Бұл сала әр түрлі құрылыс материалдарын шығарады. Ол құрылыстың дамуына жағдай туғыза отырып, өсу қарқыны жөнінен оны басып озады.
Құрылыс материалдары өнеркәсібінің екі негізгі ерекшелігі бар: 1) ол тікелей құрылыспен байланысты; 2) оның негізгі шикізаты -кенге жатпайтын пайдалы қазбалар.
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар (қиыршық тас, құм, саз, әктас, құрылыс тасы) барлық жерде кездеседі. Салыстырмалы түрде алғанда оны өндіру арзанға түседі. Дегенмен, сирек кездесетін асбест, ұлутас секілді құрылыстық пайдалы қазбалар да бар.
Құрылыс материалдары өндірісінде тау-кен өнеркәсібінің (беткі жыныстар), металлургияның (қож) және электр энергетикасының (күл) қалдықтары кеңінен қолданылады.
Құрылыс материалдары өнеркәсібінің құрамына: 1) минералдық шикізат өндіру; 2) ұстастыратын материалдар өндірісі (цемент, әктас, гипс) және 3) үйлер мен құрылыстар салуға керекті қабырғалық материалдар өндірісі (бетон, темірбетон, кірпіш).
Шикізатты көп мөлшерде қажет ететін ұстастыратын материалдар өндірісі шикізат базаларына жақын орналасады. Қабырғалық материалдар шығаратын кәсіпорындардың орналасуы өнімнің тасымалдауға жарамдылығына байланысты. Олар шикізатқа (кірпіш шығару) немесе тұтынушыға (бетон және темір-бетон өндірісі) бағытталады.
Ұстастыратын материалдар ішінде басты рөл аткаратын цемент болып табылады.
Оның өндірісіне әктас пен саз қажет. Оларды ұсақтап араластырғаннан кейін, айналып тұратын ұзын (100 м дейін) пештерде күйдіреді. Алынған өнімді ұнтақтап, цемент шығарады.
1 т цементке 1,5 т шикізат жүмсалады. Сондықтан, барлық цемент зауыттары шикізат кенорындарының маңында орналастырылады. Елімізде ондай зауыттар 5-еу: Ақтау кентінде (Қарағанды облысы), Октябрскіде (Шығыс Қазақстан облысы) жөне Састөбеде (Оңтүстік Қазакстан облысы), сонымен катар Семей мен Шымкентте.
Цементті сумен және толтырушы заттармен (құм, қиыршық тас немесе ұсақ тас) араластырып бетон алады.
Қатқаннан кейін, бетон өте берік жасанды тасқа айналады. Одан мық-ты іргетастар және түтас үйлер, колонналар, жабындар, көпірлер, жолдар салуға болады.
Беріктігін одан әрі арттыру үшін бетонның ішіне болат өзектер (арматура) салып, темір-бетон алады. Бұл конструкциялық материалда бетон мен арматураның қасиеттері бар. Темір-бетон бұйымдарын Қазақстанның барлық облыстарында шығарады. Өндірістің ең ірі орталықтары — Астана мен Алматы.
Орман және ағаш өңдеу өнеркәсіптері. Бұл жеткілікті шикізат базасы жок Қазақстандағы бірден-бір өнеркәсіп. Орман еліміздің аумағының 2,3%-да ғана орналасқан. Сондықтан, олардың өнеркәсіптік маңызы (ағаш алу көзі) қандай болса, суды, топырақты және егістікті қорғау, санитарлық (қалалар маңында),рекреациялық (халықтың демалыс орыны) және ғылыми (қорықтағы ормандар, Ертіс бойының қарағайлы ормандары) маңызы да сон-шалықты. Оларда өнеркәсіптік ағаш дайындауға тыйым салынған. Қазір тек оларға күтім жасау мен санитарлық мақсатта ғана ағаш кесіледі. Олар елдің қажеттілігінің 3/1 -ін ғана өтейді. Сондықтан, ағаш өнеркәсібі тек тасымалданып әкелінетін шикізат негізінде ғана жұмыс істейді.
Қазақстаннын бұл салыстырмалы түрде алғандағы жас шаруашылық саласы машина жасаумен, химиямен, жеңіл өнеркәсіппен, көлік және байланыспен тікелей өндірістік қарым-қатынас жасайды. Құрылыс орман өнімдерінің ірі тұтынушысына айналды. Өз кезегінде машина жасау оған ағаш өңдейтін станоктар мен барлық жерлерде жүре алатын тягач маши-налар, химия — лактар мен бояулар (жиһаз өндірісіне) және ағартқыш заттар (қағаз дайындауға) жеткізеді.
Орман өнеркәсібі өзара байланыстағы бірнеше өндіріс салаларын біріктіреді .
Ағаш дайындау өнеркәсібінің географиясы орман қорларының орналасуымен байланысты. Оларды бағалау үшін 2 негізгі көрсеткіш: орман ауданының мөлшері (6,3 млн га) мен өсіп тұрған ағаш қоры (375 млн м3) қолданылады.
Ағаштың 90%-ын Қазақстанның Солтүстігі мен Шығысы, ең, алдымен Шығыс Қазақстан, Қостанай жөне Ақмола облыстары жеткізеді.
Ағаш өңдеу өнеркәсібі шикізат базаларына да, тұтынушыларға да таяу орналасады. Ол Қазақстанның барлық аймақтарында дамыған. Бірақ, өнімнің 3/4-ін Алматы мен Шығыс Қазақстан шығарады. Тілінген материалдар (тақта, тақтай жолақтары), шпалдар (Семей), паркет (Алматы), үй құрылысының детальдары, (қандай?), ағаш талшықты плиталар (Өскемен), сіріңке, жиһаз шығарылады.
Жиһаз жасау өнеркәсібі тасымалданып әкелінген шикізатпен жұмыс істейді (ағаш жаңқалы плиталар, әйнек, фурнитура). Олар тұтыну аймақтарына таяу орналасады, өйткені, жиһаздың өзін тасымалдаудан гөрі, оны жасайтын ағаштарды тасу арзанырак түседі. Сондықтан, оны өндіретін фабрикалар мен шағын цехтар көптеген қалаларда жұмыс істейді. Дегенмен, олардың негізгі орталықтары -Алматы, Қарағанды, Павлодар, Петропавл және Өскемен.
Целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің ақырғы өнімі — қағаз. Оны дайындау үшін целлюлоза қажет. Бұл — суды және бағалы қылқан жапырақты ағаштарды көп қажет ететін (шырша, самырсын және т.б.)> экологиялық жағынан «лас» өндіріс. Біздің елімізде қағаз бен қатырма қағазды (картон) тасымалданып әкелінетін (целлюлоза) және арзан қайта өңделген шикізаттан (макулатура) шығарады. Бұл салада Семейдегі қағаз-қорап комбинаты мен Алматы маңындағы Абай ауылында орналасқан «Қазақстан Қағазы» АҚ картон-қағаз комбинаты ерекіпеленеді.
Целлюлоза-қағаз саласы өнімдерінің ірі түтынушысы — полиграфия өнеркәсібі. Оның басты орталығы — Алматы. Мұнда «Атамұра», «Мектеп», «Қазақ энциклопедиясы» «Жазушы» жөне т.б. ірі баспалар шоғырланған, кітап, журнал, газет, құттықтау хат, басқа да полиграфиялық өнімдердің көп бөлігі осында шығарылады.