Қазақстанның музыкалық мәдениеті – көп қырлы құбылыс. Қазақстан халқы өзінің музыкалық мәдениетінің ерекшелігін ғасырлар бойы алып келеді. Тек, Кеңес өкіметі жылдарында ғана орыс мәдениетінің игілікті ықпалының арқасында, бұл әдет-ғұрыптар кәсіби өнердің жаңа, мықты сабақтарын алды.
Кеңес өкіметі кезінде қазақ музыкасын ғылыми зерттеудің басында республиканың музыка өнерінің көрнекті қайраткерлерінің бірі, «Қазақ халқының 1000 өлеңі» (1979), «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» (1931) атты жинақтарды шығарған белгілі А.В. Затаевич болды. Бұл жинақтар жұртшылықтың алдында қазақ халқының музыкалық өнерінің сарқылмайтын байлығы бар екенін ашып көрсетті.
Шығармашылық стилі, халық композиторларының мектебі, әншілер және аспапшылардың ерекшеліктеріне, олардың жеке орындаушылық шеберліктерінің көркемдігіне, ұлттық музыканы тереңнен зерделеудің ірі жетістіктеріне «Мыңжылдық ішек» (1958 ж.) және «Мыңжылдық бұлбұлы» (1967 ж.) монографиялық зерттеулер арналды. Олардың авторы А.К. Жұбанов – Қазақстан музыка өнерінің белгілі қайраткері, ғалым және композитор, профессор, ҚазКСР ҒА академигі.
1939 жылы Қазақстан композиторлары Одағының ұйымдастыру комитетін құру кәсіби музыкалық мәдениеттің қалыптасуына ықпал етті. Оның мүшелері болған композиторлар: А. Жұбанов, Е. Брусиловский,Б. Ерзакович, Л. Хамеди, сонымен қатар Д. Нүрпейісова, К. Азербаев, М. Ержанов. Бұл композиторлар республиканың музыкалық өнеріндегі проблемаларды шешуге қатысты[1, б.565].
2000 жылы Қазақстан Республикасының композиторлар Одағы 70 жылдық мерейтойын атап өтті. Бұл уақыт аралығында бірнеше композиторлар буыны ауыстырылды. Олардың ішінде Е. Рахмадиев,С. Еркимбеков, К. Дүйсекеев, Б. Баяуханов, Н. Мендыгалиев, Э. Богушевский, Ж. Туякбаев, Б. Дальденбаев, А. Бестибаев, Ш. Калдаяков және т.б. [1, 552 б.].
Шәмші Қалдаяқов (15.8. 1930, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы – 29.2.1992, Алматы) – композитор, «Қазақ валісінің королі». 1965 жыл – Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты. 1980 жыл – Қазақ КСР еңбегі сіңірген мәдениет қызметкері. 1991 жыл – Қазақстанның халық артісі. 2010 жыл – «Бақыт құшағында» ән жинағы, Қазақстан Республикасының әдебиет өнерінің саласына қосқан үлесі үшін мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (қайтыс болғаннан кейін). Шәмші Қалдаяқов көптеген лирикалық әндердің авторы: «Ақ сұңқарым», «Қара көз», «Қайықта», «Ақ бантик», «Ақ маңдайлым». 1956 жылы жазған «Менің Қазақстаным» әні қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының әнұраны.
Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан Республикасының мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі.
Оның танымал көптеген әндері вальс әуеніне жазылған: «Қуаныш вальсі», «Қайдасың», «Бақыт құшағында». Вальс және дала аңызының әуеніне байланыстыра жазылған әндер тыңдаушыларға қатты ұнады, бірақ осыған бола ол 1959 жылы «дұрыс үлеспеушілік үшін» деген тұжырымдамамен консерваториядан шығарылды [2, б. 3].
ҚР халық әртісі, профессор Лаки Кесоглу: «Шәмші Қалдаяқов қазақ эстрада музыкасының туу бастауында тұрды, оның осы жанрға қосқан үлесі баға жетпес. Оның әндері – бұл тұтас дәуір! Олармен бір ғана емес бірнеше ұрпақ өсіп-өнді. Оны шығармашылығы қазірге дейін талап етіледі, әндері концерт алаңдарында да, радиода да естіліп отырылады. Шәмші шығармашылығы әндерінің дәстүрін жас орындаушылардың да жалғастырып отырғанын қуанышпен айтуға болады. Оның белгілілігінің құпиясы, бұл әндердің халқына деген сүйіспешілікпен жазылғандығында шығар. Жүрекпен сезіліп және жазылған, сондықтан Ш. Қалдаяқов шығармашылығы әлі де адамдар жүрегін жылытады» [3, б. 2].
Халық әншілеріне берілген ең жоғарғы мақтау «күміс көмей, жез таңдай әнші» сипаттамасы болып табылады. Бұл – әншінің табиғи қабілетінің бірегейлігін, оның дауыс аппаратын және дауыстың сөзін сөйлеу қаныққандығын сипаттап, анықтайтын жөнделген этникалық баға. Мұндай дауыстың иесі болған халықтық — кәсіби композиторлары мен әншілері: Біржан Қожағұлов, Жая Мұса, Әміре Қашаубаев, Роза Бағланова, Күләш Байсейітова, Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев.
Роза Тәжібайқызы Бағланова (1922-2011) – кеңес және қазақ операсының және эстрадасының әншісі (сопрано). КСРО-ның халық әртісі (1967). Қазақстанның Халық қаһарманы(1996).Роза Бағланова 1945 жылы 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысқан.Бағланованың есімі «Кто есть кто» англо-американдық энциклопедиясының әлем әйелдері туралы бірінші шығарылымына енді. Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясы әртістің үлкен шығармашылығын баяндайтын «Біздің Роза» атты деректі фильм түсірді. Орыстың «Самара-городок» халық әні әншіге бүкілодақтық даңқтылық әкелді.
Бибігүл Ахметқызы Төлегенова(16.12.1929 жылытуған,Семей қаласы) — қазақ әншісі (лирикалық-колоратуралық сопрано), КСРО халық әртісі(1967). 1968 жылы Бибігүл Төлегенова Шәкен Аймановтың «Тақиялы періште» филіміндегі басты кейіпкердің үлкен қызының рөлін ойнады. Әншінің алуан тақырыпты репертуарында қазақтың халық әндері («Гауһар тас», «Жиырма бес»), Қазақстан композиторларының шығармалары (Брусиловскийдің«Қосқарлығашы»,Хамидидің «Бұлбұлы», Төлебаевтың«Еске алуы», Мұхамеджановтың «Көктем вальсі», Рахмадиевтің «Тарантелласы», Тілендиевтің «Кел еркем, Алатауыма»), сондай-ақС.В. Рахманиновтыңроманстары, Н.А.Римский-Корсаковтың операларынан ариялар жәнеБатыc Еуропасазгерлерінің (Доницетти, Григ, Шуберт) шығармалары да бар.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жеке Алтын белгісімен (1999) марапатталған. «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының (2001) лауреаты. 2001 жылы «Жыл адамы» атағын алған. Қазақстан Жұлдыздар аллеясында Жеке жұлдызға ие (2002). «Орақ және балға» медалінің және Ленин орденінің ұсынылуымен қоса Социалистік Еңбек Ері (1991).
Еліміздің музыка өнерінің эстрадалық жанры Р. Рымбаева,Н. Есқалиева, М. Ералаиева, М. Жүнісова, Г. Сиқымбаева, Б. Тайлақбаевтің есімдерімен көрсетілген [1, 552 б.].
Роза Қуанышқызы Рымбаева — кеңестік және қазақ эстрада әншісі (сопрано), профессор, актриса. Қазақстанның халық әртісі (1986), халықаралық конкурстардың лауреаты. ҚұрметжәнеПарасатордендері мен марапаттың иегері. Көптеген халықаралық конкурстардың гран-при иегері болған Роза Рымбаева 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 29 жасында Қазақстанның халық әртісіатанды. 1977-1979 жылдары «Песня года»фестивалінің финалдарында және КСРО-ның ең үздік ондығы«Звуковая дорожка»хит-парадында (1978 ж. 3-орында Алла Пугачева жәнеСофия Ротаруданкейін) жоғары орыннан көрініп, үлкен танымалдылыққа ие болды.
Қазақстанда опера 1926 жылы қазақ драма театрының ашылуымен, 1934 жылы қазақ музыка театрының сахынасында алғашқы «Қыз Жібек» қазақ операсының премерасына дейін қысқа кезеңде пайда болды. Бұл Мәскеуде (1936) қазақ өнерінің декадасы күндерінде және Ленинградтағы (1938) гастролдарда көрсетілген шығармашылық жетістіктер, ұлттық және еуропалық екі дәстүрді синтездейтін керемет музыкалық-сахыналық тәжірибе болды. Жұртшылық және сыншылар – «Қазақ жерінде опера бар!» деп қуанышпен констатациялады. «Қыз Жібек» туралы «біртұтас» және «көркемдігі жоғары» шығарма ретінде айтып, ал спектаклдерді «ғажайып» және «толқытатын» деп атады.
Еуразиялық кеңістік территориясында классикалық өнердің ірі орталығының бірі Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры болып табылады. Оның сахынасының атағын шығарғандар К. Байсеитова, Р. Джаманова, Е. Серкебаев, Б. Төлегенова және т.б., бірнеше қойылымдар Е. Брусиловский, Л. Хамиди, А. Жұбанов, М. Төлеубаевтың, Е. Рахмадиевтің есімімен байланысты [2, б. 43].
Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаев(1926-2013) – әйгілі опералық және камералық әнші (баритон), педагог, КСРО халық әртісі (1959), ҚазКСРхалық әртісі (1956), профессор (1982), қоғам қайраткері. Сойиалистік Еңбек Ері (1986). Кинодағы рөлдері: 1957– режиссер Шәкен Айманов:: «Біздің сүйікті дәрігер» – Тәкен; 1959 –КСРО, Орталық телевидение: музыкалық фильм «В этот праздничный вечер»; 1961- режиссер Ш.Айманов: «Ән шақырады» — Досай Нұрланов; 1968 — режиссер Ш.Айманов: «Тақиялы періште» – Шыңғыс; 1976 – «Медеудегі кездесу». [4, 39 бет].
Е. Серкебаев орыс және шетелдік, сонымен қатар советтік классикалық опералардың негізгі партиялары: Қожағұл, Амангелді(М. Төлебаев, «Біржан мен Сара»; М.Төлебаев және Е.Брусиловский, «Амангелді»); Абай, Серке (А.Жұбанов пен Л.Хамиди, «Абай»; С.Мұхамеджанов, «Айсұлу»); Тарғын, Артем (Е.Брусиловский, «Ер Тарғын», «Дударай»); Онегин, Елецкий (П.Чайковский, «Евгений Онегин», «Пиковая дама»); Петруччио (В.Шебалин, «Укрощение строптивой»); Фигаро (Дж.Россини, «Севильский цирюльник»); Валентин («Фауст»); қазақтың халық әндері, орыс және шет ел композиторларының шығармаларын шебер орындады.
Дж. Россинидің «Севильский цирюльник» операсындағы Фигаро партиясы, көрсеткен артистігі, шеберлігі және жоғары орындаушылық мәдениеттілігі Ермек Серкебаевқа кеңінен танымалдық әкелді. Дмитрий Гнатюк оны «Баритондар королі» десе, Муслим Магомаев— «Кеңес өкіметіндегі ең үздік Фигаро» деп атады.
Көпқырлы қазақ халық шығармашылығында би үлкен орынға ие. Би өнерінің жаңа жетістіктеріне жату үшін қазақ хореографиясына Али Ардобус, А. Александров, Л. Жуков, Е. Лифанова, Ю. Ковалев, Д. Абдиров, Л. Чернышова, О. Свеволодская-Голушкевич, А. Исмаилов, З. Райбаев, Б. Аюханов, Э. Усин, М. Тлеубаев, Ж. Байдаралин, Г. Бейсенова, Т. Изим, А. Кульбекова сияқты ұлттық балетмейстерлер үлес қосты. Олардың әрқайсысы өзінің хореограф есімін жазды, балет өнерінің жоғары принциптерін ұстанады. Олар 1930-1990 жж. қазақ хореографиясын және жаңа мыңжылдықтағы қазақ биін жалғастырушылық сахна өмірін және келешегін, дәстүрін сақтауды қалыптастырды [1, б. 559].
Қазіргі уақытта би өнерінде өзінің шығармашылығымен танымал ұжымдар бар: бұрынғы «Алматының жас балеті» мемлекеттік ансамблі, қазір Б. Аюхановтың ҚР мемлекеттік классикалық би ансамблі, «Гүлдер», «Алтынай», «Салтанат» мемлекеттік халық би ансамблдері [4, б. 566].
Аюханов Болат(1938жылдың 13 қыркүйегі) — ҚР халық әртiсi, Мемлекеттiк сыйлықтың, Тәуелсiз меценаттар клубының «Тарлан» (платина),Стамбулдаөткен халықаралық «Фомгед» би ансамблiнiң айрықша сыйлығының иегерi, Халықаралық ақпараттық академияның академигi, өнертану профессоры, Бас балетмейстер Болат Аюханов қазақ халқының музыка өнерiндегi тарланы, дауылпазы. Бұл күндері Т. Жүргенов атындағы өнер академиясында балет режиссерлерін дайындауда, А.Селезнев атындағы хореографиялық училищеде ұстаз. Оның шығармашылық жолын асқақ биші, ғаламат жаңашыл балетмейстер деп тану ылайықты. Қазақ балетінің, Қазақстан мәденитетінің брэнді, тірі аңызы.
Театр өмірі қазақ драматургиясымен және оның ірі қайраткерлерімен тығыз байланысты: М. Әуезов, Б. Майлин, Г. Мүсірепов, С. Мұқанов, А. Тәжібаев, А. Әбішев [1, б. 555].
1949 жылдың қазанында Қазақстан КП ОК «Республиканың театр өнерін дамытудың міндеттері мен жағдайы туралы» арнайы қаулысын қабылдады. Опера және балет либреттосын жасауда жұмыстың шығармашылық және идеялық деңгейін көтеруге ерекше көңіл бөлу керек екені айтылды [4, б.565].
Көптеген театр актерлері кинематограф бойынша кеңінен танымал. Құрман Тастанбеков, Меруерт Өтекешова, Замзагүл Шарипова, Сағи Әшімов, Шәкен Айманов және т.б. актерлердің экранда орындаған образдары көптеген көрермендерінің ойында сақталады.
Шәкен Кенжетайұлы Айманов(1914-1970)— қазақтың әйгілі актері, режиссер. КСРО-ның халық артісі (1964), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1952), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1968), Қазақстанның халық әртісі.
Ш. Айманов 1947–1951 жж. қазіргі Қазақтың академиялық драма театрының бас режиссері болды. «Абай әндері» (1945), «Жамбыл» (1947) көркем фильмдерінде күрделі экрандық бейнелерді сомдады. 1953 – 70 ж. «Қазақфильм» студиясының көркемдік жағын басқарып, қазақ кино өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты. Оның қойған көркем фильмдері: «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Алдар көсе» (1965), «Атамекен» (1966), «Найзатас баурайында» (1968). Көрермен қауымның ой-талғамынан шыққан «Біздің сүйікті дәрігер» (1958) мен «Тақиялы періште» (1969) фильмдері ұлттық кино өнерінде комедиялық жанрды дамытудағы соны ізденістерімен ерекшеленді. Оның соңғы қойған «Атаманның ақыры»(1970) фильмі режиссер Айманов шығармашылығының биік шыңына айналды.
Айманов Қазақстан кинематографистер одағын ұйымдастыруға қатысып, одақ басқармасының 1-хатшысы (1958 – 70) қызметін атқарды. КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1952) және Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының (1968) лауреаты.
Ол М. Әуезов атындағы Мемлекеттік драма театрының сахнасында қазақ драматургиясыныңАқан сері, Қобыланды, Қодар, Керім, («Абай»),Алдар Көсе, Исатай(Жансүгіров «Исатай—Махамбет») бейнелерін, әлем драматургиясынан Кассио және Отелло (Шекспир, «Асауға тұсау») және т.б. бейнелерін сомдады. Ш. Айманов қойған «Абай» спектакліне1952ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1968ж. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған.
Ш. Айманов аса дарынды суреткер, актер, ойшыл режиссер ретінде қазақтың сахна өнері мен кино өнерінің қалыптасып, шыңдалуына айрықша ықпал еткен, өшпес із қалдырған дара дарын иесі.
Асанәлі ӘшімұлыӘшімов – 1937 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылында туған. «Қазақфильм»киностудиясының және М.Әуезов атындағыҚазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері, режисер. Қазақстанның халық әртісі(1976), КСРОхалық әртісі (1980). Театрдағы тұңғыш рөліМ. Әуезов пен Л. Соболевтің«Абай» спектакіліндегі– Айдаррөлі. Содан кейін Кебек,Шуақ(Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пен «Қарақыпшақ Қобыландысында»),Қозы,Қодар(Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында»), Еламан(Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен терінде», КСРОмемлекеттік сыйлығының, 1974),Жарасбай(Қ.Ысқақовтың «Таңғы жаңғырығында»),Асан(Мұхамеджановтың «Жат елдесінде»),Дон Жуан(М. Фриштің «Дон Жуанның думанында»),Виктор(Л. Зориннің «Варшава сазында») сияқты әр замандағы, әр түрлі қоғамдағы әр қилы мінезді бейнелерді сомдады.
А. Әшімов — қазақ киносын әлемдік деңгейге көтерген актерлердің бірі болып есептеледі. Оның кинодағыБекежан(«Қыз Жібек», 1971),Шадияров(«Атаманның ақыры», 1971), Қазақстан мемлекеттік сыйлығы (1972),Мәмбет («Сарқырама»,1973),Қасымханов(«Транссібір экспрессі», 1977, бүкілодақтық 11-кинофестивальдің жүлдесі, 1978), Шыңғыс хан («Бұлғар даласынан ескен жылы жел», 1998) рөлдері нағыз актерлік шеберліктің үлгісі іспетті.