Кең байтақ Қазақстанның жер бедері өте күрделі және алуан түрлі.Жер бедерінің басты ерекшеліктерін физикалық картадан көруге болады.Картадан республика жерінде жазықтан бастап биік тауларға дейінгі барлық жер бедерінің биік сатысын байқаймыз.Оның аумағынның үштен бір бөлігін ұлан байтақ ойпаттар алып жатыр.Қазақстан аумағының жартысынан астамы биіктігі 400-500 м болатын көтеріңкі жазықтар,үстірттер мен ұсақ шоққылар үлесіне тиеді.ал биіктері 4000-5000 м-ден астам,бастарын мұздықтар мен қар басқан биік таулар республика жерінің 10 пайызынан тұрады.олар еліміздің шығысы мен оңтүстік шығысында орналасқан таулар-Алтай,Сауыр,Жетісу Алатауы,Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік сілемдері.
Республика жер бедерінің ең төмен нүктесі еліміздің батысындағы Маңғыстау түбегіндегі Қарақия ойысына,ал ең биік нүктесі еліміздің оңтүстік шығысындағы орталық Тянь-Шань тауларына тиесілі хантәңірі шыңына /6995м/ сәйкес келеді.олай болса ең биік және ең төмен нүктелерінің айырмасы-7127 м.
Қазақстан жер бедерінің басты ерекшеліктері-
1.Жер бедеріндегі жазықтар мен аласа таулар Қазақстанның батысында,солтүстігінде және орталығында орналасқан.
2.Биік таулы аймақтар,республиканың шығыс және оңтүстік шығыс бөлігін алып жатқан шағын аумақты қамтиды.
3.Еліміздің бүкіл жер беті оңтүстіктен солтүстікке және шығыстан батысқа қарай бірте бірте еңіс тартады.
4.Биік таулар мен аласма таулар тауаралық аңғарлармен және жазықтармен алмасыпр отырады.
Жер бедерінің мұндай ерекшеліктері климат пен табиғат кешендерінің қалырптасуына өз әсерін тигізеді.Қазақстанның жазық,аласа таулы бөлігінде табиғат зоналары ендік бағытта орналасқан,ал биік таулы өңірлерде мұндай зоналылық биіктік деңгейлеріне сәйкес таралатынын байқауға болады.
Жер бедері ерекшеліктерінің адамдардың шаруашылық әрекеттеріндегі маңызы зор.Жазықтар мен тауаралық аңғарлар егңн шаруашылығымен айналысуға қолайлы келеді.
Жердің және жер қыртысының жасын,олардың даму кезеңіндегі ірі оқиғалардың уақытын анықтаудың маңызы зор.
Қазіргі кезде даму тарихы ғаламшарлық даму кезеңі және геологиялық даму кезеңі болып екіге бөлінеді.
Жердің ғаламшарлық даму кезеңі оның алғаш ғаламшар болып қалыптасуынан бастап жер қыртысының құрылуына дейінгіуақыт аралығын қамтиды.Жердің ғарыштық дене ретінде пайда болуы туралы ғылыми түсінік Күн жүйесіне кіретін басқа ғаламшарлардың жаратылысы жөніндегі жалпы көзқарастар негізінде қалыптасқан.Жерді құрайтын алғашқы заттар есебінен литосфера,гидросфера және атмосфера қабаттарының қалыптаса бастау мерзімімен бұл кезең аяқталды.
Жердің геологиялық даму кезеңі-Жер қыртысының алғаш қалыптаса бастау сәтінен қазіргі кезеңге дейінгі уақыт аралығын қамтиды.Осы аралықта жер қыртысында әр түрлі тау жыныстары түзіледі.Жер қыртысы ғаламшарымыздың ішкі күштері әсерінен сан рет өзгеріске ұшырап отырған.Екінші жағынан,тау жыныстары сыртқы күштер әсерінен ұдайы өзгеріп отырған.Үгілген болпылдақ жыныстар бір орынан екінші орынға тасымалдануы нәтижесінде шөгінді жыныстырының жаңа қабаттары қалыптасқан.Жердің ішкі қабатында өте жоғары температурада пайда болған лавалар жер бетінің жарықтары арқылы көтеріліп жанартаулар пайда болған.оның сыртқа тгілген лава жыныстары біршама жерге таралған.Мұны эффузиялық тау жыныстары дейді.Магманың жер бетіне шықпай қалған бөліктері жер астында бірте-бірте пайда болған мөлшеріне қарай суынып қатайған,олардың есебінен магмалық интрузиялық тау жыныстары қалыптасқан.осылайша,Жер қыртысының құрамы біртіндеп күрделілене түседі.Материктердегі ойыстар мен теңіз табанындағы шөгінді қабаттарында әр-түрлі өсімдіктер мен жәндіктердің тасқа айналғанқалдықтары ұшырасады.Бұл әрбір геологиялық дәуірдің тек өздеріне ғана тән тіршілік дүниесі болғандығын дәлелдейді.
Тау жыныстарының жасын анықтау.Жердің жасын және оның геологиялық даму тарихын анықтау үшін салыстырмалы және абсолюттік есептеу әдістерін пайдаланады.
Тау жыныстарының салыстырмалы жасын анықтауда шөгінді тау жыныстарын құрайтын қабаттарының реті орналасу заңдылығына сүйенеді.Бұл заңдылық бойынша,тау жыныстарының бұзылмаған қабаттарының жоғарғысы төменгісімен салыстырғанда жасырақ болады.
Тау жыныстарының салыстырмалы жасын анықтау үшін ежелгігеологиялық дәуірлерде тіршілік еткен жәндіктер мен өсімдіктер дүниесінің тасқа айналған қалдықтарын зерттеудің маңызы зор.Тіршілік дүниесі жердің даму тарихында ең қарапайым түрлерден басталып,ең күрделі түрлерге дейін дамып жетілген.Сөйтіп,ғалымдар жер бетінде өмір сүрген тіршілік дүниесінің қазба қалдықтарын және жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының құрамымен құрылысын зерттеу негізінде Жердің даму тарихын бір жүйеге келтірді.Соның нәтижесінде геохронологиялық кесте жасалды.Ол 1900 жылы Дүниежүзілік геологиялық конгресте бекітілді
Жер қыртысының даму тарихындағы эралар ұзақ кезеңдерге топтастырылған.Жер тарихы 5 эраға бөлінеді.Ең алғашқы тіршілік бастамасы-Жердің көне тарихына байланысты.Бұл уақыт архей /грекше «археос»-көне тіршілік деген мағынада/ деп аталады.Одан кейінгі уақыттар протерозой /грекше «протерос»-алғашқы/,палеозой /грекше «палеос»-көне/,мезозой /грекше «мезос»-орта/ ,кайназой /грекше «кайнос»-жаңа/ болып бөлінеді.
Тау жыныстарының абсолюттік жасын анықтау ісін ғалымдар 20 ғасырдың басында радиоактивті элементтердің ыдырау заңын ашқаннан кейін басталды.Әр элемент әр түрлі,бірақ қашан да тұрақты жылдамдықпен ыдырайтынын ғалымдар тәжірибе жүзінде дәлелдеген.Мысалы,уран ыдыраған кезде қорғасын атомдары түзіледі.уранның ыдырау жылдамдығын пайдалану арқылы тау жынысының жасын анықтауға болады,100 гр ураннан 74 млн жылда 1 гр қорғасын бөлінеді.
Радиологиялық әдістерді қолдану нәтижесінде жер қабаттарын құрайтын көптеген тау жыныстарының жасын анықтауға мүмкіндік берді.