Қазақстан шаруашылығы мен өнеркәсібіне жалпы шолу

Қоғам экономикалық іс-әрекетсіз өмір сүре алмайды. Оның барлық әр алуан түрлері елдің экономикасын (шаруашылығын) кұрайды.

Жоспарлы, нарықтық және аралас экономика. Кеңес Одағында жоспарлы (өміршіл) экономика қалыптасты. Ол мемлекеттік меншік пен басқарудың әміршілдік әдістеріне сүйенді.

Нені, кім үшін және қанша мөлшерде өнім өндіруді елдің жоғарғы басшылығы шешті. Бұл өмір одан әрі эстафета сияқты Мемлекеттік жоспарлау комитетіне (мемлекеттік жоспарға), одан министрліктерге, ал министрліктерден — нақты кәсіпорындарға берілді. Сонымен, барлық шаруашылы жұмысы міндетті түрде орындалуы тиіс жоспарлы тапсырмалар арқылы жүргізіліп отырды. Мемлекет барлық материалдық және қаржылық ресурсты дайын өнімді бөліп, баға мен еңбекақы мөлшерін белгілеп отырды. Кәсіпорындардың өз беттерінше бастама көтеріп, дербес мәселе шешуге мүмкіндігі болмады.

1980 жылдардың басына дейін жоспарлы жүйе экономикалық дамудың жоғары қарқынды жүруін қамтамасыз етті. Ол елді аса маңызды мәселелерді шешуге жұмылдырды .

Нарықтық экономика жеке меншікке, таңдау еркіндігі мен бәсекеге негізделген. Ондағы сауда заты болып тауар, қызмет көрсету, кәсіпорындар, жер мен адамдар еңбегі саналады. Ал нені, кім үшін және қанша өндіруді, бизнестің пайдалы немесе шығынды жақтарын баға анықтайды. Кәсіпкерлер өндіріс үшін пайдалы тауарлар мен қызмет түрлерін таңдап, оған ең алдыңғы қатарлы технологияны қолданады. Ол нарықтық экономикаға қозғалыс беріп, жылдам қайта құрылу қабілетін арттырады.

Дегенмен, оның өз кемшіліктері де бар. Олардың негізгісі —ырғақтылық, яғни өндірістің қарқындау және халықтың жұмыспен қамтамасыз етілу кезеңі өндірістің құлдырауы және жұмыссыздықпен алмасып келіп отырады. Одан басқа заңмен шектелмейтін нарық стихиясы адамдардың тұрмыс-жағдайы мен қоршаған ортаның сапасының нашарлауына әкелуі мүмкін.

Сондықтан барлық елдердің экономикалық өмірін мемлекет реттеп отырады. Оның қол астында мемлекет бюджеті және қорғаныс, азаматтардың қауіпсіздігі, білім беру, денсаулық сактау сияқты салалармен қатар, көп жағдайда ірі компаниялар да болады. Олардың барлығы экономиканың мемлекеттік секторын құрайды. Оның рөлі бірдей болмағанмен, ол үнемі қатысып отырады.

Біздің еліміздің Мемлекеттік секторының құрамында 25 мыңдай мекемелер мен кәсіпорындар бар. Онда жұмыс күшінің 1/4 бөлігі жұмылдырылып, ұлттық, кірістің 15%-ы жасалады.

Бұл — дүние жүзіндегі көптеген мемлекеттер сияқты, Казақстанның экономикасының да аралас екендігін көрсетеді. Бірақ ол нарық заңдары бойынша «жұмыс істейді». Мемлекет бәсекелесу еркіндігін қолдап, халыққа әлеуметтік жағынан қолдау көрсетеді, аумақтар мен жекелеген өндірістердің даму бағдарламасын жасайды.

Шаруашылыктың ерекше секторын көлеңкелі (бақылаусыз) экономика құрайды. Ол фирмалар мен азаматтардың заңды бұзып, салық төлеуден жалтарған және тыйым салынған қызмет түрлерімен айналысқан кезде пайда болады. Әр түрлі пікірлерге қарағанда, ол Қазақстан экономикасының 25-тен 40%-ға дейінгі бөлігін құрайды. Көлеңкелі экономика мемлекет пен коғамға үлкен зиянын тигізеді.

Қазақстан шаруашылығы: кәсіпорындар-салалар — салааралық кешендер. Қазақстан шаруашылығы — бұл өте кең ұғым. Оны үш деңгейде қарастыруға болады.

Бірінпіі деңгей — кәсіпорындар мен мекемелер. Бұлар — эконо-микалық «құрылыстың» өзіндік «Кірпіштері» болып табылады. Олардың саны қазір 200 мыңнан асты және әлі де есуде. Кәсіпорындарға — фабрикалар, зауыттар, шахталар, электр станциялары, шаруа қожалықтары жатады. Ал мекемелер — бұлар оқу орындары, ауруханалар, дүкендер, кафелер, ҒЗИ, мұражайлар мен театрлар.

Нарықтық экономикамен меншік түрлері және кәсіпорындарды ұйымдастырудың әралуандығы байланысты. Қазақстанда жеке меншік пен мемлекеттік кәсіпорындармен қатар, аралас (жекеше-мемлекеттік және шетелдік фирмалармен біріккен), шетелдік кәсіпорындар да жұмыс істейді.

Олардың біреулері акционерлік қоғам (АҚ) түрінде, келесі біреулері — жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС), үшіншілері — біріккен кәсіпорындар (БК) түрінде құрылған көптеген шаруа (фермерлік) қожалықтар мен кооперативтер бар.

Екінші деңгей — экономика салалары. Әрбір кәсіпорындар мен мекемелер өз қызметімен мемлекеттің түрлі қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Біреулері өнеркәсіп тауарларын шығарумен, екінпіілері жүк тасымалымен, ал үшіншілері бала оқытумен айналысады. Осыған себепті қызмет түрлеріне байланысты олар салаларға бөлінеді.

Экономика саласы қоғамның біркелкі қажеттіліктерін өтейтін барлық кәсіпорындар мен мекемелерді біріктіреді.

Ауыл шаруашылығына, мысалы, мәдени өсімдіктер өсірумен, мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындар жатады. Ал өндіріс құралдары мен (отын, металл, машиналар) тұтыну тауарларының негізгі бөлігін өндіретін барлық кәсіпорындар өнеркәсіпті құрайды. Сол сияқты, білім беру оқу орындарының, ал денсаулық сақтау — медициналык мекемелердің жиынтығы болып саналады.

Өнеркәсіп — Қазақстан шаруашылығының басты саласы. Кәсіпорындар саны: 12707, Жұмысшылар саны: 597 мың, Өнім: 2,8 трлн теңге. Экономикадағы барлық алға басушылық соған байланысты. Оның дамуы жаңа қалалар мен жолдар салуды ілестіре жүреді. Ол ауыл шаруа-шылығының, құрылыстың, қызмет көрсету саласының да­му деңгейіне де үлкен әсер етеді. Сонымен бірге оның қоршаған ортаға да әсері зор.

Өнеркәсіптің құрылымы күрделі. Ол көптеген кәсіпорындардан тұрады. Өндіретін өнімнің, пайдаланатын шикізаттың немесе технологияның ұқсастығына байланысты кәсіпорындар салаларға бірігеді.

Барлық салалар 3 топқа бөлінеді).

Олар бөлшек салаларға бөлінеді. Мысалы, отын өнеркәсібі мұнай, мұнай өңдеу, көмір және газ салаларын біріктіреді. Ал жеңіл өнеркәсіптің құрамына тоқыма, тігін, тері өңдеу, аяқ киім және т. б. салалар кіреді.

Өнеркөсіпте негізінен өндіріс құрал-жабдықтарын шығаратын (отын, металл, машиналар мен құрал-саймандар): энергетика, ме­таллургия, машина жасау және т. б. басты рөл атқарады. Оларды ауыр өнеркөсіп деп атайды («А» тобы). Әсіресе, маңыздылары ма­шина жасау (онда жана машиналар мен құрал-саймандар жасалады), химия өнеркәсібі (жаңа материалдар) және электр энергетикасы. Олар экономиканың барлық салаларындағы ғылыми-техникалық прогресті анықтайды, сол үшін оларға салалардың «авангардтық үштігі» деген «атақ» берілген. Халық тұтынатын тауарларды өндіретін салаларды (азық-түлік, киім, аяқ киім), «Б» тобына жатқызады. Онда тамақ және женіл өнеркөсіптері ерекше орында.

Қазақстандағы жалпы енім өндіру көлеміндегі «А» тобының үлесі 80%-ға жетті. «Б» тобы одан едөуір артта. Мұнымен шет елден азық-түлік пен тұтыну заттарын ауыр өнеркәсіп тауарларына айырбастап, сатып алу байланысты. Елге ондай айырбастың баға «қайшысына» байланысты пайдасы жоқ.

Көптеген дамыған елдерде «А» тобы салаларының үлесі 50%, немесе одан да аз. Өнеркөсіп салаларын, сонымен бірге, өндіруші және өңдеуші салаларға бөлу қабылданған. Біріншілері жер қойнауынан (тау-кен өнеркәсібі), судан (балық және су аңдарын аулау), орманнан (ағаш дайындау) шикізат өндіреді, ал екіншілері оларды өңдейді.

ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Салалар Қазақстан Дүние жүзі Дамыған елдер
Тамақ өнеркәсібі 27 11 10
Жеңіл өнеркәсіп 3 4 3
Ағаш және ағаш өңдеу 1 9 10
Химия және мұнай өңдеу 13 17 16
Металлургия 40 5 4
Машина жасау 8 50 53
Басқалары 8 4 4

Дүние жүзіндегі отын мен металл бағасының жоғары болуы отын-энергетикалық және металлургиялық кешендердің жарыса өсуіне себер болды. Олар Қазақстанның әлемдік экономикадағы орнынанықтап,ең ішінде өзгеше “локомотив” рөлін атқарады. Олардың дамуы басқа салалар мен қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді.