Жер қыртысының қозғалыстары. Жер қыртысы қозғалуының екі түрі болады: біріншісі -жер қыртысының баяу көтерілуіментөмендеуі.
Жер қыртысы ешқашанда тыныш жатпайды: оның кейбір аумағы көтерілсе, баска бір жері шөгеді. Бір аумақтың өзі бір көтеріліп, бір шөгеді.
Скандинавия түбегінің жағаларында, мұхит деңгейінен бірсыпыра жоғарыда бұрынгы жаға сызығының іздері байқалады. Олар: жартасты толқынның шарпуынан пайда болған кемерлер, жағадағы үйінділер және теңіз қабыршықтарының жиынтығы. Осы жаға сызықтары түбектің әр жерінде әр түрлі биіктікте кездеседі. Олар құрлықтың әр түрлі деңгейде көтерілгендігін көрсетеді. Қазіргі Скандинавияның жағалары жылына шамамен 1 см көтеріледі.
Құрлықтың шөгуін өзен және теңіз жағалауындағы террасалар, теңіз жағалауларын су басуы, жағаға жақын маңда теңіз түбінен табылған ескі қорғандардың қалдықтары дәлелдейді.
Жер қыртысының мұндай қозғалуы қаншалықты баяу жүргенімен, бірнеше ғасырдың ішінде құрлықтың биіктігін және пішінін қатты өзгертеді. Қазіргі кездегі құрлықтың кейбір жерлері ерте замандарда теңік түбі болған, ал ертеде құрлық болған кейбір жерлерді казір теңіз басып жатыр.
Ғалымдар картаға түсіру барысында Солтүстік Америка мен Еуропаның Атлант мұхитымен іргелес солтүстік бөліктері жаппай көтерілуде екенін, ал Еуропаның Жерорта теңізі аймағы шөгіп бара жатқанын аңғарған.
Жер қыртысының баяу көтерілуі мен шөгуі жер бетінің географиялық жағдайларын өзгертеді. Мөселен, теңіз жағалаулары -құрлыққа, шығанақтар — көлдерге, аралдар — түбектерге айналады.
Жер қыртысы қозғалысының екінші түрі -тау жасалу козғалысы. Бұл қозғалыстар кезінде жер қыртыстары майысады, қатпарға бүктеледі немесе жарықтармен бөлшектенеді және сол жарықтарды бойлап ығысады. Мұндай қозғалыс жер бедерін өте өзгертіп жібереді, мәселен, жазық жердің орнына таулар пайда болады. Тау түзілу жер бетінде жиі болатын кұбылыс — жер сілкінулерге апарып соғады.
Жер сілкіну. Жер сілкіну дегеніміз — жер қыртысы мен жоғарғы мантиядағы кенет ығысу және ыдыраулардың әсерінен туатын жер асты дүмпулері мен жер бетінің тербеле қозғалуы.
Жер сілкіну ұзаққа созылмайды, әдетте бірнеше секундтардың ішінде ғана өтеді. Бірақ жер асты дүмпулері бірінің артынан бірі қайталанып, бірнеше жылдарға жалғасуы мүмкін. Мысалы, Алматыда 1887 жылы басталған жер сілкіну 3 жылға созылған.
Жер сілкіну салдарынан жерде жарықтар пайда болады. Осы жарықтардың бойымен жер қыртысы қабаттары көлбеу бағытта және жоғары-төмен ығысады.
Жердің бетіндегі жарықтар мен ығысулар жер қабығының терең қабатындағы және жоғары мантиядағы жарылу және ығысулармен байланысты. Жердің терең қойнауындағы тау жыныстары қабаттарының кенет жарылып, ығысатын жері Жер сілкіну ошағы деп аталады. Ошақ ондаған, тіпті жүздеген километр тереңдікте болуы мүмкін.
Оның дүмпуінің жер бетіне шығатын жері эпицентр деп аталады (грекше эпи — үстіңгі, центр — шеңбердің орталығы). Тап осы жерде дүмпу күші барынша үлкен мөлшерге жетеді. Эпицентрден қашықтаған сайын жер сілкіну күші азая береді.
Жер сілкіну кезіндегі бөлінетін қуат мөлшері орасан зор. Мысалы, 1911 ж. Алматы қаласындағы жер сілкіну кезінде Днепр су электр станциясы 300-350 жыл бойы үздіксіз жұмыс істегенде өндіретін қуатқа парапар қуат бөлінген.
Жер сілкіну зардабы өте үлкен. Жер сілкінудің өзі ғана емес, онымен қоса жүретін құбылыстар — теңіз тасқыны, сел, опырылулар, су-сымалар, жартастардың құлауы аса үлкен апатқа ұшыратады.
Жер сілкінудің күші 12 балдық шкаламен өлшенеді (латынша шкала- саты).
Жер сілкінуді зерттеу. Жыл сайын Жер шарында мыңдаған жер сілкінулер өтіп жатады. Мәселен, Алматы төңірегінде жер 2 жылда 5 рет сілкінеді екен. Олардың көпшілігі өте әлсіз болғандықтан, адамдар сезбейді. Сонымен қатар Жер шарында, орта есеппен алғанда, жыл сайын ондаған күшті және бір апатты жер сілкіну өтеді.
Жер сілкіну апатыңан сактану ушін оны зерттеудің үлкен мәні бар. Жер сілкінуді зерттеу жұмыстарымен арнаулы ғылыми мекеме-лер айналысады. әзіргі ғалымдар жер сілкінудің болатын орны мен уақытын алдын ала дөп басып айта алмайды. Дегенмен олар жер сілкіну аймақтарын, оң жерлердегі жер сілкінудің күтілетін дүмпу күшін біледі және соған орай сақтық шараларын жүзеге асырады.
Түрлі зерттеулер жер сілкінуінің ошақтары литосфера лық тақталардың шеттеріндегі зкер қабығынын қозғалмалы алқаптарына шоғырланғандығын көрсетеді. Жер сілкіну жиі қайталанып тұратын аймақтар сейсмикалықаймақтар деп аталады.
Жер сілкіну кұбылысының адам үшін аса қорқыныштылығы -оның тұтқиылдан болатындығы. Қазіргі кезде ғалымдар жер сілкінудің болатын уақытын алдын ала болжау жолдарын іздестіруде.