Сауыр-Тарбағатайдың жер бедері мен геологиялық құрлысы, пайдалы қазбаларын, табиғат жағдайлары

Географиялық орны.Жайсан ойпатының оңтүстік шекарасы Сауыр мен Тарбағатай тау жүиесіне тіреледі.Бұл жермен Қытай – Қазақстан шекарасы өтеді.

Жайсан көліне жақын жатқан Сауыр таулары Қытайдан ,Улюнгур көлінің батыс жағынан басталып, терең тілімделген үлкен қазаншұңқырларды жағалай шығыстан батысқа қарай созылады.Қазаншұңқырдың кезінде тектоникалық қозғалыстардан пайда болған.Ол Жайсан көлінің оңтүстік шығысында орналасқан Шілікті қазаншұңқырымен жалғасады.сауыр жотасының солтүстік етегі Жайсан көлі мен Қара Ертіспен бітеді,оңтүстік беті Шілікті даласына тіреледі.Сауыр сияқты Тарбағатайдың да Қазақстанға батыс бөлігі ғана кіреді.Шығыс бөлігінің оңтүстік беткейі Сауырмен жалғасқан жерінен Хабарсуға дейін Қытай жеріне қарайды.Таудың жалпы ұзындығы 300 км,ені 30-50 км.Батысында ол Шыңғыстаумен жалғасады.Тарбағатай бірнеше аласа таулар түрінде Сауырмен іргелес созылып жатыр.Олардың арасында Қандысу,Жоғарғы Еміл өзендері бөліп жатыр.

Жер бедері мен геологиялық құрылымы, пайдалы қазбалары. Сауыр жотасы – аталған тау жүйесінің биік бөлігі.Оның ең биік нүктесі – Мұзтау (3816 м).Жотаның ҚӨазақстан жеріндегі ұзындығы 60-65 км.Батысқа қарай ол аласарып, Маңырақ жотасына ұласады.Жайсанның ойпатты даласында Сауыр мен Маңырақ биік көрініп , алыстан көзге түседі.Сауырдың солтүстік беткейі өзінің құқрылымы жағынан Алтайды еске түсіреді.Оңтүстік беткейі құз жар – тасты, ОРта Азия тауларына ұқсайды.Мұндағы мәңгі қар жататын белдеу 3300 м биіктікте.

Құрылымы жағынан Тапрбағатай әр түрлі биіктікке көтерілген ірі үйінді – масивтер сияқты.Бұл үйінділер үшбұрыштанып,құзды шаңдарға айналады.Тау басы жадағай.Оның әр жерінен асулары арқылы жол өтеді,тау беткейі де тілімделген.Тарбағатай онша биік емес.Оның орташа биіктігі теңіз бетінен 2000 – 2100 м ғана.Ең биік нүктесі – Тастау (2992 м).Онда мұздықтар жоқ.

Сауыр – Тарбағатай негізінен жоғарғы палеозой жыныстарынан түзілген.Сауырда атпа жыныстар кең тараған.Олар порфир және порфириттер түріндеде кездеседі.Тарбағатайда порфириттер шөгінді жыныстармен кезектесіп отырады.Ал оның оңтүстік беткейінде әктас көп ұшырасады.Сауырдағы жоқ граниттер Тарбағатайдың суайрығында салыстырмалы түрде жиі кездеседі.

Сауыр – Тарбағатай – қатпарланған таулы өлке.Оның негізгі құрылымы жолғары палеозойда герцин қатпарлануы кезінде қалыптасқан.Ол Альпі тау кезінде жаңғырып қайта көтерілген.Бұл ауаның қазіргі жер бедерінің қалыптасуына ерте замандардағы мұз басу,ағын сулардың эрозиялық әрекеті және кейінгі тектоникалық процестер әсер еткен.

Климаты мен өзендері.Сауыр – Тарбағатай өңірі климаты жағынан Оңтүстік Алтайға ұқсайды.Климаты континентті.Алтайға қарағанда жауын – шашын аздау.Табиғи ерекшеліктері мен климаты жағынан ол Оңтүстік Сібір мен Орта Азия тауларының аралығындағы өтпелі аймақ тәрізді.Қаңтардағы ауаның орташа температурасы -200С,шілдеде 220С. Жауын – шашын мөлшері 350-500 мм,тау іші ылғалды,жазыққа қарай қуаңдау.

Таудан бастау алатын өзендер көп.Жарма, Қайындысу, Көкпекті сияқты өзендер кезінде Жайсан көліне құйған.Қазір көлге жетпейді.Сол сияқты Қарабұлақ, Жетіарал, Қарабұға, Базар өзендері тау арасында ғана ағып, қырға шыққан соң тартылып қалады.Тарбағатайдың оңтүстік беткейінде ағатын Үржар,Қатынсу,Емел өзендері Алакөлге құяды.Аягөз өзені Балқаш көліне жетеді.

Табиғат зоналары,өсімдіктері мен жануарлары.Сауыр – Тапрбағатай тауларының аймағы табиғи ерекшеліктеріне сәйкес Тарбағатай таулы – далалы аудан,Сауырдың таулы орманды – шалғынды дала болып бөлінеді.Тарбағатай даласының өсімдіктері бұталы,қарағайлы болып келеді де,таудың солтүстік беткейінде альпі шалғынына ұласады.Оңтүстік беткейде де бұталы өсімдіктер көп.Сайларда жеміс – жидек ағаштары,көк терек , ақ терек шағын ормандар кездеседі.

Сауыр тауының етегі 700 м- ге дейін шөлейт зонаға жатады,оның сортаңданған қара қоңыр топырағында шөлейт өсімдіктері өседі.Ормандары Сібір ағаштары мен Тянь- Шань шыршасынан тұрады.Бұл аймақтың Сібір мен Орта Азия аралығындағы өткінші орын екенін тағы да дәлелдейді.

Жануарлар дүниесі жағынан Сауыр мен Тарбағатай,Алтай мен Тянь- Шань аралық ауданын құрайды.Оны қоғыр аю,бұғы, елік, таутеке,арқар,қасқыр,қар барысы,сілеусін,түлкі және т.б. аңдар мекендейді.