Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі.Бұл Жер қыртысының геологиялық құрлысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты.Тау түзілу, магмалық жыныстардың енуі және метоморфизм(өзгеріске ұшыраған),яғни эндогендік процестердің әртүрлілігі,солармен байланысты тау жыныстарының құрлымында , минералдық және химиялық құрылысында болған қандайда бір өзгерістер түрлі пайдалы қазбаларды түзеді.
Пайдалы қазбалар деп, қазіргі техниканың даму деңгейінде, табиғи түрінде немесе өңделгеннен кейін шаруашылықта пайдалануға болатын миералдар мен тау жыныстарын айтады.Әдетте, таулы аймақтарда(қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы аудандар) және шөгінді қабығынан айрылған платформаларда рудалы қазбалар кені көптеп кездеседі.
Ал шөгінді түріндегі пайдалы қазбаларды (мұнай, газ, көмір,уран және т.б) шөгінді қабығы бар платформаларда кездестіруге болады.
1919-1923 жылдардың өзінде Қарағанды тас көмір алабының өнеркәсіптік мүмкіндіетері анықталды. Содан бері Қазақстанда геологиялық пайдалы кендер ашылып, жоспарлы зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Қазақстанда аса маңызды минералдық шикізат түрлерінің бәрі дерлік бар. Еліміздің жер қойнауынан менделеев кестесіндегі 105 элементтің, оның 70-інің мол қоры барланған және 60-тан астам өндіріледі. 6 мыңға жуығы пайдалы қазбалар кен орындары ашылған. Энергетика және минералдық ресурстар министерлігі мамандарының мәліметі бойыеша (2007) республика дүние жүзінде уран, хром және марганец қоры жөнінен-2-ші орында, мырыш,молибден,қорғасын,мыс,вольфрам және алтын қорынан – алғашқы бестікте,ал мұнай,темір және қалайы қорынан-алғашқы он орынның біріне ие. Қазақстан Еуразия континентінде хром қорынан ең бай ел, ал марганец қорынан бүкіл ТМД-да басым ел. Алтын қорынан Қазақстан дүние жүзі бойынша 5 орында, ал ТМД бойынша Ресей мен Өзбекстаннан кейінгі 3 орында. ТМД көлеміндегі мыс пен қорғасын қорының жартысынан астамы, мырыштың 70 %-ының астамы Қазақстанда шоғырланған.Пайдалы қазба орындары жанатын, кен және кен емес болып үш топқа болінеді.
Жанатын пайдалы қазбаларға мұнай мен газ , көмір, уран және т.б кен орындары жатады.
Мұнай мен газ. Мұнай мен газдың мол қоры Атырау, Маңғыстау,Қызылорда, Ақтөбе және Батыс Қазақстан аймақтарында шоғырланған. Мұнай елімізде бірінші рет 1899 жылы Қарашүңгілдегі Эмбі кен орнындағы мұнай ұңғысынан атқылады.Ал 1911 ж.Доссор,1915 ж,Мақат кен орны пайдалануға берілді. Бұл кен орындарына 60-шы жылдары Маңғыстау түбегіндегі Өзен мен Жетібай қалды. Кейінірек олардан да қуатты Қаражамбас пен Қаламқас, Теңіз (Атырау облысы), Кеңқйяқ және Жаңажол (Ақтөбе облысы), Қарашығанақ (Батыс Қазақстан облысы) пен Құмкөл (Қызылорда облысы ) кен орындары ашылды. Қазір Қазақстанда мұнай мен газ шоғырланған 14 алап және 207 кен орны бар. 1999 жжылы Қазақстан қойнауынан алғашқы отандық мұнай алынғанына 100 жыл толғанын тойлады. Бүгінде республиканың жылына (2005 ж) шамамен 50,2 млн мұнайы шет елге шығарылады.
2000 жылы Атыраудың солтүстік шығысында 45 км жерде Каспий қайраңында Қашаған мұнай кен орны ашылды. Ол соңғы 30 жылдағы дүние жүзіндегі ең ірі кен орны. Геологиялық қоры 4,8 млрд тоннаға бағаланады. Жалпы Қазақстандағы мұнай қорының болжамы 20-25 млрд тонна. Қазақстандағы жалпы газ қоры 6 трлн м3. Дүние жүзінде 12-ші орын алады. Соның 70 %-ы Қарашығанақтың үлесінде.
Көмір. Қазақстанда көмір қоры мол. Мұнда тас көмір мен қоңыр көмірдің 10 алабы, 300 кен орны бар. Қазақстанның жалпы көмір қоры 164 млрд т-ға жетті. Республикаға 90-жылдардың аяғына қарай жылына 90 млн т. Көмір өндіреді. Ғалымдардың жобалауы Бойынша жылына 140илн т. өндірілсе еліміздегі көмір қоры 250 жылға жетеді. Көмір кен орындарының басым бөлігі Қарағанды, Повладар және Қостанай облыстарында орналасқан.
Қазіргі кезде Қарағанды алабы 3600 км2 жерді алып жатыр. Бұл –Қазақстан негізгі көмір базасы. Қарағанды көмір кокстелетіндіктен сапасы өте жоғары. Тас көмірдің 80 қабаты анықталған, олардың жалпы қалыңдығы 120 м. Көмірдің барланған жалпы қоры 60 млрд т.
Маңызы жағынан 2-ші орында Екібастұз көмір алабы алады.Бұл алап Сарыарқа мен Ертіс маңы жазығы аралығында орналасқан. Повладар облысында ауданы 160 км2, қазып алынатын көмір қабатының 150 м. Ашық әдіспен өндірілетін болғандықтан, еліміздегі көмірдің ең арзаны болып табылады. Дүние жүзіндегі ең ірі (Алып) кенішінде жылына 36 млн т. Көмір өндіріледі.
Соңғы кезде Майкүбі (Повладар облысы) және Торғай (Обаған) көмір алаптарын игеру басталады, сондай-ақ Екібастұз көмір алабының (Алып), (Солтүстік ) және (Шығыс) кеніштерінде қайта құру, қайта жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.
Уран. Қазақстанның минералды шикізат базасы дүние жүзінде уранның 25%-ын құрайды. Экзогендік кен орындары басым таралған. Елімізде уранның 1000-ге жуық кен орындары барланған. Оның тең жартысы Солтүстік Қазақстанда орын алады. Ірі органогендік кен орындары Маңқыстау түбегінде кездеседі. Барланған қоры (470 мың т ) жағынан Қазақстан дүние жүзінде 2-ші орында. Қазақстан бүкіл ТМД жерінде өте қуатты уран минералдық базасы бар.