Атмосфераның, литосфераның,гидросфераның химиялық және минералдық құрамы жайлы түсінік береді. Сонымен қатар олардың ластануының негізгі түрлері мен ластану көздері жайлы және оларды сақтау немесе қайта қалпына келтіру жөніндегі нұсқау түріндегі ұсыныстар даярлау. Табиғи антропогендік ландшафтар шегіндегі қоршаған ортаның экологиялық жағдайының нашарлап бұзылу құбылыстарын болдырмау.
Пәнді оқып үйрену нәтижесінде студенттер мыналарды игере білуі және білуі қажет:
-Географиялық орта түсініктерін білуі қажет;
-Атмосфераның химиялық құрамы, тропосферадағы жылыжай газдарының әсер етуін білуі қажет;
-Атмосферадағы озон қабаты және оның жай –күйін білуі қажет;
-Жер қыртысының химиялық және минералдық құрамын және олардың әсер етуін білуі қажет;
— Топырақтың құрамы, өсімдікткермен Жан-жануарлар дүниесі және оның ластануын;
— Табиғи сулардың химиялық құрамын және су қоймаларының химиялық ластануының негізгі түрлерін білуі қажет;
Географиялық орта биологиямен, химиямен, геологиямен, топырақтану пәндерімен тығыз байланысты.Химиялық элементтер, минералдар мен тау жыныстары, географиялық қабық ,топырақ және әлемдік су қоры бұл пәнде қарастырыларды.
Жердің сыртқы қоршаған қабығының құрамына-литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера кіреді. Бұл біздің планетамыздың қиын және күрделі жүйелерінің бірі. Географиялық қабық гидросфераны толығымен, атмосфераның төменгі қабыттарын, литосфераның жоғарғы қабаттырнын , және сондағы тіршілік иелерін зерттейді.
Географиялық қабықтың анық шекарасы жоқ.Сондықтан әрбір ғалым он өзінше бөледі. Географиялық қабықтың жоғарғы бөлігін атмосферадағы озон қабатымен шектессе(25 км биіктікте),төменгі қабатын 1 км тереңдікте деп. есептейді.Сонымен географиялық қабықтың жер бетіндегі орташа қалыңдығы 30 км.ге жетеді.Дүние жүзілік мұхитта шекарасы оның түбіне дейін орналасқан. Географиялық қабықтың ішіндегі биологиялық айналымның ролі зор.Жасыл өсімдіктерді, жарық сәуледе көмірқышқыл газ бен судан органикалық заттар пайда болатыны белгілі, он жануарлар қорек етеді.Жануарлар мен өсмдіктер өлгенсоңбактериялар мен саңырауқұлақтар минералды заттарға айналып, шіриді,содан соңоларды жасыл өсімдіктер қайтадан сіңіреді.Белгілі бір элементтер тірі организмердің органикалық заттардан әлденеше рет қайтадан минералды күйге енеді. Осының барлығын географиялық қабықтағы заттар мен энергияның және биологиялық айналым деп атайды.