Жер бедерінің дамуы мен қалыптасуы

Жер шарының басқа аудандары сияқты қазақстан аумағында дажер бедері әлі даму үстінде. Қазіргі жер бедеріжердің ішкі және сыртқы күтерінің әрекеті нәтижесінде қалыптасып отыр. Ішкі, сыртқы күштер әрекеті әлі жалғасуда. Ішкі күштедің әсері кейінгі тау түзілу процестерінде, яғни жер қабатының ғасырлық тербелістері нәтижесінде биік таулы аудандардың шетіндеболатын көтерілулер мен төмен түсулер байқалады. Жер қойнауындағы тоқтаусыз жүріп жатқан қозғалыстарды тектоникалық қозғалыстар деп атайды. Жаңа тектоникалық қозғалыстар кайназой эрасының неоген және төрттік кезеңдерін қамтиды. Бұл қозғалыстардың нәтижесінде Қазақстанның таулары жаңғырып, қатпарлы-жақпарлы таулар қалыптасады. Тау көтерілу процесі қазір де жүріп жатыр. Бұған тау беткейлерінтерең тілімденген жас өзен аңғарларының болуы айғақ, сондай-ақ Қазақ станныңбиіктаулы жүйелеріне тән ірілі-ұсақты жер сілкінулерде тектоникалық қозғалыстардың болып жатқанын дәлелдейді. Жер сілкіну процестерін сейсмологияғылымы зерттейді. Жер сілкіну аса қауіпті апат әкелетін табиғат құбылыстарынынң бірі. Жер шарындағы сейсмикалық апаттардың тіркеуі бойынша тәулік тәулік сайын орта есеппен200-ден астам, ал бір жылда 100 мыңға жуық жер сілкінісі болып тұрады. Бірақ олардың бәрі апатты емес. Жер сілкіну Жер бетіндегі біліну-сезілу күшіне сәйкес халықаралық кесте (MSK-64) бойынша 12 балға ажыратылады. 1964 жылы үш сейсмолог ғалым ( С.Медведев –КСРО, В.Шпонхойер – ФГР, В.Карник – чехия ) есімдерініңбас әріптерінен құралған кесте қабылданды.1984 жылы осы шкала кестенің толықтырылып жетілдірілген түріMMSK-84 атаулы шкала кесте жарық көрді. ТМД аумағындағы қолданылатын осы кесте бойынша, 1 балл мен 4 балға дейінгі аралықта жер сілкіну күшін жан-жануарлар мен адамдар сезеді. Ал 7-9 балға дейінгі аралықта құрылыс орындарының қирауы байқалады. Ең жоғары 10-12 балды жер сілкінулерді жер бедері ірі өзгерістерге ( опырылу, жарылу, ығысу, т.б.) ұшырайды. Қазақстан аумағының оңтүстік және оңтүстік-шығысы бүкіл Орта Азияның ең күшті сейсмикалық аудандарының бірі. Бұл аймақ жиі және өте күшті жер сілкінулерге ұшырайды. Соңғы 110 жыл бойы Қырғыз, Іле және КүнгейАлатау жоталарында өте қарқынды жер сілкінулер болды. Жетсу Алатауы екіншіқарқынды зона -110 жылда 14 ретбайқалды. Мысалы, 1887 жылы маусымда жердің күшті сілкінуінен Алматы қаласы қирап, бұзылды. Мұндағы жер сілкіну күші 10 балға жетті. Жер сілкінуден тау опырылып, жер қыртысында да жарықтар пайда болды.

1889 жылы күші 9-10 балл шелек, 1911 жылы 10-11 балдық Кемен, 1987 жылы күші 8-9 балл Жалаңаштүп, 1979 жылыкүші 6-7 баллБақанас жер сілкінуі, Жайсан (1990), Сусамыр (1992), Текелі (1993), 23мамыр 2003 жылы Луговой ( Құлан) 7 балл және т.б. жер сілкінулер тіркелген. Қазақстанның қазіргі жер бедерінің қалыптасуындажердің сыртқы күштерініңдеәсері мол. Сыртқы күштерден тауларменқыраттар үгіліп, одан пайда болған борпылдақ жыныстар ойыстарды толтырып, тегістейді.

Антропогендік дәуірдеҚазақстанның биік таулы аймақтары бірнеше ретмұз басуға ұшырады. Ол мұздар қазіргі жер бедерініңқалыптасуына зор әсерін тигізді. Мұз басудыңқалдырған іздері карлар, астау тәрізді аңғарлар, мореналық төбелер және т.б. жербедері пішіндері қалыптасқан. Олар биіктаулардың кез келген жерлерінде байқалады. Антропогендік кезеңініңортасында климаттың ылғалды болуынан өзендер суы молайып, эрозиядан жер бедері тілімдене бастады. Қазақстанның жер бедерін қалыптастыруда сыртқы күштер ішіндегі ең басты ағынсу әрекеті. Су тасқыны аңғарларды бұзып, осылайша пайда болған тау жыныстарын ойпаң жерлергетолтырады.

Қазіргі биік таулы аймақтардан жербедерін қалыптастырушы факторлардың бірі – мұздықтар. Мұздықтардың еруінен, ұзақ жауатын нөсер жаңббырдан тау басындағы көлдердің деңгейікөтеріліп, төмен тқарай тау өзендері арнасынан асып, сел тасқындары пайда болды. Алапат екпінмен еңіске қарай жүйіткіген сел жолында кездескен кедергілерді, қатты тау жыныстарын тас-талқан етіп, ағаштарды тамырыменқопарып ағызып әкетеді. 1921 жылы шілде айында болған сел тасқыны кезіндеВерный қаласы (қазіргі Алматы) көп зардап шегіп, су астында қалған. Ал 1963 жылы 7 шілдеде болған сел тасқыны кезінде биік тауларда орналасқан, көрсе көз тоймайтын есік көлі шарасынан асып төгіліп, азғана уақыт ішінде жоқ болды. Селдің халық шаруашылығынатигізетін зияны орасан зор. Алматы қаласын сел апатынанқорғау мақсатында 1966 жылы Іле Алатауының Медеу шатқалында дүние жүзі тарихында тұңғыш рет тауды бағыттап қопару әдісімен әйгілі Медеу бөгені салынды. 1973 жылы 15 шілдедеМедеу шатқалында сел тасқыны болғаны белгілі. Медеу тасты бөгені сел тоқтатып, қаланы апаттан сақтап қалды.

Республикадағы жер бедерінің өзгеруіне жиі соғып тұратын желде көп әсер етеді.