Географиялық қабықты жіктеу. Геожүйелер. Құрылық пен мұхиттардың бірге алынған барлық табиғат комплекстері –Жер бетінтұтас қамтып тұратын, біртұтас планетарлық табиғат комплекстері-географиялық қабық деп аталады. Географиялық қабық былай жіктеледі:атмосфера, гидросфера, литосфера, біосфера, осы жіктелуді кейде географиялық қабықтың құрамдас бөліктері деп. атайды.Осы географиялық қабықтардың барлығытұйық өмір сүрмейді. Мысалы; су мен ауажарықтармен саңылаулар арқылытау жыныстарының ішіне сіңіретоырып,үгілу процестеріне қатысады,оларды өзгертеді, сонымен бірге өздері де өзгереді. Минералды заттардыауыстыра отырып, өзендермен жер асты суыжер бедерін өзгертуге қатысады.
Атмосфераның төменгі қабаты, литосфераныңжоғарғы бөлігі,бүкіл гидросфера мен биосфера өзара бір-біріне енетін және өзара әсер ететін Жер қабығын географиялық қабық деп. атайды. Географиялық қабықтың жоғарғы және төменгі шекарасын түрлі ғалымдар әр-түрлі белгілейді.
Геожүйе дегеніміз-географиялық қабықтардың өзара әрекеттесуі нәтижесінде туындайтын –географиялық айналымды атаймыз.
Географиялық қабық компоненттерінің өзара әсер етуінің нәтижесінде географиялық қабықтың өзіне ғана тән қасиеттерге ие болады.Мұнда тірі организмдер бар,топырақ,жасыл өсімдіктер Күн энергиясын сіңіріп,онда органикалықзаттарды бейорганикалық заттарға айналдырупроцесі жүріп жатады. Заттар қатты,сұйық және газтүріндеболады,мұның жер бетінде тіршілікті дамыту үшін зор маңызы бар.
Географиялық қабықта адам қоғамы өмір сүріп дамиды. Мұндағы барлық процес тер Күн энергиясының әсеріменжәнебадан аз деңгейде ішкі жерқуаты көздерінің әсерімен жүріп жатты.
Географиялық қабықтың барлық компоненттері заттар менэнергиясының айналымы арқылыбіртұтас болып байланысқан , осының нәтижесінде қабаттар арасында заттар алмасуы да жүзеге асады. Заттар мен энергияның әр-түрлі айналымы—географиялыққабықтың табиғи процестерінің аса маңызды механизмі .Заттар мен энергияның әр-түрлі айналымдары бар: атмосферадағы ауа айналымы, су айналымы және басқалары. Географиялық қабықүшін ауа массаларының қозғалысы арқылы жүзеге асатын суайналымының зор маңызы бар. Бұл оның ерекше қасиеттеріне байланысты. Табиғаттың өте ғажайыпжағдайларының бірі -су үнемі қозғалыста болады. Ол өте күшті ерітуші ,температураның аз ғанаөзгеруікезінде сұйықтан қатты немесе газ күйіне ауысу қабілеті судың түрлітабиғи процестерді тездетуге мүмкіндік береді.
Айналымның арқасында мұхиттағы су 3000 жыл ішінде толық жаңарады. Атмосферадағы ылғалды толық ауыстыру үшін 10 күндей керек болады. Айналымда бола отырып, су басқа компоненттерге өзаратығыз әсер етеді, оларды бір-бірімен байланыстырады және географиялық қабықты қалыптастыруда маңызды факторы болып табылады. Субасқа айналымдарға тығыз әсер етеді.
Географиялық қабықтың ішіндегі биологиялық айналымның ролі зор. Жасыл өсімдіктерді, жарық сәуледе көмірқышқыл газ бен судан органикалық заттар пайда болатыны белгілі, он жануарлар қорек етеді. Жануарлар мен өсмдіктер өлгенсоңбактериялар мен саңырауқұлақтар минералды заттарға айналып, шіриді,содан соңоларды жасыл өсімдіктер қайтадан сіңіреді.Белгілі бір элементтер тірі организмердің органикалық заттардан әлденеше рет қайтадан минералды күйге енеді. Осының барлығын географиялық қабықтағы заттар мен энергияның және биологиялық айналым деп. атайды.
Географиялық қабық дамуының басты-басты сатылары. Жер бетіндегі тіршілікте жер қыртысының, климатының,органикалық дүниесінің, сондай-ақ бүкіл географиялық қабықтың өзгеруі тоқтаусыз өтіп жатты және өтіп келеді. Қазіргі заманғы географиялық қабық-бұл оның ұзақ уақытдамуының нәтижесі. Даму процесі кезінде ол үздіксіз күрделене түсті. Ғалымдар географиялық қбықтың дамуының 3 кезеңін анықтап берген.
Бірінші-3 млрд жылға созылған, ең ұзаққа созылған, биогендікке дейінгі кезең. Бұл кезеңде қарапайыи организмдерғана тіршілік етті және географиялық қабықты қалыптастыруға олардың қатысуы нашар болды. Атмосферада бос оттегі аз,көмірқышықылы көп болды.
Екінші кезең-570 млн жылға созылған,оған тірі организмдердің географиялыққабықтың дамуындағыжетекші кезең болып табылады.Су менатмосфераның құрамы өзгерді, көмірқышықылы аз болып, бос оттегі көбейді.
Үшінші кезеңі-қазіргі кезең. Оның ерекшебелгісі, адамның географиялық қабықтың дамуына белсенді әсер етуімен байланысты.
Физика-географиялық ғылымдар (физикалық география) табиғатты зерттейтінжаратылыстану ғылымдарына жатады. Физикалық географияның зерттеу объектісі -Жердің комплексті қабығы, мұның өзі литосфераның, гидросфераның,атмосфераның,организмдердің жанасуы ,өзара араласуыжәне өзара әрекеттесуінәтижесінде қалыптасыпмұны географиялық қабық деп атаймыз.
Біртұтас ажыралмас географиялыққабық біртектес емес және оның құрылысы өте күрделі.Жердің барлық сыртқы қабықтарының ең тығыз контактіленген қабатыайырықша күрделілігімен ерекшеленеді.Географиялық қабық күрделіматериалдық системаға«бос» энергияның әр-түрлерінеерекше бай болуы; заттардың бос элементарлықбөлшектерден атомдар,иондар, молекулалар арқылы химиялыққосылыстар менкүрделі денелерге дейінгіерекшеәр-түрлі дәрежедегіагрегаттылығы: органикалықдүниенің ,топырақ жамылғысының ,шөгіндіжыныстардың,рельефтің әр-түрлі формаларының болуы;Күннен түсетін жылудың шоғырлануы;төмен температура мен қысымның термодинамиказаңдарының үстемдігі; адамзат қоғамыныңөмір сүруі тән”. Географиялық қабықөзі ең ірі(планетарлық) табиғат комплексі бола отырып көптеген салыстырмалыдербес ,қарапайымжәне күрделі, ірі және ұсақтабиғат (физикалық-географиялық) комплекстерден тұрадыГеографиялық қабықты планетарлық табиғат комплексі ретінде тұтас оның зат құрамының ең жалпы ерекшеліктерін,географиялық құрылымы мен дамуын –физикалық география зерттейді.
Географиялық қабықтың компоненттерін зерттеумен жеке (компоненттік) физикалық-географиялық деп аталатын ғылымдар шұғылданады. Бұған
-геоморфология-рельеф туралы ғылым.
-Климотология-климат туралы ғылым.
-Океанология-Мұхит туралы ғылым.
-Құрылықгидрологиясы-құрылықтағы сулар туралы ғылым.
-Топырақтану- топырақ туралы ғылым.
-Биогеография-биоценоздіңбөлінісі менұштасуыныңзаңдылықтары және бұларды құрайтын тірі организмдер туралы ғылым.
-Палеография-Географиялық қабықтың қазіргіжағдайын ,оны құрайтын барлық табиғат комплекстерді зерттеу және олардың даму тарихын зерттейді.
Физикалық география жаратылыстану ғылымдарынажатады, себебі бұл өндіріс құрылымымен орналасуын оның әр-түрлі елдер мен аудандарда дамуының ерекшеліктерінжәне жағдайын зерттейді.