Орталық Қазақстандағы орта ғасырдың тарихы VI және XVII ғғ. Қазақстан территориясында мекен еткен мемлекеттің тарихымен тығыз байланысты және Түрік қағанатынан Қазақ хандығына дейін саясаттық құрылымды ауыстырған. Орта ғасыр кезінде аймақтың саясаттық маңызы үлкен болған жоқ, сол себептен жазба түпнұсқаларында, Орталық Қазақстанда мекендеген тайпалардың тарихы қызықсыз десе де болады. Аталған аймақтағы тұрғындардың өмірі мен тұрмысы туралы жанама ақпараттарды орта ғасырлық мемлекеттерді сиапаттайтын еңбектерден табуға болады.
Түрік қағанатының рөлі мен маңыздылығына көңіл бөле отырып, Н.Ә. Назарбаев «Тарих ағымында» келесіні жазған еді: «VI ғасырда Еуразиядағы тарихи аренаға жаңа тарихи тұлға – Түрік қағанаты – түріктердің далалық империясы кіреді, өзінің гүлденіп тұрған кезінде Кореядан Қырымға дейін жерді қамтыған. VII-VIII ғасырларда Еуропадағы бірінші түріктер туралы мағлұматтар хабарланады – аварлар, булгарлар, суварлар, хазарлар. Одан кейін шығыстан оғыз-пешенектер, түрік-селжүктер, қарлұқтар, қыпшақтар (половтар, командар) қырғыздар пайда болады. Түрік тайпалары Қазақстан мен Орта Азия жерлерінің көп бөлігіне қоныстанады, Иран мен Кавказ жерлеріне дейін енеді; XI ғ. олардың жартысы (оғұздар мен түрікмендер) кіші Азияға қоныстанады. Сөйтіп түрік тайпаларының қоныстануы жергілікті халықпен қосылуына әкеледі, ал кейде көшпелі өмірді сақтаған кезде түркі этностарының үлкен топтарының құрылуына әкеледі, ол якуттар, тувинцтер, алтайлықтар, қазақтар, ұйғырлар, шығыстан чуваштар, гагауздар, татарлар (волгалық және қырымдық), батыста құмықтар, қарашайлықтар, балғарлар, түріктер» [1, б. 80-81].
VII-IX ғғ. Сарыарқа жерін қимақ пен қыпшақтар қоныстай басталды (Орталық Қазақстанның тағы бір атауы). Қимақ пен қыпшақтар мемлекетінің құрылуымен (ІХ-ХІІІ ғғ.) Сарыарқаның байланысы барлық Қазақстан аймақтарымен күшейе түсті. Бұл кезде мекендердің құрылуы басталған еді. Арабтардың жаулауы осы аймаққа үлкен ықпал тигізді, сонымен қоса ислам дінінің таралуына себептесті. «Араб жаулауы – Н.Ә. Назарбаев жазғандай, — Орталық Азия халықтарының әлеуметтік-экономикалық, саяси-мәдени өміріне үлкен ықпал тигізді. Қоғамдық өмірдегі ең маңызды өзгерістердің бірі ретінде жаңа мемлекеттік дін – исламның таралуы, сонымен қоса араб тілі мен жазуы болды. Үлкен территорияда бір тілді енгізу, өмір деңгейі әр түрлі халықтарды бір діни-саяси бірлестікке қосылдыру аясында, халифатқа кірген барлық халықтарды бір-біріне шығармалық түрде қосқан мәдениетті дамытуға және ежелгі мәдени құндылықтарды жаңартуға мүмкіндік берді» [1, б. 101-102].
Оңтүстікте қараханидтер мен қарақытайлар билігі болса, Қазақстанның орталық және бастыс облыстарында қыпшақ тайпалары мекендеген. Х-ХІІ ғасырларда Қыпшақтар бірнеше мемлекеттік бірлестіктерді құрды, олар әсіресе ХІІ ғасырда біраз күш жинаған еді. Көрші халықтарымен өзара қатынас жақсы болды, әсіресе орыс княздықтарымен.
Қыпшақ шаруашылығының басты саласы көшпелі мал бағу болды. Бір шетелдік саяхатшы 1246 жылы Дешті-Қыпшақ қаласын өтіп бара жатып, былай жазған еді: «Қыпшақтар малға, түйелерге, бұқаларға, қойларға, сиырларға, аттарға бай. Бағылып жүрген малдары сонша көп, біздің ойымша бүкіл дүние жүзінде жоқ санға жетеді» [1, б. 101-102].
Қыпшақ қоғамы патриархалды-рулық болды, бірақ классқа бөліну деген не екенін білді, — қалай болса да, құл мен бос адамдарды біледі. Бірақ қыпшақтарда құлдық аса дамымаған. Негізгі қоғамдық өндіріс болып туысқандық жиынның бос мүшелерінің еңбек қала берді.
Орталық Қазақстанның орта ғасыр тарихындағы келесі кезеңге ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы моңғол шабуылдары болды. Тарих түпнұсқаларынан білуіміз бойынша, Шыңғысхан осы жерді жаулап алып, өзінің ұлдары арасында бөліп берді. Қазақстанның басым бөлігі Жошы ұлына кірді, Шыңғысханның үлкен ұлы. Басында үш ұл да ұлы қағанның жоғарғы үкіметіне бағынатын еді, бірақ ХІІІ ғасырда Моңғол империясы бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге бөлінеді. Алғашында Орталық Қазақстанның аумағы Алтын Орда құрамына кірді, ХІV алтынордалық хан Тоқтының өлімінен кейін, болашақ Қазақ хандығының тарихымен тығыз байланысты Ақ Орданың құрылуы болды [2, б. 126].
XV ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының қалыптасу аяқталады және де Қазақ хандығы да қалыптасып болады. Шығыс Дешті-Қыпшақ территориясындағы бір халықтың қосылуы халықтарды қалыптастыру заңдылығының жалпы негізінде болды. Ол феодалды қатынастарды, ортақ территорияның, тілдің, материалдық және рухани мәдениеттің қалыптасуымен байланысты. Онда әр түрлі тайпалар қатысты.
Орта ғасырдағы Орталық Қазақстан тіршілігінің әлеуметтік-экономикалық және саяси қалпын қайта құруда ғалымдары археологиялық материалдарға сүйеніп жасаған еді.
Орталық Қазақстан аймағына үлкен еңбек сіңірген археологтар А.Х. Марғулан, К.М. Байпақов Л.Н. Ермоленко, В.Д. Кубарев, Ж.К. Курманкулов және тағы басқалар.
Б.з. 6 ғасырында Орталық Қазақстан Түрік қағанатының кұрамына енді.603 жылы Түрік қағанаты екіге бөлініп, Батыс Түрік қағанаты Жетісу мен Орталық Қазақстан аумағын қамтиды. Тарихи деректер бойынша 7 ғ-дың екінші жартысында Батыс Түрік қағанатының ішіндегі ең күшті тайпалық одақ — қимақтар Ертіс өзенінен Сыр, Шу бойына дейінгі аралықты мекендейді. 9 ғ-да Қимақ қағанаты жеті тайпадан тұрды, оларға: қимақ, ланиказ, аджлад, эймур, баяндур, татар, қыпшақтар жатады. Ал 10 ғ-да осы тайпалардан қыпшақтар алдыңғы қатарға шығып, Қыпшақ хандығын кұрды. 10 ғ-дың аяғында қыпшақтар Сыр бойындағы оғыздарды ығыстырды, Қазақстанның түгелге жуык жеріне билігін жүргізіп, Дешті-Қыпшақ деп аталды. 11—12 ғғ-да қыпшақтар екіге бөлінді, он қанаты Торғай даласын, Жем, Жайық, Еділ бойын жайласа, сол қанаты Орталық және Шығыс Қазақстанды мекендеді. Қыпшақ хандығының алғашқы орталығы Ертіс өзенінің орта ағысыңда болса, кейіннен Сыр бойындағы Сығанақ қаласына ауысты. Қыпшақ мемлекетін хан баскарды, олардан баска билеушілер катарына тархандар, бектер, басқақтар жатады. Орталық Қазақстан шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығына негізделді. Мал жаз айларында Сарыарқаның кең даласын жайласа, қыста тау шатқалдарына, ықтасын жерлерге оралып отырды. Орта ғасырда Сарыарқа аркылы Ұлы Жібек жолының бір тармағы өтті, ол Қарқаралы, Ұлытау, Жезқазғанды басып өтіп, батысқа беттейді. Осы өңірде мыс, темір рудасы балқытылып, олардан еңбек кұралдары, қару-жарақтар жасалған. Оған дәлел Қарқаралы маңындағы Кент, Суықбұлақ мекендері, Темірші, Кентөбе кен орыңдары, Жезқазғандағы Милықұдық қонысы мен осы өңірдегі мыс және темір өндірген ежелгі кен орындары. Қытай өзені Хуанхэден Дунайға дейін созылған Ұлы Еуразия даласы адамзат тарихы бойында тек Батыс пен Шығыс арасындағы жалғаушы ғана емес, көптеген халықтардың ұлы бесігі болды. Ерте орта ғасырларда ұлы даланын орталық бөлігі, нақты айтқанда Дешті-Қыпшақ даласы құдіретті күшке айналды. Бұл даланы 6 ғ-да Түрік қағанатының кұрылуымен Қытай қорғанынан Қара теңізге дейін, түркі тілдес халықтар мекен етті. 11—15 ғ. Еуразия кұрлығындағы халықтар тарихында қыпшақтар маңызды рөл атқарды. Олар әлемдік маңызы бар ірі окиғаларға тікелей қатынасты. Оларды Византия мен Венфияда командар, орыс княздықтарында половдылар, түркі тілдес тайпалар арасында қыпшақтар деп атады. Қыпшақ қоғамы моңғол шапқыншылығына дейінгі кезенде мемлекеттілік сатысында тұрды. Қыпшақтар Орта Азияға, Шығыс және Орталық Еуропаға басып кірген моңғолдардың түріктенуіне аса маңызды үлес косты. Олар қазіргі түркі тілдес халықтар: татарлар, башқұрттар, өзбектер, қырғыздар, қарақалпақтар, оңтүстік алтайлықтар және т.б қалыптасуының бастауы болды. Қазақстан даласында қыпшақ тайпалары екі ірі топка бірікті. Соның алғашқысы Батыс Қазақстан аймағында орналасты (Арал теңізінен солтүстікке қарайғы дала). Екіншісі Орталық Қазақстан аумағында орналасты. Нақты осы географиялық аймақтарға сәйкес кейінгі орта ғасырда Орта жүз және Кіші жүз тайпалық бірлестіктері қалыптасты. 12 ғ-да Жошы ұлысынын екі қанатқа бөлінуі табиғи географиялық аудаңдар негізінде болды (Қимақ — Қыпшақ болып екіге бөлінді). Моңғол шапқыншылығы Дешті-Қыпшақтағы көшпелілердің саяси кұрылымын бұзғанына қарамастан, моңғолдар қыпшактардың мықты этно-мәдени бірлестігін ыдырата алмады. Қыпшақтардың кәсібінің негізгі түрі мал шаруашылығы еді. Қол-өнер өндірісі мал өнімдерін өндеуге байланысты болды. Қыпшақ қорғандарында ат әбзелдері молынан кездеседі. Мұның өзі олардың металл өндеумен айналысқанын және темір рудасын балқыта білгендіктерін көрсетеді. Ә.Х. Марғұлан мен М.Қ.Қадырбаевтың қыпшақ қорғандарынан тапқан теңгелері (шакалар) көшпелі шаруашылықта тауар-ақша қатынастарының кеңінен дамығанын көрсетеді.
Қыпшақтар тас балбалдарға, табиғат кұбылыстарына, аспанға (Тәңір), күнге, отқа табынды. Қыпшақтар көшкен бүкіл дала бойында адам баласы бейнеленген тас балбалдар қалды. Орталық Қазақстан далаларында, Ұлытау жоталарында, Сары және Қара Кенгір өзені маңайынан әйел бейнесі қашалған тас балбалдар кездеседі. Бұларда көз, мұрын, ауыз бейнеленбеген, сірә бұл ислам дінінін енуімен байланысты болса керек (ислам діні бойынша адамнын түрін бейнелеуге тыйым салынған). Қыпшақтарда әйелдер кұдайы Ұмай ана болған. Ұмай ана ошақ тыныштығы мен ұрпак таралуының қорғаушысы деп саналады. Баска түрік тілділер сияқты қыпшақтар үшін де Тәңірі ең жоғары кұдай болды. Бұл дәстүр ежелгі түркі дәуірінен келе жатқан ұғым. «Аспан», «құдай» ұғымдары ежелгі түркі руникалық жазбаларында кездеседі.13 ғ-дың басында Қазақ даласына моңғол шапқыншылығы басталды. Моңғол атты әскері Жетісу және Оңтүстік Қазақстан жері арқылы Орта Азияға шабуыл жасады. Орталық Қазақстан жерінде кырғын соғыс болғандығы туралы деректер жок. Шыңғысхан көзінің тірісінде жаулап алған аумағын төрт ұлына бөлген кезде Орталық Қазақстан үлкен ұлыЖошыиелігіне тиді. Қейіннен Жошы ұлысы Алтын Орданың негізін кұрап, Орталық Қазақстанның тайпалық одақтары осы мемлекеттің құрамына енді. Шыңғысхан жорығына, оның әулет бұтағына қатысты ең мол белгі Ұлытау өңіріңде кездеседі. Солардың ішіндегі ең әйгілісі – Жошы хан күмбезі. Алтын Орда Өзбек ханның тұсында (1312 ж.) мұсылман дінін мемлекеттік дін ретінде кабылдап, Шыңғысхан ұрпақтарын еріксіз мұсылмандыққа көшірді, бұл ретте хандықтың негізін калаған түркі тілдес тайпалардың рөлі зор. Шынғысханның ұрпақтарынын өзара соғысының, Орта Азияда Темірдің күшеюіне байланысты Жәнібек ханның (1359—1379) тұсында Алтын Орда бірнеше хандықтарға бөлініп, Орталық Қазақстанда, алғашқыда Ақ Орда, кейіннен Әбілкайыр хандық кұрды [3, б. 246].
Әмір Темірдін Ұлытау бойына келгендігі туралы жазба деректе, тарихи ескерткіште сақталған. Темірдің сарай шежірешісі Шараф ад-дин Әли Ниязи «Даңқ кітабында» былайша келтіреді: «Темір Ұлытауға келгенде алдымен сол таудың басына шығып, төңірегіндегі көк жасыл дала мен сеңгір тауларға ұзақты күнге тесіле қараумен болды. Сонан соң әскерін жинап, сол жерде үлкен құлпытас орнатуға бұйрық берді. Бармағы майысқан шеберлер осынау сәтті оқиғаның күнін тасқа қашап жазды» делінген. Бұл тас Ұлытаудағы Алтын шоқы биігіне орнатылған. Оны алғаш тауып, жария еткен академик Қаныш Сәтбаев. Бұл тас қазір Санкт-Петербургте Эрмитажда тұр.
Әбілқайыр хан (1428—1468) үнемі жорықта болып, елдің ішкі жағдайын әлсіретіп алуының нәтижесінде 1465 жылы Орыс ханның ұрпактары Жәнібек және Керей сұлтандар өзіне карасты руларымен наразылық ниетпен Моғолстан жеріне көшіп кетті. Сонымен Орталық Қазақстаннан шыккан екі сұлтан Шу өзенінің бойы, Хантауы жазығында 1466 жылы Қазақ хандығының негізін калады. 1468 ж. Жәнібек пен Керей сұлтандарды кайтармақшы болып жорыққа шыққан Әбілқайыр хан Балқаш көлі манында кенеттен кайтыс болып, әскері кейін кайтты [3, б. 247].
Қазақ хандығы Бұрындық (1474—1511) және Қасым ханның (1511—1518) тұсында кеңейіп, Орталық және Батыс Қазақстан аумағын түгел қамтыды. Қасым хан тұсынан қазақ хандары Ұлытау баурайына да өздерінің алтын үзікті ордасын тігіп отырған. Тұрғылықты халық бұл орынды әлі күнге дейін Хан ордасы деп кастерлейді. Қасым ханның баласы Хақназар (1538—1580) Қазақстанның аумағын солтүстігінде Есіл, Нұра өзендеріне, шығысында Балқаш көліне, батысында Еділ өзені, ал оңтүстігінде Ташкентке дейін жеткізді. Сонымен 16 ғ-да Орталық Қазақстан экономикалық жағынан біртұтас, этникалық құрамы біртектес Қазақ хандығының құрамына енді. 17 ғ. қазақ халқының жонғар шапқыншылығына қарсы ерлік кезеңі, Орталық Қазақстан жерінде қазақтардың әскері екі ірі жеңіске жеткенімен қазақ-жоңғар соғысы әлі жүз жылға созылды.Қалмақтар мен қазақтардың өзара жауластығы қалмақтардың бір одақка (1400) бірігуінен басталып, оларды қытайлықтардың түгел жойып жіберген (1757) кезеңіне дейін ұласты. Тәуке хан билік еткен кезенде (1680—1718) Қазақ хандығының қырғыздармен және қарақалпақтармен одақтасуы нәтижесінде жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылын уақытша бәсендетті. Осыны пайдаланған Тәуке хан қазақ арасыңда коғамдық өмірдің зандастырылған тәртібін енгізді. Күшті де қарулы жауға карсы түру үшін Тәуке хан әлсіз де бытыраңкы рулардың басын косты, одақ құрды. Ұлы жүзге Төле би, Орта жүзге Қазыбек биді, Кіші жүзге Әйтеке биді билікке тағайындады. Сонымен тарихта аты қалып, осы күнге дейін жеткен «Жеті жарғы» құжаты дүниеге келді. Зандық сипаты бар құжат көшпелі рулардың тұрмыс-салт дәстүрлеріне негізделді [5, б. 25].
Қазақ тарихының небір қалың қатпары арғы заманалар еншісінде жатыр. Соның ең бір көне, ерекше мәнді айғағы Сарысу өзенінің төменгі сағасындағы «Таңбалы тас». Бұл тас Жетіқоңыр құмына таяу, Қарақойын атты тұзды көлдің іргесінде тұр. Таңбалы тасқа зер салып қараған жан Арғынның көз таңбасын, Найманның бақан таңбасын, Шапыраштының ай таңбасын, Ыстының көсеу таңбасын, Қоңыраттың босаға таңбасын, Адайдың оқ таңбасын, Жағалбайлыныңбалға таңбасын көрер еді.
Орталық Қазақстанның тарихы, оның саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы жан-жықты зертеуді әлі де қажет етеді. Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің сөз сөйлеуінде біздің аймақтың негізді зерттелуі ең өзекті мәселе екенін атап өткен.