XX ғасырдың басы – қазақ мерзімдік басылымдарының даму кезеңі. XIX ғасырдың аяғында екі ғана басылым болса – «Түркiстан уалаятының газетi» (1870-1883) және «Дала уалаятының газетi» (1888-1902), 1905ж. кейін бір қатар жаңа-жаңа газеттер мен журналдар пайда болды. 1907ж. Петербургте бір топ қазақ интеллигенциясы «Серке» газетін шығара бастады, ол газеттің редакторы Абдурашид Ибрагимұлы болды. Сол газеттің екінші нөмірінде М.Дулатұлының «Біздің мақсатымыз» мақаласы жарық көрді. Патша карауылшылары оны қазақ жұртының үкімет органдары мен олардың өкілдеріне қарсы қоятын үндеу ретінде санап, газетті жапты. Сол жылдың көктемінде Троицкте «Казақ» газетi шықты, бұл газетке бірінші нөмірінен кейін тыйым салынды. «Казақ» газетінің қөзқарасына Ақмолада жарияланған «Tipшiлiк» газеті жақын тұрды [1, б.28-30].
1911 ж. Троицк қаласында «Айқап» журналының алғашқы нөмірі жарық көрді. Журналдың редакторы мен рух берушісі көрнекті қазақ ақыны, қоғам қайраткері Мұхамеджан Сералыұлы. Журнал сол кезеңдегі қазақ әдеби тілінің ресімделуіне, әдебиеттің дамуы зор үлес қосты, тарих, этнография, ауыз әдебиеті бойынша зерттеулерді жария етті; «Айқап» Исмаил бей Гаспралы шығармашылығына көңіл бөлді, қазақ даласында жаңа мектептер мен медреселер салынсын, ескілері жаңартылсын деп пікір айтты. Журнал беттерінде түрік және парсы тілдерінен аударылған жарияланымдар, мысалы Фирдоусидың «Шахнаме» жыры, басылып шықты. 1911ж. Сағынкерей Бөкей «Қазақстан» газетін шығара бастады, бұл газетте саяси мақалалардан басқа, қазақ пен ноғай елдерінің халық ауыз әдебиеттері бойынша зерттеулер жарық көрді. Ұлттық баспасөзінің даму жолында 1913-1918жж. Орынбор мен Торғайда Ахмет Байтұрсынұлының басшылығымен шыққан «Қазақ» газетінің орны ерекше. Газеттің негізгі қамы қазақ халқының мәдени өркендеуі, қазақ әдеби тілі мен әдебиетінің дамуы болды. Газет А.Бөкейханұлының фольклорға және А. Байтұрсынұлының қазақ тілі мен әдебиетіне арналған еңбектеріне көп көңіл аударды.
Петропавл қаласында 1913ж. қыркүйегінде қазақ және татар екі қос тілдерінде «Есіл даласы» газеті жариялана бастады, бірақ сол жылдың аяғында оған «революциялық ойларды таратқаны үшін» тыйым салынды. бастап 1917ж. аяғына дейін Ташкентте Күлбай Тоғысов апта сайын «Алаш» газетін бастырып шығарды. Газет социалистік бағытта болса да, оның панисламдық және орыстыққа қарсы көңілі басым болды.
1917ж. Ақпан революциясынан кейін бір қатар әр түрлі жаңа газеттер мен журналдар пайда болды. Маусымайынан Семейде шығармашылық бағыты жағынан «Айқап» журналына үндес «Сарыарқа апталық басылым шыға бастады, Оралда – қалалық мұсылмандық бюросының органы «Ұран» газеті. Семей қаласында жазда «Абай» әдеби журналы мен «Халық сөзі» газеті басылып шығатын болды. Ташкентте пантүрктік пен жәдід бағыттағы екі басылым шығарылып тұрды: Мұстафа Шоқай бас редакторы болған «Бiрлiк туы» мен «Жас Алаш».
Қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік өмірінің шиеленісуіне байланысты алғашқы марксистік басылымдар пайда болды. Лениндік «Искра», «Вперед», «Пролетарии», «Социал-демократ» және тағы да басқа басылымдар қазақ жұртшылығының саяси-әлеуметтік өмірінің жаңа бағытының жаршысы болды. Ел арасында айқын антиколониалдық көңіл-күйдегі үгіт-қағаздар таратылды. Қазақ интеллигенциясының жоғары саяси белсенділігін «Қазақ» (1907), «Серке» (1907), «Орал» (1907) газеттері көрсетеді. Осы басылымдар Ресейдің орталық аймақтарында 1905-1907 жж. болған көтерілістерге үн қосты [2, б.164].
Бұл кезеңде шыққан газеттердің басты тақырыбы – патшалық көшіп-қону саясаты, қазақ ауылындағы қарама-қайшылықтардың шиеленісуі, үкіметке бой ұсынбауға шақыру. Қазақ жұртшылығына арналған М.Дулатұлы мақаласының символикалық мәні бар. Онда өздерінің құқықтары үшін күреске шақыру және патшаның зорлау отаршылдық саясаты жайлы сөз қозғалды. Патшалық атқа мінерлердің жасайтын заңсыздықтары мен жұрттың қиын жағдайы жөнінде қазақ еңбешілері атынан жарияланған ашық хаттың айтарлықтай маңызы болды. 1-ші, 2-ші Мемлекеттік Думаның жұмысы туралы материалдары, қазақ депутаттарының сөз сөйлегендері қазақ халқының саяси мәдениетінің дамуына зор үлес қосты.
Отар елдерінің саяси бірігуінің алғашқы белгілері антиколониалдық бағыттағы «Мұсылмандық қозғалыс» сияқты газет пен журналдардың басты тақырыбына айналды. Үкіметке қарсы жарияланымдарды Қазақстандағы кәсіподақтың тұңғыш баспа органы «Еңбек өмірі» журналын шығарды (Семей, 1907). В.В.Куйбышев жетекшілігімен алғашқы жария баспасөз «Дала газеті» жарық көрді (Петропавл,1907).
Азаттық қозғалыстардың өсу жылдары қазақ демократиялық пресса дүниеге келді. «Қазақстан» газеті (1911-1913жж.) прогресшіл интеллигенциясының органы. Бұл басылым жалпыдемократиялық және ағартушылық бағытта болды. Газетте Қазақстанның әлеуметтік, экономиялық, мәдени өмірінің өзекті мәселелері анықталды [3, б.32]. Қазақ журналистикасы шежіресінің асулы кезеңі – озық қазақ интеллигенцисының саяси орталығына айналған «Қазақ» газетінің шығуы (1913-1918жж.). Бұл газет қазақ халқының пікірін білдіре тұрып, оның әділетшісі мен саяси майданы деп бағаланды. 1916 жылдағы ұлттық көтеріліс шағында ол бірлік пен ынтымақтыққа жетуге жағдай жасады. Дәл осы газет озық қазақ интеллигенцисының саяси қызметінің ұйымдастырушысы ретінде болды. Сол саяси қызметтің нәтижесінде тәуелсіздік үшін күрестің тактикасы мен стратегиясы жасалды.
Тәуелсіз Қазақстанның журналистикасының өзіндік тарихы мен жалғастырушылық дәстүрі бар.
Кеңес заманның журналистикасы ерекшеліктерімен танылады. Ол дәуірде коммунистік идеологияның қысымына түскен талданып жатқан басылымдардың ұлттық мәні аяқ асты болып қалды. Сондықтан бұл мерзім ғасырлар бойы тәуелсіздікті аңсаған, халықтың рухани мұрасын зерттеу мен ақиқаттық түрінде көрсететін, тәуелсіз мемлекет журналистикасының тарихы тұрғысынан қарастырылады.
Біраз ғалымдар қазақстандық журналистикасының жаңа тарихын өткен ғасырдың екінші жартыжылдығымен байланыстырады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары экономикалық және саяси дағдарыстардың тізбегімен белгілі болды, сол мерзімде журналистер, қазақстандық БАҚ-дардың редакциялық ұжымдарын жұмыстан шығару, банкроттыққа түсіру, өз пікірлеріне шектеу қою сияқты қауіп-қатерлердің қысымында жүрген болар. Сол қиындықтарға қарамай, қазақстандық баспасөз аман қалды және де елдің ақпараттық кеңістіктерінде өз орнын тауып позицияларын бекіткен жаңа басылымдармен толықтырылды. Басты табысы мемлекеттің бақылауынан, әсіресе, баспасөздің партиялық басшылығынан кетуі болып табылады. Жиырма шақтай жыл созылып келе жатқан бұл үдерісте баспасөздің заманауи типологиялық келбетін, оның дамуының ең маңызды жақтарын ашатын бір қатар тенденциялар анықталды [4, б.2].
80-ші жылдардың аяғынан бастап қазақстандық баспаның әлеуметтік-саяси сегментінің саясаттатануы баспасөздің өзгешелігі болып табылады. Қайта құру курсы қазақстандық журналистеріне әлеуметтік өмірдің түрлі сұрақтары бойынша жүрексінбей пікір айтуға, оның ішінде басшылықты да сынға алуға, мүмкіндік берді. Бірақ, бұл уақыт көпке созылған жоқ. Батылдықтың орнына прагматикалық ыңғайға көшудің кезегі келді, себебі қиын экономикалық жағдай мерзімді баспасөздің түрткілесуін қажет етті. ҚСРО құлдырағаннан кейін партияның обком мен райкомдарына тәуелділігінен жергілікті атқару органдарының тәуелділігіне ауысты.
Әлеуметтік-саяси баспасөз дамуының бұрылыс шектерінің бірі 1989 жыл болды. Сол кезде көшеде газет сататын саудагерлер «Түркістан» газетінің алғашқы да, соңғы да нөмірін сата бастады. «Самиздаттың» тұңғыш үлгісі, бұл газет Орта Азия мен Кавказ елдерін орталыққа қарсы бірігуіне шақырды. Қала билігінің тыйым салуына қарамастан газетті тез арада сатып алып кетті. Ол газеттің бас редакторы ешкімге беймәлім Алмас Естеков болыпты. Бұл баспа отандық баспасөздің тарихында елеулі құбылыс болғандығы сөзсіз. Сонымен қатар, «Невада-Семей», «Алаш», «Желтоқсан», «Азат» сияқты жаңа партиялар мен қозғалыстар бір аттас газеттерді шығара бастады. Алғашқылардың бірі – «Аманат»-«Избиратель» газеті. Тек қана «Алаш» партиясының газеті «Хақ» деп аталды. Бұл баспа бірнеше нөмірі шыққанан кейін тіршіліктен қалды. «Азат» газеті бүгінгі күнге дейін жарық көріп, өз оқырмандарын табуда.
Тәуелсіз Қазақстан баспасөзінің ерекшеліктерінің бірі жаңа мақсатты нысаналы оқырман топтарына бағыт-бағдар беру болып табылады. Қайта құру жылдарынан кейін балаларға, жастарға, зейнеткерлерге, кәсіпкерлерге және одан да басқа оқырман топтарына арналған түрлі газет пен журналдар тап болды. Тұрақсыз экономикалық жағдайда жаңа газеттер мен журналдардың ұсақ арнайы оқырман топтарына бағдарланғаны олардың тираждарының азаюы мен жабылуына апарып соқты. Олар – «Азия дауысы», «Мәдениет», «Кооператив жаңалықтары» және тағы да басқа газеттер [5, б.2].Осы кезеңде біршама газеттер екі-үш нөмірін де шығаруға үлгермей жабылып қалған, олар оқырмандар жадында сақталған жоқ, кейбіреулері жүзеге аспай жоба ретінде қалып қойды. Журналистикада бұл топ басылымдар «Потенциалды журналистика» атауымен белгілі. Аталған қатарға «Түркістан» (А.Естеков), «Хақ» және тағы да басқа газеттерді жатқызуға болады.
Жаңа нарық қарым-қатынастардың келуіне байланысты әлеуметтік-саяси басылымдардың құрылысы ғана өзгермей, сонымен бірге негізінде жаңа оқырман топтарына бағытталған газет пен журналдар дүниеге келді. Ең алдымен белсенді түрде алғашқы іскерлік басылым апта сайын шығатын «Панорама», «Іскерлік апта» және тағы да басқа басылымдар жарық көрді.
Тағы да бір баспа жүйесінің географиялық орталықтандырылу деп атауға болатын үрдісін атап кету жөн. Оның мағынасы жаңа мерзімді баспалардың басым көпшілігі Астана, Алматы, Шымкент пен Қарағанды қалаларында жарық көрді. Бұл қалалар редакцияларға ең көп полиграфиялық мүмкіндіктерге, кең түрде білікті мамандарды тандауға, бай экономикалық, ақпараттық инфрақұрылымға жол ашады. Сонымен қатар қазақстандық баспасөз нарығы жағдайында географиясын кеңейту мақсатында шығарылатын жергілікті, облыстық газет пен журналдардың аймақ шегінен тысқары таратылуға ұмтылды. Үлгі ретінде «Ақорда» (Атырау) газетін алуға болады. Сонымен қатар, отандық басылымдар Қазақстаннан тыс жерлерде, көрші елдерде тарала бастады. Ол «Караван бизнес-ньюс» журнал және тағы да басқа басылымдар [6, б.2].
Қазақстан шетел бұқаралық ақпарат құралдарының ірі тұтынушыларының бірі деп саналады. 1991 жылы республикалық ақпарат нарығында тек мәскеулік БАҚ ғана қол жеткілікті болса, қазіргі кезде 20-дан астам елдердің БАҚ ұсынылған. Бүгінгі таңда Қазақстанда барлық ресейлік ірі газеттердің өкілдері ғана болмай, олар өз нөмірлерінде біздің елдің өміріне байланысты қосымша парақ және жергілікті оқырмандарға бағытталған жеке газеттер мен журналдарды щығарады.
Қазақстандық мерзімді баспасөздің қалыптасу мен дамудың жеке бағыты ретінде нарық жағдайында сөзсіз жойылып кететін облыстық және аудандық басылымдарды қарастыруға болады. Мемлекеттің, облыстардың, аудандардың экономикалық жағдайларының жақсаруына осы газеттердің жайғасымдары нығайтылып, олар жергілікті үкімет органдарының – облыстық және аудандық әкімшіліктердің басылымдарына айналды.
Кеңес заманынан кейінгі қазақстандық баспаның негізгі үрдісі бастырушылардың бизнесті шоғырландыруға талпыну болып табылады. ХХ ғасырдың 90-шы жылдары медиа-холдингтердің қалыптасу үдерісі жүрді. Олар келешектегі елдің әлеуметтік өмірінде белгілі рөлін атқара бастады. Бұл – «31 канал», «Алма ТВ» және тағы да басқалары. Саяси күрестің белсендеуі әлеуметтік-саяси баспасөздің саясаттануына, бір қатар бұқаралық ақпарат құралдарының адал болмауына апарып соғады. Ресми көзқарасқа қайшы келетін пікірлерді тыйым салынғанына қарамастан оқырманға оппозициялық басылымдар жеткізетін болды [7, б.4].
Қазақстандық мерзімді баспасөз нарығында көптиражды газеттер өз орнын тапты, олар қызметкерлерді, кәсіпорын, білім беру мекемесі, құрылыс фирмасы ұжымдарының жетістіктері мен табыстары, мекеменің ішкі өмірі жайында ақпаратандыруға арналған.
Баспасөз дамуының тағы бір бағыты – қазақ журналистикасының революцияға дейінгі дәстүлеріне бет бұру, бұл мазмұнына да, формаларына да, ХІХ-ХХ ғасырдың басында шығарылған басылымдарды жаңғыртуына да байланысты. Мысалы, жастарға арналған әлеуметтік-саяси және әдеби-көркем баспалардың арасында 1923 жылдың қазан айы – 1925 жылдың мамыр айы аралығында жарық көрген «Жас қазақ» болды. 1991 жылы наурыз айында Қазақстан жазушылар Одағының Жастар кеңесі жанындағы жас ақындар мен жазушылар тобының бастамасымен «Жас қазақ» газетінің алғашқы нөмірі шықты. Қаржылық, материалды-техникалық базасы, қағазы, редакциялық офисы болмаса да, бұл басылым бірнеше жанкүйер арқасында жарық көрді.
Сонымен бірге, сол кезеңде «псевдожурналистика» түсінігіне жататын бірқатар басылымдар да пайда болды. Бұл топқа газет формасын пайдаланып дәстүрлі-саяси басылымды боямалайтын саяси үгіттеу-жарнамалық материалдарды жатқызуға болады. Жаңа жарнамалық газеттің концепциясы, ол газеттің қисапсыз тиражын ақысыз таратылуы сол кезде революциялық ой сияқты көрінген, бірақ өткен уақыт олардың жаңылмағанын анықтады. 90-шы жылдардың басы мен ортасындағы экономикалық дағдарыс жағдайында бұл газеттер тұрақты тираждарын сақтады және жарнама берушілер қызықтырды. Олар: «Из рук в руки», «Крыша», «Колесо» және тағы да басқа басылымдар [8, б.3].
Тәуелсіздік жылдар бойы қазақстандық баспасөз аясы едәуір жаңа басылымдарменкеңейтілді, олардың нарықта дереу және бекем түрде орныққан өз орындары бар. Баспасөздің басты табысы – мемлекеттің бақылауынан, әсіресе, партиялық басшылығынан кетуі болып табылады. Осы дәуірде баспасөздің заманауи типологиялық келбетін, оның дамуының ең маңызды жақтарын ашатын бір қатар тенденциялар анықталды.