Орта Азия мен Қазастан жерінде ислам дінінің таралуына байланыстыVII-VIII ғасырлардан бастап араб саяхатшылары келе бастайды. Олар жолжазбаларын қосымша сұрастырып білген мәліметтерімен толықтырып, бірсыпыра деректер қалдырған. Олардың ішінде ибн Хордабек, ибн Хаукаль, әл-Истрахи, әл- Масуди, әл-Идриси, ибн Фаблен еңбектері аса бағалы. Бұлардың жол жазбаларында Фараб (Отырар),Тараз (Талас), Испиджаб (Сайрам), Сабран (Сауран) қалалары мен Сырдария,Шу,Жайық,Жем өзендері жайлы мәліметтер келтіріледі.
Әл-Истрахи Арал теңізінің картографиялық бейнесін жасаған. Әл-Масуди Хазар (Каспий) теңізі мен оған таяу шөл аймақтар жайлы жазған. Ибн-Хаукаль Орта Азияның картасын сызған. Ибн-Фадлан Еділге саяхаты кезінде (Х ғасыр) Батыс Қазақстан жерін басып өткен. Ол жазбаларында сол өлкенің өзендері (Шаған, Жем, Сағыз, Ойыл, Жайық,Ырғыз т.б.)мен Үстірттің жер бедері, табиғаты жайлы әңгімелейді.Саяхатшы Шалқар көлінде болған.
Солармен қатар, Қазақсатн табиғатын танып білуде Шығыс үлгісінде білім алған ортаазиялық оқымыстылардың да еңбегі зор. Олардың ішінде әл-Фараби мен Махуид Қашғари сияқты белгілі ғұламалар бар.
Әбу Наср әл-Фараби. (Мухаммед ибн Мухаммед ибн Узлах Тархани) (870-950 жж) Отырар (арабша аты — Фараб) қаласында туған. Бұл қалада кезінде Орта Азияның ірі орталығы болған. Жас кезінде осында тәрбие алған әл-Фараби кейін Енипети, Сирия, Ирак елдерінде болып, білімін толықтырған. Ұлы ғалым дәрежесіне жетіп, «Шығыстың Аристотелі» атанған.
Әл-Фараби еңбектерінде өз заманындағы ғылым салалары туралы деректер мол сақталған. Оның «Ғылымдардың шығуы», «Ғылымдар тізбегі» атты еңбектерінде табиғаттану мәселелеріне айрықша көңл бөлді. Ол табиғаттану туралы ойларын математикалық есептерге негіздейді. Бұл тұрғыда оның аспан шырақтарын бақылауы, жұлдыздардың жылжу бағытын анқтау, Күн мен Айдың тұтылу ұзақтығын есептеп шығаруы көңіл аударады. Ол математика арқылы қалалардың орныны анықтауға, геогарфиялық бағытты айыруға тырысады. Осыған лайықты күнтізбе (каленьдар) жасаған. Әл-Фарабидің күн сағаты да геогарфиялық құбылыстарды математика жолымен түсіндіру арқылы жасалған. Сырықтың (қаданың) көлеңкесін өлшеу – ежелден келе жатқан әдіс.
Іс жүзінде оны былай істеген: ұзын сырық алып жерге тік қадайды. Ертеңгілікте көлеңке ұзын болады,ал күн түске таяп, аспанда жоғарылаған сайын көлеңке қысқара береді. Күннің ең жоғары көтерілетін мезгілі -тал түс. Сол Мезгілде көлеңке ең қысқа қалпында болады да, онан кейін қайтадан ұзара бастайды. Көлеңкенің ең қысқарған жерін байқап алып, Оның дәл ұшына қазық қағу керек те, сырық пен кішкене бөлігі болады. Сырық оның оңғтүстік шеті де, қазық солтүстік шеті. Міне осылайша, меридианның бағыты тек тал түсте ғана анықталатын болғандықтан, оны тал түс сызығы деп атаған. Осыдан солардың арасындағы шеңберлік гардусты өлшеу, сағат мезгілін айру қиын емес. Ол күн сағатының (көлеңке әдісінің) негізін кең түсіеген. Басқаша айтқанда күн сәулесін сызық, жер шарын сфера ретінде алып, сол арқылы шеңберлік градусты өлшеп, сағат мезгілін есептеп шығарған.
Махмуд Қашқари. (толық аты –жөні – Махмуд ибн әл-Хусейін ибн Мухаммед ХІ ғ.). Оның әкесі Қашғарда туып-өсіп, соның тұрғыны болғанымен, өмірінің көп кезеңін Баласұғын қаласында кешкен. Атақты ғалым осы Баласұғын қаласында туған Махмуд Қашғари арабша жоғарғы білім алған өз заманының аса көрнекті ғаламы болған. Араб филологиясын жетік білген жіне өз білімін туған халқының тілі мен әдебиеті, тарихы мен этнографиясы, географиясы жайында зерттеулер жүргізуге жұмсаған, Махмуд Қашғаридің «Диуани лұғат-ат-түрік» («Түркі лексикасының жинағы») атты еңбегң географиялық тұрғыда да маңызды. Онда ол сол заманғы түркі тайпаларының орналасу реті мен қалалардың, таулардың өзендердің аттарын келтіріп, оған тарихи және геогарфиялық түсініктер береді. Геогарфиялық тұрғыдан алып қарағанда Махмуд Қашғаридың қолжазба күйінде сақталған «Дөңгелек картасы» өте көңіл аударарлық. Бұл картаны К.Миллер,А.Герман,И.И. Умнияков, Ш.Д. Алиев және басқалары зерттеген. Зерттеушілердің бәрінің ойы бір жерден шығады. Бұрынға араб географтары картаның ортасына Меккені алса, Қашғари Қашқариямен Жетісуды, Баласұғын қаласын алған.Қалалар мен елдерді Ыстықкөл айналасына шоғырландырған. Орта Азия жерін таулар және жазықтыққа бөліп берген. Бірінші рет Тянь-Шань тауларының Ыстықкөлге қатар орналасқаны жөнінде мағұлмат берген.
Монғол шапқыншылығы кезінде Қазақстанға келген Қытай саяхатшылары Елюй Чу-Цай (1219 ж) мен Чань Чунь (1220 ж) Іле –Талас өзендерінің аралығындағы елдер туралы мәлңметтер жинаған, Алмалық қаласында болған. Олар жергілікті халоқытардың егіншілікпен кәсіп ететінін, жібек өсіретінін, өлке жерінің жемістерге бай екенін және шарап жасау мен айналысқанын мәлімдейді. Талас, Сырдария өзендерінің табиғат ағдайланын сипаттайды.
ХІІІ ғасырдан бастап Орта Азия мен Қазақстанға еуропалық саяхатшылар мен елшілер келе бастайды. Олардың ішнде итальяндық Плано Карпини (1246 ж.) мен француз Вильгельм де Рубруктың (1253 ж.) саяхаттары маңызды. Карпини өзі Монғолияға бет алып жүріп өткен жолындағы Жайық өзені,Тянь-Шань, Тарбағатай таулары, Сырдария, Алакөл алқаптары жайлы мәліметтер қалдырған. Ал Рубрук Еділ,Жайық,Мұғалжар,Арал, Шу,Жетісу, Іле, Балқаш т.б. өзіне кездескен нысандарды сипаттаған.
Ортағасырлық саяхатшылар жүріп өткен жерлерін атап, қысқаша сипаттағанымен, еліміздің жалпы табиғаты жағдайына, оның ерекшеліктеріне көңіл бөлмейді. Қазақсатнның жалпы жер көлемі туралы да айқын түсінік болмады. Оның жер пішіні карталардаүстірт бейнеленді. Алайда бұл саяхаттардың кейінгі зерттеушілер үшін қосымша мәліметтер бергені даусыз.