Солтүстік Мұзды мұхит алабы. Ертіс — Солтүстік Мұзды мұхит алабының басты өзені. Оның ұзындығы 4248 км, тек 1700 км-ге жуык бөлігі ғана Қазақстан жері арқылы ағып өтеді. Ол Қытайдан Бала Ертіс деп басталып, Қазақстанда Қара Ертіс деп аталып, Жайсан көліне келіп құяды. Көлден ағып шыққанда өзен Ақ Ертіс немесе Ертіс деп аталады да, Ресей аумағындағы Обь өзеніне барып құяды. Ертіс алғашқыда белесті-төбелі жазықпен ағып, Алтайдың Нарын, Қалба жоталары, т.б. тау сілемдерінің аралығындағы тар шатқалдармен Өскемен қаласына дейін ағады. Оған Семей мен Өскемен қаласының аралығында көптеген салалар келіп құяды. Бұлардың ішіндегі суы мол әрі ең ірісі — Бұқтырма өзені. Ертіс өзенінің бойында Бұқтырма сағасынан төменіректе Бұқтырма СЭС-і салынған. Ертіс шатқалында орасан зор бөгет (биіктігі 96 м) салудың нәтижесінде, ағыс бойымен жоғары қарай ұзындығы 600 км-ге созылған су бөгені бар. Бұқтырма бөгенін көлеміне қарай Үлкен Ертіс теңізі деп атауға болады. Бұқтырма бөгенінен төменде, тау аралығындағы тар шатқалда Ертіс өзенінде екінші бөген — Кіші Ертіс жасалған. Ертістің бұл жердегі суын көтеріп тұрған Өскемен СЭС-інің бөгеті. Өскемен мен Семей қалала-рының аралығында Шүлбі бөгені орналасқан. Оны Шүлбі СЭС-інің бөгеті бөгеп тұр. Өскеменнен төмен қарай Ертіс кең аңғармен ағады, оның оң жағында — Кенді Алтай, сол жағында — Сарыарқа жатыр. Аңғардың жағалауы едәуір биік әрі тік құламалы, кей жерлері жартасты. Ертіс Семей қаласы тұсында нағыз жазықтағы өзенге айналады. Бұл жерде өзен арнасы ирелеңдеп келеді де, кей жерде тарамдалып кетеді. Өскемен мен Семей қалалары арасында Ертіске бірнеше сала келіп құяды. Олардың ішіндегі ең ірілері -оң жақтан қосылатын Үлбі мен Үбі өзендері және сол жақтан қосылатын Шар мен Қызылсу өзендері.
Ертіс аралас қоректенетін өзендер қатарына жатады. Салаларының біразы Алтайдың биік тауларынан басталады да, мәңгілік қар мен мұздықтардың еріген суымен толығады. Басқа салалары жер асты суы, жауын-шашынмен қоректенеді. Ертіс езенінің деңгейі бүкіл жыл бойы едәуір жоғары болып тұрады. Оның суы сәуір-мамыр айларында және маусымда молаяды. Өскемен мен Семей арасындағы Шүлбі кенті аймағында өзеннің орташа айлық шығыны мамыр айында 2541 м3/сек-қа, ал көп жылдық орташа шығыны кезінде Семей тұсында 960 м3/сек-қа жеткен. Осы ауданда жылдық орташа ағын 28 млрд м3-ден жоғары. Қарашадан сәуірдің ортасына дейін Ертіс қатып жатады. Мұздың қалыңдығы 125 см-ге жетеді. Сең жүру күшті болады да, өзенді кейде сең бөгеп тастайды, соның салдарынан деңгейі көтеріліп, суы тасиды.
Ертістің барлық бөлігі кеме жүзуге қолайлы. Жолаушылар және жүк таситын өзен кемелері Қытай шекарасына дейін барады. Ертістің суын электр қуатын өндіруге пайда-ланады. Ең ірі СЭС (Өскемен, Бұқтырма және Шүлбі) Кенді Алтайдың өндіріс орындарына электр қуатын береді.
Ертіс балыққа бай және онда кәсіптік маңызы бар шокыр, сыла, бекіре, шортан, сазан, табан балық, алабұға, қара балық ауланады. Жақында көксерке және байқал түркесі өсіріле бастады.
Ертіс өзені республиканың халық шаруашылығы үшін маңызы ерекше, бірақ мүмкіндігі әлі де жеткілікті пайдаланылмай келеді. Ертіс суының көбі текке Обь өзеніне ағып кетіп жатыр. Сондықтан халық игілігіне жарату мақсатымен суының бір бөлігі Ертіс — Қарағанды каналы арқылы Орталық Қазақстанға әкелінді. Орталық Қазақстан пайдалы қазбаларға өте бай, бірақ онда су тапшы. Жазда кеуіп қалатын біраз ұсақ өзендер халықтың және шаруашылықтың өсіп келе жатқан талабын қанағаттандыра алмайды. Сондықтан ұзындығы 458 км, тереңдігі 5-7 м-ге дейін жететін Ертіс — Қарағанды каналы 1974 жылы іске қосылды. Канал аркылы Ертістен 75 м8/сек су келеді. Каналдын екінші кезеңі Жезқазғанға дейін тартылады. Павлодар, Қарағанды облыстарын сумен қамтамасыз етуде рөлі зор. Ертістің сол жақ салалары Есіл мен Тобыл өзендері Қазақстанның солтүстік аймақтарын басып өтіп, Ертіске республика шегінен шыққаннан кейін барып кұяды.
Ішкі алаптар. Каспий теңізінің алабы. Жайық өзені — Орал тауынан басталып, Батыс Қазақстанды солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өтіп Каспий теңізіне кұяды. Жайықтың ұзындығы 2428 км, республика жеріндегі ұзындығы 1082 км.
Каспий маңы ойпатымен аққанда Жайық өзені кең арналы жазықтағы өзенге айналады, кең жайылымдар, ескі арналар, ұсак көлдер пайда болады. Өзеннің жағалауында кұм мен саздан түзілген тік жаркабактар жиі кездеседі. Өзен құяр жерінде екі тармаққа бөлінеді. Негізінен қар суымен қоректеніп, көктемде тасиды. Орташа жылдық су шығыны 400 м3/сек (Көшім ауылы тұсында), оның 80%-ы көктем айларына келеді. Өзен тасыған кезде деңгейі орта және төменгі ағысында 9-10 м-ге көтеріледі. Басты салалары — Самара, Шаған, Елек, Ор. Ал Өлеңті, Бұлдырты, Қалдығайты, Ойыл, Сағыз деп аталатын салалары Жайыққа жетпей кұмға сіңіп, тартылып қалады.
Жайық өзенінен республика жерінде ондаған суару-суландыру жүйелері (Нарын, Бақсай, Приморск, т.б.) арқылы сумен жабдықталған. Жайық өзенінен Жем мұнай кәсіпшілігі су кұбыры тартылған. Жайық өзені кеме жүзуге қолайлы. Өзеннен бекіре, шоқыр, майшабақ, көксерке, каспий қаракөзі, табан балық, сазан, жайын ауланады.
Каспий теңізі алабына Жем (Ембі) өзені де жатады. Бірақ суы мол кезінде болмаса, ол да теңізге жетпей кұмға сіңіп, тартылып калады.
Арал теңізінің алабы. Сырдария өзені Қазақстаннан тысқары жатқан Орталық Тянь-Шань тауларынан басталады. Өзеннің ұзындығы 2212 км. Орта және төменгі ағысында (1400 км) республика жерімен өтеді. Өзен алабында өзен суын толықтырушы 1700 мұздық бар. Таудағы қар мен мұздықтардың көктем мен жаз мезгілінде еруінен деңгейі бірнеше рет көтеріледі. Орташа жылдық шығыны Қызылорда қаласы тұсында 673 м3/сек, оның жаз бен көктемдегі үлесі 47%. Өзен желтоқсаннан бастап қатып, наурыздың аяғында ери бастайды. Су лайлылығы 1200 г/м3, Сырдария — республиканың ең лай өзені. Өйткені өзен жолындағы борпылдақ лессті сазды жыныстарды шайып өтіп, ені 10-15 км жайылмалар жасайды. Бұл уақытта өзен арнасынан асып, қатты тасиды. Су жан-жағын басып, арнасын өзгертеді.
Сырдария (Сейхун) жағалауы сонау ежелгі заманнан бері халық тығыз қоныстанған, суармалы егіншілік кеңінен дамыған мәдениет ошақтарының бірі болып саналады. Бүгін Сырдария аңғары — республикадағы күріштен мол өнім алатын өңір. Өзеннің ағынын реттеп, суын егістік пен шабындықтарды суаруға және суландыруға тиімді пайдалану үшін өзен бойында Қызылорда, Қызылкұм және Қазалы суару жүйелері, Шардара бөгені, т.б. салынған.
Өзен суы халық шаруашылығының мұқтажына толық пайдаланылуына байланысты Сырдария Арал теңізіне 1974 жылдан бері құймайды. Сырдария Қызылкұм, Арыскұм және Арал маңы Қарақұмын кесіп өтеді. Өзеннің кәсіптік маңызы бар көксерке, табан балық, ақмарқа, қаяз сияқты балықтары да азайып кетті. Сырдарияға Қазақстан жерінен жалғыз Арыс өзені құяды.
Арал теңізінен шығысқа қарай және солтүстігінде бірнеше ұсақ көл бар. Оларға біраз кішігірім өзендер мен жылғалар келіп кұяды. Бұлардын ішіндегі ен маңыздылары:Шу, Сарысу, Торғай және Ырғыз.Қызылкұм кұмды шөлінің арасында Жаңадария (ұзындығы 300 км), Қуаңдария (ұзындығы 325 км) сияқты кұрғап қалған ескі арналар көп кездеседі.
Балқаш — Алакөл алабы. Бұл алаптын ең үлкен өзені -Іле. Іле өзені Шығыс Тянь-Шань тауларынан басталатын Текес және Күнгес (Күнес) өзендерінің қосылуынан пайда болады. Текес өзенінің кұяр сағасынан өзеннің жалпы ұзындығы 1439 км, оның Қазақстан жеріндегі ұзындығы 815 км. Республика шегіндегі ірі салалары: Түрген, Тал-ғар, Қаскелең, Күрті, Шілік, Шарын, Өсек. Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің таудан ағып шығар аралығында Қазақстанның ірі қаласы — Алматы орналасқан. Басталар жерінде тау өзені болып табылатын Іле орта және төменгі бөлігінде жазық өңірмен ағады. Қапшағай шатқалы маңында өзен анғары тарылады да, Күрті өзені кұйғаннан кейін аңғары кеңіп, қайтадан жазық өзеніне айналып, Сарыесік Атырау және Таукұм кұмдары аралығымен ағады.
Қапшағай шатқалынан төмен Іленің көне атырауы Бақанастың (Шетбақанас, Ортабақанас, Нарынбақанас) кұрғақ арналары бөлініп шығады. Іленің аңғары 200 м-ден (Қапшағай шатқалы тұсында) 15 км-ге дейін кеңейеді. Суының молдығы жөнінен Іле республикадағы Ертіс, Жайықтан кейінгі үшінші өзен. Жылдық орташа су шығыны 464 м3/сек (Қапшағай тұсында). Негізінен қар және мұз суымен қоректенеді. Өзеннің ең жоғарғы деңгейі шілде — тамыз айларында байқалады. Өзен қарашаның аяғында қатып, сәуірдің басында мұзы ериді.
Іле алабындағы тау өзендерінде тасты-лайлы тасқындар (селдер) жиі болып тұрады. Тасқындар жолындағы тау беткейлерін бұзады, өзен арнасын өзгертеді, көпірлер мен құрылыстарды талқандап, халық шаруашылығына көп зиян келтіреді. 1963 жылғы 7 шілдеде болған жойқын сел әдемі Есік көлінің табиғи бөгетін бұзып, көлді жойып жіберді. Соңғы кезде селге қарсы күрес жұмыстары жүргізіліп, түрлі шаралар жүзеге асырылуда. Мысалы, тау беткейлерін бұзылудан сақтау үшін ағаш отырғызылып, шөп өсірілуде, бөгендер салынуда.
Алматыдан жоғары, Іле Алатауының Медеу шатқалында селге қарсы тосқауыл мақсатында зор қопарылыс арқылы 1966 жылдың күзінде Медеу бөгеті салынды. Оның биіктігі 100 м-ге, табанының ені 600 м-ге жуық. Ол Алматы қаласын 1973 жылғы шілдеде болған жойқын селден құтқарып қалды. Іле өзені Қытай шекарасына дейінгі бөлігінде кеме қатынасына колайлы. Іле салаларының суы түгел дерлік егін суаруға пайдаланылады. Үлкен Алматы каналы (Шілік-Шамалған аралығында) Іле Алатауы етегінде ондаған мың гектар жерді суаруға мүмкіндік береді.
Іле өзенінде Қапшағай СЭС-і салынып, Қапшағай бөгені пайда болды. Мұның өзі суармалы жердің көлемін ұлғайтып, кеме қатынасын жаксартты. Қапшағай СЭС-і өнеркә-сіптің әр түрлі саласын өркендетуге және ауыл шаруашылығын электрлендіруге мүмкіндік береді. Қапшағай СЭС-ін төменде Іле өзенінің оң жағында Ақдала массиві суландырып күріш егуге пайдаланады.
Атырабы қамысты, тоғайлы келеді, балықтардан сазан, шортан ауланады. Қабан, қамыс мысығы, ондатр, жетісу қырғауылы, ақбас тырна, т.б. кездеседі