Көлік кешені. Аумақтық- өндірістік байланыстар

Көлік – экономиканың қалыпты жұмыс істеуінің негізі. Ол өндіріс процесін қамтамасыз етіп, кәсіпорындарды, салалар мен аймақтарды байланыстырады, сыртқы сауда жүктерін тасымалдап, халыққа қызмет көрсетеді.

Көлік 4 құрамдас бөліктен тұрады. 1). Көлік құралдары. 2). Жолдар. 3)Ұйымдар. 4) Тиеу-түсіру пункттері. Сол себепті ол тек экономика саласы ғана емес, күрделі кешен болып есептеледі. Осыған байланысты оның жеке салаларға, немесе көлік түрлеріне бөлінеді.

Құрлық көлігі— біздің құрлықтық елімізде – негізгі көлік түрі болып саналады.Темір жолдар – алыс қашықтықтардың еңқолайлы, әмбебап көлігі. Ол барлық жүк түрлерін тасымалдауға жарамды, ал «болат» артерияларды кез-келген бағытта жүргізуге болады.

Темір жолдар Қазақстанда XIX ғ. аяғында пайда болды. XX ғ. басында (1904-1905 ж.ж.) оның аумағынан тұңғыш ірі жол -Орынбор-Ташкент жолы өтті. Ал негізгі жол желісі кеңес кезеңінде қалыптасты. Оның негізін елдің бірнеше бөліктерін қосатын ірі магистралъдар құрайды. Қазақстан темір жолының «келбетін» меридиан бойымен бағытталған 3 магистраль: Орынбор-Ташкент, Түркістан-Сібір (Семей-Алматы- Луговой), Трансқазақстан (Петропавл-Қарағанды-Шу) және ендік бойымен өтетін 2 магистраль: Орта Сібір (Челябі-Қостанай-Көкшетау-Қарасу) мен Оңтүстік Сібір (Қарталы-Астана-Құлынды-Барнаул) бейнелейді. Олар қосылып, Қазақстанның «үлкен темір жол сақинасын» құрайды. Оған басқа да «болат артериялар», келіп тоғысады, оның ішінде Қытайдан Түркияға дейін созылып жатқан Трансазия магистралі де бар.

Темір жол көлігі тасымалдайтын жүктің 3/4 бөлігін көмір, кен, мұнай және құрылыс материалдары құрайды. Бұл жүк ағынының географиясында көрінеді. Бәрінен де Оңтүстік Сібір және Трансқазақстан магистральдарының жұмыстары өте қауырт. Жолаушы тасымалының жартысынан астамы салалардың үлесіне тиеді.

Темір жол көлігінің дамуы: 1)жаңа жолдар салуды; 2) өткізу қабілетін екі есе арттыру үшін оларды электрлендіруді; 3) жоғары жылдамдықты магистральдар салуды; 4) контейнерлік жүк тасымалын қалыптастыруды қарастырады.

Егер темір жол көлігі келік жүйесінің «қаңқасы» тәрізді болса, автомобилъ жолдары оларды байланастыратын негізгі буын болып табылады. Ол көліктің магистральды түрлерін қосып, оларға жекелеген кәсіпорындардың жүктерін тасып жеткізіп, керісінше, олардан жүк алып кетеді. Бұл қысқа кашықтыққа арналған жылдам, ең қолайлы көлік түрі. Автомобильдер аралық кідірі тауарды «есіктен есікке» дейін жеткізеді. Олардың, әсіресе, қалаларда, қалалар маңы мен таулы аудандарда рөлі зор. Алыс магистральдық жүк тасымалын қуатты, жылдамдығы жоғары жүк машиналары атқарады. Бірақ, автокөлік қымбат әрі экологиялық жағынан «лас» көлік түрі.

Автомобиль көлігінің жүмыс тиімділігі жолдардын жиілігі мен сапасына байланысты. Автомагистральдардың жалпы ұзындығы 90 мың километрдей.Қазақстаннынққалыпты шаруашылық жағдайына одан 2,5 есе ұзын жол қажет. Елдегі жол желісі әртүрлі. Ол негізінен темір жолдар географиясын қайталайды. Автомобиль жолдары өте жиі болып келетін аймақ — Солтүстік Қазақстан. Батыс пен Орталықта жолдар саны одан екі еседей аз. Осы уакытқа дейін Қазақстанда батыстан шығысқа қарай кесіп өтетін өтпелі, ендік бағытындағы жол жоқ.

Біздің елімізде автомобиль баяғыдан бері ең жаппай қолданылатын көлік құралына айналды (2004 ж. — 1,5 млн-нан астам бірлік) ал автокөлік жүк (3/4) және жолаушы (98%) тасымалының талассыз көшбасшысы болып табылады.

Өндірістік көліктің рөлі басым болып саналатын тау-кен және металлургиялық облыстар (Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Қостанай) тасымалданатын жүк массасы жөнінен ерекшеленеді. Жолаушы тасымалдау географиясы көбінесе халықтың орналасуы мен сәйкес келеді.

Қазақстанның автомобиль көлігі бірнеше бағыт бойынша дамып келеді. Қолданыстағы жолдар жөнделіп, жаңа магистральдар салынуда. Ауылдық жерлерде жолдар іске қосылуда.

Құрлық жолдары көлігінің арнайы маманданған түрлері — құбыр және электрондық көліктер. Құбыр жүйелері мұнай мен газ айдап, мұнай-газ және мұнай өңдеу өнеркәсіптерімен бірлесіп жұмыс істейді.

Оларды да кез келген бағытта жүргізуге болады, әрі темір жолдан қысқа болып келеді, ал құрылысы көп арзанға түседі. Бір бағытта, тұрақты жерде көп мөлшерде жүк «жіберіледі». Сондықтан, құбыр жүйесі ең арзан көлік түрі болып табылады.

Қазақстандағы ең құбыр жүйесі дамыған аймақ — Батыс, одан мұнай мен газдың қуатты ағындары таралады. Олардың басты торабы Атыраудан мұнай құбырлары тармақталып таралады. Осы өлке арқылы қуатты транзиттік «Орта Азия — Орталык» және «Бұқара — Орал» газ құбырлары жүргізілген. Орталық облыстарды солтүстіктен оңтүстікке қарай «Омбы-Павлодар-Шымкент-Чаржоу» газ құбыры желісі басып етеді. Батыстан оған Құмкөл «бұтақшасы» келіп қосылады да, ал одан шығысқа, Қытайға қарай «құбыр» кетеді.

Электрондық көлік электр энергиясын электр жеткізу желілері (ЭЖЖ) арқылы тасымалдайды. Олар елдің ірі өнеркәсіпті орталықтарын байланыстырып, ауылдық жерлерді электр энергиясы мен қамтамасыз етеді.

Ірі қалаларда жолаушыларды экологиялық жағынан таза электр көліктері троллейбустар (Алматы, Петропавл, Астана, Тараз жөне т.б.) мен трамвайлар (Павлодар, Алматы, Өскемен, Қараганды) тасымалдайды.

Құрлық көлік түрлері су көлігімен тығыз байланысты.

Су көліктері негізінен құрал-жабдықты көп кажет етпейтін табиғи жолдарда жұмыс істейді. Оларға отын аз жүмсалады (1 т. жүкке есептегенде), әрі көлемді тауарларды тасымалдаудың өзіндік құны да төмен. Бірақ, оның қозғалыс жылдамдығы төмен, көбінесе маусымдық жұмысқа ғана жарамды, оның үстіне кеме жүретін жолдар қажетті бағыттарға үнемі сәйкес келе бермейді.

Су көлігі теңіздік және өзендік болып белінеді. Теңіздік кеме қатынасы бар жалғыз аудан — Каспий теңізінің шеткі ЭГЖ теңіз көлігінің негізгі міндетін — сыртқы сауда байланысын жүргізуді анықтап берді. Сондықтан негізгі жүк тасымалы шетелдік болып табылады. Каботаждық тасымал (еліміздің порттарының арасында) аздау, дегенмен, онда да өсу байқалады.

Бұл көлік түрінің флот, порттар, жөндеу зауыттары сияқты күрделі шаруашылығы бар. Теңіз кемелері қымбат, бірақ жүккөтергіштігі жоғары болғандықтан, олардың тасымалдау қызметі ең арзан болып саналады. Сол себепті құрлык ішілік елдер де өз флотын құруға тырысады. Өйткен жағдайда бөтен кемелермен тасымалданған жүктер үшін төлем жасауға (фрахт) мәжбүр етеді.

Теңіз келігі — ең жас, әрі жылдам дамып келе жатқан көлік түрі.

Елдің басты теңіз «қақпасы» — қатпайтын Ақтау сауда порты. Жүк тасымалы бойынша (жылына 10 млн т) — ол Каспий бойындағы ірі порттардың бірі болып саналады. Жүктін. басым бөлігін мұнай (85%), прокат және астық құрайды. Паром өткелдері Ақтау қаласын Ресей мен Әзірбайжанның порттарымен байланыстырады.

Құрық қойнауында жаңа порт салынып жатыр. Ол теңізде таяу уақыттарда пайда болатын (30-60 мың т) ірі танкерлерді қабылдайтын болады. Үшінші, Баутино порты теңіздің мұнай байлығын игерудің тірек базасы ретінде дамып келеді.

Өзен көлігі табиғат жағдайларына көбірек тәуелді. Кеме қоз-ғалысының баяулығы, маусымдық жұмыс, берілетін бағыт бойынша су жолының қалыптасуы — оның ерекшеліктері болып табылады. Бірақ, жоғары жүк көтергіштігі жағдайында теплоход темір жол құрамынан гөрі отынды үнемдірек жұмсайды. Сондықтан, асықпай жеткізілетін, жаппай тасымалданатын жүктер көмір, мұнай өнімдері, ағаш, астық, құрылыс материалдарын тасымалдауға өзен көлігі қолайлы. Әзірше олардың көлемі онша көп емес. Әсіресе Шульба СЭС-ндағы шлюзді қосқаннан кейін ол тез өседі және бүкіл Ертіс үлескісіндегі Зайсан көлінен Ресейге дейін кеме қатынастарын қалпына келтіру. Бұл транспорттық географиялық жұмыстарын екі көлдік алаптар анықтайды.

Әуе көлігі — ең жылдам, бірақ ең қымбат көлік. Оның негізгі мамандануы — алыс қашықтықтарға жолаушы тасымалдау. Ұшақтар, сонымен қатар, шұғыл түрдегі және бағалы жүктерді (пошта, тез бұзылатын азық-түліктер, гүлдер) жеткізеді.

Қазақстандағы әуе тасымалын бірнеше авиакомпаниялар («СКАТ», «Атырау әуе жолы», «Көкшетау», «Семейавиа» және т.б.) орындайды. Олардын ішіндегі ең ірісі — «Эйр Астана», үлттық «авиа тасымалдаушы», компаниясы.

Ол 40-тай халыкаралық және ішкі бағыттарға қызмет көрсетеді. Оның әуе лайнерлері әлемнің 10 мемлекетіне, оның ішінде Ресейге, Қытайға, Германия мен Үндістанға ұшады. «Эйр Астана» республика әye жолаушы-ларының 3/5-н тасымалдайды.

Елдің; ең басты «Әуе айлағы» — Алматы (жолаушылардың 1/2-нен астамы). Қазіргі заманғы халықаралық әуежай астанада салынған.

Авиация ауыл шаруашылығында қолданылады. Оның көмегімен орман өрттерін сөндіреді, құбыр желілерін бақылайды, «шұғыл» жағдайдағы ауруларды тасымалдайды әне мұнай мен газ қорларын игереді.

Көлікті аумақтық ұйымдастыру. Қазақстанда бірыңғай көлік жүйесі қалыптасуда. Оның негізгі бөлігі — түрлі қатынас жолдары болып табылады. Оларды көлік тораптары, яғни әр алуан «жолдар» түйісетін (темір жол, автомабиль, өзен) және бір көліктен екіншісіне жүк ауыстырылып тиелетін орындар қосады. Қазақстанда әр түрлі типтегі ондаған көлік тораптары бар. Әіресе, Алматы, Ақтау, Қарағанды, Павлодар, Астана ерекше бөлінеді.

Байланыс. Коммуникациялық, жүйенің бұл буыны пошта байланысы мен телекоммуникацияны біріктіреді. Оның негізгі міндеті — көлемі мен маңызы жылдам өсіп отыратын әр алуан ақпараттарды беру. «Қазпошта» АҚ орасан үлкен шаруашылығы -пошта байланысы — бұл ертеден келе жатқан сала. Ондағы тораптар мен байланыс бөлімшелерінің саны 3500-дей. Олар елді мекендердің көпшілігінде бар.

Қазіргі телекоммуникациялық, байланыс түрлері «жуан сөмке арқалаған» пошташыны ығыстыра бастады. Олар бірнеше бағытта қарқындап дамып келеді. Оптикалық-талшықты желілердің құрылуы халықты телефонмен қамту деңгейін кетереді (өзірге қалалық отбасылардың 3/5-інде, ауылдық отбасылардың 1/3-інде ғана телефон бар). Оның артта қалуын жартылай желісіз байланыс -пейджинг, ұялы телефондар өтейді. Елде кәдімгі телефонға қарағанда ұялы телефон басым. Қазір әрбір 5-ші қазақстандыктың ұялы телефоны бар. Спутниктік телеарналар мен бүкіл әлемдік интернет торын пайдаланудың маңызы зор.