Мұхит суының температурасы. Су – жер бетіндегі жылу сыйымдылығы үлкен дене. Сондықтан да мұхитты «жылу қорының жинаушысы» деп аталады. Мұхит суы өте баяу жылынады және баяу суынады. Мұхит жаз бойы жылу жинап, қыста оны құрлыққа береді. Егерде мұхит суының ондай қасиет болмаса, жер бетінің орташа температурасы қазіргіден 36 0С төмен болар еді.
Судың жоғарғы қабаты 25-50 м, кейде тіпті 100 м-ге дейін толқындар мен ағыстардың арқасында жақсы араласып тұрады. Соңдықтан ондай су біркелкі қызады. Мәселен, экватор маңында үстіңгі қабат суларының температурасы 28-29 0С-қа жетеді. Тереңдеген сайын судың температурасы төмендейді. 1000 м тереңдікте арнаулы термометр тұрақты 2-3 0С-ты көрсетеді.
Сонымен қатар жалпы мұхит суының температурасы экватордан алыстаған сайын төмендейді (бұл немен байланысты?). Экватор маныңда температура 28-30*С болса, полярлық аймақтарда – 1,8 0С құрайды.
Мұхит суы – 2 0С температурадан қатады.
Судың температурасына маусымдық өзгерістер де әсерін тигізеді.Мәселен, қаңтар айында Солтүстік жарты шарла судың температурасы төмен, ал оңтүстік жарты шарды жоғары (неліктен?). Ал шілде айында Солтүстік жарты шарда судың температурасы көтеріледі де, Оңтүстік жарты шарда, керісінше төмендейді (неліктен?).
Жалпы Дүниежүзілік мұхиттың беткі суларының орташа температурасы 17,5*С.
Мына кестеге қарап, мұхит суларының температурасын салыстырып, қорытынды шығарындар.
Мұхит түбіндегі жер қыртысының жарықтарынан оқтын-оқтын ыстық су щығып тұрады. Тынық мұхитының түбіндегі осындай бұлақтардың температурасы 350-400 0С-қа барады.
Мұхит суының тұздылығы. Мұхиттар мен теңіздердің суы тұзды және ішуге мүлдем жарамсыз. Әрбір литр теңіз суында орта есеппен 35 г тұз болады. Ал өзендер құятын теңіздердің суы онша тұзды болмайды. Оған Балтық теңізі мысал бола алады. Мұндағы тұздылық 1 литрге 2 — 5 г ғана.
Теңіздердің тұщы аз қосылатын және булану үкшті жүретін жерлерінде тұз мөлшері 39 – 40 г-ға жетеді.
Еріген тұздардың 1 л судағы граммен алынған мөлшерін судың тұздылығы деп атайды.
Тұздылық санның мыңнан бір бөлігі – промиллемен(%) өлшенеді. Мысалы, 20%л суда 1г тұз бар деген сөз.
Мұхит суында жер бетіндегі заттардың бәрі еріген күйінде кездеседі, оның 4/5 – ін өздеріне белгісі ас тұзы құрайды. Мұхит суына хлор, магний, кальций, калий, фосфор, натрий, күкірт, бром, алюминий, мыс, күміс, алтын және т.б. араласады.
Мұхит бетінің орташа тұздылығы әр түрлі. Ең жоғарғы орташа тұздлық Атлант мұхитында 35,4%, ал ең төмегі тұздылық – Солтүстік Мұздығы мұхитта 32%.
Солтүстік Мұздығы мұхиттың тұздылығының аз болуы, оған көптеген ірі-ірі суы мол өзендердің құюынан. Солтүстік Мұзды мұхиттың Азия жағалауында тұздылық тіпті 20%-ге дейін төмендейді. Сонымен қатар мұхит суының тұздылығы жауын-шашын мөлшеріне, айсбергтердің реуі мен судың булануына да байланысты.
Су құрамындағы еріген тұздар судың қатуына кедергі жасайды. Сондықтан судың тұздылығы жоғарылаған сайын, оның кату температурасы төмендейді.
Егер судың тұздылығы мен температурасы төмен болса, онда ол жерлерді мұз басып жатады. Солтүстік Мұзды мұхит оның айқын мысалы болып табылады.
Толқындар. Ауа райы тынық кезде теңіздің беті тып-тыныш, шайқалғаны болар-болмас қана білінеді. Жел соға бастағанда, теңіз үстінде толқын котеріледі.
Толқынданып жатқан теңізге қарасақ , толқындар теңіздің бетінде жарысып бара жатқандай әсер етеді. Ал сонымен бірге сол толқындардың үстінде қалқап жүрген нәрселердің өзінің орнын өзгертпей, біресе жоғары қөтеріліп, біресе төмен түсіп тұрғанын көресің. Дүрысында, толұындағы судың бөлігі тек бір орында ғана толқу қозғалысын жасайды.
Толқынның көлденен қимасынан оның пішінін көруге болады(69-сурет). Тынық су беті деңгейінен жоғары көтерілген толқынның ең биік бөлігі тоқынның қыры немесе жалы деп талады. Су бетінің деңгейінен ең төмен жатқан бөлігін толқынның табаны деп атайды.
Толқын ұзындығы мен биіктігі арқылы сипатталады. Толқынның ұзындығы дегеніміз – көршілес екі толқын қырларының арасындағы ара қашықтық. Толқынның биіктігі – оның табанынан қырын дейінгі қашықтық.
Мұхиттың орасан зор кеңістігінде толқын аса биікке көтеріледі. Ең күшті дауылдарда толқын 10-15 м биіктікке жетеді.
Толқынның күші 9 балдық шкаламен анықталады.
Толқындар теңіз жағаларын шарпиды. Толқынның төменгі жағы теңіз түбіне тиеді де, соған бөгеледі, ал жоғарғы жағы жағалауға қарай асып түседі. Содан жағалауға қарай орағыта соғатын соқпа толқын пайда болады. Жайдақ жағалауда толқындар жағалауға қарай шапшыса, тік жалауларда шарпу шашырандысы мен көбігін жоғары атып, қатты күшпен жағаны соққылады.
Цунами. Су астындағы өте қатты жер сілкінуден немесе жанартаулардың атқылауынан туатын толқындарды цунами деп атайды (жапонша цунами – қойнаудағы үлкен су).
Цунами толқындардың үйлерді құлатып, электр желілерін істен шығарады, ағаштарды тамырымен қопарып ағызып алып кетеді. Қойнаудағы кішігірім кемелер мен қайықтарды төңкеріп тастайды.
Цунами калай пайда болады?
Тымық суға тас лақтырғанда, су бетінде шеңбер-шеңбер толқындар пайда болатынын талай рет байқаған боларсыңдар. Сол сияқты су астындағы жер сілкіну орталығынан жан – жаққа тау-тау толқындар, яғни цунами тарайды.
Толқынның жылдамдығы мен ұзындығы өте улкен болғандықтан, ол жойқын күшпен соғады. Ашық мұхитта цунамидің биіктігі 1-2 м-ден аспайды, ал жағалауға жақындаған кезде оның биіктігі бірден өсіп кетеді. Мәселен,1896 ж. Жапон аралдарына соққан цунами толқынының биіктігі 30 м-ге жетті. Цунами сансыз көп ғимаратты қиратып, мыңдаған адам өмірін алып кетті. 1821 ж. биіктігі 20 м цунами Индонезиядағы Сулавеси аралының бірнеше елді мекенін жайлап кетті.
Цунами жер сілкіну орталығынан сағатына 800 км жылдамдықпен тарайды.
Цунами келер алдында су әдетте бірнеше минут ішінде жағадан жүздеген метр, ал кейде километрге дейін шегінеді. Су неғұрлым көп шегінсе, цунами толқыны соғұрлым биік көтеріледі.
1960 ж. анд тауларындағы жер сілкінуден тұған цунами Чили жағалауларын, Американың батыс жағалауын Калифорнияға дейін, Жаңа Зеландия жағасын, Аустралияны, Филиппин, Гавай аралдарын, Жапонияны, куриль аралдарын қамтыды.
Цунами болып тұратын аудандарда оны алдын ала болжап хабарлайтын арнаулы қызмет ұйымдастырылған. Ғалымдар цунамидің жылдамдығын күні бұрын анықтап, халықты қауіпті толқындардан сақтандыру үшін оны жағалаудағы елді мекендерге дереу хабарлайды.
Тынық мұхиттың Оңтүстік – Шығыс Азияға жақын бөлігінде жазда және күзде пайда болып, сұрапыл дауыл түрінде соғатын желді тайфун деп атайды (қытайша тайфун – үлкен жел). Тайфун өткенде таудай толқын көтеріліп, теңіз жағалауын басады да, орасан зор апатқа ұшыратады. Күшті нөсер жаңбыр жауады. Тайфуннан әсіресе Филиппин мен Жапон аралдары көп зардап шегеді. Кейде апатты дауыл Қиыр Шығыстың оңтүстігіне дейін жетеді.
Толысу мен қайту құбылыстары. Теңіз жағалауларында су деңгейінің тәулік ішінде көтеріліп және төмен түсіп тұратындығы байқалады. Әдетте теңіз деңгейі тәулік бойына екі рет көтеріліп, екі рет төмен түседі. Теңіз деңгейінің осындай түрақты қайталанып көтеріліп, төмен түсуін толысу және қайту дейді.
Теңіздегі толысу мен қайту құбылысының себебін ағылшын ғалымы И. Ньютон анықталған. Ол бұл құбылыс Айдың тартылыс күшіне байланысты қайталап тұрады деп есептеген.
Жердің Айға қараған жағында тарту күші басым болғандықтан, осы жағында мұхит беті көтеріледі, судың толысу құбылысы жүреді. Жердің екінші жағында Айдың өзіне тарту күші әлсіздеу, сондықтан кері бағытта екінші толысу туғызады. Ал осы екі толысу арасынан қайту құбылысы орын алады.
Мұхит суының көтерілуі мен төмен түсуіне Айдан басқа, Күннің де өзіне тартуы әсерін тигізіп отырады. Бірақ Жер мен Күннің арасы өте әсерінен анағұрлым бәсен болады.
Судың толысу барлық теңіздердің жағаларынан байқалады. Мұхиттың ортасында толысу толқыны онша биікке көтерілмейді. Мұхит аралдарының жағаларында су деңгейі 0,5 – 1 м көтеріледі. Мұхитқа қарай кеңейе түсетін өзен сағалары мен тар шығанақтарда толысу биіктігі әлдеқайда жоғары болады; мәселен, Охота теңізінің Пенжина қолтығындағы толысу биіктігі 13 м-ге жетеді. Солтүстік Американың шығыс жағаларындағы Фанди, Фробишер шығанақтарында 16 м-ге дейін барады.
Тұйық ішкі теңіздерде толысу толқыны онша биікке көтерілмейді. Жерорта теңізінде ол 1 м-ге жетпейді.
Қара теңізде толысу тіпті байқалмайды (толысу кезінде теңіз беті 8 см-дей ғана көтеріледі).
Толысудың кеме қатынасы үшін маңызы зор. Теңізден 64 км жердегі Лондонға теңіз кемелер тек толысу кезінде ғана бара алады. Толысу мен қайту өзеннің тұнбаларын ағызып әкетіп, өзен сағаларын терендетіп отырады.
Толысу мен қайту толқынның үнемі кезектесіп отыруы олардың қуатын электр энергиясын өндіру үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл қуатты « жасыл көмір» деп атайды.
Дүние жүзінің түрлі елдерінде толысу электр станцияларын (ТЭС) салу қолға алынды. Мұндай тәжирибе станциялары Францияда, Ресейде, англияда жұмыс істей бастады. Қолдан тұрғызылған плотинаға тосылу арқасында толысу және қайту кезінде шығанақ пен теңіздің деңгейі бір-бірінен айырма жасайды. Толысу кезінде су теңізден шығанаққа қарай құйылғанда да, қайту кезінде шығанақтан теңізге қарай ағып кеткенде де турбина екі жақты айналып, электр энергиясын өндіреді. Ресейдің Мурман жағалауында Кислая губа тәжірибе ТЭС-і жұмыс істейді. Мұны тасқын куатын пайдалануға арналған су электр станциясы деп те атайды.