Ұлттық саябақтар мен қорықшалар

Ұлттық саябақтар еліміздегі қорғалатын ландшафтылардың жаңа түрі.Олар әлі де толық өріс алып,дами қойған жоқ.Мұның қорықтардан айырмашылығы – туристер мен тынығушылардың кіріп көруіне рұқсат етіледі.Бірақ олардан табиғатты қорғау ретін сақтау талап етіледі.

Қазақстанда 5 саябақ ұйымдастырылған.Еліміздегі алғашқы саябақ – Баянауыл ұлттық саябағы.Ол 1985 жылы Павлодар облысындағы Баянауыл орман шаруашылығының негізінде құрылған,ауданы 50,7 мың га.Саябақ аумағына енетін таулы-орманды ландшафтылары тамаша табиғат ерекшеліктерімен көзге түседі.Қарағай,қайын ормандары өскен,гранитті,үгіліп мүжілген Баянауыл таулары Сарыарқаның шөлейтті жазықтарында орналасқан.Мұнда құстардың 54 түрі,сүтқоректілердің 54,балықтың 8,өсімдіктің 438 түрі бар.Биік жері – Ақбет тауы.биіктігі 1026 м.

Іле Алатауы саябағы 1996 жылы ұйымдастырылған.Ауданы 199,7 мың га.Іле Алатауының солтүстік беткейінде Түрген шатқалынан бастап,батыста Қаскелең асуына дейінгі ерекше ландшафтыларды қорғау және демалыс,тынығу мақсатында пайдаланылады.Мұнда қорғауға аңның 43 түрі,құстың 138 , балықтың 8 , өсімдіктің 1282 түрі алынды.

Қарқаралы саябағы.1998 жылы құрылған.Ауданы 90,3 мың га.Қарағанды облысындағы Қарқаралы ауданында орналасқан.Қарқаралы және Кент тау жүйелерін қамтиды.Осында әйгілі Шайтанкөл орналасқан.Мұнда аңның 39 түрі,құстың 55,балықтың 11 , өсімдіктің 68 түрі қорғалады.

Алтынемел табиғи саябағы 1996 жылы Алматы облысының Кербұлақ,Панфилов аудандары жерінде орналасқан.Ауданы 161,1 мың га.Алтынемел тауын қамтиды.Мұнда аңның 6 түрі,сонымен бірге құстың 231, балықтың 30,өсімдіктің 1800 түрі қорғауға алынған.

Көкшетау саябағы.Ол 1996 жылы ұйымдастырылған.Ауданы 182,1 мың га.Мұнда аңның 305 түрі,құстың 223,балықтың 22,өсімдіктің 800 түрі қорғауға алынған.

Қорықшалар.Қорықшалардың ерекшелігі – мұнда табиғат нысандарының тек жеке бөліктерін шаруашылыққа шектеп,белгілі бір мерзімде және қорғауға алынған нысандарға зиян келтірмейтін мөлшерде ғана пайдалануға рұқсат етіледі.Қазақстанда қазіргі уақытта жалпы көлемі 4600 мың га болатын 80 қорықша бар.Олар қорғалатын нысандарына байланысты геологиялық,ботаникалық,хайуанаттар қорықшалары т.б. деп бөлінеді.

Геологиялық қорықшалар ерекше ,сирек кездесетін геологиялық түзілістер мен жер бедерінің пішіндері бар ландшафтыларды қамтиды.

Ботаникалық қорықшалар өсімдік жамылғысының ерекшелігіне қарай әр зонаның ландшафтыларында орналасқан.

Хайуанаттар қорықшалары жабайы жануарлармен құстардың мигрциясының жолдарында орналасқан табиғат кешендерін қамтиды,мұнда фаунаны толығымен қорғау қолға алынған.

Алматы мемлекеттік қорықшасы Алматы облысының оңтүстік-шығысында орналасқан,көлемі – 724 мың га.Іле Алатауының 2000-4000 м биіктіктегі шығыс бөлігін алып жатыр.Мұнда субапльпілік және альпілік шалғынды орта және биік таулы ландшафтылар басым,шыршалы ормандарды қамтиды.Жануарлар дүниесінен:сілеусін,қоңыр аю,қасқыр,түлкі,елік,арқар,таутекелер бар.

Зеренді мемлекеттік қорықшасы Ақмола облысында орналасқан,көлемі 39,5 мың га.Аумағының ерекшелігі – оқшау орналасқан гранитті таңғажайып шоқылардың,жалдар мен бұйраттардың болуы.Қалың қарағайлы орман алқаптары шалғындармен кезектесіп отырады.Қорықша аумағында табиғаты тамаша, балыққа бай Зеренді көлі бар.

Рахман қайнары қорықшасы Шығыс Қазақстан облысының Қотан Қарағай ауданы жерінде,көлемі- 109 га.Қорықша Алтайдың орталық бөлігінде орналасқан.Оның құрамына бал қарағай мен самырсыннан тұратын Алтай тауының тайгалық ландшафтылары енеді.Әсіресе 1750 м биіктікте тау арасында орналасқан Рахман көлі тамаша табиғатымен таңдандырады.Көлден Арасан өзені ағып шығады.

Балқаш маңы қорықшасы Алматы облысында орналасқан,көлемі 200 мың га.Мұнда ұсақ төбелі құмды ландшафтылар басым.Негізгі өсімдік жамылғысына жүзгін мен құм қарағанынан тұратын бұталы шоқтарымен Іленің атырауында өсетін ақ сексеуіл құрайды.Тұяқты,бағалы терілі аңдар мен су құстары қорғауға алынған.Әсіресе қабан,қарақұйрық,ондатр мен жетісу қырғауылын қорғау маңызды орын алып отыр.

Табиғат ескерткіштері.Қорооғалатын табиғат нысандарының арасында табиғат ескерткіштері көрнекті орын алады.Қазақстан аумағында табиғат ескерткіштерінің сан алуан түрлері кездеседі.Олардың көпшілігі адамдардың аяусыз әрекеттерінен жойылып кеткен.Қазіргі кезде сақталып қалған табиғат көріністері өткен табиғат жағдайларынан,тарихтан хабар береді.Сонымен табиғат ескерткіштері ғылыми,табиғи – тарихи,оқу ағартушылық,мәдени-эстетикалық маңызына қарай қорғалатын жеке табиғи нысандар.

Қазақстанда 26 табиғат ескерткіштері,оның ішінде:Ертістің оң жағасындағы Павлодар қаласының солтүстік – батысын ала «Қаздың қайтуы»,Алматы оьлысындағы «Шынтүрген шыршалы ориан» және «Шарын шағын тоғай» , т.б. атауға болады.