Қазақстанның жері негізінен қуаңшылықты болып келеді.климат картасында көрсетілгендей,мұнда жауын-шашын аз түседі және әркелкі таралған.Жауын-шашынның таралу мөлшеріне оның атлант мұхитынан қашық жатуы және Еуразия материгінің орталығында орналасуы зор әсерін тигізеді.
Қазақстанның жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 130-1600 мм аралығында.әсіресе,арал теңізінің солтүстік-шығысына іргелес жатқан аудан мен Балқаш көлінің батыс бөлігінде жауын-шашын солтүстікке қарай кемиді.Жауын-шашын солтүстікке орта есеппен 400 мм-ден көбірек,ал орталық алқапта 275 мм-ге дейін,оңтүстікте-130 мм-ге дейін түседі.Батыстан шығысқа қарай жауын-шышын мөлшері кемиді.Жауын шашын ең көмп түсетін жері-Батыс алтай.
Республиканың жазық және аласа таулы бөлігінде атмосфералық жауын-шашын батыста орал қаласы маңында 374 мм жауса,шығыстағы Жайсан Қазаншұңқырында-200 мм.Қазақстанның таулы бөліктерінде жазықты аласа таулармен салыстырғанда жауын шашын мөлшері мол.Республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс биік таулы аудандары ылғалы мол өңір болып саналады.Таулардың жел жақ беткейлерінде 500 мм,ал кіші Үлбі өзенінің жоғарғы ағысында 1600 мм ылғал түседі.Қазақстанда атмосфералық жауын шашынның жылдық таралуы әркелкі.солтүстік өңірлерде жылдық жауын шашынның жылдық таралуы әркелкі.Солтүстік өңірлерде жылдық жауын шашын мөлшерінің 70-80 пайызы жылдың жылы мезгілінде түседі.Қазақстанда атмосфералық жауын-шашынның таралуы әркелкі.Солтүстік өңірлерде жылдық-жауын шашынның мөлшері 70-80 пайыз жылдың жылы мезгілінде түседі.ылғалдың көп мөлшері шілде айында келеді.
Республиканың оңтүстік аудандарында кей жылдары жазда 2-3 ай бойы жауын шашын мүлдем жаумайтын кездері де болады.Бұл кезде «құрғақ» жаңбыр байқалады,яғни жаңбыр тамшылары жер бетіне жетпей,ауада буға айналып кетеді.ал жаңбыр жауғанда,көбіне күн күркіреп,найзағай жарқылдайды.Жылдың салқын уақытында жауын-шашын жалпы аз түседі.сондықтан қар жамылғысы қалың емес.Республиканың солтүстігіне қыста жылдық жауын-шашынның 20-30 пайызы,оңтүстігіне 50-60 пайызы түседі.Бұл оңтүстік аудандарда жиі өтетін циклондық әрекеттеріне байланысты.
Қар жамылғысы еліміздің аумағында әр кезеңде түседі.Орманды дала,дала зоналарында қар жамылғысының ең ерте түсетін кезеңі қыркүйектің аяғы-қазанның басына тура келеді.Ал оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының шөлейт зоналарын да ең ерте түсетін кезі қазан айының аяғы.шөл зонасында желтоқсанның аяғында түседі.
Тұрақты қар жамылғысының қалыптасатын кезеңі алтай және Оңтүстік шығыс тауларының мұзды қарлы белдеулерінде қазан айының басы.
Қазақстан жерінде қар жамылғысының жату ұзақтығы мен қалыңдығы әркелкі.солтүстікте қардың қалыңдығы орта есеппен 20-30 см болса,қар жамылғысының жылына 125-165 күн жатады,оңтүстік те қардың қалыңдығы 10-15 см,қар 40-60 күн жатады.Таулы аудандарда қардың қалыңдығы мен жату ұзақтығы биіктігіне байланысты,мысалы,Іле Алатауындағы Мыңжылқыда қар жамылғысының қалыңдығы 90 см де,230 күн қар ерімей жатады.Республика жерінің ылғалдылығы тек жауын-шашын мөлшеріне ғана емес,оның булану мөлшерінеде байланысты.егер булану мөлшері жылдық жауын шашын мөлшерінен аз болса,онда ылғалдық артады.Ал керісінше,булану мөлшері жылдық жауын шашын мөлшерінен көп болған жағдайда,ылғалдылық жеткіліксіз болады.
Жылдық жауын шашын мөлшерінің буланушылыққа қатынасын ылғалдану коэффициенті деп атайды.Қазақстанның биік таулардан басқа барлық өңірлерде буланушылық бірнеше есе артық.Мысалы,Түркістанда буланушылық 1250 мм,ал жауын-шашын 238 мм.Ылғалдану коэффициенті 0,19,бұл климаттың аса құрғақтығын көрсетеді.
Ылғалдану коэффициенті табиғат зоналарының таралу заңдылығын түсіндіруге мүмкіндік береді.Мәселен,ылғалдану коэффициенті жылу мен ылғал мөлшері арасындағы байланысты,өсімдік пен топырақ зоналарының орналасуын,өзен мен көл жүйесінің тығыздық себептерін анықтауға,сонымен бірге ылғал сүйгіш және қуаңшылыққа төзімді ауыл шаруашылық дақылдарын өсіретін аудандарды дұрыс белгілеуге мүмкіндік береді.