Батыс Еуропа елдері. Аймақтың құрамына Атлант мұхиты жағалауы бойындағы елдер Кабо- Верде, Сенегал, Гамбия, Гвинея- Бисау, Гвинея, Сьерра- Леоне, Либерия, Кот-д- Ивуар, Гана, Того, Бенин, Нигерия, және ішкерірек орналасқан Буркина- Фасо, Нигер, Мали, Мавритания елдері кіреді.
Батыс Африка аймағының жер бедері негізінен аласа таулы үстіртті болып келеді. Ойпатты жазықтар Сенегал жері мен Гвинея шығанағы жағалауына, көбінесе батпақты болып келетін өзен бойларына тән болады. Осы жазықтарды ылғалды экваторлық ормандар алып жатыр. Ыстық, ылғалды климат жағдайында дамыған құнарлы топырақ жамылғысында өсірілетін каучук, кофе, майлы пальма, какао, банан, ананас, маниок, батат, сорго, жүгері, қант қамысы, арахис плантациялары бірте- бірте ормандарды ығыстыруда. Атлант мұхитының жағалауында орналасқан елдерде теңіз транспорты, балық аулау мен балық өңдеу шаруашылықтары дамыған. Аймақтағы НИгер, Сенегал, Вальта, Бенуэ сияқты ірі өзендердің шаруашылық маңызы бар. Батыс Африка қойнауынан табылған пайдалы қазбалар өнеркәсіп салаларын дамытуға жол ашуда. Нигерияның Гвинея шығанағы жағалауынан мұнай мен газдың дүниежүзілік маңызы бар аса мол қоры табылған. Гвинея елінде алмас пен алюминийдің өтеірі кен орындары орналасқан, Гана мен Либерияда алтын, Нигерде уран кездеседі
Батыс Африка халықтарының тарихы ежелден басталады. Аймақта орта ғасырда Бенин, Ифе, Дагомея, Гана, Мали, Сонгай тәрізді мәдениеті дамыған мемлекеттер болған. Олардың сақталып қалған сәулетті сарайлары, қола және ағаш мүсіндері, қыштан жасалған әсемдік және тұрмыстық бұйымдары, тасқа салған бейнелері жергілікті халықтардың бай тарихи мұралары болып табылады.
Халқының саны жөнінен Африкадағы ең ірі ел болып саналады Нигерия осы аймақта орналасқан.Нигерияда халық саны 125 млн-нанасады. Ал халқы 250-ден аса ұлт өкілдерінен тұрады. Халықтың 1/3-і қалаларда, қалған бөлігі ауылдық жерде қоныстанған. Нигерия ауыл шаруашылығымен айналысатын ел, соңғы жылдары өнеркәсіп те қарқындаы дамуда. Климат жағдайлары қолайлы болғандықтан ауыл шаруашылық дақылдарынан жылына бірнеше рет өнім жиналады. Алынған өнімнің басым көпшілігі ірі порттар арқылы басқа елдерге жөнелтіледі. Халықтың басым көпшілігі қолөнерменшұғылданады, әсіресе мата, себет тоқу, былғары өндеу, ағаш бұйымдары мен қыш құмыралар жасау кең таралған. Нигерия шеберлері өңдеген қызыл сафиян деп аталатын өте жүмсақ, жүқа былғары дүние жүзіне әйгілі. Нигерия мұнай қалайыны көп өндіріп,басқаелдерге сату арқылы шаруашылығын өркендетіп, халқының әл-ауқатын жақсарту. Нигерияның бұрынғы астанасы –Лагоста экалогиялық жағдай нашарлап, халық санының шамадан тыс артуына байланысты астана 1991 жылы елдің орталық бөлігінде арнайы салынған Абуджа қаласына көшірілген. Нигерияда ірі қалалар көп, олар негізінен жағалауға жақын орналасқан.
Шығыс Африка елдері. Аймақтың құрамында Судан, Эритрея, Эфиопия, Джибути, Сомали, Уганда, Кения, Руанда, Бурунди, Танзания, Замбия, Малави Кіреді. Шығыс Африка жерінде Африка материгінің теңіз денгейінен ен төмен және ең биікжатақ нүктелері опрналасқан (оларды физикалық картадан табыңдар).
Аймақ жеріне Африканың ең биік, қозғалмалы бөлігі сәйкес келеді. Сондықтан жер сілкіну мен жанартау атқылаулары болып тұрады. Аймақтың жер бедерінде Эфиопия таулы қыраты мен Шығыс Африка таулы үстірті айқын ажыратылады. Эфиопия таулы қыратытүгелге жуық жыныстармен жабылған. Жанартау атқылаулары тек тауларда ғана емес, жарықтар бойындағы жазықтарда да байқалады. Эфиопия таулы қыратының солтүстік-шығысындағы Афар ойысын толтырып жатқан ыстық лава мезгіл-мезгіл ккемерінен асып, жан-жағына жжайылады. Ыстық лава әсерінен бұл ойыстың айналасында қыстың өзінде ауаның орташа температурасы +30 С-тан төмен болмайды.
Шығыс Африка таулы үстірті жарықтарда орналасқан көл қазан-шұңқырларымен (қандай?) тілімденген.Шығыс Африка жарықтары бойында таралған магмалық жыныстардың құрамына сирек кездесетін (кобальт, вольфрам, хром, титан) және бағалы (алтын, платина), түсті (мыс, мырыш) металдардың, алмастың мол қоры бар.
Екі жарты шардың тропиктері арасындағы орнына сәйкес Шығыс Африкада саванналар басым таралған. Таулы бөліктерінде саванналар 2400 м биіктікке дейін көтеріліп, біртіндеп биіктік белдерге аусады. Аймақтың ең биік тараларының басында қар жатады. Шығыс Африка тауларынан материктің ең ірі өзені-Ніл бастау алады.
Эфиопия таулары қыраты кофенің бидай мен тарының отаны болып саналады. Кофе атау осындағы Каффа деген жердің атымен байланысты шыққан. Шығыс Африка елдерінде өсірілетін «арабика» кофесі дүние жүзіне танымал. Ал Кения жерінде шайдың бағалы түрлері өсіріледі. Құнарлы топырақ және жауын-шашының жеткілікті болуы астық дақылдары мен тропиктік өсімдіктерді өсіруге мүмкіндік береді. Шөптесін өсімдіктер басым болатын саванналарда мал шаруашылығы да жақсы дамыған. Әсіресе ірі қара мал көп өсіріледі. Суданда қой шаруашылғы дамыған. Өзен-көлдер бойында халық балық аулаумен және балық оңдеу шаруашылғымен айналысады.
Шығыс Африка халқы әркелкі орналасқан. Климаты шаруашылыққа қолайлы. Эфиопия таулары қыраты мен көлдер маңынада халық тығызрақ орналасса, климаты ыстық, әрі құрғақ болатын Судан жері мен Сомал түбегінде халық сирегірек қоныстанған. Шығыс Африканың солтүтігінде араб тілі, оңтүстігінде банту тілдері басым.
Шығыс Африка жеріне табиғаттың қайталанбас әсем көріністері тән. Жергілікті халық ежелден-ақ табиғатқа құрметпен қарап, ондағы табиғи тепе-тендікті сақтауға тырысқан. Қазіргі кезде табиғатты қорғау шаралары мемлекеттік деңгейде жүргізіледі. Кения жерінің 15 –нан астамын қорықтар мен ұлттық парктер алып жатыр. Шығыс Африканың өте жануарлар дүниесін қорғау мақсатында ұйымдастырылған Серегенти, Нгоронгоро, Найроби, Тсаво ұлттық парктерін жылына мыңдаған туристер аралап, тамашалайды.
Оңтүстік Африка елдері. Аймақ материктің Конго және Замбези өзендерінің суарықтарынан оңтүстікке қарай жатқан бөлігін қамтиді. Оның құрамына Намибия, Ботсвана, Зимбабве, Мозамбик, Оңтүстік Африка Республикасы, Свазиленд, Лесото және Мадагаскар елдері кіреді.
Жерінің көпшілігін Оңтүстік Африка таулы ұстірті алып жатыр.
Таулы үстірт оңтүстігі мен шығысынан қарай биіктеп, кап және Айдаһар тауларына ұласады.Ал отрталық бөлігі аласарып, Калахари шөлі алып жатыр. Аймақтың Атлант мұхит жағалауында Намиб шөлі орналасқан. Оңтүстік Африканың көпшілік бөлігін саванналар, ал таулы бөліктерді субтропиктік ормандар алып жатыр.
Аймақтағы жетекші ел Оңтүстік Африка Республикасы шаруашылығының даму дәрежесі жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірін иеленеді. Бірақ оның шаруашылық құрылымында дамыған елдің де, дамушы елдің де белгілері бар. Африка халқының 6 – пайызы ғана тұратын Оңтүстік Африка Республикасында құрықтағы өнеркәсіп өнімінің 40- пайызы өндіріледі.
Оңтүстік Африка Республикасында алуан түрлі табиғат байлықтары мол. Әсіресе пайдалы қазбалардың ( алтын, алмас, платина, уран, темір, хром, мыс, тас көмір, марганец) ірі кен орындары бар. Осы байлықтар негізінде тау- кен, машина жасау және химия өнеркәсібі жақсы дамыған. Өзендер гидроэнергетикалық қорға бай. Елдегі ең құнарлы жерлер еуропалық жер иеленушілердің қолында шоғырланған. Шаруа қожалықтары ауыл шаруашылық техникасы мен тыңайтқыштарды пайдалана отырып, жүгері, бидай, темекі, бұршақ, қант қамысы, мақта, цитрустар, зәйтүн ағашы, ананас, манго, жүзім мен жеміс ағаштарынан мол өнім алады. Таулы аудандарда ангор ешкісі мен биязы жүнді қой өсіріледі. Тоқыма өнеркәсібі ешкі түбіті мен қой жүнін пайдаланып, жұмы істейді.
Халқының басым бөлігін жергілікті банту халықтары құрайды, сонымен қатар еуропалықтардың да үлесі жоғары. Оңтүстік Африка Республикасының ұзақ уақыт бойы нәсілдік кемсітушілік белең алып, жергілікті халық табиғаты қолайсыз, оқшау жерлерге ығыстырылды. Бұл қысым тек 1991 жылғы халық көтерілісі нәтижесінде ғана тоқтатылды. 1994 жылы болған сайлауда өкімет басына жергілікті халық өкілдері келді.
Оңтүстік Африка Республикасындағы қорғауға алынған жерлерде Африканың көптеген жануарлары сақталып қалған. Елдегі ең ірі Крюгер ұлттық паркінде құрлықтағы жануарлардың барлығы дерлік жинақталған. Ұлттық парктерді туристер арнаулы жабдықталған көліктермен жүріп аралайды.