Осыған дейін өткен тақырыптардан адам табиғаттың бір бөлігі екенін байқаймыз. Сонымен бірге адам табиғатты өзгертуші басты күшке айналғанын білеміз. Адамның жер бетінде тарауын, оның себептерін, өткендегісін, қазіргісінжәне болашағын халықтар географиячы зерттейді. Экономикалық және әлеуметтік географияның бұл саласы демографиямен тығыз байланысты.Демография(грекше демос-халық, графо-сипаттап жазу) – халықтың ұдайы өсуініғ заңдылықтары туралы ғылым.
Жер бетіндегі халықтың саны және өсуі.Адамзат дамуының алғашқы, табиғатқа тәуелді кезеңінде талай мыңдаған жылдар бойы жердегі халық саны өте баяу өсті. Ғалымдар жаңа тас дәуірінің басында, біздің заманымыздан 8000 жылдай бұрын жер бетінде 5-10миллион ғана адам өмір сүрген деп есептейді.
Біздің заманымыдың басында жердегі адам саны 230 миллионға әрең жеткен. Оның 2/3 бөлігі Азияда тұрған. Біздің заманымыздың бастапқы мың жылында халық онша көбеймеген, туу мен өлу шамамен қарайлас жағдайда болған. Мұнан кейін де көп уақытқа дейін індет ауру, соғыс және ашаршылық адас санының өсуін тежеп отырған.
Тек XVIII ғасырда ғана өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуына, тамақ өнімдерінің көбеюіне, медицинаның жетістіктеріне байлансты халықтың өсуіне қолайлы жағдай туа бастады. Жердегі халық саны 1820жылдыры шамамен 1 млрд болған. 107 жылдан кейін 2 млрд-қа (1927ж.), одан әрі 32 жылдан кейін 3 млрд-қа, 13 жылдан кейін 5 млрд-қа (1987ж.) 12 жылдан кейін 6 млрд-қа (1999ж.) жеткен.
Жердегі халықтың XX ғасырдың 2-жартысында бұлай күрт өсуін ғалымдар «демографиялық жарылыс» деп атайды.2-дүниежүзілік соғыстан кейін қауіпті ауруларды қоздыратын микробтарға қарсы дәрі-дәрмектің (антибиотиктердің) жаппай қолданылуы өлім санын күрт азайтты. Ал туу жоғары дәрежедегі қалпында қалды. Бұл жағдай Жердегі халық санының кенет өсуіне, яғни демографиялық жарылысқа алып келді.
Алдағы уақытқа арналған ғылыми болжам бойынша Жердегі халық саны 2025ж. 8 млрд адамға дейін өседі. XXIғ. Аяғында ол 10-11млрд адамға жетіп, тоқтайды. Мұндай болжам дүние жүзіндегі халықтың өсу жағдайын есептеуге негізделген. Қазірдің өзінде дамыған елдерде халықтың өсуі тоқырағаны байқалады. XXIғ. басында бұл елдердегі халықтың өсуі мүлде тоқталады деп күтілуде. Қазіргі кездегі жаңадан дамушы елдерде халықтың өсу қарқыны ғасырдың бірінші ширегінде төмендейді де, ғасырдың ортасына қарай тоқтайды.
Халықтың тығыздығы. Жердегі халықтың орташа тығыздығы халықтың жалпы санын құрлықтың көлеміне бөлу арқылы есептеп шығарылады.
Өнеркәсібі күшті дамыған аумақтарда халықтың тығыз қонымтанғандығында сөз жоқ. Сондай-ақ құрғақшылық аймақтардағы суармалы егіншілік дамыған өзен бойларында да халық тығыз болады.
Халық санының өсуіне сәйкес Жер шарындағы орташа тығыздығы да
өзгеріп отырады. Адам мекендейтін құрлықтың 1км2-іне 1920ж.- 13, 1950ж. – 18, 1987ж. – 34 адамнан келсе, қазіргі кезде 40 адамнан келеді.
Бірақ жеке аймақтардағы халықтың орташа тығыздығы мұнан да үлкен мөлшерде болады.Еуропа мен Солтүстік Американың өнеркәсіпті аудандарында, Оңтүстік-шығыс Азияның ірі өзен алқаптарында халық тығыз орналасқан.Қытайдағы ежелден күріш егумен айналысатын кейбір аудандарда 1км2 жерде тұратын халық саны 1000 адамнан асып кетеді. Бұған керісінше, полярлық аймақтарда, ірі шөлдерде, биік таулы жерлерде және ылғалды экваторлық ормандарда халық сирек қоныстанған. Антарктидада тұрақты тұратын халық жоқ.
Демографиялық саяхат. Жердегі халықтың XXғ. 2-жартысында өте тез қарқынмен өсетінін байқадық. Бірақ халықтың бұдан былай да осы қарқынмен өсе беруі мүмкін емес. Өйткені халықтың тірішілігіне қажет табиғат байлықтарының белгілі бір шегі бар. Бәрінен бұрын халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету ғаламдық проблемалардың біріне айналып отыр. Сондықтан көптеген елдер халық санының өсуіе реттеу мақсатымен демографиялық саясат жүргізіледі.
«Демографиялық саясат» деп үкімет тарапынан халықтың тууын мемлекетке қажетті мөлшерде жүзеге асыруға бағытталған әкімшілік, әлеуметтік, дәрігерлік және басқа да шаралар жүйесін айтады. Дүние жүзі халқының саны өсумен қатар, туудың азаюына байланысты ,кейбір елдерде керісінше, кеміп кеткені байқалады. Бұл елдегі еңбеке жарамды адам санының азаюына, елдің қорғаныс қабілетінің кемуіне апарып соғады.Халықтың туу мөлшерін мемлекет тарапынан түрлі шаралар қолдану арқылы реттеп отыра қажеттіліг келіп шығады.
Халықтың табиғи өсімі жоғары елдерде демографиялық саясат туу санын шектеуге бағытталады. Мұндай саясатты дүние жүзіндегі ең халқы көп елдер – Қытай (1млрд 300млн) және Үндістан (1млрд) жүргізеді. Соның нәтижесінде халықтың жылыдық табиғи өсімі 1000 адамға шаққанда 1968ж. 28-ден 1988ж. 10-11 адамға дейін кемиді.Қытай үкіметі болашақта өсуін тоқтатуды көздеген демографиялық саясат жүргізіп отыр.
Халықтың табиғи өсімін азайту жөніндегі демографиялық саясат Азия мен Американың көптеген елдерінде қолға алынған. Бұған керісінше бірқатар дамыған елдерде табиғи өсімнің азайып кетуіне байланысты тууды көбейтуге бағытталған демографиялық саясат жүргізіледі. Ол елдерде тууды қолдау үшін балаға ай сайын жәрдемақы төлеу, көп балалы отбасына түрлі жеңілдіктер жасау, некелесу жасын төмендету, бала тәрбиелейтін мекемелер санын көбейту, жүкті болған әйелдерге баласын түсіруге тыйым салу сияқты шаралар жүзеге асырылады.Мұндай мемлекеттердің қатарына Франция, Германия, Болгария, Венгрия, Румыня жатады. Соңғы кездерде бұрынғы Кеңес Одағы құрамына енген бірқатар елде халықтың әл-ауқатының төмендеп кетуі және басқа жаққа қоныс аударуға байланысты халық санының күрт азаюы орын алып отыр.