Қазақстан өсiмдiктерi жамылғысының қалыптаса бастауы аумағының негiзгi бөлiгiн су басып жатқан кезден, бор дәуiрiнiң аяғы мен палеоген деуiрiнiң бас кезiнен басталады. Палеогенде бүкiл Тұран ойпатын теңiз басып жатқан. Ол Торғай бұғазы аркылы Батыс Сiбiр теңiзiмен жалғаскан. Теңiз Қазакстанға қараған құрлықты екiге бөлген. Торғай бұғазынан Батыста Алтай, Сарыарқа аймақтарында, негiзiнен жалпақ жапырақтылары мен маңгi жасыл қылқан жапырақты өсiмдiк түрлерi (ангара флорасы) тараған. Ал Торғай бұғазынан батысқа қарай (Мұғалжар,Жалпы Сырт, Жем үстiртi) маңгi жасыл субтропиктiк түрлер (полтава флорасы) дамыған.
Неогенде Торғай буғазының суы тартылып, кұрғағаннан кейiн екi жағы қосылған.Осы кезде полтава флорасы шығысқа қарай тарап, Жайсан колiне дейiн жеткен. Керiсiнше, шығыста өскен өсiмдiктер батысқа ауысқан. Соның натижесiнде Қазакстанда Торғай флорасы деп аталатын өсiмдiк түрлерi қалыптасқан. Оған платан, грек жаңғағы, емен, шамшат, терек, т.б. жатады.
Теңiздiң шегiнiп, құрлық көлемінiң ұлғаюы арта бастаған кезден (палеоген дауiрден) бастап, Иран аркылы Африка флорасы кiрген. Олардыц ішінде эфемерлi өсiмдiктер, жоңышқа,қараған бұталары мен ағаштардың кейбiр түрлерi болған.
Палеоген дәуiрiнде алғашқы жартысында жазык ойпаңдарды теңiз басып жатқан тұста.оньң жағалауындағы қыраттар мен тауларға субтропиктiк жалпақ жапырақты ормандар тараған. Палеоген дәуiрiнiң екiншi жартысында, теңiз суы тартылып, құрғап, орныққан осы куггi iрiлi ұсақты көлдер пайда болған.
Неоген деуiрiнде климат суып, таулы аудандарды мұз басқан кезде жылу суйгiш өсiмдiктер жойылып кетiп, қазiргi орман типтерi қалыптасып, грек жанғағы, өрiк, алма сиякты өсiмдiктер сақталып қалған. Сiбiр жақтан ауысып, арктикалық, альпiлiк е\өсiмдiктер тараған.Қазақстан осы өсiмдiктер жамылғысы осылай бiртiндеп ұзақ кезеңдi басынан өткiзiп қалыптасқан. Қазiргi өсiмдiктердiң қалыптасуына жергiлiктi өсiмдiктермен қоса сырттан келген түрлер де едәуiр әсер еткен.
Казiргi Қазакстанның өсiмдiк жамылғысы 6000-дай өсiмдiк түрлерiнен тұрады. Баска кершi елдермен (Ресей, Орта Азия, Кавказ) салыстырғанда бұл онша көп емес. Оған Қазақстан жерiнде шөлдi, шөлейттi аймактардың көптiгi, топырақ пен климат есер етедi. Екiнiшiден, Қазақстанның едәуiр бөлiгi геологиялык тарихы жағынан жас. Каспий маңы ойпаты мен Тұран ойпаты теңiз астынан неоген деуiрiнде ғана босаған. Үстiрт пен Бетпакдаланың босауы одан сәл ғана ертерек. Сол себептен бұл өлкелердiң өсiмдiк жамылғысы толык калыптасып үлгермеген.
Өсiмдiгi жағынан бай өлке Қазакстанның таулы аймактары болып саналады. Әсiресе, Батыс Тянь-Шаньда Орта Азия Мен Жерорта теңізінің бай флорасы сакталған. Онда палеоген деуiрiнен қалған грек жаңғағы, ,платан,бадам, түркістан үйеңкісіi,алмұрт және т.б. түрлерi кездеседi. Сырдария-Қаратау флорасы бұдан да бай. Онда 1000-нан асатын өсiмдiк түрi, оның 150 түрi тек осы ауданға ғана тең, басқа жерде ‚ұшыраспайтын өсiмдiктер. Тянь-Шаньның, Алтайдың, Жетiсу Алатауыньң тау беткейлерiнде қылқан жапырақты ормандар таралғаң. Оларда шыршалардан, май қарағай, бал қарағай.,самырсын турлерi өседi. Биiк таулы белдеу шымды-шалғанды бұталы шалғынды болып келедi. Тау алды мен аласа таулы белдеулерде дала зонасына тән өсiмдiктер өседi. Алтайдың таулы даласында итмұрын. долана, бөрiжидек бұталары мол. Жетiсу Алатауы мен Тянь-Шань. тау жүйесінiң тау алды жазықтары шөлге ұқсайды. Оларда эфемерлер мен эфемер тәріздес өсімдiктер (қияқкөлең, қоңырбас, көкнар, қызғалдақ жене т.б.) кең тараған. Аласа таулы белдеулер теректi, кайыңды, жабайы ағашты, алма, өрiк, доланалы ормандардан турады.
Солтүстiктен оңтүстiкке дейін 1600 км-ге созылып жатқан Қазақстанның кең жазиралы жазығында дала мен шөл өсiмдiктерi басым. Шөлдi аймақтарда (Сарыесiк Атырау, Мойынқұм, Бетпақдала, т.6) сексеуiл,, өзендер бойында жыңғыл,жиде,тораңғы тоғайлары кездеседi.
Қазақстанда өсiмдiк дүниесiнiң 303 түрi қызыл кiтапқа енген және оның сақталуына Мемлекеттік қорықтар қамқорлык жасайды. Өйткенi шөп қоры Мал жайылымы есебiнде бағалы, ал орман өндiрiс үшін керектi материал болыпп саналады. Қазақстан дүние жүзi бойынша ормады аз елдердiң қатарына жатады. Бүкiл аумағының 11,4 млн гектар жерiн (4,2%) ғана ормандар алып жатыр. Ол табиғатты тазартуда, топырақты эрозиядан сақтап, оның тамырын бекiтуде, егiндiк-шабынды жерлердi қорғау мен құм кеөшкiндерiн бөгеуде аса маңызды рөл атқарады. Ауаның шаң-тозаңнан тазартып, аңызақ желден. құрғақшылықтан сақтауда да ормандар Мен жасыл өсiмдiктер пайдалы. Қазақстандағы қазiргi өсiмдiктер түрлерi қылқан жапырақты ормандар, ұсақ жапырақты орман- тоғайлар, бұталы тоғайлар, даланың бұталы өсiмдiктерi, сексеуiл, шөлдiң бұтiалы өсiмдiктерi, дала өсiмдiкт ерi, субтроаиктiк өiмдiктер. шалғындар, тақырлар, шөлдің бір жылдьқ өсiмдiктерi болып бөлiнедi. Оларға ботаникалық жағынан Еуразияның қылқан жапырақты орманы (Оңтүстiк Алтай) Еуропа, Сiбiрдiң орманды даласы (Солтүстiк Қазақстан), Еуразия даласы (Едiл-Жайық, Мғалжар-Торғай, Есiл-Нұра, Қарағанды, Ұлытау-Сарысу, Жайсан бойы), Азиянъң шөлдi аудандары (Тұран ойпаты, Солтүстiк Тянь-Шань, Қаратау) кiреді.
Жануарлар дуниесiнiң дамуы жағынан Қазақстан палео архстикалық-зоогеографиялық облысқа кiредi. Ондағы жануарлар дүниесiнiң пайда болуы мен қалыптасуы өсiмдiк жамылғысының даму тарихымен ұқсас. Палеоген дәуiрiнде Қазақстанды тропиктiк жене субтропиктiк жануарлар мекендеген.Олар Үндiстан жене Африка жануарларының түрлерiмен ұқсас болған. Ал мұз басу дәуiрiнде жылы климатқа бейiм жануарлардың кей түрлерi қырылып, бiразы жылы жаққа қоныс аударған. Олардың кейбiр түрлерi Қазақстанның оңтүстiк-шығысындағы таулы аймақта (Жетiсу Алатауы, Іле Алатауы, Ұзынқара (Кетпен) жотасы) сақталып қалып, мұз басу дәуiрiнен кейiн қайтадан дамып өскен. Қарақйрық, жолбарыс,қабан, марал. бұғы, аққұтан. қызылқұтан сияқты жануарлар түрлерi осы топқа жатады.
Мұз басу дәуiрiнде Қазақстанға материктiң солтүстiгiнен суыққа төзiмдi жануарлар ауысқан. Олардың кейбiр түрлерi таулы аудандарда әлi де сақталған. Оларға тундра кекiлiгi, жапалақ, т.б. жатады. Мұз дәуiрiнен кейiн Қазақстанга Орталык Азия жануарлары мен кұстары өткен. Оларға құр, тоқыдақ, самырқұс, ор қоян жатады. Кейiн олар дала жене шөл зоналарына ауысқан.
Қазақстанның жануарлар дүниесi қазiр сүтқоректiлердiң 178, құстардың 489, балықтың 104 және омыртқасыздардың 50 мыңнан астам түрлерiнен тұрады. Таралуы жағынан олардың мекендерi бiрнеше зоогеографиялық аудандарға бөлiнедi. Оларға дала және орманды дала (Солтүстiк Қазақстан, Ертiс өзені бойы), шөлейт және шөл (Каспий теңiзiнiң солтүстiк жене шығыс жағалары, Жайық бойь.Торғай, Қызылқұм, Балқаш пен Жайсан көлiнiң жағасы, Бетпақдала, Сарысу, Сырдария жағалауы,Үстiрт), таулы аудандар (Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Жетiсу Алатауы, Тянь-Шань, Қаратау, Ұлытау, Қалба, Сарыарқа) жатады.Дала жануарлары табиғаттың ерекшеліктерiне икемделiп, түсi де дала бояуына қарай өзгере дамыған. Ондай қасиеттер тышқандар мен сарышұнақтардың көптеген түрлерiне тән.Даланы тышқан,алақоржын,қасқыр, борсық мекендейдi.Киiк жиi ұшырасады.Дала құстарынан дуадақ, тырна, торгайдың әр түрi (қараторғай,бозторғай. шымшьқ) кездеседі.
Орманды даланың сүтқоректiлерiң қатарына ,қоян, аккiс, елік кіредi. Қасқыр мен түлкi мұнда да жиi кездеседi.Құстардан құр,шiл кең тараған, кайыңды ормандарда ,қырғи. Бөктергi,ителгi сияқты жыртқыш құстар мекендейдi. Ашық далалардарда ,қарғаның түрлерi,бұлдырық бар.Орман iшiнде жылан аз кездеседi, кесiрткенiң бiраз түрлерi ұшырасады.
Шөл даланың жануарлары ыстыққа, шөлге шыдамды болуға бейiмделген. Олардың бiразы күндiз терең қазылған iнде жатып, түнде жемiн аулауға шығады.Күндiз жүретiн аңдар тым ерте және кешкі мезгiлде ғана далада болады. Күндiз көлеңкеде,бұта түбiнде жатады. Шөл хайуандары жүйрiк келедi,алыс жерлерден су iшiп қайтады, құстары да қонбай, алысқа самғап ұша алады. Көбi шөлге шыдамды келедi. Олар (суыр. құм тышқандары, торғайдың кей түрлерi) ылғалы мол өсiмдiктермен қоректенедi. соны қанағат тұтады. Көктемде жаздың басында жерде ылғал бар кезде өмiр сүрiп, жазғы ыстықта ұйыктайтын да жануарлар бар. Саршұнақ осылай тiршiлiк етедi. Олар маусым айынан бастап жазғы ұйқыға кетедi. Дала тасбақасы ұйқыны одан да ертерек бастайды.
Шөлдiң де түрлерi көп.Олар құмды, ұсақ тасты, тақырлы-сорлы болып келедi. Жануарлар да сол жерелердің табиғи ерекшелiктерiне қарай бейiмделе дамыған. Құмды шөл далаларда әр түрлi бұталы өсiмдiктердiң, сексеуiлдiң ақ гүлдi қарағанның өсуiне байланысты соларды қорек ететiн хайуандар мекендейдi Ала жертесер,сарышұнақтың,құм тышқандарың кей түрлерi, кiрпі,құм қiояны, құстардан сексеулi жорға торғайы/ кездеседi. Жылан, кесiртке ‚ сияқты жоргалаушылар шөлдi далаларда көп. Құстар сексеуiл бұтақтарына ұя салады, олардың iшiнде дала бүркiтi, бөктергi, ақ құйрық,сауысқан бар. Даланың аңдары бiр зонадан бiр зонаға ауысып, кейде сол жерлердi мекендеп қалады. Жайық өзенi бойы мен Каспий маңы ойпатында Еуропадан ауысқан орман сусары, тогай бұғысы, Үстiртте оңтүстiк және батыс облыстарға тән үстірт қойы (үстірт муфлоны),сiлеусiн жене т.б. жануар түрлерi ұшырасады.
Қазақстандық таулы аймақтарының да өзiне тән жануарлары бар. Мұндай аймақтар қатарына Алтай, Жетiсу Алатауы Тянь-Шань және Сарыарқаның аласа таулары жатады. Олардың мекедейтін жануарлар түрi де бiркелкі емес. Негiзiнен,оларда солтүстiктен және оңтүстіктен Жерорта теңiзiнен Қытайдан ауып келген аңдар көбiрек кездеседi.Таулы аудандардыдың жалпақ жапырақты, қылқан жапырақты ағаштарынан қорек алатын, грек жаңғағын шағатын, пiсте, бадам жемістерiн жейтiн аңдар (тиiн,құдыр орман тышқаны, саңырау құр,қарарабауыр шiл,үкi,қаршыға, тоқылдақтың кей түрлерi, т.б.) мол. Бұлардан басқа Алтайда қоңыр аю, тундрасы, тау ұлары кездеседi. Жерорта теңiзiнен ауысып, Алтайға жетпей, Тянь-Шань, Тарбағатай (Барқытбел) шекарасына жетпей қалған құстар қатарына гималай ұларын, күшігендi, байғызды атауға болады. Жетiсу Алатауы, Күнгей Алатауы бойын бұғы, сiлеусiн,шиқылдақ торгай,тышқiан, шымшық!, Батыс Тянь-Шаньды ұзын құйрық тышқан, жайра, көк қарға, суықторгай, шыбыншы торгай, ақтамақ бұлбыл мекендейдi. Бұлардан басқа Орталық Тянь-Шаньда алтай суыры,имектұмсық балық,қызыл мойын бұлбыл ұшырасады.Іле Алатауының төменгi шөлмен ұласып жатқан зонасынан бастап, суармалы егiстігi бойында, одан жоғарғы альпі шалғынында, мәңгi қар жататын тау басында өсiп-өнген жануарлар түрiнде де өзiндiк ерекшелiктерi бар. Алма, өрiк, долана, шетен және т.б. бұталы жемістер алқабында кемiргiштер мен құстардың iрi түрлерi коныстанған.Шыршалы орманда бұғы, сiлеусін, елiк, альпі шалғынында таутеке. барьс, арқар кездеседi құстардың да әр түрi ұшырасады.
Қазақстанның шөлдi аймактарын, тоғайлы, бұталы жерлерде мекендейтiн жануарлар түрi де әр алуан. Оларда құстар уя салады Қазақстан далаларында омыртқасыз жәндiктер де көп кездеседi. Олардың iшiнде зияндыларда аз емес. Шегiртке егiн мен шабындық шөптердi жейдi. Қарақұрт, бүйi,қоян,жылан, кененiң түрлерi адам өмiрiне қауiп туғызады. Көбелек құрттары ағаштар мен жемiс-жидектi сорады. Ағашты, сулы жерлер мен қалаларда маса ұрық таратады.
Қазақстанның жануарлар дүниесiн қорғау, олардың адам өмiрiне, халык шаруашылығына келтiретiн зиянына қарсы күресу мемлекеттiк шара болып табылады.Жануарлардың сирек және кұрып кетуге таяу аз турi «Қазақстанның Қызыл кiтабына»енгiзiлiп, ерекшле қорғауға омыртқалылардың 125 турi, омыртқасыздардың 96 түрi алынған.Олардың iшiнде сүтқоректiлерден (қараұйрық, құлан, арқар, кабылан, қар барысы, тянь-шань қоңыр аю, шағыл мысығы,күзен жене т.б), құстардан қоқиқаз. бұйра және қызғылт бiрқазан,қара жене ақ ләйлек,сұңқылдақ аққу,дала бүркiтi, дуадақ, қырғауыл,ұлар және т.б., жорғалаушылар, қосмекендiлер мен балықтың бiрнеше түрлерi бар.Елiмiзде бұрын көп болған құлан, қарақұйрык, ақбөкен сияқты аңдардың санын қалпына келтiру, сырттан әкелiнген жануарларды жерсiндiру бағытында да жұмыстар жүргiзiлуде. Өзен бойларында ондатр, Алтай тауларында қара күзен мен бұлғын, Каспий жағалауында ит тәрiздес жанат өсiру қолға алынған.Өзендер мен көлдерге балықтың жаңа тұқымдары жiберiлуде.
Қазақстан табиғатының байлығы мен жануарларын қорғау мақсатында ұлттык парктер (Баянауыл, iле Алатауы, Қарқаралы, Алтынемел,Ордабасы) мен қорықтар (АқсуЖабағылы, Наурызым. Алматы, Барсакелмес,Үстiрт, Қорғалжын, Батыс Алтай. Алакөл) ұйымдастырылған.