Шар бетінің жазықтыққа өзгеріссіз (бұрмаланусыз) жаюға келмеу себебі не? Өткен такырыптан глобус Жердің нақты үлгісі екендігін білдіңдер. Онда материктер, аралдар, түбектер және жер бетіндегі басқа да объектілердің пішіні мен мөлшері айнымастан бейнеленетіндігіне көздерің жетті. Бірақ жер бетін егжей-тегжейлі түсіру үшін өте үлкен глобус жасауға тура келер еді. Мәселен, жер бетін 1 см — 10 км (1:1 000 000) масштабта бейнелеу үшін көлденеңі 6 метрден астам глобус жасау керек болар еді. Әрине, ондай глобус пайдалануға ыңғайсыз. Сондықтан жер бетіндегі заттар мен құбылыстарды мейлінше толық көрсету үшін оның жазықтықтағы сызбасы -карта жасалады. Картаның басты артықшылығы — оның жер бетін түгелдей немесе жеке бөліктерге бөліп, ірі масштабта бейнелеуге мүмкіндік беретіндігі. Бірақ қандай жағдайда да шардың бетін жазықтыққа түсіріп бейнелегенде еріксіз ауытқушылық пайда болады. Жазық жерде тұрып жан-жағына көз жіберген адам Жер шарының дөңестігін байқамайды. Шағын жер бақылаушыға тегіс болып көрінеді. Оны қағазға сол күйінде кішірейтіп түсіру де онша қиын емес. Шағын жер бетінің сызбасы — план осылай жасалады. Ал жер бетінің үлкен алқабын немесе бүкіл Жер шарын жазықтыққа жазып бейнелеу- тым күрделі жұмыс.
Енді осы доптың орнына ойша глобусты койып көрейік. Глобусты меридиандардың бойымен әрқайсысы жазықтыққа жазғанда одан онша алшақ кетпейтіндей етіп, полюстен полюске дейін жіңішке тілімдерге бөлшектейік. Тілімдерді бір-бірімен экватордың бойымен түйістіріп орналастырсақ 30-суреттегідей меридиандардың бас жақтарының бір-бірімен жұғыспай тұратынын көреміз. Тілімдерді параллель бағытында бірте-бірте созу арқылы аралық ашық жерлерді толтырсақ, 31-суреттегідей дүние жүзі картасы шығады.
Осындай әдіспен жасалған картаны глобуспен салыстыра отырып, Жер шарының бетін жазықтыкка жазғанда кдндай өзгерістерге үшы-рағандығын байқау қиын емес.
Жер бетін жазықтыққа жазып бейнелеу әдістерінің көп түрлілігі. Жер шарыньщ бетін жазықтыққа түсіріп бейнелеу жоғарыда айтылған тәсілмен ғана шектелмейді. Ғалымдар жарты шарлардың, біртұтас дүние жүзінің, жеке материктердің, мемлекеттердің, жер бетінің шағын бөліктерінің картасын жасаудың түрлі өдістерін ойлап тапқан. Бұл әдістер бәрінен бұрын меридиан және параллель сызықтарын кескіндеуден айқын көрінеді. Бірақ қандай әдіс қолданылса да, Жер шарының бетін жазықтыққа ешқандай бұрмалаусыз жазып көрсету мүмкін емес.
Жарты шарлар картасы. Сендерге жақсы таныс жарты шарлар картасы глобусты меридианның бойымен қақ жарып, пайда болған екі бөлікті жазықтыққа түсірудің нәтижесінде жасалран. Жерді екі жарты шарға бөліп бейнелеу шардың бетін жазықтыққа жазғанда пайда болатын бұрмалану мөлшерін біраз азайтады. Мұны жарты шарлар картасындағы жер бетінің көрінісі глобустағыға ұқсастығынан байқауға болады. Дегенмен зер сала карасак, бұл картада да бұрмаланулар айқын көрінеді.
Глобуста барлық меридиандардың ұзындығы бірдей. Ал жарты шарлар картасындағы меридиандар әр жарты шар шеңберінің ортасынан шетіне қарай барған сайын өзінің нақты мөлшеріне қарағанда ұзара береді. Соған орай шеңбердің шетіне жақын жатқан Африканың батыс жағасы, Оңтүстік Америка мен Аустралияның шығыс жағалары глобустағыға қарағанда созыңқы бейнеленген. Дегенмен жарты шарлар картасы бүкіл Жер шарын бірден түгелдей көруге мүмкіндік береді.
Қазақстан картасы. Қазакстан картасы Жер шарының шағын бөлігін қамтиды. Сондықтан онда жер бетін бейнелеудегі ауытқулар оншалықты көзге түспейді. Дегенмен мұндай карталарда да шардың бетін жазықтыққа түсіргенде орын алатын ауытқуларға сәйкес өлшем жұмыстарына түзетулер енгізу қажет болады.