Қазақстанның экологиялық проблемалары

Адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі.Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор.Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделуімен қатар,оны өзгертеді де.Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет.

Табиғат кешендеріне кері әсер ететін озық ғылыми – техниканың тікелей қатысы жоқ.Ол өзгерістерге кінәлі прогресс емес,техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған.Жауын –шашын мөлшерін,топырақ ылғалдылығын ескерместен топыраққа минералды тыңайтқыштар енгізу,ол заттардың шаылып , өзендер мен бөгендпрдің ластануын туғызды.Мұның бәрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірумиен бірге , қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады.Ірі бөгендер салуда аумақтың табиғат ерекшеліктерін ескермеу мезгілсіз батпақтануға,топырақ,өсімдік жамылғысы мен сол жердің микроклиматының өзгеруіне әкеп соғады.Қазіргі кезде антропогендік ландшафтар басым.Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді.Соның бірі – мелиорация.Мелиорация жердің жағдайын жақсарту мен оны пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы болып табылады.

Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі проблемалары және қоршаған ортасының жағдайына ғаламдық,ұлттық,жергілікті деңгейде қаралуын қарастырады.

Ғаламдық экологиялық проблемаларға климаттың өзгеруі,озон қабатының бұзылуы,биоәртүрліліктің азаюы,шөлейттекну және жердің құлдырауы жатады.

Ұлттық экологиялық проблемаларға экологиялық апатты аймақтар:Каспий теңізі қайраңы ресурстарын белсенді игерумен байланысты проблемалар;тарихи ластану;трансшекаралық мәселелер; әскери ғарыштық және тәжірибелік кешендер полигондарының әсерін жатқызуға болады.

Жергілікті экологиялық проблемаларға ауа бассейнінің ластануын,радиоактивті,тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары,табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жатқызуға болады.

Каспий теңізінің экологиялық проблемасы. Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орнына байланысты еліміздің шаруашылық саласында атқаратын маңызы өте зор.Сонымен қатар сол маңдағы шөлді алапқа ылғал әкелуші су айдыны ретінде де үлкен роөлі бар.

Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық ауданына айналды.Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады.Табиғи қорларын игеруде де ,бұл аудандағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынандай проблемалар туындауда:

  • экологиялық апатты аймаққа жататындықтан,негізгі әрекет етуші Капустин Яр,Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы;
  • мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі,балықтардың қырылуы,уылдырық шашатын көксерке балықтарының кеміп кетуі;
  • осы теңізге ғана тән итбалықтың мезгіл- мезгіл қырылуы.
  • Аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы).

Аралдың экологиялық проблемасы.Бұл проблеманың тууына себепші болған – адам әрекеті.Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей,түгелдей дерлік егістіктерді суландыруға пайдаланып келеді.Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты.

Аралды қалпына келтіру үшін көптеген іс – шаралар қаралып,жоьалар жасалды.Кіші аралдың оңтүстігінде ұзындығы 12 км болатын Көкарал бөгені салында.Соның салдарынан Кіші Аралдың деңгейі 42 м- ге ,аумағы 800 км 2-ге ұлғайды.Суы тартылып қалған тұзды көлдің табанын жауып,көлге тіршіліктіңң нышаны енді.Ғалымдардың айтуынша Аралдан ұшқан тұзды дауылдың бір ұшы Гренландия мұздықтары мен Норвегияның орманды алқабына дәлелдеген еді.Бүгінгі күні Солтүстік Арал маңына халықтар қайта қоныстанып,үй салып,балық шаруашылығымен қайта айналыса бастады.

Балқаш проблемасы.Балқаш көлі алабынад да күрделі экологиялық жағдай қалыптасып отыр.1970 жылы Балқашқа құятын Іле өзенінде Қапшағай бөгені мен су электр станциясының салынуы Іле – Балқаш су шаруашылығы кешенінде бетбұрыс кезең болды.Іле өзенінің гидрологиялық режимі өзгеріп,жалпы Іле- Балқаш алабындағы экологиялық жағдай өзгере бастады.Қапшағай су торабын жоьалану кезінде Іле өзенінің атырауындағы табиғат кешенінің жағдайы өзгере бастады.Қапшағай су торабын жобалау кезінде Іле өзенінің атырауындағы табиғат кещенінің жағдайы ескерілмеді.Соның нәтижесінде онда тіршілік ететін жануар дүниесіне және ауыл шаруашылығына көп зиян келеді.Ақдала алқабын суландырып,күріш егу жобасы да толық жүзеге аспай қалды.Қырыуар қаржы текке жұмсалды.Іле өзенінің атырауы кеуіп,оның кері әсері Балқаш көліне тиді.Сонымен қатар алаптағы өзгерістер Балқаш маңы аймағының климат жағдайларына да әсерін тигізеді.Су айдынының тәуліктік температураны,ауа ылғалдылығын реттеуші ретіндегі әсері өз күшін жояды.Ғалымдардың болжауынща,Балқаштың тартылуы Батыс Сібір мен Қазақстандағы географиялық зоналардың шекараларын өзгертуі мүмкін.

Үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында қоршаған ортаның ластануы.Ауаға шығатынулы заттардың концентрациясы белгіленген мөлшерден он есе артық.Ең ауыр жағдай Тараз,Теміртау,Алматы,Шымкент,Балқаш,Риддер,Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан.Осы қалаларда лас заттардың концентрациясы жыл бойынща белгіленген мөлшерден 5-10 есе артады.Ауа кеңістігінің ластануы пайдалы қазбалар өндіретін аудандарда да байқалады.Атмосферанаң ластануы Байқоңыр космодромында ғарыш кемелерін ұшыру кезінде де байқалады.Өнеркәсіпті аудандарда ауа кеңістігінің ластануымен қатар ластану сол жердегі су көздерін қамтиды.Сырдария өзені ағысының 35-40 ℅- ы өндіріс орындарының қалдық суларынан тұрады.Өзен суында дизентерия,паратиф,гепатит,сүзек ауруы қоздырғыштары мен өте қатерлі гексахлоран ДДТ кездеседі.

Республика көлемінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстар жоспарлы түрде іске асуда.Олар: жер қойнауын тиімді пайдалану (минералды шикізаттарды кешенді пайдалану,игерілген жерді рекультивациялау және көгалдандыру).