етегінде еліміздегі ең ірі рекреациялық орталық — Алматы созылып жатыр. Көптеген туристер «Көне Тараз ескерткіштері» мен Отырар мұражай-қорықтарына, «кіші түрік Меккесі» — Түркістанға келеді. Оның нысандарының бірін алғаш рет ЮНЕСКО әлемдік мәдениеттің жетістігі деп бағалады.