Өсімдік шаруашылығы немесе егін шаруашылығы егіншіліктен, бақша шаруашылығымен жүзім өсіруден тұрады.
Егіншілік дақылдар түріне қарай астық шаруашылығы, техникалық, азықтық, көкөніс –бақша дақылдары мен картоп өсіруге бөлінеді.
Егін шаруашылығы географиясына табиғи факторлар, яғни топырақ пен аорклиматтық жағдайлар (жылу, жарық, ылғал) тікелей әсер етеді.
Елімізде 50-ден астам ауыл шаруашылық өсімдіктері өсіріледі.Егіншіліктің бсты саласы – дәнді дақыл өсіру (астық шаруашылғы).Олар егістік жерлердің 2/3 бөлігін қамтиды.
Бидай жылуды жақсы көретін дақыл, ол үшін ең қажетті топырақ түрлері – қара және қара қоңыр топырақтар.
Қысы қатал әрі қар аз түсетін Қазақстанның солтүстігіне көктемде себілетін жаздық бидай өсіріледі. Олар республикадағы астықтың 5/4-ін береді.
Қазақстанның жылы оңтүстік аймағында күзде, қысқа қарай себілетін күздік бидай өсіріледі.
Жылу және ылғал сүйгіш, тропиктік өсімдік — күріш Қазақстанда тек XX ғ. бастап өсіріле бастады. Бұл су жайылған егістік жерлерде — атызда (чек) өсетін біздің еліміздегі бірден-бір дақыл. Оны Оңтүстіктін, суармалы жерлерінде, Сырдарияның (Қызылорда обл.), Іле мен Қараталдың (Алматы обл.) аңғарларында өсіреді. Бұл өзендерден күріш егістіктеріне ирригациялық (суландыру) каналдардың тармақтары бағытталған.
Арпа мен сулы негізінен азықтық өсімдіктер. Олардан алынатын өнімнің бір бөлігі азық-түлік алу үшін, мысалы, арпа мен сұлы жармасын алуға жұмсалады. Арпа — тез пісетін, ең төзімді өсімдік болғандықтан, барлық жерде таралған дәнді дақыл. Бірақ, оның негізгі өнімі Бидайлы белдеуде жиналады. Сұлы ыстыққа төзімсіз, ылғал сүйгіш өсімдік. Оның негізгі өсірілетін аудандары — Солтүстік пен Шығыс.
Жылу мен жарықты сүйетін жүгеріні Қазақстанның Оңтүстігіндегі суармалы жерлерде, жылуды көп қажет етпейтін күздік бидайды елдің Шығысында, құрғақшылыкқа төзімді тарыны. Батыс пен Солтүстікте өсіреді.
Техникалық дақылдар тамақ және жеңіл өнеркәсіптеріне шикізат береді. Олардың қалдықтары малға жем ретінде пайдаланылады. Біздің еліміздегі негізгі техникалық дақылдар — мақта, қант кызылшасы және күнбағыс.
Мақтадан бағалы талшық, тұқымынан май алынатындықтан, оны «ақ алтын» деп атайды. Мақта — тропиктік өсімдік. Оған, әсіресе, көп мөлшерде жылу, жарық әрі мол су кажет. Ол үшін ең қолайлы топырақ — сұр топырақ. Елімізде мақта шаруашылығымен тек жалғыз Оңтүстік Қазақстан облысы ғана айналысады. 0блыстың оңтүстігіндегі Сырдария мен Арыстың аңғарлары өзіндік «мақта аралдары» іспеттес. Мұндағы баска дақылдар орасан үлкен мақта егістіктерінің арасындағы ұсак түйіршіктер тәрізді.
Қантқызылшасы — коңыржай белдеудегі бірден-бір қант алынатын шикізат. Ол жылуды, ылғалдылықты, құнарлы топырақты, сонымен қатар көп еңбекті қажет ететін дақыл. Сондықтан оны халық көп қоныстанған суармалы жерлерде өсіреді. Біздің елімізде ондай жерлер —Алматы және Жамбыл облыстары.
Күнбағыс — ең көнбіс техникалық дақыл, негізі одан өсімдік майы алынады. Күнбағыс құрғақшылыққа төзімді, жылуы, жарығы мол, топырағы құнарлы жерлерде жақсы өседі. Оны Қазақстанның барлық облыстарында дерлік есіреді. Бірақ, егістік пен жинаудың 2/3-сі Шығыс Қазақстан облысының үлесіне тиеді.
Картоп — бір уақытта азық-түлік, мал азығы, әрі техникалық дақыл болып табылады. Халық арасында оны «екінші нан» деп атайды. Картоп құнарлы, ылғалды топырақта жақсы өседі, жазы салқын жылдарда мол өнім береді.
Оны егін шаруашылығы мүмкін жерлердің бәрінде өсіреді. Өнімнің 3/4 бөлігі Солтүстік және Оңтүстік аудандардың үлесіне тиеді, ал еліміздің негізгі «картоп жүйегі» болып бұрыннан бері Алматы облысы саналады. Ол Қазақстанның барлық аудандарын ерте пісетін картоппен қамтамасыз етеді.
Алуан түрлі көкөністер — негізгі әрі арзан дәрумендер көзі болып табылады. Көкөніс дақылдарының көпшілігі (қызанақ, қияр, баклажан, бұрыш) жылуды, жарықты, ылғалды, құнарлы топырақты сүйеді. Бақша дақылдарыныц (қарбыз, қауын, асқабақ, кәді) олардан өзгешелігі — құрғақшылыққа төзімділігі, олар борпылдак, құмды топырақта жақсы өседі. Көкөністер мен бақша дақылдарын суармалы жағдайда өсіру саласы барлық жерде дерлік таралған.
Бірақ Оңтүстік — ең негізгі «Қазақстан бағы» емес, өйткені бақтардың 3/5-і және жүзімдіктердің 9/10-ы Іле және Талас Ала-тауларының етегінде орналасқан. Мұнда жүзімнің 30-дай түрі, еліміздегі алма (апорт) мен алмұрттың (орман аруы) ең жоғары сорттары өсіріледі.
Мал шаруашылығы: жас және ежелгі сала. Бұл сала ірі қара (мүйізді ірі қара малын өсіру), жылқы, түйе, қой, шошқа, және құс өсіру шаруашылықтарына бөлінеді.
Мал шаруашылығының құрамына, сонымен қатар марал (марал мен теңбіл бұғы өсіру), аң, ара шаруашылықтары, жібек құртын өсіру мен балық шаруашылығы да кіреді.
Өсімдік шаруашылығындағы орналастырудың негізгі факторы — агроклиматтық жағдайлары болса, мал шаруашылығында бұл — жем шөп базасы. Оны жайылымдықтар, шабындықтар, азықтық дақылдар егістіктер құрайды. Малдарға азық ретінде көп мөлшерде азықтық дәнді дақылдар мен техникалық дақылдарды өңдеуден түскен қалдықтар пайдаланылады.
Шабындық жерлермен еліміздің Батысы мен Шығысы жақсы қамтамасыз етілген. Шабындықтары аз Солтүстік пен Оңтүстікте азыктық шөптер өсіріледі. Бірақ бәрі бір мал шаруашылығының негізі жайылымдық жері болып табылады.
Еліміздегі жайылымдықтар әр түрлі. Қазақстанның солтүстік, орталық бөлігі мен биік тауларының етегіндегі көктемгі, жазғы, күзгі жайы-лымдықтар алып жатыр. Орманды дала мен дала зонасында төрт түліктің барлығы, ал шөлейт және шөл зоналарында қой, жылқы және түйе малдары жайылады. Орта және биік таулардағы субальпілік және альпілік шалғындар — еліміздегі ең құнарлы жазғы жайылымдар (жайлаулар). Еліміздің Оңтүстігі мен Батысындагы қар қабаты жұқа болып келетін құмды жерлер — жыл бойы (негізінен, қыста) қой және жылқы өсіруге пайдаланылатын жайылымдықтар.
Қазақстанның барлық бөліктерінде мал шаруашылыгымен ай-налысады, бірақ мал басының 3/5 бөлігі еліміздің Солтүстігі мен Оңтүстігінде өсіріледі. Негізгі өнімдер болып саналатын ет пен сүт ара қатынасына байланысты онда бағытты ажыратады. Солтүстікте, шығыста және оңтүстікте сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы дамыған. Оған құнарлы азық қоры қажет.
Оны жоғары өнімді жайылымдықтар мен азықтық дақылдардың егістігі қамтамасыз етеді, ал Оңтүстікте одан басқа қызылша шаруашылығының қалдықтары да пайдаланылады.
Жайылымдықтарында құнарлы өсімдіктері жоқ құрғақ далаларда, шөлейттер мен шөлдерде ет бағытындағы мал шаруашылығы дамыған. Етті тұқымды малдар ішіндегі ең көп таралғаны -қазақтың ақбас сиыры. Қазақстан селекционерлері шығарған бұл тұқым жоғары өнімділігімен және төзімділігімен ерекшеленеді. Біздің елімізден басқа ол Ресей мен Моңғолияда өсіріледі.
Қой шаруашылығының негізгі өнімдері — ет, май, жүн, тері, қаракөл. Оның екі негізгі бағыты — биязы жүнді және қылшық жүнді қой шаруашылығы бар. Биязы жүнді қойлар (меринос) ең сапалы жүн маталарын алуға болатын ұзын, жіңішке біртекті жүн береді. Бұл жануарларға жақсы жайылымдар мен қысқы азық қажет. Ондай жағдайлар елдің солтүстік, шығыс және оңтүстік бөліктерінің бәрінде кездеседі. Мұнда биязы жүнді қойлардың мал басы ең кеп болып саналады.
Қылшық жүнді кой өсіру — азық қоры біршама аз, ұзақ жайылымдарға (500 км-ге дейін) тән болып келеді. Бұл бағытта қазақстандық селекция кереметі деп аталатын еділбай қойларын ерекше бөліп қарауға болады.
Қазақстанда өсірілетін қойлардың ішінде қаракөл қойлары ерекше орын алады. Оның негізгі енімі — аса жоғары бағаланатын қаракөл терілері. Қаракөл қойларын өсірумен шұғылданатын негізгі аудан — Оңтүстік Қазақстан.
Еліміздегі халықтың дәстүрлі кәсібі – жылқы шаруашылығы. XX ғ. басында Қазақстанда 4 млн-нан астам жылқы болған.
Жылқылар қазір де жүк таситын, салт мінілетін, жүмыс және бәйге аттары ретінде кеңінен пайдаланылады. Оларды, сонымен қатар бағалы азық-түлік өнімдері — жылқы етін, қымыз алу үшін де өсіреді. Біздің елімізде жылқы малын өсіру барлық жерде таралған сала. Бірақ, жылқылардың негізгі бөлігі Оңтүстік пен Солтүстікте өсіріледі. Жылқыны қоспен үйірлеп жаю — шөлді -далалы және таулы-далалы аймақтарда жыл бойы табиғи жайы-лымды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Шөлді жөне шөлейтті зонада түйе шаруашылығының маңызы зор. Түйе — ең ірі, жүк тасуға бейім, азық талғамайтын, ыстық, шөлге шыдамды жануар. Түйе шаруашылығының негізгі өнімдері — ет, сүт, шұбат және жүні. Бұл малдардың саны бойынша Қазақстанның Батысы мен Оңтүстігін, әсіресе Маңғыстау, Атырау және Қызылорда облыстарын ерекше атауға болады.
Шошқа шаруашылығы — жылдам салмақ қосып, тез көбейетін әрі жайылымды қажет етпейтін, ауыл шаруаіпылығы үшін тиімді.
Шошқа өсіруде егін шаруашылығынан алынатын жем, жөне тамақ қалдықтары пайдаланылады. Ол біздің елімізде астық шаруашылығы мен картоп өсіру дамыған зонада кең таралған. Бұл саланың географиясына, одан басқа өнімді тұтынатын ірі қалалар мен қалдык жем жеткізіп тұратын тамак өнеркәсібі орталықтарының орналасуы да әсерін тигізеді. Шошқа өсірудің негізгі ауданы — Солтүстік (мал басының жартысынан астамы), ал екінші аудан — Оңтүстік (15%).
Жұмыртқа мен құс етін (тауық, каз, үйрек, күрке тауық) алу үшін құс шаруашылығы дамыған . Ол өндірістің өнеркәсіптік технологияларымен жұмыс істейтін фабрикалар ауыл шаруашылығының алғашқы саласы. Құс фабрикаларында үй құстарының жартысынан көбі шоғырланған. Оларға жем ретінде азықтық дәнді дақылдар пайдаланылады. Сондықтан, құс шаруашылығы бір жағынан, ірі астық шаруашылығы аудандарына, ал екінші жағынан оның өнімдерін пайдаланатын ірі қалаларға таяу орналасады. Өсіресе, үлкен қалалар орналаскан Оңтүстік пен астык шаруашы-лығының негізгі орталығы — Солтүстік ерекшеленеді.
Пантылық марал шаруашылығы Алтайда, Бұқтырма өзенінің аңғарында XVIII ғасырдың өзінде пайда болды. Бұл аудан қазір де марал мен теңбіл бүғы өсірудің негізгі ауданы болыл саналады. Марал шаруашылығының негізгі өнімі — пантокрин алу үшін қолданылатын панты (бұғының жас мүйізі). Елдің ең құрғақшылықты аудандарынан басқа жерлерде, бал, балауыз, прополис алынатын ара шаруашылықтары дамыған. Бүл салада Шығыс Қазақстан алда келеді. Алтай балы дәмі мен емдік қасиеті жөнінен ең жоғары сапалы болып саналады. Оңтүстік Қазақстан облысының жағдайы жібек құртын — піллә өсіруге аса қолайлы.