Шөлейт және шөл зоналары

Қазақстанның шөлейт жерлерi дала мен шөл зоналары аралығында орналасып, Жайықтың жағасынан Алтай тауларына дейiн 2900 км-ге созылған.Ол республиканың барлық аумағында 1О,8%-ын алып жатыр. Зонаның оңтустiк шекарасы 48° с.е. бойымен өтедi.
Шөлейттiң климаты құрғақ, тым континенттi. Жауын-шашын аз, жылдық жауын-шашынның мөлшерi 180-300 мм аралығында. Көктемнің жаздың басында жауын-шашын мол түседi. Қыста және жазда аз жауады.Жаз барлық жерде ыстық.Шiлденiң орташа температурасы 22°-24°с, кейде ыстық 400С-қа дейiн жетедi. Қысы суық, ашық күндер басым болады. Қаңтардың орташа температурасы -15-17°с, ең төменгi температура зонаның шығысында (+50Т) байқалады. Шөлейт зонасында жазда өзендердiң көбiнiң суы тартылып, кеуiп кетеді. Тұрақты ағатын ең iрi езендерi — Ойыл, Жем, Торғай, Сарысу . Шөлейт зонасында 3000-нан астам көл бар. Олардың көпшiлiгiнiң суы кермек немесе ащы болады.
Шөлейттiң негiзгi топырағы — ашық қара қоңыр топырағы. Қызғылт-күрең топыраққа қарағанда оның құрамында шiрiндi аз болады. Топырақтың беткi қабатында шіiрiндi 2-3% ғана.Саз топырақты жазық пен ойпаң учаскiлерде сортаңдар едәуiр орын алады.

Шөл дала зонасында даланың әрi шөлдiң өсiмдiктерi таралған. Өсiмдiк жамылғысы негiзiнен бетеге, жусан.,түймедағы. Боздан құралады. Кейде жусан көлемдi жерлердi алып жатады. Мұндай жерлердiң түсi бiркелкi ашық болып көрiнедi. Кей жерлерде жусанның арасында изен, ебелек, терiскен көкпек өседi.Еспе суы жер бетiне таяу жатқан сортаңды жерлерде ши еседi. Ұлытау, Ортау, Бұғылы, Қызыларай, Шыңғыстау жене т.б. жоталардың анғарлары арасында әр түрлi шалгын шөптер көп өседi. Бұл таулардың беткейлерiнде қайың, көктерек және қарағай шоқ ормандары кездеседi. Бұлардың арасында долана, мойыл. итмұрын, қарақат және таңқурай өседi.
Таулы-төбелi граниттi Қызыларай сiлемі (1565 м) – шөлейттегi әсем жазираның бiрi. Осы жерде қарағай ормандары өседi. Жазықтар мен ұсақ шоқылардың аралықтарында сортаң және сор жерлер де кездеседi. Сор жерлерде өсiмдiк өспейдi, тек оның шет жағалауларында ғана сортаң өсiмдiктерi өседi. Шөл даладағы өзен жайылмалары өсiмдiкке бай. Оларда айрауык, құрақ, қамыс өседi. Жекелеген учаскiлерде тал, итмурын ұшқат бұталары жйi ұшырасады.
Дала мен шөлде кездесетiн шөлейт жануарларының сарышұнақ, қосаяқ,құм тышқаны,құм қояндары сасық күзен, қарсақ, түлкi, қасқыр мекендейдi. Сонымен бiрге онда күзен және түлкi бар. Кұстардан буркiт, бозторгай кездеседi. Бiр кездерде жер қайыстырған ақбөкендер мен қарақұйрықтар қазiргi кезде некен-саяқ қана кездеседi. Шөлейтте кесiртке мен жыландар көп. Бұл өңiрде зиянсыз жыландардан -қара шұбар жылан, кiші сарыбас жылан, су жыланы, улы жыландардан -сұр жылан,қалқан тұмсықты жылан бар. Шөл дала зонасы егiн шаруашылығы үшiн шамалы пайдаланылады. Мұнда негiзiнен ашық-қызғылт топырақты жер де ғана егiншiлiкпен шұғылданады. Шөлейтте қой және жылқы шаруашылығы басым дамыған. Ойдым-ойдым суармалы жерлерде көкенiс, бақша егiледi.

Шөл зонасы Каспий тенiзi жағалауынан Тарбағатай тауының етегiне дейiн созылады. Шөл зонасының жалпы көлемі 120 Млн га, республика аумағында 44%-ына жуығын алады. Бұл зонада негiзiнен құмды және сазды шөлдер кең тараған. Тасты шөлдер Қазакстанға тән емес, бұлар тек шағын үлескiлерде кездеседi.
Шөлдiң климаты тым континенттi және аса құрғақ. Жалпы жауын-шашынның жылдық орташа мөлшерi 200 мм-ден аспайды. Шөлдiң кейбiр аудандарында жылдық жауын-шашын 100 мм-ге де жетпейдi. Жазда жаңбыр өте сирек жауады. Жауын-шашынның көбi көктемде түседi.Қысы суық. Аяз -40*С-қа дейiн жетедi. Жазы өте ыстық, қапырық әрi құрғақ. Шiлденiң орташа температурасы солтүстiгiнде +26°С, оңтүстiгiнде +28° +З0°С. Құм бетiнде температура жазда +70*С-қа дейiн қызады. Осыньң бәрi була нудың көп болуына септiгiн тигiзедi. Көктемде ерiген қар суымен толығатын қазаншұңқырлар мен ойыстар жазда кеуiп кетедi. Олардың түбiнде қалған тұз қабыршақтарын пайда болып, ондай жерлерде ешқандай өсiмдiктер өспейдi.
Шөл зонасының ауасы құрғақ әрi жауын-шашын мөлшерi аз болғандықтан, жергiлiктi өзендерi жоқ. Тек қана шөл зонасынан тыс (Жайық, Жем,Сырдария, Сарысу, Шу, Талас, Іле, Қаратал, т.б.) басталатын өзендер бар. Ол өзендер шөл арқылы басталғандықтан, суының көбі булануға немесе суаруға кетедi де,кейде сағасына жете алмайлы. Осыған байланысты шөлде терең орналасқан жер асты суының зор маңызы бар. Ондағы халықты ауыз сумен қамтамасыз етуде және мал суару үшiн терең жер асты суының алатын орны ерекше.Шөл зонасының астында Қызылқұм, Шу-Сарысу, Оңтүстiк Балқаш, Сырдария, Бетпакдала, Маңғыстау, Каспий маңы сияқты ең iрi артезиан алаптары жатыр. Шөл зонасы солтүстiк және оңтүстiк болып екiге бөлiнедi.Солтүстiк шөлдерде Үстiрт және Тұран ойпатының солтүстiк жартысы, Бетпақдала үстiртi, Мойынқұм, Балқаш маңы құмдары жатады. Ал оңтүстiк шөлдерге үстiрттiң оңтүстiгi мен Қызылқұмды қамтитын Тұран ойматының оңтүстiк жартысы жатады. Шөлдiң оңтүстiгiнде жеңiл саздақтық қалыптасқан қоңыр топырақ тараған. Қоңыр топырақтын ашык қызғылт топырақтан түсi бөлек және құрамында шiрiндiсi аз (2,5%-га дейiн). Шөлдiң оңтүстiгінде сұр-қоңыр топырақ басым. Оның құрамында шiрiндi тiптен аз (1,0—1,2°/о). Сұр қоңыр топырақ минералды заттарға бай болғандықтан, құнарлы келедi. Мұндай топырақты жердi суарса және тыңайтқыштар қолданылса, мақтадан, бидайдан, бау-бақшадан көп өнiм алуға болады.
Құмды шөлдер бүкiл шөл зонасының үштен бiрiне жуығын алып жатыр. Олардың ең iрiлерiне Қызылқұм,Арал маңы Қарақұмы, Мойынқұм, Сарыесiк Атырау және Каспий маңы ойпатының құмдарын (Нарын, Тайсойған, Қарақұм, т.б.) жатқызуға болады. Мұндагы құмдар ондаған мың жылдар бұрын осы жердегi өзендер мен көлдердiң орнында пайда болған. Кейiн желдің әсерiнен бұл құмдарда шағылдар, қырқалар, төбелер түзiлген. Құмға су жақсы сiңедi және одан аз болады. Әдетте, тек құмның беткi қабаты ғана құрғайды, ал оның астыңғы қабаттары әр уақытта ылғалды келедi. Сондықтан аз ғана тереңдiкте iшуге жарайтын еспе суы болады. Көшпелi құмдарда топырақ жамылғысы жоқ дерлiк. Топырақ қабаты қырқалар мен тебелерде. Борпылдақ құмды қырқалардың аралылығында, қазаншұңқырлар мен жазық жерлерде құмайтты,қоңыр және сұр қоңыр топырақты болып келедi. Еспе суы жер бетiне таяу жатқан жерлерде дәндi дақылдар мен бакша дақылдарын егуге болады.
Құмды шағылдар мен төбелерде астық тұкымдастардан бозға ұқсас селеу тараған. Мұның тамыры ұзын болады, ол құмды бекiтедi. Бекiген құмдарда iсектемде селеу,өлеңшөп, құмның боз жусаны, құм бетегесi, еркекшөп, құмның жабайы сұлысы,қоңырбас,құм түймедағы,құиаршық жақсы өседi. Жазда барлық шөп өсiмдiктерi қурап кетедi.Қазақстанның оңтүстiгiндегi Сырдария аңғарында, Батыс Тянь Шаньдағы Қаратау бөктерiндегi шөлдерде дермене жусаны сақталған. Ол Қазақстанда ғана өседi. дермене жусанының ашылмаған жас гүлiмен iш құртын (глист) түсiретін санторнин дәрiсi жасалады. Дермене Қазақстанның Қызыл кiтабына, енгiзiлген. Шөл өсiмдiктерi табиғат жағдайларына қарай бейiмделген. Бұл олардың ерекшелiктерiнiң бiрi. Ылғалды тез жоғалтпау үшiн жапырақтары тiкендi қабыршыққа айналған немесе буланудан сақтайтын түктерi болады. Құмдағы өсiмдiктердiң барлығының да тамыры ұзын. құмды шөлдерде шөптi өсiмдiктерден басқа жузгін, құм қарағаны, терiскен сияқты бұталар да өседi. Бұл бұталар онша биiк болмайды және жапырақтары да аз. Шөлдерде ағаш тектес өсiмдiктерден ақ және қара сексеуiл өседi. Ак сексеуiл құмды жерде, қара сексеуiл сортаң топырақты жерде өседi.
Сазды шөлдер құмды шөлдердiң арасында немесе соларға жапсарлас жатады. Ең iрi сазды шөл — Үстiрт, Бетпақдала және Сырдария езенiнiң оңтүстiк жағалары. Үстiрттi ойпаң жерлерiн тұзды көлдер, сор, сортақ және тақыр алып жатыр. Олардың қалыптасуында басты рөлдi жер бетiндегі ағын сулар аткарады. Үстiрттiң негiзгi топырағы қоңыр, көп жағдайда сортаң. Мұндағы негiзгi өсiмдiк жусан, бұйырғын мен баялыш. Қара сексеуiлдiң қалың бұталары кездеседi. Кейбiр ойпаң жерлерде ши, селiеу,қо ңырбас өседi. Бетпақдалада Үстiрттегi сияқты, көктемде тез өсiп жетiлiп, қурап қалатын эфемерлер өседi.
Тасты немесе тастақты шөлдер Қазақстанда онша көп емес. Мұндай шөлдер Сарыарқаныц оңтүстiгiнде, Бетпақдаланың шығысында және Үстiртте кездеседi. Тастақ шөлдердiң өсiмдiгi құрамы жағынан көршілес жатқан шөлдiк өсiмдiктерiне ұқсас.
Шөл зонасындағы өзен аңғарларында өсетiн ерекше өсiмдiктер бар. Мұнда әр түрлi өсiмдiктерден құралған бұталар өседi. Оның тоғай деп атайды. Тоғай әсiресе Сырдария, Шу мен Іле және т.б. өзендердiң аңғарларына тән. Суға жақын жердегi тоғайларда қамыс, қоға кеадеседi. Өзен арнасынан биiк бұталар шеңiгел, тал. тiкенектi жиде,шырғанақ, арнаның құрғақ жерде жыңғыл өседi.
Шөлдің жануарлар дүниесi өзгеше.Онда өмiр сүруге жылан мен кесiрткенің аздаған түрi ғана бейiмделген. Кесiрткеден көп тарағаны құмды және құлақты агамалар,жұмырбас кесірткелерШөл зонасында қосаяқ, саршұнақ, құм тышқаны тәрiздес кемiргiштер де көп. Жылдық қолайсыз мезгiлдерiнде олар iндерiне кiрiп, ұйқыға кетедi. Өзен бойындағы ну тоғайларда қабан, малiм, қасқыр мекендейдi.
Құстардан шөлде азия торғайы, күйекентай торғай сортаң жер торғайы,айдарлы торғай, сексеуiл жорға торғайы шөл торғайы бар. Жыртқыш құстардан жамансары мен жұртшы кездеседі. Тоғайларда — сауысқан ,қарға, сұр кекiлiк ,қыргауыл болады. Көлдер мен Сырдария бойында үйрек, қаз,шагала, бiрқазақ. бар. Шөл зонасында Барсакелмес және Үстiрт мемлекеттiк қорықтары ұйымдастырылған.