Соңғы кезде ғалымдардың арасында Жер кыртысы орасан зор қатты тақталардан тұрады деген пікір кеңінен таралған.
Бұл пікір бойынша, Жер бетіндегі материктер маңайындағы мұхит алқаптарымен қоса ірі тақталар құрайды. Мәселен, Еуразия тақтасына осы материкпен бірге Атлант мұхитының солтүстік-шығысы және Солтүстік Мұзды мұхиттың үлкен бөлігі кіреді. Африка тақтасы Атлант мұхиты мен Үнді мұхитының іргелес бөліктерін қамтиды. Тек Тынық мұхит және Наска тақталары ғана жеке-дара мұхитты алып жатыр.
Литосфера тақталары мантияның беткі қабатымен баяу жылжып, орнын ауыстырады. Жер серіктерінің жәрдемімен жүргізілген өлшеу жұмыстары тақталарды жылына 2-5 см ығысатындығын көрсетеді. Былайша қарағанда, бұл сан өте мардымсыз сияқты болып көрінеді. Дегенмен сол санды 10, 20, 100 жылға шағып қарағанда айтарлықтай мөлшерге жететінін байқау қиын емес. Ал Жер тарихының есебіне шаққанда қандай болмақ? Оны өздерің ойластырып көріндер.
Тақталар бір жерлерде бірінен-бірі алшақтайды, екінші бір жерлерде өзара түйіседі.
Жер қыртысының жарық ажыратқан бөліктері жарықтан жан-жаққа бытырап жылжи бастайды. Соның нәтижесінде жарықтың екі жағын ала су асты жоталары түзіледі. Оларды мұхит ортасы жоталары деп атайды. Мүндай жоталарға Атлант мцхитыныңорта жотасы, Үнді мұхитындағы Орталық Үнді жотасы және т.б. жатады. Су асты жоталары мұхит түбінен 2000-3000 м биіктікке көтеріледі, ұзындығы әлденеше мың км-ге барады.
Мұхит ортасы жоталарының тап ортасында ұзыннан-ұзақ созылған шатқалдар бар. Олардың ені жоғарғы жағында бірнеше ондаған километрден түп жағында бірнеше километрге дейін барады. Өдетте іпат-қалдардың түбінде жанартаулар мен ыстық бүлақтар шогырланады. ОКарықтан шықкан магма бір-бірінен алшактап бара жатқан тақта-лардың шеткі бөліктерін өсіріп отырады.
Тақталар қақтығысқан жерде магмалық ауыр жыныстардан тұратын мұхиттық қабық көбінесе шөгінділерден құралған материктік жеңіл қабықтың астына енеді.
Тақтаның төмен қарай батқан жерінде аса терең мұхит науасы (шүңғымасы) пайда болады, оның шетін бойлай аралдардың доға тәріздес тізбегі созылып кетеді (мысалы, Еуразия тақтасы мен Тынық мұхит тақтасы аралығындағы Куриль науасы мен Куриль аралдары тізбегі) немесе орасан зор тау жоталары түзіледі (мысалы, Наска мұхиттық тактасы мен Оңтүстік Америка тақтасы аралығындағы Анд таулары). Пайда болған терең науаларда шөгінді тау жыныстары жинақталады. Тақтаның жылжуынан пайда болатын қысым әрі қарай жалғаса берсе, науаға жинақталған тау жынысының қабаттары жиырылып қатпарланады да, таулар түзіледі.
Таулардың түзілуі бірыңғай материктік тақталардың бір-бірімен соқтығысқан жерлерінде де жүреді. Мәселен, Еуразия тақтасының Үнді-Аустралия тақтасымен соқтығыс көп жерінде Жер шарындағы аса биік Гималаи таулары түзілген. Еуразияның орта тұсындағы Орал таулары да бұрынғы дербес тақталардың соқтығысуынан пайда болған.
Жер қыртысының тақталары көлденең бағытта жылжуымен қатар, жоғары-төмен бағытта да қозғалып тұрады. Осыған байланысты бұрын пайда болған таулар биіктейді, материктердің жеке бөліктері шөгеді.