Құйып өткен жаңбырдан кейін көшеге қақ тұрып қалғанын талай байқадыңдар. Үйлердің шатыры, ағаштың жапырағы мен діңі, көкорай шалғын – бәр суға малшынған. Бұлт сейіліп, Күн шыққаннан кейін су тиген заттардың бәрі де құрғайды.Осының алдындағы жаңбыр суы із – түзсіз қайда жоғалып кетті? Шынында су жоғалып кеткен жоқ, буға айналып, ауаға тарады.Ауа сияқты түзсіз болғандықтан, бу көзге көрінбейді.
Кез келген ауада белгілі – бір мөлшерде бу күйіндегі су бар. Судың өте майда бөлшектері бөлмедегі ауаның құрамынада кіреді. Оны байқау қиын емес.Қыста аяздан үйге алып кірген металл бұйымдарға ( портфельдің құлпы, коньки және т.б.) көңіл аударыңдар.Үйде, жылы жерде сәл тұрғаннан кейін олардың терлей бастағанын көресіңдер.Бұл – бөлмедегі жылы ауа суық затқа жанасқанда бөлінген су тамшылары.
Жер бетіндегі ылғалды топырақтан, батпақтан, өзендер мен көлдерден, мұхиттар мен теңіздерден буланған су ұдайы атмосфераға қосылып жатады. Судың басым көпшілігі мұхиттар мен теңіздерден келеді.
Табиғатта су буы тынымсыз айналыста жүреді.Мұхиттар мен құрлық бетінен көтерілген су булары атмосфераға жайылып таралады.Ауа ағымдары оларды ілестіріп басқа жаққа айдап алып кетеді. Бу салқындаған кезде бұлтқа айналады. Одан жауын — шашын түрінде жер бетіне қайтып оралады.
Ауадағы су буының мөлшерібуланатын беттіңжағдайынажәнетемпературағабайланысты. Ауадағы су буы мұхит үстінде мол, ал құрлық үстінде аз болады.Сонымен бірге неғұрлым температура жоғарылаған сайын ауадағы су буының мөлшері арта береді.
Ауадағы су буының мөлшері абсолют және салыстырма ылғалдықпен анықталады.
Абсолют ылғалдылық-1м3 ауадағы су буының нақты мөлшері, ол граммен есептелінеді.
Салыстырмалы ылғалдық – 1м3 ауадағы суц буының нақты мөлшерінің сол температурадағы ауаны қанықтыратын су буы мөлшеріне қатынасы: пайызбен есептелінеді.Салыстырма ылғалдық ауаның су буымен қанығу дәрежесін көрсетеді.Мысалы, 1м3 ауа -20 0 С температурада 1 г су буын ұстап тұра алады. Ауада бар ылғал 0,5 г делік . Сондасалыстырмаылғалдық 50 % болады.
Ауа су буымен қаныққанда салыстырма ылғалдық 100% — ға жетеді.
Ауа су буымен қаныққаннан кейін будың артығы су тамшыларына айналады. Егер 1м3 ауаға – 100 С температурада 2г орнына 3г су буы жинақталса, оның артық 1 г-ы су тамшыларына айналып кетеді. Сондай – ақ қаныққан ауаның температурасы төмендесе де, бойындағы субуларын ұстап тұра алмайды.Мысалы, 1м3 ауа +100С –та қанығу үшін 9 г су буы керек. Егер температурасы 00С- қа дейін төмендесе, ол ауа 5г ғана су буын ұстап тұра алады, артық 4г бу су тамшыларына айналады.
Белгілі жағдайда су буларының сұйық күйге (су тамшыларына) айналуын к о н д е н с а ц и я деп атайды(лат.конденсацум – қоюлану).00С-тан төмен температурада су булары қатты күйге ауысады, яғни мұз түйіршіктеріне айналады.
Ауаның салыстырма ылғалдығы шаш гидрометрі деп аталатын құралмен өлшенеді ( грекше гигрос –ылғал, метр -өлшеу ).Бұл құралда адам шашының ылғал артқанда ұзару қасиеті пайдаланылған.Ауа құрғаса керісінше , шаш қысқарады.Шаштың ұзаруына немесе қысқаруына қарай оған жалғастырылған тіл циферблаттың бойымен жылжып,салыстырма ылғалдықтың пайыз мөлшерін көрсетеді.