Кез келген экологиялық мәселелерді шешу үшін,адамдардың әрекетімен болып жатқан ғылыми жетістіктердің барлығын болашақ ұрпақтынң сақталуына,денсаулығына,болашағына тұжырымдама беретін адам экологиясы.
Бүгін күрт өзгерген экологиялық мәселелерді шешуде адамның өзі туындатып отырған күрделі ғылыми жетістіктердін ендігі жерде табиғи ортаны,адам баласының болашағын сақтау үшін,табиғатты қорғау және тиімді пайдалану керек.Себебі,адам мен қоршаған ортаның арасындағы байланыс ХХ ғ-дың ортасына дейін ғылымда қарастырылмаған.Ғылыми тұрғыдан адам экологиясын зерттеу кейінгі жылдары ғана қолға алынды.Себебі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру үшін қоршаған ортаның табиғатының бұзылуы,адам баласының денсаулығына зиян әкелетіндігі анықталды.Адам – табиғатының туындысы,онсыз өмір сүре алмайды.
Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан қарастыруға,оны зерттеуге үлкен әсер еткен ХХ ғ-да өмірге келген «Қоршаған орта түсінігі».Соның нәтижесінде адамның өмір сүріп жатқан жері,оның үйі,сол үйдің тұрақты,таза болуы адамға байланысты.Егер оны адам қорғамаса,жағдай жасамаса,онда ертең құлауы мүмкін.
Сонымен қатар қоршаған орта адам денсаулығына да әсерін тигізді.Ауаның тазалығы,қоршаған ортаның басқа құрам бөліктеріндегі тепе – теңдіктің сақталуы адамның жұмыс қабілетіне,ұзақ өмір сүруіне жағдай жасайды.Тамаша табиғат көріністері адамның күш – қуатының қалпына келіп,тынығуына көмектеседі.Қазіргі кезеңде адамның қоршаған ортаға ықпалы артты.Мұндай ықпалдың зиянды жақтарының бірі- адам денсаулығына әсері.
Өнеркәсіпті қалаларда және оған көршілес орналасқан елді мекендерде ауаның әр түрлі газдармен ластануы нәтижесінде халық арасында тыныс жолдары ауруларының саны артуда.Мысылы,Алматы тәрізді ірі қалаларда автокөліктердің шыққан улы газдың молаюы байқалды.
Көптеген елді мекендерде орталық су құбырлары жүйесінің болмауына байланысты тұрғындар асқазан,ішек ауруларына ұшырайды.Тұрғын халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсартпаған жағдайда өндіріс қалдықтарымен,әр түрлді тыңайтқыш,пестицидтермен ластанған өзен суын пайдалану қауіпті.Соның нәтижесінде әр түрлі ауру туғызатын бактериялар көбейіп,сары ауру сияқты дертке шалдықтырады.
Адам денсаулығына ядролық жарылыстардың да тигізетін зиянды әсері көп.Мысалы,космодромға көршілес аудандарда,ядролық полигон төңірегінде тұратын халық қатерлі ісік,қанның азаюы (анемия),ақ қан (Лейкемия) ауруларымен көп ауырады.Қазіргі кезде Байқонңырдан ұшырылып,апатқа ұшыраған зымырандардың сынығы,Орталық Қазапқстан жеріне құлаған «Протон» қондырғылары халық денсаулығына өте зиян келтіруде.
Сонымен, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шаралар медицинамен тығыз байланысты.Сондықтан елімізде аурулардың аумаққа таралу заңдылықтарын зерттейтін Медициналық география ғылымын дамытудың маңызы зор.Бұл ғылым саласы адам денсаулығына қоршаған ортаның табиғат жағдайларының әсер етуін де зерттейді.Адам – табиғат қарым – қатынасы өте күрделі.Бір жағынан адам табиғат қорларын тұтынушы болса,екінші жағынан,өзі өзгерткен ортада өмір сүріп,ондағы кері өзгерістердің зардабын тартушы ретінде саналады.
Адамдардың тіршілік етуіне қолайлы және қолайсыз аудандардың болуы жергілікті табиғат жағдайларымен байланысты.Жаздың жылы,қыстың қоңыржай болуы және т.б. жағдайлар қолайлы болса,құрғақ,құмды шөлдер мен биік таулар , қатал қыс,аптапты жаз қолайсыз әсер етеді.Дегенімен табиғат жағдайларынан басқа адамәрекетінен болған табиғи ортаның өзгерістері де адам тіршілігіне әсер етеді.Бұл соңғы экологиялық жағдайларға байланысты.Мысалы,өнеркәсіпті қалаларға қарағандашеткі ауылдарда ауа аз ластанған.Ал керісінше,орталықтандырылған су құбырлар жүйесінің болуына байланысты қалаларда ауыз судың сапасы жақсы.
Республика аумағын бірнеше экологиялық аудандар тобына бөлуге болады:
- экологиялық жағдайы нашар аудандар;
- экологиялық жағдайы орташа аудандар;
- экологиялық жағдайы салыстырмалы жақсы аудандар.
Экологиялық жағдайы нашар аудандарға мұнай – газ өндірілетін және металлургия,көмір кен орындары,өнеркәсіптік қалалар,Арал маңы,ядролық полигон аймағы кіреді.
Экологиялық аудандардың екінші тобына ауыл шаруашылығы дамыған аудандар жатады.Мұндағы табиғат өзгерістері су,жер қорларының дұрыс пайдаланылмауы нәтижесінде болған.
Экологиялық жағдайы басқалармен салыстырғанда біршама қолайлы аудандарға табиғат ландшафтары аз өзгеріске ұшыраған,негізінен орманды дала мен таулы аймақтар жатады.