Өндірілетін отын түлеінің көптеген бөлгі электр энергиясын және жылуды бөліп шығару үшін электр энергетикада пайдаланылады. Энергияның басқа түріне қарағанда элетр энергиясының көптеген қолайлы жақтары бар
Біріншісі конденсациялы тек қана электр энергиясын өндіреді. Бұндай станциялар электр энергиясымен үлкен аудандарды қамтамасыз етеді. Сондықтан да оларды аудандық электр станциялары дейді (МАЭС). Электр энергиясын өндіруде олар негізгі орындардың бірін алады. ЖЭС-дың жалпы қуатының жартысынан астамы қуаттылығы 1 млн кВт сағаттан артық электр станцияларында жинақталған.
Жылу электр станцияларының келесі түрі жылу электр орталығы (ЖЭО).
Бұл жерде электр энергиясымен жылуды өндіру жинақталған. Станцияның бұндай түрі отынды пайдалану коэффициентін конденсациялы станцияға қарағанда екі есеге ұлғайтады. ЖЭО — жылуды (бу және ыстық су күйінде) мекемелер мен түрғын үйлерге орталықтан бөліп жіберіп отырады.
Су электр станцияларына қарағанда жылу электр станцияларының өзіндік қолайлы жақтары бар. Аз шығынданып СЭС-на қарағанда 3-4 есе тез салынады. Электр энергиясын жыл бойы бірқалыпты өндіреді. Бірақ өндірілген энергияның өзіндік құны су электр станциясы өндірген энергияға қарағанда біршама жоғары. Жылу электр станциялары шамадан тыс көміркышқыл газын бөліп шығаратындықтан қоршаған ортаны ластауда жетекші орындардың бірінде.
Электр энергиясын кез келген жерге жоғары вольтты электр жеткізу желісімен тасымалданады (ЭЖЖ). Белгілі бір ауданға қаншалықты қажет болса, соншалықты электр энергиясын жеткізе алады. Сондықтан да жылу электр энергиясын отынға және тұтынушыға жақын орналастырады.
ЖЭО — жылуды 20-25 километрден артық тасымалдау тиімсіз болғандықтан қалаларда орналастырады. Электр станцияның келесі типі — су электр станциясы республикамыздағы электр энергиясының 15%-ын өндіреді.
Су электр станциясы — ең арзан электр энергиясын өндіреді. Яғни ағынды судың энергиясына адамның әсер етуінің қажеті жок. Отынды үнемдеудегі жетекші өнеркәсіптің бірі.
Су электр станцияларындағы қызметшілер саны жылу электр станцияларына қарағанда екі есе аз. СЭС-ның турбиналарын уақытша тоқтатып, қажет кезде қайта қосуға болады. Экологиялық тұрғыдан алғанда ауаға лас заттарды бөліп шығармайды, бірақ айналасының ландшафтысын белгілі бір деңгейде өзгертеді.
Су электр станциясын салу жылу электр станциясына қарағанда ұзаққа созылады және қымбатқа түседі. Электр энергиясын жыл бойы бір қалыпты өндірмейді (не себепті), сонымен бірге тек қана су қоймасы толғаннан кейін өндіреді. Су электр станциялары өзендерде салынатындықтан, табиғат жағдайына тәуелді. Кейбір жағдайларда бір өзеннің бойында бірнеше СЭС-ын немесе каскад СЭС-ын орналастырады.
Каскадтар судың ағысына қарай жоғарыдан төмен сатылап орналасып, судағы энергияны толығымен өндіріп алуға арналып салынған. Кемелерді өткізіп тұратын шлюздер мен су қоймалары біріге отырып су торабын құрайды (Гидроузел). Су торабы шаруашылық мұқтаждығын кешенді түрде шешуге мүмкіншілік береді.
Су торабын салу экологиялық және әлеуметтік тұрғыдан тигізетін зияны да бар. Үлкен аймақты су басуы мүмкін. Жергілікті тұрғындарды басқа жаққа коныстандыру үшін қомақты қаржы қажет болады.
Республикамызда электр станциясының үшінші типі атом электр станциясы Ақтау қаласында салынған. Станция шапшаң нейтронмен жұмыс істейтін дүние жүзіндегі бірінші АЭС 1973 жылы іске қосылды. Станция электр энергиясымен бірге тұзды Каспий теңізінің суын тұщыландыруға да арналған. Жұмыс жасау уақыты межеленген кезден өтіп кеткендіктен 2002 жылы жүмысы тоқтатылды. Қазіргі таңда станцияны біртіндеп бөлшектеп жатыр. Суды тұщыландыратын қондырғыны газбен жұмыс істеуге ауыстырған. АЭС-ның тиімді жақтары көп. Отынды аз пайдаланады, атомдық отынды тасымалдау оңай болғандықтан кез келген жерде салуға болады.
Біздің елімізде АЭС-ын салу әзірге келешекке қалдырылды .
Республикамызда параллельді екі энергия жүйесі қалыптасты. Оның біреуі Солтүстікте, екіншісі Оңтүстікте. Ұзақ уақытқа дейін екі жүйе бір-бірімен электр желісі арқылы байланыспаған болатын. Бұл болса мемлекетіміздің экономикасына кері әсерін тигізді. Оңтүстік Қазақстан аймақтарында электр энергиясының жетіспеуінен көршілес елдерден сатып алуға тура келеді. Керісінше Павлодар облысында электр энергиясының артық мөлшерде өндірілуінен кейбір уақыттарда МАЭС турбиналарын тоқтатып коятын уақытта болды.
1997 жылы өте жоғары электр жеткізу желісі іске қосылып (ЭЖЖ), екі энергия жүйесін байланыстырды. Яғни қазір (жеке) Қазақстан энергия жуйесі қалыптасты. Бірақ республикамыздың барлық аумағын қамти қойған жоқ. Жеке энергия жүйесі Маңғыстау облысында болса, қалған Батыс Қазақстан аймағы Ресейдің энергия жүйесімен байланысады.
Республикамыздағы энергия жүйесін дамыту әлі күнге дейін жалғасуда. «Солтүстік-оңтүстік» ірі (ЭЖЖ) электр жеткізу желісі салынуда. Сонымен бірге екі СЭС құрылысы көзделуде. Оның бірі Мойнақ, Шарын өзені бойында және Іле өзені бойында Кербүлақ су электр станциялары болса, жоңғар қақпасында жел электр станциясын салу жоспарлануда.
Көмір өнеркәсібі. Соңғы жылдардағы мұнай және газ өнеркәсібінің қарқынды дамып келе жатқандығына қарамастан, пайдаланатын отынның 3/5 бөлігі — көмірдің үлесіне тиеді. Көмір — металлургияда, электр энергетикада, коммуналды-тұрмыстық шаруашылықта пайдаланады. Шикізат ретінде химия өнеркәсібінде қолданылады. Кокстелетін көмірден кокс алу барысында газ және шайыр бөлініп шығып, азот тыңайтқышын, пластмасса, синтетикалық талшық, бояғыштар жасауда қоспа ретінде колданылады.
Қазақстан Республикасы көмір ресурсымен толық қамтамасыз етілген мемлекеттердің қатарына жатады. Республикамыздағы көмірдің геологиялық қоры 162 млрд т. Қазіргі деңгеймен өндіріп отырсақ 200 жылдан астам уақытқа жетеді. Мемлекетіміздегі көмір өнеркөсібі XIX ғасырдың орта кезеңінен бастап қолға алына бастады. Алғашында Қарағандыда, кейінірек Екібастұзда және Шығыс аймақтарда игеріле бастады. 1930 жылы алғашқы болып Қарағанды көмір алабы игеріліп, сол кездегі КСРО мемлекетінің үшінші ірі көмір алабына айналды. 1950 жылдың орта кезеңінен бастап Екібастұз көмір алабы игеріле бастады. 20 жылдың ішінде өндіріс көлемі жағынан Карағанды көмір алабын басып озып, қазіргі кезде негізгі көмір базамызға айналды. Өткен ғасырдың 80-жылдарында жаңа кен орындары Майкүбі, Шұбаркөл және Семей полигоны жабылған соң Қаражыра игеріле бастады. Бұл көмір алаптары көмір өндірісін екі есеге дейін ұлғайтты. 1990 жылдарда болған экономикалық дағдарыстан кейін көмір өнеркәсібі қайта-дан жанданып өндіріс көлемі көбеюде.
Қазіргі кезде республикамызда 15 көмір кен орындары мен алаптары игерілуде. Олардың экономикамызға тигізер пайдасы біркелкі емес. Яғни көмірдің корына, сапасына, жату тереңдігіне, тасымалдануға колайлы, колайсыздығына байланысты.
Қарағанды көмір алабы — Орталықта орналасуымен және жоғары сапалы, аз күлді, кокстелетін тас көмір екендігімен қолайлы және тиімді. Негізінен технологиялық отын-кокс ретінде өнеркәсіпте пайдаланылады. Біраз бөлігі электр энергиясын алу үшін электр станцияларында энергетика льщ отын ретінде пайдаланылады. Көмір кабатының калыңдығы 1,5-15 метр, бірақ теренде орналаскан, қазып алынатын орташа тереңдігі 300 метр.
Сондықтанда жер астында шахталық әдіспен өндіріледі. Бұндай жағдайда өндірілген көмірдің өзіндік құны жоғары болады (1 тоннасы 17 АҚІП доллары).
Екібастуз көмір алабы (Кен орны) шеткеректе орналасқанымен мемлекетіміздің көптеген өнеркәсіп аудандарымен темір жол арқылы байланысқан. Бұл да тас көмір болғанымен, күлі көп (орташа күлділігі 43%) сапасы темен, өте ауыр байытылады және кокстеуге келмейді. Сондықтан да тек қана энергетикалық отын ретінде пайдаланылады. Алаптың ерекшелігі, көмір қабатының қалыңдығы 150 метр және жер бетіне жақын орналасқандықтан ашық әдіспен өндіреді. Соған сай өндіру құны арзан больш келеді. Ашық әдіспен өте мықты Роторлы экскаватормен қазып алады. Екібастүз көмірі республикамыздағы өзіндік құны ең арзан кемір (1 тоннасы — 5 АҚІП доллары). Соның нәтижесінде жан-жақты игерілуде. Оны пайдалану үшін Қазақстанның Солтүстігінде жене Ресейде ірі электр станциялары (Орал жене Омск) салынған. Қазіргі күндері Екібастүз көмірінің географиялық аумағы кеңейіп, Қазақстанның Оңтүстігі мен көршілес Қырғызстан республикалары да пайдалануда.
Екібастұздан Оңтүстікке қарай Майкүбі қоңыр көмір алабы кездеседі. Көмірі төмен сапалы, бірақ күлі аз, құрамында күкірті аз. Бүл көмірді байытуға, брикеттеуге, сонымен бірге ұзақ уақытқа сақтауға болады. Коммуналды-тұрмыстық шаруашылыққа пайдалануға таптырмайтын көмір түрі. Сонымен бірге электр станцияларында да пайдалануға болады. Майкүбі көмірін Екібастұз көмірі сияқты ашық әдіспен өндіреді. Қазақстандағы өзіндік құны арзан көмірлердің бірі.