Жер шарындағы жер бедерінің барлық пішінін қазақстан жерінен кездестіруге болады. Республика аумағының ұзақ уақыт геологиялық тарихы даму нәтижесінде қаіргі жер бедерінің пішіндері пайда болды. Оған ойпаттар мен жазықтар, үстірттер мен қыраттар, аласа таулар мен биік таулар мысал бола алады.
Қазақстан жерінің үштен бірін Батыс Сібір жазығының оңтүстік бөлігі, Тұран ойпаты мен Каспий маңы ойпаты алып жатыр.
Батыс Сібір жазығының оңтүстік аймағы республиканың солтүстігінде, солтүстік – шығысында Орал тауларынан Алтайға дейін созылып ұзынша өмірді қмтиды.
Бұл жазықтың жер бедері біріңғай тегіс. Кей жерлерінде ғана сотүстік-шығыс бағытта 2-8 км-ге созылған 5-15 м аласа жалдар мен жондар бар. Олардың арасында ұсақ көлдер тізбегі таралған. Бір кезде теңізз түбі болғандықтан, горизонталь бағытта орналасқан теңіз шөгінді жыныстарынан ( саз, саздауыт, құм) тұрады. Батыс Сібір жазығы оңтүстіктен солтүстікке қарай еңістеу келеді. Оңтүстікте Сарыарқаға тірелген жерінде мұхит деңгейінен 200 м-ге дейін көтеріледі де, солтүстік, солтүстік-шығыс бағытта (Петропавл маңында) 130-140 м-ге дейін төмендейді. Бұл еңістікті өзендердің өте баяу ағуынан да байқауға болады. БЬатыс Сібір жазығы Ертіс маңы және Есіл-Тобыл жазықтары болып екіге бөлінеді.
Тұран ойпаты Орта Азияның солтүстік-батысы және Қазақстанның оңтүстік- батысындағы едәуір жерді алып жатқан ойпаң өңір. Қазақстанға оның тек солтүстік бөлігі ғана кіреді, ойпат негізінен Орта Азия республикалары жерінде орналасқан. Ойпаттың шеткі жағалаулары теңіз деңгейінен 200 м-г дейін көтеріледі де, ортасындағы ойыс Арал теңізіне қарай төмендейді. Тұран ойпаты көл, теңіз және өзендердің шөгінді жыныстарынан ( лесс тәрізді саз, саздауыт, құм және құмайт) түзілген. Тұран ойпаты солтүстік батысында Торағай қолаты арқылы Батыс Сібір жазығымен жалғасады.
Сырдария өзені Тұран ойпатын Қазақстан жерінде екі бөлікке — солтүстікке және оңтүстікке бөледі. Оңтүстігін Қызылқұм, Үлкен және Кіші Борсық құмдары алып жатыр. Қызылқұмның жер бедерінде құм төбелер мен қырқалар басым, ара тұра тақырлар да кездеседі. Өсімдіктер өскенен кейін құмдар бекіген, әйтседе кей жерлерде сусыма шағыл түзетін құмдар да бар.
Каспий маңы ойпаты солтүстікгінде Жалпы Сырт қыраты, шығысында Орал алды үстірті, оңтүстігінде Каспий теңізінің аралығында жатыр. Оңтүстік – шығысында ойпат Үстіртке және Маңғыстау өңіріне жалғасады. Ол теңіз және өзен шөгінділерінің құм, саз және тұнба қабаттарынан түзілген. Каспий теңізі жағасындағы ойпат теңіз деңгейінен 27 м төменде жатыр. Теңізден қашықтаған сайын, оның биіктігі бірте-бірте көтеріліп, 100 м-ге дейін барады.Каспий маңы ойпатының жалпы жер бедері тегіс. Ол бірнеше рет теңіз табаны болғандықтан кейде ондаған шақырым бойы көтеріңкі жер көре алмайсың. Ойпатта көбінесе тегіс сазды жазықтар мен құм жондар кездеседі. Ойпатта Нарын, Батпайсағыр, Бозанай, Қосдәулет, Мыңтеке, Тайсойған, Қарақұм құмдары бар. Аумағы жағынан ең үлкені Жайық өзенінің батысындағы Нарын құмы. Беті ойлы белесті құм төбелер қырқалы ойыстармен алмасады. Өсімдіктер өсіп, бекіген құм жондарының кей жерлерінде көлдері мен сорлары бар кішігірім құмды адырлар мен ойыстар ұшырасады.
Каспий маңы ойпатында күмбез тәрізді қыраттарда кездеседі. Олардың кейбіреулерінің биіктігі 100 м-ге көтеріліп, тегіс жазықтардың арасынан құм төбелер көрінеді. Мұнай, гипс, ас тұзы, т.б. пайдалы қазбалардың кен орындары осы тұз күмбездерімен тікелей байланысты. Ойпаттың оңтүстік бөлігінде биіктігі 10-45 м, ұзындығы 25 км, ені 200-300 м, ара қашықтығы 1-2 км шамасындағы бэр төбешіктері кеңінен тараған. Жер бедерінің бұл пішінін алғаш сипаттап жазған академик К.М.Бэр, сондықтан оның есімімен аталады.
Бэр пікірі бойынша жартлай дефляция нәтижесінде ( желдің әрәкетінен) және жартылай эолдық аккумуляция ( ұшқан құм көшкіндері алыс қашықтықтарға кетпей жақынырақ жерлерде орнығуы ) нәтижесінде пайда болған.
Үстірттер мен қыраттар Қазақстан жер бедерінің биігірек үлкен бөлігін қыраттар алып жатыр. Ол үстірт, Торғай, Орал алды үстірттері, Жалпы Сырт қыраттарының бір бөлігі, Бетпақдала және балқаш маңындағы жазықтар. Жер беті көбінесе тегіс, біраз жерлері белесті, ал кей жерлерінде беткейлері тік құлама болып келеді.
Үстірт солтүстік және солтүстік батысында Каспий маңы ойпаты мен, батысында Маңқыстау жазығымен шектеседі. Оның Қазақстанға солтүстік-батыс бөлігі ғана қарайды. Үстірт- теңіз деңгейінен биіктігі 200 м-ге жуық биіктік үстідегі жазық. Қазақстан жерінде ең биік тұсы – Мұзбел жоны, биіктігі 340 м. Солтүстік шығысқа қарай аласыра береді. Үстірт салыстырмалы биіктігі 150 м-ге дейін жететін тік жарлармен шектеледі. Сондай-ақ бұлар маусымдық су тасқынынан пайда болған құрғақ жыралармен тілімделген. Үстіртке көтерілетін жерді іздеп, тік жарлардың етегінде тәулік бойы жүруге болады.
Торғай үстірті шығыстағы Сарыарқа, батыстағы Мұғалжар және Оңтүстік Оралдың аралығында жатыр. Солтүстігі Батыс Сібір жазығына, оңтүстігі Шалқартеңіз ойысына жалғасады. Үстірттің орталығында солтүстіктен оңтүстікке созылып жатқан ойыс – Торғай қолаты Бар, оны Торғай бұғазы немесе Торғай қақпасы деп те атайды. Ол Батыс Сібір Жазығын Тұран ойпатымен жалғастырады. Бұғаз аталу себебі ежелгі Арал-Каспий теңізі алабы сол кездегі Батыс Сібір жазығының орнындағы теңіз алабымен осы жер арқылы жалғасады. Торғай үстірті арқылы Есіл және Тобыл өзендерінің және Торғай қолатының шағын өзендері өтеді. Үстірттің тегіс бетінде аласа төбелер, жондар, бұйратты қыраттар, көл-көшік ойыстары, сай-жыралар кездеседі.
Орал алды ( Жем) үстірті Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тау аралығында жатыр. Үстірттің абсолюттік орташа биіктігі 100 м-ден 300 м-ге жуық. Ол солтүстік шығысында 400-450 м-ге биіктейді де, солтүстікке, батысқа және оңтүстікке қарай аласарып, төбелі жоды жазыққа ұласып кетеді. Үстірт кей жерлерінде фосфорит, саз,құм шөгінділерінен түзілген. Орал алды үстіртінің оңтүстік бөлігін жем өзені салалары мен бірнеше ұсақ өзендер кесіп өтеді.
Жалпы Сырт— Орал тауы мен еділ өзені аралығындағы үлкен қырат.Қазақстанға оның қиыр оңтүстік шағын бөлігі ғана кіреді. Жалпы Сырт солтүстік-батыс бағытта жатқан аласа қыраттарды түзетін әктастан, бордан, т.б. шөгінлі жыныстардан түзілген. Қыраттың жер бедері тілімденген, қазақстанға қарайтын бөлігі тегістеу келеді. Жалпы Сырт арқылы Жайық өзенінің көпеген ұсақ салалар ағады.
Бетпақдала үстірті шығысында балқаш көлі, батысында Сарысу және оңтүстігінде Шу өзені, солтүстігінде Сарыарқа аралығында жатқан аймақ. Үстірт беті біркелкі жазық, тек кейбір жерлерінде ғана сорлар мен көлдері бар құрғақ сайлар ойыстар кездеседі. Үстіртте ағын су жоқтың қасы. Жер бедерінің абсолюттік орташа биіктігі 300-350 м. Сарыарқаға ұласатын солтүстік шығыс бөлігі биіктеу (400-700 м) келеді. Бетпақдаланың шығысы тақтатасты, гранитті және шағын, бірақ оқшауланған биіктіктер болғандықтан бұл жерлерге таулы сипат береді. Оңтүстік батысы құмтас, саз, малтатастан түзілген жазық ( биіктігі 200-300 м) және аласа бөлігі ежелден теңіздік және континенттік шөгінділерден түзілген. Мұнда негізінен тұзды көлдер, сор, тақыр, ағынсыз тұйық ойыстар кездеседі. Оның жалпы болмысынан қөиықшықты құм мен топырақ қабаты кезектесіп келетін өзіндік сипаттағы көп қатпарлы және сатыланған жазық түрлері ерекшеленіп көрінеді.
Балқаш маңы жазығы — Балқаш көлінің оңтүстік жағында, оңтүстік – шығысында Жетісу Алатауы, оңтүстігінде Іле Алатауы мен батысында Шу-Іле тауларының аралығында жатқан аймақ. Жазық құрылысына тән өзіндік ерекшелігі – жекелеген таулы қыраттарменг көмкерілген. Балқаш маңы жазығында көптеген құрғақ арналар ( Бақанас) кесіп өтетін құмды шөл Тауқұм, Сарыесік Атырау құмы және Бақанас тақырлы, сазды-құмды жазығы созылып жатыр. Балқаш маңы жазығында қырқалармен бекіген құмды жалдар басым, төбелі құмдар мен сазды-құмды жерлер кәдімгі шағылдармен алмасып отырады.