Глобус — Жердің нақты үлгісі. Сендер глобус Жердің нақты үлгісі кендігін жақсы білесіңдер (латынша глобус- шар). Бұлай деп глобус Жердің шар тәріздес пішінін дөл көрсететіндіктен ғана емес, сонымен бірге Жер бетіндегі материктердін, мұхиттардың, аралдардың, теңіздердің, көлдердің және т.б. пішінін, олардың бір-бірімен салыстырмалы мөлшерін, алып жатқан орындарын ешқандай бұрмалаусыз дөл бейнелеуіне байланысты айтылған.
«Глобусты пайдаланып, түрлі тәжірибелер жасауға, өлшеу жұмыстарын жүргізуге болады.
Глобустағы меридиандар мен параллельдер. Глобуста меридиандардың солтүстік және оңтүстік полюстерді бастыра жүргізілген шеңберлер екендігін білеміз (латынша меридиан талтүстік). Барлық меридиандардың ұзындықтары бірдей. Параллельдер- меридиандарға кесе-көлденең жүргізілген шеңберлер (грекше параллель — қатар жүруші). Олардың ұзындығы экватор дан полюстерге қарай қысқара береді де, полюске барғанда нүктеге айналып кетеді. Ең ұзын параллель — экватор (латынша экватор — теңдеуші). Жер экваторының ұзындығы 40 000 км-ден артығырақ.
Экватор мен меридиан шеңберінім ұзындығы бірдей (неліктен?). Экватор және меридианның 1° доғасының ұзындығы шамамен 111 км (40 000 км: 360° = = 111 км).
Параллельдердің 1° доғасының ұзындығы полюстерге қарай қысқара береді
Географиялық координаталар. Жер шарының бетіндегі кез келген нүктенің орны оның географиялык координаталары арқылы белгіленеді (латынша ко — бірге, ординатус — реттелген). Географиялық координаталар ендік пен бойлықтан тұрады.
Географиялык ендік деп нүктенің экватордан градус есебімен алынған қашықтығын айтады. Ендік экватордан полюстерге қарай 0° пен 90° аралығында есептелінеді. Экватордан солтүстік полюске дейін солтүстік ендік (се.), оңтүстік полюске дейін оңтүстікендік (о.е.) деп аталады.
Ендік глобуста бастапкы меридианный бойына экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай параллель сызықтарының үстіне жазылады.
Біздің еліміз түгелдей Солтүстік жарты шарда, яғни экватордан солтүстікке карай орналаскан. Сондыктан оның кез келген нүктесінің ендігі солтүстік ендік деп есептеледі. Мысалы, Астана қаласы 40° пен 60° с.е. параллельдердің аралығында жатыр, дөлірек айтқанда, 51° солтүстік ендікте.
Географиялық бойлық деп Жер бетіндегі нүктенің бастапқы меридианная градус есебімен алынған қашықтығын айтады.
Глобустағы кез келген нүктені бастырып меридиан сызығын жүргізуге болады. Лоңдон каласының түбіндегі Гринвич обсерваториясын басып өтетін меридиан халықаралық келісім бойынша шартты түрде бастапқы меридиан ретінде кабылданған. Ол екінші сөзбен «нөлдік меридиан» деп те аталады. Өйткені ол жерде бойлық 0°-қа тең.
Бойлық Гринвич меридианнан батысқа (батыс бойлық — б.б) және шығысқа (шығыс бойлық — ш.б.) қарай 0°-тан 180°-қа дейін есептеледі. Бойлықтың градустык мөлшері экватор сызығының бойына меридиандардың тұсына жазылып қойылады.
Біздің еліміз Гринвич меридианынан, яғни нөлдік меридианнан шығыста жатыр. Оның жері түгелдей шығыс бойлықта. Астана қаласы 71° шығыс бойлықта.
Глобустан қашықтықтарды өлшеу. Глобусты пайдаланып, жер бетіндегі кез келген нүктелердің ара қашықтығын өлшеуге болады. Глобустың масштабы оңтүстік жарты шар жағына жазылып қойылады.
Қашыктықты анықтау үшін нүктелердің арасын жіппен өлшеп алады да, сызғышқа салады. Мысалы, 1:30 000 000 (1 см — 300 км) масштабтагы глобустан өлшенілген қашықтық 5 см болды дейік. Сонда оның жер бетіндегі қашықтығы 5 см х 300 км=1500 км.