Биік таулы өлкелер

Биік таулы өлкелерге Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысындағы Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) алатауы және Тянь-Шань тау жүйелері жатады. Бұл таулардың барлығы полеозой қатпарлықтарында көтеріліп, мезозой эрасында тегістелген. Жаңа тек тоникалық қозғалыстар нәтижесінде қайта жаңғырған. Биік таулы өлкенің аласа таулардан айырмасы жер бедерінің биік әрі күшті тілімденгенімен ерекшеленеді.

Алтай. Сібірдің оңтүстігіндегі ең биік таулы өлке. Негізгі бөлігі Ресей жерінде жатыр. Қазақстан жеріне Алтай тау жүйесінің оңтүстік батыс бөлігі ғана кіреді. Оны Оңтүстік Алтай, Батыс немесе Кенді Алтай және Қалба жотасы деп үшке бөлуге болады.

Оңтүстік Алтай солтүстігінде Бұқтырма өзені, оңтүстігінде Қара Ертіс өзені, аралығында жатыр. Ресей мен мемлекеттік шекарада Алтайдың ең биік Қатын жотасы орналасқан. Оның биік шыңы Мұзтау 4506м. Осы жерден оңтүстік-батысқа қарай оңтүстік Алтайдың басты тау жоталары (Оңтүсттік Алтай, Сарымсақты, Нарын, Күршім) тарайды. Олардың биіктіктері шщығыста 3500м-ден батысқа қарай бірте-бірте 1200-2000м-ге дейін аласарады. Шығыстағы биік бөлігінің төбелерін қар мен мұздқтар басқан үшкір шыңды болып келеді.

Батыс немесе Кенді Алтай Қазақстан жеріне батыс сілемдері кіреді. Олардың бастылары: Листвияғв, Холзун, Көксу және олардан тармақталған Үбі, Иванов, Үлбі жоталары. Батыс Алтайдың шығыс бөлігі қатты тілімделген және шыңдарын мәңгі қар мен мұздықтар жауып жатқан биік таулы болып келеді. Батыс Алтайдың көптеген пайдалы қазбалар ( мыс,мырыш, қалайы, қорғасын, вольфрам, күміс, алтын, т.б. металдар) табылған. Сондықтанда Батыс Алтайды Кенді Алтай деп атайды.

Қалба жотасы-Алтай тауларының Ертіс өзенінен батысқа қарай 400 км-ге созылған жалғасы болып есептеледі. Ең биік жері Сарышоқы шыңы 1606м. Батысында жота бірте-бірте аласарып, Сарыарқаға ұласып кетеді.

Сауыр-Тарбағатай іргелс жатқан жоталармен бірге біртұтас тау жүйелерін құрайды. Ол Сарыарқаның шығыстағы жалғасы болып саналады. Сауыр-Тарбағатайдың солтүстігінде Жайсан қарашұңқыры, ал оңтүстігінде Алакөл қазаншұңқыры жатыр.

Сауыр жотасының ең биік жері Мұзтау шыңы 3816м. Қазақстан жерінде Сауырдың тек батыс бөлігінің солтүстік беткейі кіреді. Төбелерінде мұздықтар бар.

Тарбағатай (Барқытбел) Сауырға қарағанда аласа, бірақ одан ұзынырақ, 300км-ге созылған. Биік нүктесі Тастау 2992м. Төбелерінде мұздықтар жоқ.

Жетісу таулы өлкесі. Оған Қазақстан жерінде Жетісу Алатауының солтүстік, оңтүстік-батыс бөлігі кіреді. Бұл тау жүйесі солтүстігінде Алакөл қазаншұңқыры мен оңтүстігінде Іле өзені аңғарымен шектелген. Солтүстік шығыстан оңтүстік батысқа қарай 450км-ге созылып жатыр.

Қытай мен Қазақстан шекарасында, Жетісу Алатауымен Барлық жотасының аралығында Жетісу қақпасы деп аталатын тау аралық ойыс бар. Ол Қытайдағы Ебінұр көлінің ойысымен Алакөл қазаншұңқырын қосады.

Жетісу Алатауының бас тау жүйесінің биіктіктері 5000м-ге жуық қатар жатқан Солтүстік және Оңтүстік жотаға бөлінеді. Ең биік жері солтүстікте Бесбақан шыңы 4622м,, оңтүстікте Тышқантау 4359м. Жетісу Алатауының бас тау жүйелерінің басын мәңгі қар мен мұздықтар жапқан. Жетісу Алатауы гнейс, кристальды тақтатас, кварцит, мәрмәр және әктас жыныстарынан түзілген. Жетісу Алатауының бірден-бір ерекшелігі -тау төбелерінде тегістелген жазықтардың болуы. Олар орналасу биіктігіне қарай бірнеше сатылы болып келеді.

Тянь-Шань таулы өлкесі Қазақстанның оңтүстігімен оңтүстік-шығысын алып жатыр.Республика жеріне Орталық Тянь-шань мен Батыс Тянь-Шаньның бір бөлігі, Солтүстік Тянь-Шань түгел дердік кіреді.

Орталық Тянь-Шань Қытай, Қазақстан, Қырғызстан шекараларының түйіскен жерінен басталады. Осы жерде Қазақстанның ең биік нүктесі Хантәңірі 6995м орналасқан.

Хантәңірі тау массивінен батысқа қарай бірнеше жоталар тарайды. Олардың ең үлкені Теріскей Алатауының шығыс тармағы арқалы Қазақстан Қырғызстан мен шектеседі. Тау беткейлері көптеген шатқалдармен тілімделген, тау шоқтықтарын мәңгі қар көмкеріп жатыр.

Солтүстік Тянь-Шаньға Ұзынқара ( Кетпен) жотасы, Күнгей Алатауы және Шу-Іле таулары (Желтау, Айтау), Қырғыз Алатауы жатады.

Ұзынқара (Кетпен) жотасын Орталық Тянь-Шаньнан (2300м-ге) Кеген тау аралық ойысы бөліп жатыр. Ұзынқара жотасының батыс аймағы Қазақстан, шығысы Қытай жерінде жатыр. Оңтүстік батыстан шығысқа қарай 300 км-ге созылып жатыр, ені 40-50 км. Ең биік жері Небесная тауы 3652м. Ұзынқара жотасы эффузиялық жыныстардан, әктас, граниттен түзілген. Тау үсті жайпақ, беткейлері өзен аңғарларымен тілімделген, тік құлама шатқалды келеді.

Қазақстанға Күнгей Алатауының шығыс бөлігінің солтүстік беткейі жатады. Бұл Тянь-Шаньның ең биік жоталарының бірі (Иманбұлақ шыңы, 4647м ). Күнгей Алатауының солтүстік беткейі Шелек және кемін өзен жүйелерінің ағын суы әрекетінен тілімденген.

Іле Алатауы— Тянь-Шаньның солтүстігіндегіең биік тау жотасы. Ол шығыстан батысқа қарай 350 км-ге созылады. Ең биік нүктесі Талғар шыңы (4973 м). Осы жерден бастап Іле Алатауы шығысқа қарай аласара береді.

Іле Алатауында да тегістелген жазықтар едәуір орын алады. Олардан биіктікте мәңгі қар мен мұздықтар жамылған үшкір, сүйір, жалаңаш шыңдар көрінеді. Іле Алатауы ежелгі шөгінді және атпа жыныстардан -құмтастан, профирден, гранит пен гнейстен түзілген. Солтүстік беткейі біраз көлбеу, бірақ көптеген өзендермен күшті тілімделген.

Шу-Іле таулары Іле Алатауынан солтүстік батысқа қарай орналасқан. Шу және Балқаш ойыстарын ажыратады. Ол Кіндіктас тауынан басталады. Биік нүктесі 1506м.

Солтүстік батысқа қарай орналасқан Хантау (1052м), Жамбыл (972м) аласа таулары қырқалы-жалды болып келеді. Іле Алатауы солтүстік-батысында Шу-Іле тауларына жалғасатын көп бүлінген ескі таулар.

Қырғыз Алатауы Күнгей жән Іле Алатауларының батысында жатыр. Ол бұл таулардан Шу өзені ағып өтетін Буам шатқалы арқылы бөлінеді. Қазақстанға жотаның батыс бөлігінің солүстік беткейлері ғана кіреді. Қырғаз Алатауы өте күшті тілімделген және биік таулы тік құз, шыңды альпілік жер бедерімен ерекше көзге түседі.

Батыс Тянь-Шань Қазақстан жерінде Талас Алатауынан басталып, одан оңтүстік-батысқа қарай созылып жатқан жоталарға ұласады. Аса ірісі Өгем, Піскен және Қаратау.

Қазақстан аумағана түгелдей кіретін Қаратау ( Бессаз) 2176м-Тянь-Шаньның қатты өзгеріске ұшыраған бұзылған ең шеткі солтүстік батыс жотасы. Қаратау пайдалы қазбалардың қазынасы. Тау қойнауының құрамында қорғасын, мырыш, т.б. түсті металдар көп тараған кен орындары кездеседі.