БАТЫЛ ЖОБАЛАРҒА АРНАЛҒАН АЛАҢ

Осы тақырыпқа деген қызығушылым, «Нұр Отан» ХДП партиялық бақылау Комитетін менің мүше-әріптесім басқаратын экономикалық реформа және аймақтық дамыту бойынша Мәжіліс Комитетінің мүшесі Николай Логутов бағдарламаны жүзеге асыру кезінде бақылау бойынша Эксперттік топтың мүшесі ретінде мені сайлаған кезде пайда болған еді. Біздің көз алдымызға бірінші кезекте: қалалардың паспорттары, тұрғындардың көрсеткіші, әсіресе жастардың, даму бойынша шаралар түскен еді. Ерекше көңіл қала құратын кәсіпорындарға бөлінеді: олардың жағдайлары, жұмыскерлер саны, орташа айлық төлемі, келешек жоспарлар, және де еншілес құрылымдары қаралады. Мониторингтың маңызды аспекттеріне – МСБ субъектілерінің болуы және олардың қауымдастығы, қайта құрылатын объектілерді орналастыру, сонымен қоса мемлекеттік бағдарламалар бойынша, үкімет органдарымен, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен өзара қатынас мәселелері бойынша жұмыс жасау кіреді.

«Нұр Отан» ХДП «Қала құратын кәсіпорындар мен жергілікті үкімет органдарының көмегімен моноқалаларда кіші және орта бизнесті дамыту» бағдарламасы бойынша не істеліп жатыр? «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы қалай қолданылуда? Талдама еңбек ресурстарын, әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіруде мемлекеттің қатысуы. Депутат-нұротандықтарды әр қаланың қалай күн көретіні қызықтырады, сұрақтар азаматтардың күнделікті мүдделерінен пайда болады, сол себептен әр теңгенің шығындалуы бақылауға қойылады. Себебі көптеген адамдарға қаражаттарды сынған жолдар, қоқыс үймелері, тозған коммуникация жүйелері және нашар экологиялық жағдайлар көрінісінде әр түрлі безендірулерге жұмсалғаны ұнай қоймайды.

Мамандардың ойы бойынша, соңғы уақытта тұрғындардың кіші қалалардан кету үрдісі азая бастады: көшіп-қонудың оңтайлы сальдосы бар, қалалар мен аудандар саны 45-тен 55-ке дейін өсті. Менің ойымша, тұрғындар әл-ауқаттың одан әрі дамуын аумақты бағдарламалардың жүзеге асырылуымен байланыстырады. Ол өмірге үміттене қарауға мүмкіндік береді. Кезінде, моноқалалар бюджеттен қаражаттанбаған кезде, республикалық бюджеттің трансферттері облыстық орталықтарға ғана бөлінетін. Бағдарлама басталғаннан кейін ақша мақсатты түрде бөлінді. Нәтижесінде аббатандырылған көшелер, жөнделген жолда, қайта құрылған жылыту жүйелері болды. Жалпылай 171 жоба іске асты.

2013 жылы моноқалаларды дамытуға былтырғы жылға қарағанда, алты есеге көп ақша бөлінді – 34 млрд теңге. Бұл қаражаттар инфрақұрылымды, инженерлік жобаларға, несиелерді субсидиялауға, кәсіпкерлікке үйретуге, «Еңбекпен қамту 2020» бағдарламасының тетіктерін микрокедиттеуге жұмсалды, сондай-ақ «Бизнестің жол картасы» аясында гранттар бөлуге және кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын ашуға бөлінді. Үлкен қаражат Қарағанды облысына қарастырылған, аталған соманың үш бөлігі – 11,4 млрд теңге.

Сонымен қоса, 2013 жылдан бастап, екінші деңгейдің банктері кіші бизнесті несиелеу бағдарламасына енгізіліп жатыр; салалық шектеулері жоқ несиелер бойынша пайыздық мөлшерлер субсидияланатын болады; өндірістік инфрақұрылым дамитын болады. Тұрғындарға аймақтық комиссиялармен есептелетін жаңа өндіріс құруға гранттар 1,5-тен 3 млн теңгеге дейін бөлінеді. Сондай-ақ моноқалалардың тұрғындары, еңбекпен қамтылған, табысы аз азаматтар, жұмыссыздар, оралмандар – микронесиелер алуға мүмкіндіктері бар (5 жылға 3 млн теңгеге дейін). Несие мөлшері аймақ пен әкімшілік өзгешелігіне байланысты 5 %-дан 9 %-ға дейін өзгертілетін болады.

Бағдарлама стратегиялық инвесторларды тартумен де қарастырылған. Осыған байланысты, орталық деңгейде қарастырылған және маслихатпен қабылданған моноқалалардың кешендік жоспарларында инвестициялық ұсыныстар белгіленген. Және потенциалы төмен және орташа моноқалаларда инвестициялық стратегиялық жобаларды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға газ, электрлік энергия, жер телімін алу, ғимараттар мен құрылыстар салу бойынша шығындарды төлеу мен қайтару арқылы өндірістік жәрдемақылар қарастырылған.

Инвесторларды тартудан басқа, әр моноқалаларда зәкірлі жобалар қарастырылған – республикалық бюджеттен, ҮИИД мемлекеттік бағдарламасынан немесе кәсіпорындардың өз қаражаттарынан бөлінетін көлемді әзірлемелер. Осындай жобалар құрылыс кезінде 100-ден кем емес тұрақты жұмыс орнымен және тағы объекттің іске қосылған кезінде 100 орынмен қамтамасыз етеді. Мысалға, Абай қаласында тәулігіне 10 тонна өнім шығаратын колбаса цехы мен тәулігіне 20 бас мал қабылдайтын сою пункті құрылатын болады.

2013 жылы Саран қаласында екі зәкірлі жобаның іске асуы жоспарланған – арнайы мақсатқа арналған тоқу материалдарын өндіретін зауыт құрылысының аяқталуы «Геополимер» ЖШС, сонымен қоса тұрғын үй құратын «ККК Бетон» ЖШС құрылысы. Сондай-ақ «Спецсталь» ЖШС құю өндірісін, «Полимер Технолоджи» ЖШС суперконцентрат өндірісі, «Алтай-2030» ЖШС диірмендік кешені бар макарон бұйымдарын ұйымдастыру жоспарланған. «Карагандарезинотехника» ЖШС өндірістк алаңы автомобильдік шина өндіретін зауыттың құрылысына «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС инвестициялық жобасы мен индонезиялық компанияға ұсынылды. Айтпақшы, осы жылдың бірінші тоқсанында қала құратын кәсіпорын — «Карагандарезинотехника» ЖШС-мен МСБ кәсіпорындарында тапсырыстарды орналастыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарланды.

Білім, денсаулық сақтау, спорт нысандары бойынша Саран қаласында үлкен көлемді жұмыс өткізілетін болады, Ақтас мекенінде поликлиника бөлімінің ғимаратына кешенді жөндеу жұмыстары өткізілетін болады, «Сәуле» балабақшасының қайта құрылуы, көшелік жарықтандыру жүйесі мен жабық қоқыс жинағыштарды қайта қалпына келтіру жұмыстары және т.б. Белгіленген жобаларды орындауға қаланың индустриалды потенциалы жұмсалатыны бізді қуанта түсіреді.

Қаражал қаласында да өзгерістер болады, былтырғы жылы ол жерде үлкен жоба іске асты: энергия үнемдегіш жарықтандыру жүйелері көшеге орнатылып, бала алаңдары аббатанып, қатты тұрмыстық қоқыстардың шығарылуы жөнделді. Осы жылы жылумен қамтамасыз ету жүйесі жөнделуі жоспарлануда. 2012 жылға бөлінген қаражат толығымен жұмсалды. Және бұл қаражаттар келешекте де бөлініп отыру керек. Қаражалдағы жағдайды бақылау үшін партиялық бақылаудың тұрағы құрылды. Оның төрағасы қалалық маслихаттың «Нұр Отан» ХДП депутаттық фракциясының жетекшісі Т. Қасымов. Ол моноқалаларды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша бюджеттік қаражаттардың жұмсалуын бақылау бойынша Қоғамдық кеңесті басқарады.

Шахтинск қаласы да өзгеретін болады. Бұл жерде аулалық алаңдарды аббатандыру, жылыту жүйелерін жөндеу, инженерлік инфрақұрылымның темірбетонды тіректерді айырбастау, «Шахтинская ЖЭЦ» АҚ жаңа күл төгу орны ашылады.

Моноқалаларды дамыту бағдарламасын қабылдағаннан кейін Теміртаудың да болашағы жайнай түседі. Оның барлық экономикалық күшін қайталап айтпай-ақ, оның бір көрсеткішін айтуға болады: соңғы жылдары бұл қалада балалардың туу саны арта түсті.

Сондай-ақ қаланың экономикасын ұзақ мерзімді диверсификация үшін зәкірлі инвестициялық жобаны жүзеге асыруда – цементті кептіру тәсілмен өндіру № 5 технологиялық жолдың ашылуы болатынын айта кеткім келіп отыр. Оның құрылысында 302 адам жұмыспен қамтылады, іске асуында – 115. Темір жолдағы вагон мен арба өндіріс жөнделеді. Ферромарганец пен ферросиликомарганец алу үшін ферро еріту пешінің құрылысы қарастырылуда «Темиртауский электромеханический комбинат» ЖШС, электролиздық жабдықтағы штамптпар мен прессформалар өндірісінің зауыты «Практика Т» ЖШС, КарГРЭС-1 қосалқы жабдығы бар конденсациялық турбиналарды орнату.

Қосалқы және қызмет көрсететін өндірістерді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ айналасына орналастыру бойынша қала құратын кәсіпорындармен жұмыстар жасалуда, дәлірек айтқанда 120 жұмыс орны бар көмір өндіретін фабриканың құрылысы. Кешендік жоспар аясында әзірленген қала паспорты орта және ұзақ мерзімді келешекте тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға жету мақсатын алдына қояды.

Моноқалалардың болашағы үшін, менің пікірімше қалалық шаруашылық кластерлерін салу дұрыс болады деп ойлаймын: бірыңғай ақпараттық кеңістіктің қалыптасуы; ТКШ үдерістерін жетілдіру, кластердің жалпы саясатын жүйелеу, қызметкер құрамының кәсіби деңгейлерін арттыру. Еңбекпен қамту мәселесін шешуде, өзін еңбекпен қамтыған, жұмыссыздар және табысы аз тұрғындарды оқыту және еңбекпен қамту, кәсіпкерлікті дамыту, еңбек қорының жинақылығын арттыру.

Жоғарыда көрсетілген мысалдарға қарасақ: моноқалаларды дамыту бағдарламасы өзінің жемістерін де беріп жатыр. Сонымен қоса, дәл осы жобалар әр түрлі саладағы батыл жобаларды іске асырудың алаңы болу керек. Және «Қазақстан-2050» Стратегиясының контекстінде осы мүмкіндікті толығымен қолдану керек. Моноқалаларды қаржымен қаражаттандыруды жалғастыру керек, соған қоса мемлекеттік-жеке ынтымақтастық ресурстарын кеңімен тарту қажет. Ал болашақта, тәжірибені ескере отырып, моноқалаларды қолдау бойынша шаралар кешенін жүзеге асыруда заң қалыптастыруға болады.