Мантияның ішінде 100- 250 км тереңдікте құрлықта, 50- 400 км мұхиттар түбінде- температура ерітіп жіберетін дәрежеге жететіндей температура болған- астеносфера (грек- asthenes- әлсіз қабаты орналасқан. Осы астеносферадан магма шығады. Астеносфера мен жер қыртысы қабаттарын- Литосфера (грекше- Litos- тас дегенді білдіреді) тау жыныстарымен басқа қабаттардан ерекшеленеді. Литосфераның ірі- ірі блоктарға ажыратылғанын- литосфералық плита деп аталады. Литосфераның плиталар горизонталь бағытта астеносферада қозғалады, егер қозғалса сейсмикалық, пиктаникалық қозғалыстар туындайды.
Жердің қатты қабаты- литосфераны білуіміз үшін- Жердің жасымен Жердің ішкі құрылысын білуіміз қажет. Жердің абсолютті жасы 4,6 млрд жыл.
Жер қыртысының дамуының негізгі этаптары. Жердің құрылысы осы 4,6 млрд жылдық даму тарихында көптеген өзгерістер енді. Ұзаққа созылған докембрий этабы 4 млрд жылға созылған және оның немесе ол туралы аз мәліметтер бар. В. Е. Хайн зерттеуі бойынша ерте архей заңында- алғашқы құрлықтық жер қыртысы- гранитті- гнейсті тау жыныстарымен жер қыртысы қалыптасқан деген жорамал бар. Бұндай тау жыныстарымен қапталған жер қыртысының ең көнесі 3,8- 4,0 млрд. жылдық жер қыртысыГренландияның оңтүстігінен табылған. Бұл кезеңдегі жер құрылысы ірі алғашқы аралдар болды. Архей заңының барлығында осы аралдар бірігіп, кейін блоктарға бөлініп- платформаларға бөлінді.
Платформалар арасына ажыралу зоналарында протогеосинклиналдар т.б.
Археймен ерте протерозой кезеңінің барлық кезеңінде рельефтің дамуы олардың бірігуімен көзге түседі. Осының нәтижесінде Пангея І (грекше- рап- барлық, Qe- жер дегенді білдіреді) деген, ірі құрлық п.б.. Бұл ірі құрлық кейін- ежелгі платформалар немесе кратон (грекше kratos- күш д.б) дарға бөлінді. Қазір жерде 9 ірі ежелгі платформалар бар. Олар: Солтүстік- Америка платформасы, Шығыс Европа платформасы, Сібір платформасы, Қытай (Оңтүстік Қытай және Шығыс Қытай платформалары), Оңтүстік Америка платформасы, Африка, Аравия платформасы, Үнді платформасы, Австралия платформасы, Антарктида.
2- ші. этап- 135 млн жыл бұрын- Солтүстік- Америка платформасымен Шығыс Европа платформасы бірігіп 1 материк- Лавразия материгін құрды. Мезазойдың басында Гандвана мен Лавразия материктері қазіргі Батыс Жерорта теңіздің аумағында үлкен суперкантинент Пангея ІІ- ге бірікті.3- ші этап. 65 млн жыл бұрын.
Мезазойдың басында Пангеяның (ІІ) бөлінуімен көзге түседі. Бұл этапта жаңа мұхит Тетис мұхиты п.б. сипатталады. Тетис мұхиты Орталық Америкамен Жерорта теңізі арқылы және Гималай, Үндіқытай, Индонезия арқылы немесе осы орталықты қамтыған мұхит болды. Мезазайда Үнді және Атлант мұхиттары п.б. Алдын Оңтүстік жарты шарда, кейін Солтүстік жарты шарда мұхиттар п.б. Нәтижесінде Солтүстік Америка Евразиядан бөлініп шықты.
4- ші этап. 37 млн жыл бұрын олигоценнің басында рельеф өзгеріп, биік емес таулар пайда бола бастады. Кайназойда жер қыртысының жаңа даму этапы құрылды. Н. И. Николаев бұл этапты- неотектоникалық этап деп атады. Неотектоникалық этапты- Жердің Альпілік қалыптасу кезеңі басталып бұл кезеңі неогеннің аяғына дейін жалғасты. (Соңғы 65 млн жыл) Альпілік қалыптасу кезеңі Тетис мұхитының орнында қалыптасқан тау жоталары болды. Олар- Альпі, Пиреней, Апенин, Карпат, Кавказ, Гиндукуш, Батыс Памир, Гималай таулары болу кезеңі. Шығыс- Тынық мұхиттың геосинклиникалдық белдеу- Анд, Кардильер таулары. Неотектоникалық этапта жас платформаларға рифттік өлкенің қалыптасуы басталды. Бұл жүйе бойынша: Шығыс- Африка рифттік жүйесі мен Қызыл теңізпайда болу процестері жүрді. Сонымен, неотектоеикалық этап- дүниежүзілік мұхит түбінің жер бедері қалыптасуы аяқталды. Сонымен, неотектоникалық этап- қазіргі құрлықтармен мұхиттардың конфигурациясының қалыптасуы аяқталып қазіргі жердің келбеті қалыптасты.