Жердің өз білігінен айналуы нәтижесінде кү мен түннің ауысуы. Әлемдік дене ретінде Жер өз білігін айналады. Сонымен бірге Әлемдік дене ретінде жер өз білігін айналады. Сонымен бірге өз орбитасымен Күнді де айналып отырады. Ол бүкіл Күн жүйесінің құрамында Голлактика ядросының төңірегінде айналады және бүкіл Галлактикамен бірге әлемдік кеңістіктегі қозғалысқа қатынасады. Осылардың ішінде Жер бетіндегі түрлі құбылыстардың дамуында Жердің өз білігін айналуы және орбита бойынша Күнді айнала қозғалуы басты орын алады. Егер Жер шарының солтүстік полюс жақтағы үстінен қарайтын болсақ, оның батыстан шығысқа қарай, сағат тілінің айналу бағытына қарама қарсы бағытта өз білігін айналып тұрғанын көрер едік. Күн мен түннің ауысып отыруы нақ осы айналудың әсерінен болады.
Глобусты қолдарыңа алып, айтылған бағыт бойынша баяу йналдырып байқаңдар. Күн неге шығыстан шығып, батысқа бататынын ойланыңдар?
Жердің өз білігін айналуының жердегі тіршілік үшін маңызы.Жер өз білігін бір тәулікте,яғни 24 сағатта бір айналып шығады.Жердің өз білігін мұндай жылдамдықпен айналуының ондағы табиғат құбылыстары үшін шешуші мәні бар.Егер жоғарыда айтқанымыздай, Жердегі 1 тәулік 1 жылға тең болса, онда Жердің Күнге үнемі бір жағы ғана қарап, екінші жағына күн сәулесі түспес еді.Ондай жағдайда әдеттегі тәулік есебі де жойылып, күндіз, түн, жыл мезгілдері дегенді білмес едік.Жердің Күн батпайтын жағындағы ыстық 100С-тан асып, Күн түспейтін жағы соншалықты қақаған аяз болып тұрар еді. Мұндай планетаның тіршілікке жарамайтындығы өзінен-өзі түсініктк. Ол болмаса Жердің Күн батпайтын жағындағы су түгелдей буланып кетер еді,Күн шықпайтын жағындағы су үнемі қатып жататындықтан, ол жағын ғаламат қалың мұз құрсар еді.Бәлкім, күн мен түннің тоғысқан астарлас өңірінде тіршілікке жайлы, өтпелі қоңыржай жағдай орын алатын шығар? Жоқ , олай емесн.Тура осы өңірде температураның, ауа қысымының күрт өзгеруі салдарынан сұрапыл дауыл,су тасқыны және тағы басқа түрлі апатты құбылыстар болып жатар еді.
Жердің өз білігін тәулік ішінде бір айналып шығуы нәтижесінде күн мен түн ауысып қана қоймайды, жылу мен ылғал да бүкіл Жер бетіне бөліне таралып отырады.Жер бетінде тіршілікке қолайлы жағдай туу себебі де осыдан.
Жердің жылдық қозғалысы. Басқа планеталар сияқты Жер де Күнді тұйық сызық құрайтын жолдың бойымен,яғни орбита мен айналады.Жер орбитасы дұрыс шеңбер түзбейді,одан гөрі сәл сопақтау.Сондықтан Жер жылына Күнге бір рет жақынырақ келеді де (3-і қаңтар),бір рет орбитадағы ең алыс нүктесіне(5-і шілде)барады.Ең жақын(147 млн. км)нүкте мен ең алыс (152 млн. км) нүктенің арасындағы қашықтық айырмасы-небәрі 5 млн. км.Бұл Жердің Күннен орташа қашықтығымен салыстырғанда тым мардымсыз.
Жер Күнді орбита бойымен 365 күн 6 сағатта бір рет айналып шығады.Жыл есебін оңайлату үшін 1 жылда 365 күн бар деп есептелінеді.Жыл сайын есепке қосылмай қалып отыратын 6 сағат 4жылда 24 сағат немесе 1 тәулік құрайды.Жиналған1 тәулік әрбір 4 жылдың ақпан айына қосылады.Сонда 3 жыл 365 күннен, ал 4ші жыл 366 күннен тұрады. 366 күннен тұратын жыл «Кібісе жылы» деп аталады. Ақпан бұл жылы 29 күнмен, ал қалған 3 жылда 28 күнмен бітеді.
Жер бетіне жылу таралудағы айырмашылық . Жерге Күннен келетін жылу мөлшері Жер білігінің орбита кеңістігінде орналасу қалпына тікелей байланысты.Жердің білігі орбита кеңістігіне тік орналаспай 66,5 бұрыш жасап көлбеу қиылысады,сондықтан жылу Жер бетіне бұл айтылғаннан басқаша таралады.Жер білігінің көлбеулік мөлшері оның Күнді айналу жолында тұрақты болады. Соған сәйкес жыл ішінде Жер бетініңи кез- келген нүктесіне Күн сәулесінің түсу бұрышы және түсу уақытының ұзақтығы өзгеріп отырады. Нәтижесінде келетін жылу мөлшері өзгереді, жыл мезгілдері де ауысады.
Маусым, шілде, тамыз айларында Жер Күнге Солтүстік жарты шар жағы мен қарайды да планетаның бұл жағына жылу мен жарық молырақ түседі.Сондықтан бұл кезде Солтүстік жарты шарда-жаз, оған қарама –қарсы Оңтүстік жарты шарда қыс болады.Желтоқсан,қаңтар, ақпан айларында Жер орбитадағы бұған қарма- қарсы орнына келеді.Енді Күн сәулесі Оңтүстік жарты шарды көп қыздырады да, ол жақта- жаз, ал слтүстік жарты шарда қыс болады.Қыркүйек,қазан,қараша; наурыз,сәуір,мамыр айларында Жер шары Күнге қырынан тұрады да, Күн сәулесі мен жылуы екі жарты шарға бөлініп түседі. Сондықтан бұл кездерде екі жарты шардың бірінде –көктем, екішншісінде күз болады.