Көптеген тәжірибелердің нәтижесінде ауаның салмағы бар екендігі анықталған. Оған оңай көз жеткізуге болады.
Бүкіл ауа қабаты жер бетінің әр шаршы сантиметіріне 1 кг 33 г салмақ түсіреді. Орта бойлы адамның денесінің үсті шамамен 15000 см – дей болады екен. Сонда оған түсетін қысым 15500 кг немесе 15 т- дан астам болып шығады. Адамның алақаны шамамен 150 см2, ауа оған 150 кг салмақ қысым түсіреді. Бұл — ересек екі адамның салмағы деген сөз. Біз мұндай қысымды сезбеймі.Өйткені біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымымен тепе – тең келеді.
Ауаныың жер бетіне түсірген салмағыа т м о с ф е р а л ы ққ ы с ы м немесе а у ақ ы с ы м ыдеп аталады.
Ауаның негізгі салмағы төменгі, жер бетіне таяу қабатына түседі. Атмосфераның бүкіл салмағының жартысы 5 км биіктікке дейінгі қалыңдығына тура келеді, ал 15 км- ден жоғарыдағы қабатына оның 0,1 бөлігі ғана тиеді.
Биіктік артқан сайын қысым азая береді. Өйткені сол деңгейдегі салмақ түсіретін қабатының қалыңдығы да кеми түседі ғой. 100 км биіктікке көтерілгенде атмосфералық қысым жер бетіндегімен салыстырғанда миллион есе азаяды. 100 км- ден биіктегі қысымды құралмен өлшеу қиын. Сондықтан үлкен биіктіктегі атмосфералық қысым ауа температурасының және тығыздығының таралуына орай есептеу жолымен анықталады.
Жер бетінің түрлі аймақтарындағы және түрлі биіктіктегі атмосфералық қысымды бір – бірімен салыстыру үшін 450 ендіктегі теңіз деңгейіндегі қысым алынады ( неге 450 ендік белгіленетіндігін ойланыңдар) . Сынап бағанасының 760 мм биіктігіне тең осы қысым қ а л ы п т ыа т м о с ф е р а л ы ққ ы с ы м деп аталады. Атмосфераның жер бетіне таяу қабатында әрбір 10 м биіктікке көтерілгенде қысым шамамен 1 мм төмендейді.
Атмосфералық қысым тек биіктік бойынша ғана емес,сонымен бірге ауа райы жағдайына байланысты да өзгереді. Ауа жылығанда көлемін ұлғайтатындықтан, жоғары көтеріліп, сирейді. Соған сәйкес оның қысымы да азаяды. Керісінше, ауа салқындағанда тығыздала түседі де, қысым артады.
Атмосфералық қысым б а р о м е т р деп аталатын құралмен өлшенеді (грекше барос- салмақ, метрео- өлшеймін). Барометрдің екі түрі – сынап барометрі және анероид барометр қолданылады ( грекше анероид-ылғалсыз).
Сынап барометрі қысымды тұрақты жағдайда өлшеу үшін қолданылады.Оны бір жерден екінші жерге алып жүру қолайсыз. Сондықтан экспедицияға, топсеруенге, туристік жорықтарға шыққанда ауа қысымын өлшеуге анероид барометрі қолданылады. Оныңнегізін ішінен ауасы сорып алғандөңгелек металлқорапша құрайды. Қорапша өте нәзік серпінді металдан жасалатындықтан ауа қысымының өзгерісіне мейлінше сезімтал келеді. Қысым көбейгенде, қорапшаның беті сығылады, азайғанда, көтеріледі. Бұл өзгеріс қорапшаға тиектермен жалғастырылып бекітілгентілге беріледі. Қысым циферблаттың бойындағы миллиметрлік шкаладан анықталады.
Ауа райын бақылау мекемелерінде атмосфера қысымын өлшеуге миллиметрдің орнына миллибар ( мб ) өлшемі қолданылады. 1 мбшамамен 0,75 мм сынап бағана биіктігіне тең.