Биосфера деген түсінік грекше” bios”- тіршілік, ” sfaira”-шар деген мағына береді,яғни Жер шарындағы тіршілік аймағы ретінде ғылымға енгізген австриялық геолог Зюсс болды. Ол 1875 жылы “географиялық қабық “ деген терминді ғылымға енгізгенімен биосфера туралыкөп дерек бермеген,тек қана бұл қабықты “тіршілік қабығы ” деп. атаған.Ал биосфераны ғылымға толық енгізген орыс академигі В.И.Вернадский болды.Ол өзінің “Биосфера” деген еңбегінде биосфераны планетаның ең маңызды қабықтарының бірі деп қарастырып, биосфераның сандық көрсеткіштері аз болса да ,Жер бетіндегі барлық процес тер тіршілікке байланысты деп. атап көрсетті.
Биосфераның шекарасын анықтау. Биосфераның жоғарғы қабаты 25 км.де шоғырланған -“озон” қабатына дейін, ал биосфераның төменгі шекарасы литосфераны қамтыған.Төменгі шекарасын түрлі ғалымдар әр-түрлі пікір айтады. Кейбір ғалымдар бұл қабатының шекарасын бірнеше метр тереңдікке дейін деп. жорамалдаса, кейбір ғалымдарбірнеше жүздеген километрге дейін шоғырланған деген пікір айтады.Өйткені бұл тереңдікте кейбір тереңдіктегі бактериялар өмір середі.Биосфераға гидросфераның барлық аймақтары кіреді.
Тірі организмдер құрылысына, қызметтеріне, биологиялық айналымдағы роліне қарай бөлінеді.
Клеткасының құрылысына қарай организмдер 2 ірі топқа :прокатиоттар-ядросыз организмдар, эукариоттар-ядролы организмдер болып бөлінеді. Прокатиоттарға –бактериялар, көк-жасыл бактериялар жатады.
Эукариоттарға- басқа барлық организмдер: өсімдіктермен, саңырауқұлақтар, жануарлар жатады.
Функциясына қарай тірі организмдер екі топқа бөлінеді:автотрофты, гетеротрофты болып бөлінеді.
Автотрофты организмдер-күн сәулесінің әсерінен органикалық заттардан неорганикалық заттар туындататын-өсімдіктер жатады.
Гететотрофты организмдер- органикалық заттармен қоректенетін, жануарлар саңырауқұлақтар, көптеген бактериялар жатады.
Биологиялық айналым жасаудағы рөлі бойынша тірі организмдер –3 топқа бөлінеді:продуцент, консумент, редуцент болып бөлінеді.
Продуцент -өндірушілер,оларға өсімдіктер-автотрофтылар жатады.Бұлар биосфераға органикалық заттар шығарушылар болып табылады.
Консумент –тұтынушылар, продуценттер дайындаған органикалық заттармен қоректенетін организмдер.Консументтер 2 ге бөлінеді:өсімдіктермен қоректенетін бір інші түрі, осы алғашқы консументтермен қоректенетін паразит тер мен жыртқыштар.
Редуценттер –қалыптастырушылар, олар өлі неорганикалық заттарды жоятын биологиялық айналымның ең соңғы сатысын жүзеге асырушылар.Бұларға: бактериялар, барлық саңырауқұлақта, қарапайым жануарлар жатады.
Жер бетінде тірі организмдер ең алғаш ұсақ су қоймаларында пайда болды деген пікір бар.Олар жылы климаттың әсетінен пайда болған. Сол кезде жорамалдар бойынша күннің ультрафиолеттік сәулелерінен сақтайтындай қазіргідей озон қабаты болмаған.Бұл қабаттың міндетін атқарушы ол кехде су беттерінде цианобактериялар болған , осы бактериялардың 3 млрд. жыл бұрынғы бір клеткалы ядросыз жәндіктердің қалдықтары Африкада табылған. Осы су қоймаларынан тіршілік мұхитқа, кейін жер бетіне тараған. Осыдан соң жер бетіне организмдердің саны күрт көбейіп кетті. Соның ішінде адамның пайда болуын да атап өтуіміз керек.
Барлық биосфера тарихында 500 млн тірі организмдердің түрі болған, ал қазіргі кезде олардың саны 2 млн.нан.10 млн.ға дейін жетеді. Жер беті не тірі организмдердің кең көлмде таралуына олардың қоршаған ортаға бейімділігі және көбеюінің көп мөлшерде болуы әсерін тигізді.
Қазіргі таңда биосфераның сандық құрамы:
-жануарлар:1,5-1,7 млн түрі.
-өсімдіктер:350-500 мың түрі бар.Жер бетінде жануарлардың түрінің саны өсімдіктердің түрінің санына қарағанда көп болғанымен ,Жердің биомассасының үлкен бөлігін өсімдіктер алып жатыр.(кесте-)
Дүние жүзілік мұхиттың биосферасы.Дүние жүзілік мұхиттың биосферасының сандық көрсеткіші бүкіл дүние жүзілік мұхитта 300 мың түрлі өсімдіктермен жануарлар мекендейді .
Гидросфераның тіршілігі 3 топқа бөлінеді.
1.Планктон(planktos-блуждающий) –су бетінде ағысқа қарсы тұра алмайтын, екі түрге бөлінетін–фитопланктон-өсімдіктерден құралған планктондар, зоопланктондар- жануарлардан құралған планктондар.
2.Бентос(benthos-глубина) – су түбіне жабыса өмір сүретін өсімдіктер,жануарлар, жәндіктер.
3.Нектон(nektos-плаввающий)-суда ер кін жүзе алатын –балықтар т.б.
Дүние жүзілік мұхиттың жалпы биомассасы –35 млрд тонна, олардың ішіндегі 32,5 млрд.тоннасы –жануарлар,1,7 млрд тоннасы-өсімдіктерге жатады.
Географиялық қабықтың анық шекарасы жоқ. Сондықтан әрбір ғалым он өзінше бөледі.Географиялық қабықтың жоғарғы бөлігін атмосферадағы озон қабатымен шектессе (25 км биіктікте),төменгі қабатын 1 км тереңдікте деп. есептейді.Сонымен географиялық қабықтың жер бетіндегі орташа қалыңдығы 30 км.ге жетеді. Дүние жүзілік мұхитта шекарасы оның түбіне дейін орналасқан.