Аустралия — Жер шарындағы ең құрғақ материк. Материктің көпшілік белігіне ауа температурасының жылдық және тәуліктік ауытқулары айқын байқалатын ыстық, құрғақ климат тән. Аустралияның тек солтүстік және шығыс жағалық бөлігіне ғана жылы ағыстар әсерінен біршама мол жауын-шашын түседі .
Материкті оңтүстік тропик шеңбері кесіп өтетіндіктен күн сәулесі мол түседі. Тіпті бірдей ендіктерде жатқан Оңтүстік Африкамен са-лыстырғанда Аустралияда жазғы ауа температурасы жоғары болады. Бұл Аустралияның батыстан шығысқа қарай енді болуына байланысты.’ Материкте жаз айларының орташа температурасы +24°С, +28°С шамасында, ал ең жоғары температура (+52,8°С) Дарлинг өзенінің орта ағысында тіркелген. Қыста ауаның орташа температурасы +12°-С-тан +24°С аралығында ауытқиды. Ал Аустралия Альпісінде ауа температурасының -20°С-қа дейін төмендеуі байқалған. Ауа температурасының жаз бен қыстағы ауытқулары пассаттар-дың бағытына да әсер етеді.
Жазда (желтоқсан — ақпан аралығы) қатты қызған матері үстінде төмен қысым орнайды. Сондықтан бұл мезгілде материкт басым бөлігі оңтүстіктен соғатын құрғак пассаттардың ықпалында болады. Ал солтүстік-шығыс пассаттары ылғалды экваторлық массаларын алып келетіндіктен, олар әсер ететін солтүстік жағала да ыстық, ылғалды ауа райы орнайды. Үлкен Суайрық жотасының шығыс беткейлері Тынық мұхиттан келетін ылғалды ауа массаларының ықпалында болады. Соған байланысты тау беткеилері, жазда мол жауын-шашын түседі.
Қыста (шілде — тамыз аралығы) Күннің солтүстік тропикке ауыс ына байланысты жылу мөлшері азайып, материк біршама салкы дайды. Сондықтан қүрлық үстінде ауаның жоғары қысымы орна материк қүрғақ тропиктік ауаның ықпалында болады.
Материктің шығысына жауын-шашын мұхиттан соғатын пасаттар әкелсе, Оңтүстік өңірлеге ылғал қоңыржай белдеудің батыс тасымалымен келеді.
Аустралия материгі солтүстіктен оңтүстікке қарай субэваторлық, тропиктік, субтропиктік климаттық белдеулерді алып жатыр. Тек Тасмания оңтүстік бөлігі ғана қоңыржай климаттық белдеуге енеді.
Климаттың құрғақ болуын абайланысты Аустралияда өзен троы өте сирек, көлдер аз. Материк жерінің жартысынан көп бөлігін (60%) қамтитын ішкі тұйық алапқа уақытша кеіп қалатын өзен арналарын-криктер тән болды. Криктер сирек жауатын жаңбырдан кейін азғана уақыт суға толады. Олардың барлығы дерлік материк орталығындағы қалдық көлдерге құяды. Ең ірісі-Эйр көліне бағытталған Куперс-Крик. Криктердің кеңінен таралуы ертеректе Аустралия климатының қазіргіге қарағанда ылғалды болғандығын дәлелдейді.
Аустралия өзендері негізінен жаңбыр жән жер асты суларымен қоректенеді. Тек Аустралия Альпісінен басталатын өзендер көктемгі еріген қар сулар есебінен де толығады. Бүкіл жыл бойы суы мол болатын өзендер Аустарлияның жауын-шашын мол түсетін шығысында орналасқан. Тынық мұхит алабына жататын бұл өзендер қысқа болғанымен ағыны қатты, шоңғалды болып келеді.
Үнді мұхиты алабына Аустралияның ең үлкен өзен жүйесі-Муррей жатады. Муррей мен оның ірі саласы Дарлинг Үлкен Суайрық жотасынан басталып, Үнді мұхитына құяды. Муррей жыл бойы Аустралия Альпісінен келетін сулар есебінен толығады. Құрғақ кезеңде Муррейдің деңгейі күрт төмендейді, ал Дарлинг төменгі ағысында мүлде тартылып қалады. Жаңбыр жауған кезде Муррей өзені жазықпен тез жайылып аққанмен, су тасуы ұзаққа созылмайды. Қазіргі кезе бұл өзендердің деңгейін реттеу мақсатында бірнеше жерден бөлінгендердің салынуын кеме қатынасын жақсартады. Өзен сулары егістіктерді суландыруға кеңінен пайданылады. Егістіктер мен өнеркәсіп орындарында пайдаланылған өзен сулары улы химикаттармен шамадан тыс ластанған. Толық тазаланудан өтпеген бұл сулар мұхитқа құйылып, маржандық жағалаулар мен аралдар табиғатына нұқсан келтіруде.
Аустралияда көлдер өте аз. Ертеректегі су айдынының орнында сақталып қалған қалдық көлдер материктің батысы мен орталығында шоғырланған. Бұл көлдер өте таяз, суы тұзды болып келеді, жағалаулары қалың тұз қабыршықтарымен жабылған. Көлдер құрғақ кезеңде тартылып қалады. Ең ірісі-Эйр көлі.
Материкте беткі сулар тапшы болғанымен, жер асты суларының қоры мол. Аустралияда 33 артезиан алабы бар екендігі анықталған. Мұнда дүние жүзіндегі ең ірі Үлкен Артезиан алабы орналасқан. Жер асты суларының көпшілігі тұзды болып келеді. Қабат аралық жер асты сулары 2000 м-ге дейінгі тереңдікте жатқандықтан, оларды бұрғылап, жер бетіне шығару көп қиындық туғызады.