Географиялық қабық дегеніміз-Жердің сыртқы қоршаған қабығы,рның құрамына-литосфера, гидросфера,атмосфера,биосфера кіреді. Бұл біздің планетамыздың қиын және күрделі жүйелерінің бірі.Географиялық қабық гидросфераны толығымен, атмосфераның төменгі қабыттарын, литосфераның жоғарғы қабаттырнын , және сондағы тіршілік иелерін зерттейді.
Географиялық қабықтың анық шекарасы жоқ.Сондықтан әрбір ғалым он өзінше бөледі.Географиялық қабықтың жоғарғы бөлігін атмосферадағы озон қабатымен шектессе(25 км биіктікте),төменгі қабатын 1 км тереңдікте деп. есептейді.Сонымен географиялық қабықтың жер бетіндегі орташа қалыңдығы 30 км.ге жетеді.Дүние жүзілік мұхитта шекарасы оның түбіне дейін орналасқан.
Географиялық қабықтың дамуына үлкен септігін тигізген академик А.А.Григорьев болды.
Географиялық қабыққа тән ерекшеліктер:
-жер қабықтарының әрқайсысы бір ғана заттан (атмосфера-ауадан,гидросфера-судан,литосфера-тау жыныстарынан,биосфера-тірі организмдерден )тұрады.
-организмдер тек қана географиялық қабықта тіршілік етюді.Атмосфераның жоғарғы қабаты мен литосфераның терең қойнауларында тіршілік таралмайды.
-жерге түсетін күн сәулесімен келетін жылу түгелдей дерлік географиялық қабыққа шоғырланғанОған жылу мөлшерінің белдеулер түрінде таралуы сипатты.Атмосфераның жоғарғы қабатында немесе литосфераның терең бөлігінде жылу бұлайша белдеулік заңымен таралмайды.
Географиялық қабық құрамды болғанымен ,біртүтас дүние.
-географиялық қабық әр-түрлі заттық құрамнан шоғырланған.
-географиялық қабықтың құрамындағы заттар 3 күйде кездеседі.
-тек географиялық қабықта тіршілік кездеседі.