Шығыс Еуропа жазығы – Жер шарындағы аса ірі жазықтардың бірі. Қазақстанның Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік – шығыс бөлігі енеді. Жазықтың қазақстандық бөлігі Мұғалжар және Үстіртпен, оңтүстігінде Маңғыстаумен шектеседі. Республика аумағындағы Жалпы Сырт қыраты, Каспий маңы ойпаты және Орал алады (Жем) үстірті осы аймақтың құрамына енеді.
Бұл аймақтың геологиялық дамуы мен тектоникалық құрылымы жөнінен ежелгі Шығыс Еуропа платформасының оңтүстік-шығыс бөлігі болып табылады. Платформа фундаменті архей мен протерозойда қалыптасып, кристалды катты жыныстарнан қалыптасқан. Оның бетін кейінгі эралардың (палеозой, мезаозой, кайнозой,) шөгінді жыныстары жапқан. Шығыс Еуропа платформасының қазақстандық бөлігі ұзақ уақыт су астында жатып, біртіндеп көтерілу нәтижесінде қазіргі қалпына келген. Каспий маңындағы бөлігі майысуға көп ұшыраған. Сондықтан мұнда әр түрлі жастағы щөгінді жыныстардың өте қалың қабаты таралған. Ұзақ геологилық даму кезеңінде әрбір табиғи ауданның өзіне тән жер бедері, топырағы және өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Жем үстірті жоғарғы бор дәуірінде, Жалпы Сырт палеогендік теңіздің тартыуылнан кейін шегінуінен, ал Каспий маңы ойпаты антропогенде, соңғы мұз басу кезеңінен кейін ғана қазіргі жер бедері қалыптасқан. Бұл аймақтың географиялық орынының, жер бедерінің ерекшеліктері, ауа массаларының алмасуы жағдайының ұқсастықтары жалпы солтүстіктен оңтүстікке қарай ылғалдың азая беруі құрғақ континентті климаттың қалыптасуына себепші болған.
Жалпы Сырт – Оңтүстік Орал мен нділ өзенінің аралығында орналасқан кең жазық қырат. Қыраттың жер бедерін Жайық өзеніне оң жақтан келіп құятын Деркөл, Шаған, Ертек,Ростошьжәне т.б.өзендердің арналарымен тілімделген. Қыраттың Қазақстандық бөлігі негізінен бірімен-бірі жалғасып жатқан жылдардан тұрады. Ол солтүстіктен (100-150м) оңтүстікке қарай (60-70м) еңіс тартып, аласара береді.
Орал алды үстірті Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тауларының аралығын қамтиды. Оның солтүстік-шығыс бөлігі 400-450м-ге дейін көтерілген. Жем, Қайнар, Сағыз, Ойыл, Елек, Ор, Сарықобда, Үлкенобда, Бұлдырты,Өлеңті өзендері басын осы жерден алады. Үстірт оңтүстік-батысқа қарай аласарады (100-150м)
Каспий маңы ойпаты Жалпы Сырт қыраты, Орал алды үстірті мен Каспий теңізінің аралығында орналасқан. Ойпаттың солтүстік жағы теңіз деңгейінен жоғары. Ойпат-жекелеген жондар мен өзен бойларында қақ, сорлар,құмды аудандары бар кең жазық дала. Ол палеогеннің аяғында басталған Каспий трансгрессияларының құм аралас сазды шөгінділерінен түзілген. Ойпаттың оңтүстік беті-теңіз деңгейінен төмен жатқан жазық. Бірақ мұнда тұз күмбездері ұшырасады, солтүстік бөлігіне қарағанда тұзды сорлар, қақтар көбірек. Ойпат арқылы Жайық өзені мен оған құятын шағын салалар (Деркөл, Көшім, Улкенөзен және Кішіөзен, Шежін бірінші және екінші Шежін, Шідерті, Жымпиты, Қалдығайты және т.б.) ағып өтеді. Олардың біразы жазда тартылып, бөлек-бөлек көлшіктер мен қарасуларға айналады. Сонымен бірге ойпатта Шалқар, Балықты, Аралсор, Бесоба сияқты көлдер де бар.
Капсий маңы ойпаты бергі дәуірдің өзінде теңіз табаны болған XIX ғасырдың 70-жылдарының Доссор мен Мақат мұнай кеніштері орналасқан Тентек соры астында жатқан. Қайдақ, Комсомол шығанақтары судан ХІХ ғасырдың 30-жылдары ғана босаған. Теңіз табаны судан біртіндеп босап, құрғап ойпатқа айналған. Жер асты сулары тұщыланған. Ойпаттың қазіргі жер бедерінің пішіні, топырағы мен өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Алайда ойпаттың климатының құрғақтығы өсімдіктер дүниесінің дамуына кері әсерін тигізуде.
Каспий маңы ойпатының оңтүстігінде 60 мың км2 жерді алып жатқан құмды аймақ (Қарақұм) бар. Бұл өлкенің жастығына қарама, жел жер бетін құрғатып, өсімдігі сирек кездесетін шөлге айналдырған. Ондағы құм төбелерді бэр төбешіктері деп атайды.
Пайдалы қазбалары. Каспий маңы ойпатының негізгі байлығы – мұнай мен газ. Олар жер қабаттарындағы тұзды күмбездердің көтерілуіне байланысты пайда болған жарықшақтарға жиналған. Пермь, триас, юра, бор және палеоген қабаттарында сақталған. Қазір бұл ауданда Теңіз, Қарашығанақ, Жаңажол сияқты мұнай мен газ кен орындары жұмыс істейді. Пайдалы қазбалардан ас тұзы, бор, құрылыс материалдары (құм, саз балшық және т.б.) өндіріледі.
Климат. Шығыс Еуропа жазығының климаты, жоғарыда айтылғандай, құрғақ, континентті. Оған бұл ауданның мұхиттар мен теңіздерден алыс жатуы себеп болады. Қысы суық, қаңтардың орташа температурасы солтүстігінде -15С0. Аңызақ желдер жиі соғады. Жауын – шашынның орташа мөлшері солтүстікте 350 мм, оңтүстікте 140 мм.
Өзендері мен көлдері. Қазақстан аумағындағы Еуропа жазығының ірі өзендері – Жайық, ойыл, Жем. Каспий маңы ойпатына ағып шыққан соң, кең арналы өзенге айналады. Ені 300-500 м шамасында. Көктемде су тасыған кезде ондағы км-ге жайылып, кең жайылымдар ұсақ көлдер пайда болады. Өзен бойында тоғайла, жайылмасында шабындық өседі. Өзен суын каналдар арқылы егістік пен жайылымдарды суландыруға пайдаланады.
Ойыл (ұзындығы 8000 км) – Жайық өзенінің бір саласы. Ол да Орал тауынан басталып, Жайыққа құйған. Кейінгі жылдары шаруашылыққа суын көбірек пайдаланудан жазда арнасы құрға, Жайыққа жетпей қалып жүр. Негізінен, қар суымен қоректенеді. Суы егістікке, жайылымға пайдаланылады.
Жем (ұзындығы 712 м) Мұғалжар тауының батыс беткейінен бастау алады. Каспий теңізіне құяды. Соңғы жылдары ол да теңізге 50-60 км жетпей тартылып қалады. Қар суымен қоректенеді.
Көлдердің ең үлкені — Каспий теңізі. Ол аумағының үлкендігіне байланысты теңіз деп аталады. Жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Қазақстанға көлдің солтүстігі мен солтүстік-шығыс бөлігі кіреді. Негізінен өзендер суымен қоректенеді. Қыста қатады. Бағалы балыққа бай.
«Ішкі сулар» тақырыбындағы Каспий теңізіне берілген сипаттаманы
естеріңе түсіріңдер.
Табиғат зоналары. Өсімдіктері мен жануарлары. Шығыс Еуропа жазығының қазақстандық бөлігі далалы, шөлейтті және шөлді аудандарға жатады. Оның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі де соған лайық дамыған. Жалпы Сырт пен Жем алды үстіртінің жазық жерлері жалпы қазақ даласына ұқсас ақ және боз, селеулі дала боп келеді. Каспийдің солтүстігінде ол боз жусанды далаға жалғасады, оларда сонымен қатар боз, бетеге, атқонақ, еркекшөп өседі. Сай табандарында ақ қайың, көк терек ағаштары, қарағай, тобылғы, шалғынды далаға ауысады. Каспийдің солтүстігі мен Жем үстіртінде шелейт зонасы орналасқан. Оның өсімдік жамылғысы далалық астық тұқымдастардан, жусан және сортаң жердің шөптесін өсімдіктерінен тұрады. Ал Каспий маңы ойпатының оңтүстігінде шөл зонасы жатыр. Мұның топырағы да сор мен сортаңды болып келеді. Өсімдіктері — жусан, бұйырғын, көкпек, жыңғыл, т.б. түрлерден тұрады. Құмды шөлдерде құмаршық, еркекшөп, селеу, дала жусаны өседі.
Жануарлар дүниесі жағынан бұл аймақта еуропалық фаунаның әсері күшті. Солтүстік Каспийде таза қазақ даласына тән жануарлармен бірге батыс түрлері (орман суыры, қара кузен, ит тәріздес жанат, су тышқаны) бар. Каспийдің итбалығы сирек кездесетін, бағалы аң саналады. Теңіз балық байлығы жағынан бірінші орын алады. Онда қызыл балық, бекіре сияқты бағалы балықтардың түрлері мол. Өзен бойларында, тоғайларда құс көп және сан алуан. Шөлді, шөлейтті аймақтарда құлақты кірпі, ақкіс (ергежейлі), қосаяқ, құм тышқаны, қарақұйрық, түлкі, бозторғай мекендейді.
Табиғи ерекшеліктеріне сәйкес, Шығыс Еуропа жазығының тіршілік үшін қолайсыз жағдайлары көп. Мұндағы ылғалдың тапшылығы, топырақ құнарының жетімсіздігі, жел эрозиясы, жиі соғатын аңызақ желдер оның жағдайын күрделендіре түседі. Олар өсімдік жамылғысына да әсер етеді. Мұнай, газ өндіру кен орындарында ауа тазалығын сақтау, мұнай, газ қалдықтарымен ластамай, қоршаған ортаны таза ұстау да бұл ауданда экологиялық шараларды ұлғайтудың қажеттілігін дәлелдейді. Ол үшін мұнай, газ өндірудің таза технологиясын жетілдіру, ауаны, суды ластауды тоқтату, қалалардағы өнеркәсіптен шыққан лас суларды тазартып, қайта пайдалануды ұйымдастыру, аңызақ желдерге тосқауыл қою мақсатымен 50-жылдары отырғызылған орман алқаптарын ұлғайту, егіндік жерлердің құнарлылығы үшін күресу, жайылымдардағы өсімдік жамылғыларын жетілдіру, т.б. шаралар — ауданның экологиялық жағдайын жақсартудың негізгі мәселесі болып табылады.