Табиғаттың болашақта өзгеру сипаты.адамның шаруашылық әрекетінң табиғатқа әсері,адамзаттың тағдыры сияқты мәселелер көптеген зерттеушілерді ойландырады.Сондықтан кез келген нысанды жобалауда алдын ала ғылыми болжамдардың қажет екендігі өз-өзінен түсінікті.Ғалымдардың болжамдары табиғаттың өзгеруіне талдау жасаумен бірге,болашақта адам әрекетінің сипаты қандай болуы керектігі жөнінде құнды мәліметтердің салаларын да қамтиды.
Болжамдар бойынша,болашақта отын – энергетикалық және минералды қорлар мөлшері таусылды.Оған сәйкес өнеркәсіптің өсуі де төмендейді.Бұл жағдайды болдырмау үшін жер қойнауынан алынатын қазба байлықтарды өндіруде экономикалық тиімділігі мен қорын ескеріп,оларды ұтымды пайдалану тиімді.
Табиғаттағы кездейсоқ апатты құбылыстарды алдын ала болжау жасау көп материалдық және адам шығының болдырмауға көмектеседі.Мысалы,сейсмикалық аймақта орналасқан Қазақстанның таулы аудандары үшін мұның маңызы зор.Минералды су көздерін игеругде,курорт шаруашылығын өркендетуде де кешенді ғылыми болжамдар қажет.Ғылыми болжамдар табиғаттың байлықтарын дұрыс пайдалануға көмектесумен қатар,адамзат болашағы туралы мәселеде де маңызы зор.
Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған аумақтар.Қазіргі кезде Қазақстан аумағын шаруашылық жағынан игерудің қарқыны артты.Сондықтан сол аймаққа тән табиғи ландшафтылардың белгілі бір қайталанбас бөліктерін сақтап қалу мақсатында қорғалатын аумақтар ұйымдастыру қажеттілігі туып отыр.
Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтары экологиялық,ғыфлыми және мәдени жағынан құнды ұлттық байлығымыз болып саналады.Қазіргі кезде бір – бірімен тығыз байланысты табиғат құрам бөліктерінің жүйесі ретінде ландшафтыларды қорғау мәселесі ғылыми бағыт алды.Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі қабылданған «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметінің құқықтық,экономикалық,әлеуметтік және ұйымдық негіздерін белгілейді.
Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға:
1.Мемлекеттік табиғи қорықтар;
2.Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар;
-мемлекеттік табиғи резерваттар;
3.Мемлекеттік табиғи саябақтар;
4.Мемлекеттік табиғи ескерткіштер;
5.Мемлекеттік қорық өңірлері;
6.Мемлекеттік табиғи қорықшалар;
7.Мемлекеттік зоологиялық бақтар;
8.Мемлекеттік ботаникалық бақтар;
9.Мемлекеттік дендрологиялық бақтар;
10.Мемлекеттік қорғалатын табиғи аумақтардың ормандары;
11.Ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми жағынан ерекше құнды су қоймалары.
12.Халықаралық маңызы бар сулы – батпақты алқаптар;
13.Жер қойнауының экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды үлескілер.