Мұхит суының үздіксіз сапырлысып жататыны сендерге белгілі. Мұхиттардың кейбір жерлерінде айналасын қоршаган судан айрықша ерекшеленіп көрінетін зор ағыстар өтеді. Мұндай ағыстардың ені жүздеген, ұзындығы мыңдаған километрге созылады. Олар бағытын өзгертпесен, сағатына 1-ден 9 км-ге дейінгі жылдамдықпен ағады. Мұхиттардағы су массасының тұрақты түрде бір бағытта ауысуын мұхит ағыстары деп атайды.
Ағысты туғызатын басты себеп – тұрақты желдер. Мысалы, экватор маңында, Африканың жағалауларынан батысқа қарай тұрақты түрде ұдайы жел соғып тұрады. Міне осы жерден Атлант мұхитының күшті ағыстарының бірі басталады. Бұл ағыс экватордың бойын кулап, Американың жағалауларына барады да, Мексика шығынағынан енсіз тасқын түрінде шығады. Одан кейін солтүстік-шығысқа бет алады. Бұл су қозғалысы ертеден бері Гольфстрим атты ағыс ретінде белгілі.
«Гольфстрим» деген сөз «шығанақтық ағыс» деген мағынаны береді. Ағыстың Еуропаның солтүстік-батыс жағалауларын шаятын бөлігін (45* с.е. шамасынан бастап) Солтүстік Атлант ағысы деп атайды(Атластағы мұхиттар картасынан ағысты табындар. Ағыстар қалай белгіленеді?).
Гольфстрим, Солтүстік Атлант жылы ағыстары суының температурасы айналасындағы сулардан бірнеше градусқа жылы болады.
Солтүстік Атлант ағысы – Солтүстік Мұзды мұхиттың Беренц теңізіне құяды. (Бір ендікте орналасқан Кара, Лаптевтер және Шығыс Сібір теңіздерін мұз басып жатқанда, не себептен Баренц теңізі қатпайды? Жауап беру үшін картаны пайдаланыңдар).
Тынық мұхиттағы Солтүстік және Оңтүстік экваторлық ағыстар Азия мен Аустралияның шығыс жағалауларында Куросио және Шығыс Аустралия жылы ағыстарын құрайды. Куросио ағысы Жапония аралдарының жағаларын бойлап өтеді. Жапония климатының жылы болуы едәуір дәрежеде соған байланысты.
Осындай жылы ағыстармен қатар Дүниежүзілік мұхиттың әр жерінде суық ағыстар да өтеді.
Атлант мұхиттың солтүстік – батыс бөлігіне Солтүстік Мұзды мұхиттың суық суы келеді. Гренландияның датыс жағалауларының бойымен Лабрадор ағысы өтеді, ол оңтүстікке қарай Лабрадор түбегінің жағалауларын шаяды. Оның суының температурасы айналасындағы қоршаған судың температурасынан төмен болғандықтан, оны суық ағыс деп атайды. Лабрадор ағысы Солтүстік Американың солтүстік-шығыс жағына суық су апарады.
Оңтүстік жарты шардағы ағыстардың ең ірісі Батыс желдері ағысы. Ағыстың ұзындығы 30000 км, ені – бірнеше мың километр, жылдамдығы 3,5 км/сағ. Ол батыстан шығысқа қарай Антарктиданы қоршай ағады.
Сонымен, әдетте жылы ағыстар суларын Жер шарының төменгі ендіктерінен жоғары ендіктеріне қарай, ал суық ағыстар, керісінше, жоғарғы ендіктерден төменгі ендіктерге қарай бағыттайды.
Мұхит ағыстарының материк жағалауларының климатына әсері өте үлкен. Олар ауа массалары сияқты жылу мен суықты тасымалдайды, сөйтіп жағалаулардаклиматты өзгертеді. Поляр шеңберінен солтүстікке орналасқан қатпайтын Мурманск порты, Нью-Йорк қаласынан солтүстікке байқалатын қысқы төмен температуралар осыған мысал бола алады. Ағыстар жауын – шашынның да мөлшеріне әсер етеді.
Мұхит ағыстары жылуды, тұздарды, организмдері тасымалдай – тындықтан, оларды зерттеп білу қажеттігі туады. Ол үшін арнайы жабдықталған кемелер, ұшақтар, Жердің жасанды серіктері пайдаланылады.
Мұхит суы толқындар мен ағыстардың әсерінен үнемі араласып жатады. Салқын су төмен қарай бағытталып, жылы су жоғары көтеріледі. Терең шұнғымаларда да су өте баяу болса да араласады. Араласқан су өзімен бірге терең қабаттарға қоректік заттар мен газ алып барады.
Теңіздер мен мұхиттар арзан және қолайлы жол қатнасы ретінде пайдаланылады.Орасан зор ірі кемелер мұхиттарды ерсілі-қарсылы шарлап,дүние жүзінің барлық елдерін бір-бірімен байланыстырады.Көптеген жолаушылар,жүктер теңіздер мен мұхиттар арқылы тасмалданады.Теңіз жағаларындағы қойнауларда ,ашық теңіздің толқыны жетпейтін жерлерде порттар салынып,сол жерлерге кемелер аялдайды.
Теңіз қатнасының өте ауқымды аймағы-Атлапт мұхиты .Еуропаны Солтүстік және Оңтүстік Америка мен байланыстыратын маңызды теңіз жолдары осы мұхит арқылы өтеді.Еуропадан жерорта теңізі, Суэц каналы,Үнді мұхиты арқылы Оңтүстік және Шығыс азия елдерімен Аустралияға ьаратынжолда аса маңызды болып саналады.
Жылдан-жылға Тынық мұхит та кеме қатнасында барған сайын маңызды орын алып келеді.
Мұхиттарда өсімдіктер жануарлардың түрлері өте көп және олар алуан түрлі болып келеді.
Мұхит суында 150 мыңнан астам жануарлар түрі мен 10 мыңдай балдыр түрлері кездеседі.Жалпы алғанда жануарлардың түрі құрлыққа қараған да суда көп болады.
Мұхиттан жер шарындағы ең ірі жануарды аулайды.Ең ірі киттіңденесінің ұзындығы 33м ,салмағы 120-т-ғадейін барады.Киттің тек қана тілінің салмағы 3 т-ға жетеді.Мұқиттағы көптеген жануарлар оның беткі қабатында тіршілік етеді.Ал аса тереңде тіршілік ететін жануарлардың дене құрлысы су қысымының әсерінен өзгереді.Мұхиттың терең қабатына күн сәулесі жетпейтндіктен ,ондағы көптнген жануарлардың көру қасикті жойылып,кейбіреулерінің денелерінен сәуле шығаруқабілеттері пайда болған.сол сияқты бұл жерде сезім оргондары жақсы жетілген жыртқыш балықтарда тіршілік етеді.
Теңіз бойының халқы балық аулаумен айналысады.Майшабақ,нәлім,лососьмықтытісжәне т.б.балықтардың кәсіптік маңызы өте зор.
Арктика мен Антарктиканың суларында кит,итбалық,морж т.б.теңіз сүтқоректілерін аулайды.Олардан май,тері,кит мұртын алады.Дегенмен ,кит санының күрт азаяып кетуіне байланысты оларды аулауға дүние жүзі бойынша шек қойылды.
Сонымен қатар көптеген елдерде теңіз балдырлары тамаққа пайдаланылады (мысалы,теңіз капустасы).Теңіз суының үстінгі қабаттарында жасыл балдыр көп,одан тереңіректе қоңыр және қызыл түрлкрі табылған.Балдырдың кейбіреулері теңіздің тайыз түбінде өседі.Мұндай ірі балдырлардың су астында тұтасып жатқан қалың жыныстары кездеседі.Атлант мұхитының ағыстарымен қоршалған орта бөлігінде ,Африкамен Солтүстік Америка арасында балдырлардың көптеген түрлері өсіп-өнеді.Бұл арада мұхит бетінде саргассо деген балдырмейлінше көп жүзіп жүреді,сондықтанда мұхиттың осы бөлігін Саргасс теңізі деп аталады.
Теңізбен Мұхиттардың шеткі тайыз бөліктерінен өндірілетін мұнай мен газ, мұхит суынан алынатын ас тұзы ,темір кені ,магний,бром,калий сияқты миннералдармен шикі заттар тұрмыста жиі қолданылады.
Теңіз суларының құрамында тұз ,микроэлементтерден басқа дейтерий (ауыр су)деген зат бар.Оны атом реакторында отын ретінде пайдалануға болады
Мұхитты қорғау және оны зерттеу адам баласының маңызды міндетіүМұхитты зертеуде эеспедициялық кемелердің маңызы зор.олар ғылыми-зерттеу лабораториялармен жабдықталңан(мысалы Жак Ив Кусиокемесі).Арнаулы апараттар ,батискафтар үлкен тереңдіктерде зерттеу жұмыстарын жүргізуге көмек береді.Мұхит зертеушілердің қарамаңында тереңдікті анықтауғуа мүмкіндік беретін компьютерлер және басқада құралдар бар(мәселен «Альвин» сүңгіуір кемесі ғалымдары 2500 мтереңдікке дейін апарады).
Қазіргі кезде дүние жүзіндегі мемлекеттер бірігіп ,мұхиттағы зерттеулерді ЮНЕСКО басшылығымен жүргізіп жатыр.
Мұхитты ғарыштан зерттеу соңғы кездегі жаңа әдістердің бірі болып табылады.Ғарыштан теңіз ағыстары,оның атмосферамен байланысы ,мұхиттың органикалық дүниесін бағалау және болжау жұмыстары жүргізіледі.
Жердің жасанды селіктерінен түсірілген суреттер Солтүстік мұхит арқылы өтетін теңіз жолдарының мұз жағдайын алдын ала біліп отыруға мүмеіндік береді.Сол сияқты мұхит түбінің жер бедерінзерттеу судың ластануын бақылау ,экологиялық апаты аймақтарды белгілеу жұмыстарыда жүргізіледі.
Мұхиттағы жануарлардың саны азайып кетпеуі үшін оларды шекшіз аулауға тыйым салынады.Мысалы ,жыртқыштықпен аулаудың нәтижесінде көк киттерге жойылып кету қаупі төнді.
Қазіргі кезде кейбір мемілекеттерде су асты фермаларында балдырларды ,мидияларды,устоицаларды,теңіз ұлуларын өсіреді.
Судың ластануы мұхиттағы организмдерге орасан зор зиян келтіреді.Мұхитты ең көп ластайтын зат –мұнай.Ол мұнай таситын кемелерді тиау,түсіру,оларды жуып тазалау кезінде және кейде кеменің апатқа ұшырау нәтижесінде суға қосылады.Мұхит бетінде түзілетін мұнай қабаты балықтарды уландырып ,тірі оргонизмдерді жоюға апарадв.Сонымен бірге мұхиттың радиоактивті заттармен ластануы айтарлықтай қауіпті.Олар ядролық жарылыстың және өндірістің радиоактивті қалдықтарын мұхитқа төгудің нәтижесінде суға қосылады.
Осыған орай ,мұхит суын ұтымды пайдалану және оны қорғау жайында халықаралық конференциялар жүргізіледі.