Егер қар жылда еритін мөлшерінен артық түсетін болса, онда ол жата-жата нығыздалып, өзгеріп, мұзға айналады.Бір жерге жинақталған мұз мұздық құрайды.
Мұндай жағдайлар тауларға және полярлық аймақтарға тән. Таулар-
да жаздың өзінде ауаның температурасы биіктік артқан сайын төмендей беретіні белгілі. Сондықтан биік тау бастарында, жаздағы ыстық кездің өзінде ауаның температурасы 00С-тан төмен тұрады.Соған байланысты онда түскен қар еріп кетпей, жинақтала береді.
Таудағы жауған қардың жыл бойы ерімей, жинақтала беретін биіктігін белгілейтін шартты сызық қар жиегі немесе қар шекарасы деп аталады.
Қар жиегінің биіктігі географиялық ендікке, аумақтың климатжағдайларына беткейлердің, бағдарына байланыста. Бұл сызық экватордан полюстерге қарай төмендей береді, экватор маңындағы тауларда 4500-5000м , тропиктік ендіктерде 5000-6000 м ,қоңыржай белдеуде 2500-4000 м биіктікте өтеді, полярлық аймақтарда теңіз
деңгейіне дейін түседі.Қар жиегі биіктігімен мұздықтардың таралуы байланысты.
Құрлық аумағындағы 110/0-ын мұздықтар алып жатыр. Мұздықтардың 2 түрі бар, олар: жабынды немесе материктік мұздықтар және тау мұздықтары. Жабынды мұздықтар жер бетіндегі мұздықтар көлемінің 98 пайызын құрайды. Антарктида, Гренландия және Арктиканың біраз аралдарын жабынды мұздықтар алып жатыр.Мысалы,Гренландиядағы жабынды мұздықтың қалыңдығы 2000 м-ге дейін барады.Мұндай мұздықтардың пішіні қалқан және күмбез тәрізді болып келеді.
Антарктиданың жағалау бөліктерінен өздерінің орасан зор салмағының әсерінен алып мұз кесектері бөлініп,теңізде жүзіп жүретін мұзтауларға, яғни айсбергтерге айналады. Олардың ұзындығы кейде 300 км –ден асады. Айсбергтің биіктігі 600-700 м-ге жетеді, көлемінің 90 пайызға жуығы, әдетте су астында болады. Онымен кеменің соқтығысуы өте қауіпті. Тау мұздықтарының көлемі әлдеқайда кіші, олар өздері бойлай түскен аңғар пішіндес болады.
Біздің елімізде тау мұздықтары Тянь –Шаньда, Жоңғар Алатауында және Алтайда таралған. Қазақстандағы ең ірі тау мұздығы – Іле Алатауындағы Корженевский мұздығы. Оның ұзындығы 12 км.
Жер бетіндегі тұщы судың 97 пайызға жуығы мұздықтар мен мәңгі қарларда шоғырланған. Кейбір тау өзендері басын мұздықтардан алады. Қуаңшылық аудандарды суландыратын ірілі –ұсақты өзендердің сулары жазда жер суаруға қажет уақытта молығады. Ол биік тау басындағы мұздық пен мәңгі қардың еруіне байланысты.
Мұздықтар дүниежүзілік су айналымында ерекше маңызды орн алады. Жалпы судың едәуір бөлігінің мұздықтар ретінде сақталуының үлкен маңызы бар.