Халқы және халқының тығыздығы

Қазақстан ресубликасы көп ұлтты мемлекет.Әрбір халықтың өмір салты, әдет ғұрпы мен дәстүрі, еңбек дағдысы жөнінен ерекшелігі бар.Адамдар қатынасының маңызды құралы оның тілі.Елімізде мемлекеттік тілі-қазақ тілі.

Халық санын, халықтың өсуін, жастық- жыныстық құрылымын, географиялық орналасуын, тығыздығын, қала мен ауыл халқы арақатынасын аймақтық ерекшеліктерін білудің маңызы зор.

Халық саны. Қазақстан республикасы халқының саны 1999 жылғы халық санағы бойынша-14 млн.953 мың 126 адам.

2009 жылы1- қаңтардың статитикалық мәліметтері бойынша Қазақстан халқының саны-15778,2 мың адам болған.Ал екінші халық санағының алдын- ала қорытындысы бойынша халық саны 16 млн.402 мың адамнан асты. Хкалық саны бойынша еліміз ТМД да Ресей, Украйна және Өзбекстаннан кейінгі 4-ші ,ал дүниежүзінде 50 орында.

Демография дегеніміз(грек. Демос- халық, графо- жазамын сипттаймын) халық саны, құрылымы және динамикасы туралы ғылым. Халықтың ұдайы өсуі- ұрпақтың үздіксіз ауысып отыру процесі.

1999 жылы 1991 жылғымен салыстырғанда табиғи өсім 13,3%-дан 4,6% дейін төмендеді,ал қазаір халықтың табиғи өсімі 12,63% ға жетті. Қазір қазақстан халқының орта жасы- 64,14 соның ішінде ерлердің орта жасы-60, ал әйелдердікі 71- жас.Халық саны табиғи өсіммен бірге басқа елден көшіп келушілер есебінен өседі мұндай өзгерістерді механикалық қозғалыс дейміз. Көші-қонның (миграция) өзі механикалық қозғалысқа жатады.Елімізде түрлі ауыр құрылыстар салу, пайдалы қазбаларды игеру, темір жолдар металлургия кәсіпорындарының электр станцияларын салу кезінде Ресей,Беларусь,Украйнадан көптеген мамандар қоныс аударды.Қазақстанның тәуелсіздік жағдайда дамуы оның рыноктық экономикаға көшуінің қиындықтарымен байланысты. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында халықтың басқа елдерге көші-қоны артты.Қазақстан үкіметінің көші қонды реттеу саясатына байланысты елден кету мен келуі теңесті.

Халықтың тығыздығы.Республика аумағында халық біркелкі қоныстанбаған.Халықтың 1 км. Жерге орташа тығыздығы 5,6 адамнан келіп ТМД елдерінің ішінде ең соңғы орында.Жалпы халықтың орналасуына тарихи- табиғи және экономикалық факторлар әсер етеді. Мұндай факторларға халықтың ертеден қоныстанған аудандары табиғат жағдайлрының ерекшелігі хәне өндірістік аумақтар біркелкі орналасуы жатады.Республиканың Солт.Шығысымен,Оңт. Алтайдың етегінде пайдалы қазбаларды игеруге байланысты мұнда басты өнеркәсіп орындары шоғырланған.Орталық Батыс және Оңт. Батыстағы мал шаруашылығымен айналысатын аудандарда халық өте сирек орналасқан.Республиканың бұл бөліктерінде табиғат жағдайларының қолайсыз болуы, жол қатынасының нашар дамуы, халықтың сирек қоныстануына өз әсерін тигізеді.Соғыстан кейінгі жылдары шаруашылықты индустрияландыру және ауыл шаруашылығын қайта құру нәтижесінде халықтың орналасуы мен тығыздығына елеулі өзгерістер болды.

Халықтың ұлттық құрамы.Қазақстан көп ұлтты мемлекет.Оның аумағында 130 дан астам ұлттар мен этникалық топтар тұрады. Республикада негізгі ұлт –қазақтардан басқа орыс, украйн, беларус, өзбек, неміс, ұйғыр, татар,корей т.б. ұлт өкілдері бар. Белгілі қазақ демографы Тәттімбетовтің дерегі бойынша, 1646-1943 жылдар арасында Қазақстанда халық саны 5 млн. 900 мың адамға азайған.Сонымен бірге ХХ ғасырдың 30- шы жылдары Сталиндік зорлық зомбылық Қазақстанда ұжымдастыруды жүргізудегі қайшылықтардың нәтижесінде 2 млн. Халық аштықтан қырылып, жүздеген мың адам шетелге өтіп кетті.Халық санының осындай табиғи азаюы төмендеу процесі депопуляция деп аталады.Мемлекетіміздің саны жөнінен ең көп диаспорасы- орыстар саны жөнінен одан кейінгі орындарда украйндар, өзбектер, немістер татарлар алады.Сонымен бірге 2.64 % басқа ұлттардың өкілдері тұрады.

Дүние жүзіндегі қазақ диаспорасы.Қазір бүкіл әлемдегі қазақтардың саны 13,5 млн. адамнан асып отыр.Әлемдегі 3000 астам халықтардың ішіндегі демографтар атап көрсеткендей саны жөнінен қазақ этносы 70- ші орында,тілі жөнінен Алтай тілдік семиясының түркі тілі тобына,ал діні жағынан исламның сунит бағытына жатады.

Қазақтардың 4.5 млн. астамы республикадан тысқары әлемнің 54 еліне соның ішінде ТМД ның көршілес елдерінде алыс шетелдерде тұрады.Халықтың мұндай басқа елдердегі бөлігін диаспора, дәлірек айтсақ қазақ диаспорасы дейді. Қазақ диаспорасының саны жөнінен басымы Өзбекстан (1млн. 556 мың) Ресей (740 мың), Түркменстан (100 мың), Қырғызстан (45 мың), Украйна (15 мың), Қытай (1млн. 500 мың), Монғолия (100мың), Ауғанстан (30 мың), Туркия (25 мың), АҚШ (14 мың), Иран (12 мың т.б.) елдер. Шетелдерде тұрақты қоныстанған саны аз қазақтардың болашақта ұлт ретінде сақталынуы Қазақстан үкіметінің көңіл бөлмеуін қажет ететін мәселе.