Қазақ халқы жүз жылдан астам уақыт бойы басқыншыларға қарсы қаһармандық күрес жүргізді. Қазақ халқы үшін осынай қиын-қыстау күндерде Кіші жүздің атақты адамдары жат ел басқыншыларынан қорғауды сұрап, Ресейге өтініш жасады. 1731 жылы 19 ақпанда Кіші жүздің Ресейге қосылу ресми құжат арқылы қатталды
Қазақстанның Ресейге қосылып, оны орыстардың қоныстанып, шаруашылық жағынан иегеруі, онымен қоса келген отаршылық бұғауы жүз жылдан астам уақытқа слзылды. Алғашқы орыс қоныс аударушылары – Сібір казактары болды. Олардың соңын ала Сібір мен Ресейдің орталық губернияларынан шаруалар келді. Қоныс аударудың келесі кезеңі
ХІХ ғасырдың басынд шаруа қозғалысының өрлеуімен байланысты болды. Орыстың отарлаумен қабаттаса орыс капитализмі де қазақ жеріне өзінің ықпалын күшейте бастады. Жаңадан қалыптасқан орыс кулактары жерін тартып алға, көшпенді қазақтар қара және сарғылт топырақты жәнетамаша жайылым шбындықтары бар орманда және орманда дала аймақтарынан қуылып, құнарсыз шөл және тастақты жерге қоныс аударуға мәжбүр болды. Соның салдарынан көгпелі мал өсірудуң жемшөп базасы тарылып, мал шаруашылығы тұрақсыз кәсіпке айналды. Көшпелі мал өсіруден қол үзуге мәжбүр болған қазақтар, әсірсе кедейлр, бірте-бірте отырықшылық қалпына көше бастады.Дамып келе жатқан капиталистік қатынастардың салдаынан кедейленген көшпенділер арзан жұсмысшы күшіне айналды. Байырғы халықтың отырықшылыққа және егіншілікпен айналысуға көшуі әл-ауқаттарының негізі болған көшпелі мал өсіруді сақтауға ынталы феодалдық ақсүйектердің мүддесіне қайшы келді.Қазақстанда өнеркәсіп дегеннен қатқыл мата тоқу, тері илеу, аяқ киім, ер тұрман, арқан-жіп, аң терісі бұйымдарн жасау сияқты кәсіпшілік түрлері біршама дамыған еді.Алтай өңірі мен Орталық Қазақстанда тұратын қазақтар кенді қол күшімен өндіріп, қорғасын мен мыс балқытып, одан түрлі бұйымдр (ыдыс-аяқ, қару-жарақ, әшекей-сәндік дүиелер) жасады.Қазақтарда қала, отырықшы елді мекендер аз болды. Қазақстанның оңтүстігінде ғана халық тығыз орналасқан суармалы егіншлік жазираларында, ерте заманғы “Жібек жол”бойында ғана отырықшы ауылдық елді мекендер (қыстақтар), ірі сауда және қолөнер орталықтары пайда болды. Жайық өзенінің төменгі ағысында Алтын Орда орталықтарының бірі-Сарайшық қаласы орналасты.
Ертеден-ақ қазіргі Қазақстан аумағын, Қытай, Орта Азия, Сібір және Мәскеу мемлекеті арасындағы сауда байланысын қамтамасыз ететеін керуен жолдары кесіп өтетін. Әсіресе Жоңғар қақапасы мен Жетісу арқылы Тянь-Шаньның солтүстік беткейімен Монғолия Қытай Бұхрға баратын жолдарыда жүргіншілер тынымсыз қатынап жататын.Екінші жол Орта Азиядағы Хиуа арқылы немесе Сырдарияны бойлай Каспий маңыойпатындағы көне Сарйшық қаласына, ал одан әрі Мәскеу жаққа қарай кететін.
Кейін Қазақстан арқылы Ота Азиядан солтүстікке қарай – Орынбор, Омбы, Петропавл, Семейге керуен жолдар түсті. Ол жерлерде маусымды жәрмеңкелер өтіп, онда көшпенді қазақтар мал және мал өнімдерін (жүн, тері) сатып, ортаазиялық, қытайлық және орыс көпестернен мата, шай, қант, қару-жарық, ыдыс-аяқ және т.б. бұйымдар алатын.
Қазақстан Ресейге қосылғанға дейін қазақ даласында екі қала – Орал және Атырау болатын. Олардың іргесі ХVІІ ғасырдың басында сауда жолдарының су жолымен қиылысатын жерінде қаланады
ХVІІ ғасырда орыстар Қазақстанның солтүстік және солтүстік-шығс бөлігінде Омбы, Семей, Өскемен, Павлодар, әскери бекіністерін салды. Ор, Орынбор, Петропавл бой көтерді. Олар алғашында әскери бекініс ретінде салынып, кейін үлкейіп, ірі әкімшілік, мәдени және сауда орталықтарына айналды.
Патшалық Ресей қазақ станцияларын, шағын поселкелер, пикеттер, форпостар, кордондар, бекініс қалалар салуды жалғастырып, қазақ даласына айналдыра бекіністер тізбегін тізді.
Патша өкіметі Қазақстанды отарлау барысында онда егеншілікті, кен өндіру өнеркәсібін қарқынды өркендетіп, темір жолдар салды. Алайда Қазақстан өзінің орталық жағдайына байланысты Ресейдің аграрлқ қосалқы бөлігіп болып қала берді. Қазақстан жерінде мыс, қорғасын, күміс қорытатын шағын зауыттар, көптеген дейірмендер, жарма түйгіштер, қасапханалар, май шыжғыратын, шарап және сыра қайнатын зауаттар пайда болды. Бірнеше мақта тазалайтын, шырақ жасайтын, сабын қайнататын, тері өңдейтін және жүн тапзалайтын зауаттар, Алматы маңында шұға фабрикасы, Петропавл мен Семейді киіз басатын зауыттар салынды. Шикізаттың көбісі алғашқы өңдеуден кейін Еділ бойы, Орталық Ресй, Балтық жағалауындағы мемлекттерге шығарылып, ол жақтан дайын мата, иленген тері, аяқ киім және бақа заттар әкелінді. Әлсіз дамыған кен өндіру және кен өңдеу өнркәсібі пайда болды. Көмір Қарағанды мен Екібстұзда қарапайым тәсілмен өндірілді; Орталық және Шығыс Қазақстанда мыс және қорғасын-мырыш кеніштері жұмыс істеді; Ембіден мұнай шығарылды; Павлодамен Арал тңізі жағалауынан тұз өндіілді. Дерменежусанын шикізат ретінде пайдаланатын Шымкент санотин зауыты салынды. Қазақстанның өнеркәсіп өнімі Ресейдің өнркәсіп өнімінің 0,7 пайызын құрады.
ХІХ ғ-дың аяғына Солтүстік Қазақстан жерінде Трансібір темір жолының бөліп салынып, іске қосылды.
ХХ ғ-дың басында республиканың батыс жжәне оңтүстік ауандарын басып өтетеін Орынбор-Ташкент темір жолы салынды.
ХХ ғ-дың басында Қазақсанның тау-кен өндірісіне шетел, негізінен ағылшын және француз капиталы енд. Ол бірінші дүнижүзлік соғысқа дейін Жезқазған мыс кені, Қарағанда көмір кені, мбі мұнай кәсіпшіліктері, Алтай кен орындары, Риддер зауыттары сияқты жекелеген ке орындарын имденеді. Кен орындары жыртқыштықпен пайдалыалады, қазақ және орыс жұмысшылырының еңбегі аяусыз қаналды.
Жалпы Қазақстанның өндіргіш күштері төмен деңгейде қалды. Жер қойнауының аса бай қоры пайдаға асырылмайды.
Қазақстан экономикасы мен мәдениетінің қайта құрылу Кеңес Одағының еуропалық бөлігінің бірқатар ауданарына қарағанда едәуір қиындау жағдайда іске асырылды. Республикада да аса қысқа мерзімде қазіргі кездегі өнеркәсіптің барлық салаларын мүлде жаңадан жасап, ауыл шаруашылығын түбірінен қайта құрып, темір жол төсеу, зауыт, фабрикалар салып, кеңшар, ұжымшылар құру керек болды.
1920-1921 жылдарғы азамат соғысы республикадағы бар шағын өнеркәсіп орындарын қатты күйселіске түсірді, зауыттар мен фабрикалар қирады. Осы жылдары Қазақстанда қатты жұт болып, кейбір аймақтарда 80%-ға дейін мал басы қырылып қалды. 1921 жылдың жазында құрғақшылықтан егін шықпай қалып, жұттан кейінгі аштық күшейе түсті. Ел ашығып, жаппай қырғынға ұшырады. 1929-1932 жылдары Қазақстандағы 45 млн.мал басынан не бары 4,5 млн бас қалды. Халықтың едәуір бөлігі Қазақстаннан ауып, басқа шет елдерге барып паналады.Қазақтардың туған жерін тастап босып кетуінен оның саны күрт азайды. Қазақ халқы өзінің көп ғасрлық тарихында мұндай ауыр халді басынан өткізген жоқ.
Алайда осындай өте ауыр қиындықтарға қарамастан 1-ші бесжылдықта жүздеген жаңа пайдалы қазбалар кен орынары ашылып,іске жаратыла бастады, жүздеген ірі кәсіпорындар салыа бастады, ондаған жұсмысшы поселкелер, тіпті қалалар пайда болды, мыңдаған км жаңа темір жолдар салынды.
2-ші бесжылдықтың аяғында да көптеен зауыт, фабрикалар іске қосылды.
Ұлы Отан соғсы жылдарында республикасыныңбүкіл экономикасы майдан қажетін өтеу үшін жұмыс істеді.Соғысқа дейін Қазақстанда қара металлургия мен машина жасау болды.