Тропиктік белдеу. Солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың 20-30 градус ендіктер аралығын тропиктік белдеу алып жатыр. Материктердің ішкі және батыс бөліктерінде бұл белдеудің шегінде тропиктік шөл зонасы қалыптасқан. Африкадағы атақты Сахара шөлі осы зонаға кіреді.
Троптиктік шөл зонасының климаты өте ыстық әрі құрғақ. Ауаның температурасы 58 градусқа дейін көтеріледі, ал топырақ беті 90 градусқа дейін қызады. Жауын- шашын барлық жерінде 100 мм-ге жетпейді. Сахарада кейде бірнеше жыл бойы қатарынан тамшы тамбайтын кездерде де болады.
Өсімдік өте сирек, кей жерлерде мүлде өспейді. Әсіресе сазды жане тасты шөлдер сұрықсыз болып келеді. Аздаған өсімдіктер ежелгі өзен арналарын, жартастардың жарықтарын, тас қорымдарының шеттерін сағалайды.
Шөлдеріде әр түрлі жыландар, кесірткелер, бунақденелер көп болады. Ірі жануарлар мен құстар оазистердең маңында ғана кездеседі.
Материктердің шығыс бөліктерінде ж а п ы р а қт а с т а й т ы н ы л ғ а л д ыт р о п и к т і ко р м а н д а рменқ ұ р ғ а қ т р о п и к т і ко р м а н д а ртаралған.
Ылғалды ормандар жауын-шашын ы мол, бірақ ылғалды жане құрғақ маусымдар алмасып келетін жерлерде өседі. Ағаштар құрғақ кезеңде жапырағын түсіреді. Мәңгі жасыл өсімдіктер көбінесе төменгі қабатта өседі.
Құрғақ ормандар ағаштар сирйді. Аустралияның шығысындағы эвкалипті ормандары ерекше көзге түседі.
Климат одан әрі құрғай түскен жағдайда орманның орны т р о п и к т і кс а в а н а л а ралады.
Субтропиктік бедеу. Солтүстік жане Оңтүстік жарты шарлар 30-40 градусқа ендіктерде, тропиктік белдеу мен қоңыржай белдеудің арасында орналасқан. Ол тропиктік белдеуден температураның маусым бойынша үлкен мөлшерде өзгеруімен ерекшеленеді. Дегенмен барлық айлардың орташа температурасы оң болып келеді (4 градустан 20 градусқа ). Сондықтан өсімдік жыл бойы тоқтаусыз өседі. Белдеудегі барлық материктердің климаты батыс, шығыс жане ішкі бөліктерінде бір-бірінен елеулі түрде өзгешеленеді. Мұхитқа жақын жатқан батыс бөліктерінде жазы құрғақ, қысы ылғалды субтроптиктік құрғақ континенті климат, ал шығысында жауын-шашын жазда мол жауатын муссондар климаты қалыптасқан.
Осы айтылған климат түрлеріне жеке табиғат зоналары сәйкес келеді. Субтропиктік белдеу ауспалы ылғалды, мәңгі жасыл ормандар, қатқыл жапырақты ормандар мен бұталар жане шөлдер мен шөлейттерге бөлінеді. Олардың бәрінің ортақ белгісі қысының жылылығы, көпшілік бөлігінде ыстық жаз, қоңыржай салқын қыс маусымдарының айқын бөлінуі болып табылады.
А у с п а л ыы л ғ а л д ым ә ң г іж а с ы ло р м а н д а рз о н а с ыЕуразияның шығысында кең таралған, сонымен бірге Солтүстік Американың оңтүстік шығысында жане Бразилияда сақталған. Бұл ормандар қысы құрғақ, жазы жаңбырлы муссондық климатпен байланысты.
Қ а т қ ы лж а п ы р а қ т ым ә ң г іж а с ы л ыо р м а н д а рм е нб ұ т а л ар жазы құрғақ Жерорта теңіздік климат жағдайына бейімделген өсімдік түрлерінен тұрады. Олар құрғақшылық кезеңнің өзінде де жапырағын тастамай, бүкіл жыл бойы мәңгі жасыл қалпын сақтайды. Жапырақтары шағын, өте қатты, жылтыр келетіндіктен, өсімдік суды аз буландырады.
Субтропиктік белдеу ормандарының табиғаты адамның шаруашылық әрекетіннен қатты өзгерген. Қазіргі кезде табиғи ормандар оталып, олардың орнынцитрус егістері, бақтар, жүзімдіктер басқан.
С у б т р о п и к т і кш ө л д е р мен ш ө л е й т т е р барлық материктерде тұтас бір өңіріді құрайды. Субтропиктік шөлдер табиғат жағдайлары жөнінен тропиктік шөлдердің тікелей жалғасы болып табылады.